4
13 желтоқсан 2014 жыл
Қазақстан Республикасы
Тұнғыш Президенті күніне
орай азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында
Қарқаралы аудандық соты Заң кеңесімен бірлесіп сот
ғимаратының мәжіліс залында Ашық есік күні шара-
сын өткізді. Азаматтарды сот төрағасы М.Қасымбеков,
Заң кеңесінің меңгерушісі Г.Омарова, адвокаттар
О.Баймаганбетова, К.Оспановтар қабылдады.
Шараны ашқан сот төрағасы Мейірхан Қасымбеков
азаматтарға Қазақстан Республикасының Тұнғыш
Президентінің ел үшін, Қазақстан мемлекеті үшін
атқарып отырған елеулі еңбегі жөнінде тілге тиек етіп,
мемлекетіміздің
заңнамасына
енгізіліп
жатқан
өзгерістер мен толықтырулар жөнінде айтып өтті.
Бұдан соң азаматтар жеке қабылданып, еңбек
құқықтарын қорғау, азаматты әрекетке қабілетсіз деп
тану, жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқын тану,
т.б. сотқа жүгіну тәртібі бойынша сұрақтарға жауап бе-
рілді.
Адвокаттар Ашық есік шарасына келген азаматтарға
төлем ақысыз қызмет көрсетуге дайын екендеріне
сенім білдірді.
Ж.Абдрахманова,
Қарқаралы аудандық сотының бас маманы.
2014 жылдың
шілде айының 3
күні Елбасымыз 2015 жылдың 1 қаңтарынан
бастап
қолданысқа
енетін
Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық және
Қылмыстық-процесстік
кодекстеріне
қол
қойды.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа
үлгісі
азаматтардың
Конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары
деңгейде, халықаралық стандарттарға сәйкес
қорғауға
бағытталған.
Келесі
жылдан
қылмыстық істің тергелуі арыз немесе
хабарламаның тіркелген уақытынан баста-
лады.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстарды қамтитын (IV тарау) жаңадан
алты бап енгізілген. Олар, соғыс заңдары
мен дәстүрлерін бұзу, қарулы қақтығыстар
уақытында халықаралық гуманитарлық құқық
нормаларын
қылмыстық
бұзушылықтар,
қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не
қылмыстық бұйрық беру, халықаралық шарт-
тармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайда-
лану,
жалдамалыларды
дайындайтын
базалар (лагерьлер) құру және шетелдік
қарулы қақтығыстарға қатысу болып табы-
лады.
Аталмыш қылмыстар өзінің сипаты мен
қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне сәйкес ауыр
және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
Осы баптардың қылмыстық кодекстің
құрамына енуінің басты себебі, кейінгі
жылдардағы әлемдік деңгейдегі бейбітшілік
пен
адамзат
қауіпсіздігіне
қарсы
қылмыстардың кең етек жайып, тарауы болып
табылады.
Осындай
жағдайда,
аталмыш
қылмыстардың алдын алу үшін Қылмыстық
кодекстің арнайы баптарымен тиісті жауап-
кершілік
түрлері
қарастырылуы
қәзіргі
заманның талабына сәйкес деп санаймыз.
Сондай-ақ, жаңа Қылмыстық процестік ко-
дексте жасырын тергеу әрекеттері өз алдына
бөлек тарау болып енгізілген (ХХХ тарау).
Бұрынырақ, аталмыш әрекеттер Қазақстан
Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі
туралы» Заңымен және Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің жекеленген бабы бойынша ғана
жүзеге асырылатын.
Жаңа Қылмыстық-процестік кодекске енгізіл-
ген жасырын тергеу әрекеттері туралы тарау
жедел-іздестіру
қызметінің
мүмкіншілігін
кеңейтіп, оларды бір жүйеге қосып, бірдей-
лендіруін қамтамасыз етеді.
Сонымен, жаңа Қылмыстық және
Қылмыстық-процестік
кодекстерінде
қамтылған жаңалықтар қылмыстық заң
жүйесін жетілдіріп, жаңа заман талаптарына
сәйкестендірілген.
К.Тусупов,
Аудан прокурорының көмекшісі.
Адам. Қоғам. Заң
Жаңа Қылмыстық
және Қылмыстық-
процесстік заңдардың
кейбір ерекшеліктері
Аудандық сотта
Азаматтарды
қабылдады
Желтоқсаншыларға
тағзым
Желтоқсан “86”-Барыс жылы,
Тасыған ұл-қыздардың намыс жылы.
Орталық басып-жаншып қансыратқан,
Жастарды қаралаған қарғыс жылы.
Қазақтың байлығына тоймады ма?
Бұл әлі азғантай деп ойлады ма?
Баяғы Голощекин тап болғандай,
Тағы бір жендет бастық қойғаны ма?
Көкірек, көзі ашық жастар енді,
Алашын кемсітуге көнбеп еді.
Орысша жетік білген ақын бұғып,
Дүние-ай “зиялылар” үндемеді.
Бір ойым пендешілік өкінеді.
Ақыны қазағымның Мәскеуде еді.
Болғанда ол, парасатты ойын айтып,
Билікті мәмілеге келтіреді.
Қайткенде жастарға жөн жол көрсетіп,
Қантөгіс тап осындай болмас еді.
Болмаса ұландармен ұрандатып,
Пейішке бірге қатар кетер еді.
Тақтағы сол кездегі қаракөздер,
Жөн түзу сөз айтуға жарамады.
Аңдысқан бір-бірімен өңшең ездер,
Жалған-ай, жастарды тек жамандады.
Ұландар аруақтанған алаңды алды,
Әскері орталықтың жалаңдады.
Сары аяз, атқылаған суық суда
Тәуелсіздік ұшқыны жалындады.
Боздақтар сол күнгі жалаланды
Тірілер жаны-тәні жараланды.
Ата-ана үміт күткен жеткіншектер,
Үйіне “қылмыскер” -деп хабарланды.
О, тоба!? Осы күнді мейрамдаймыз,
Ән айтып, думандатып сайрандаймыз.
Сол күнгі мұз боп қатқан боздақтарды.
Неге біз боздап тұрып еске алмаймыз.
Аруақты қашан сонда ақтатамыз.
Ақиқат мұрағатта жата берсе,
Ұрпаққа қалай сонда ақталамыз?!
Төлдегенде сондағы барыстарым,
Бүгінде қос мүшел асқан Арыстарым.
Ел даңқын асырар еді асқақтатып,
Молайып бұдан да зор табыстарым.
Жаклан Құлбаев,
Көктас ауылы.
Орман қырағы
күзетілуде
Қарағанды облысының табиғи рерустары
және
табиғатты
пайдалануды
реттеу
басқармасының 2015-ші жылдың қарсаңында
қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас
талдарын
қорғауды
күшейту
туралы
28.10.2014 ж №136 Бұйрығын басшылыққа
алудамыз.
Уәкілетті органның Бұйрығын жүзеге асыру
мақсатында “Орман және жануарлар әлемін
қорғау” жөніндегі Қу орман шаруашылығы М.М.
орманшылары құрамынан үш икемді топ
құрылып Егіндібұлақ, Бастал, Өсібай орман
алқаптары бақылауға алынды.
Кезекшілік желтоқсан айының 3-нен бастап
бекітілген кестеге сәйкес күнделікті жүргізіліп
келеді.
Әр
аптаның
бейсенбі
күндері
Қарағанды облысының аумақтық “Орман және
аңшылық” инспекциясына белгіленген ны-
санда жүргізіліп жатқан рейдтік шаралар ту-
ралы орман қорының жай-күйі туралы есеп
мәліметтер жіберіліп отыр. Әзірге орман
заңнамасын бұзушылық оқиғасы тіркелген жоқ.
Жасыл желекті күзетіп сақтауда осындай жос-
парлы да жауапты істер атқарылып жатыр.
Жасыл орман жанға сая, емге шипа. Оны
сақтау баршамыздың міндетіміз.
Т.Рысқұлов,
Орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі Қу орманшылығының
орман мастері.
Тұрғындар назарына!
Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің
2курс студенті Бабайбекова Еркежан 5 –
желтоқсан күні Приозерск қаласының жа-
стармен
жұмыс
жасау
орталығының
ұйымдастыруымен өткен “Күміс – көмей, жез -
таңдай”атты жас дарынды орындаушы
жастардың патриоттық әндер байқауына
қатысып, “Шебер орындаушы” номинациясы
бойынша диплом және бағалы сыйлықпен
марапатталды.
“Шәкіртін көріп, ұстазын таны!”- демекші,
саз жетекшісі: Ж.Қашқынбековпен көптен
бергі орасан зор үздіксіз өнер-алды еңбек
– дайындығының жемісі бұл.
Өнерпаздың әлі талай биік белестерді
бағындыруына шығармашылық табы-
стар тілеп, үлкен үміт күтеміз. Қандай
да болмасын талант иесінің елеулі
баспалдағы “Жүйріктен жүйрік озар
жарысқанда”- дерлік қағидада
шыңдалары сөзсіз. Күн ертеңгі
көңіліңе гүл бітсін, жас өнерпаз!
М.Мейрамбайқызы,
Қарқаралы
ауылшаруашылық
колледжі.
Аудан кәсіпкерлері мен
тұрғындар назарына
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18
маусымдағы № 210-V «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алко-
голь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік
реттеу
мәселелері
бойынша
өзгерістер
мен
толықтырулар енгізу туралы» Заңының 9-бабының 4-
тармағына сәйкес:
Бөлшек саудада:
1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі
адамдарға;
2) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі
жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда
бағаларынан төмен бағамен;
3) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда
өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:
- сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
- этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік
үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге
тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь
өнімін бөлшек саудада өткізу жөніндегі талаптарын
бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь
өнімін бөлшек саудада өткізу – тиісті қызмет түріне
арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып,
жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге,
заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері
болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде
қайталап жасалған әрекет –тиісті қызмет түріне
арналған
лицензиядан
айыра
отырып,
жеке
тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге,
заңды тұлғаларға – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъ-
ектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда
өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін бөлшек саудада:
сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік
үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізу –
тиісті
қызмет
түріне
арналған
лицензияның
қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, ла-
уазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге,
заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері
болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік
жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап
жасалған әрекет –тиісті қызмет түріне арналған ли-
цензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма,
лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік
субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге,
заңды тұлғаларға – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъ-
ектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады”.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі.
Бәрекелді!
Өнерің өрге жүзсін,
өнерлі жас!
Жыр дәптерінен