№ р/р
|
ECTS кредиттер саны /кредиттер саны
|
Модулді білім беру бағдарламасы «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)»
|
Элективтік пәндер тізімі
|
|
|
Модуль AG 1 Әлеуметтік-гуманитарлық
|
1
|
3/2
(ЖБП)
|
KN 1103 «Құқық негіздері» 1-1-0-2
Пререквизиттер: KKZT 1101 1-2-0-1
Постреквизиттер: SZhKMN 3407 1-1-0-5
Пәнді оқудың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық деңгейін жетілдіру мақсатында қазақстандық патриоттық тәрбие беру арқылы білім алушылардың дүниетанымын, құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық және жеке адамдық құқықтық саналарын арттыру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: құқық негіздерін дербес ғылым ретінде, сонымен бірге академиялық пән ретінде түсіну оның негізгі элементтеріне негізделеді: мемлекет пен құқық теориясының негізі, конституциялық құқық негіздері, административті құқық негіздері, азаматтық және отбасылық құқық негіздері, қылмыстық және іс жүргізу құқығы, қаржы және салық құқық негіздері, экологиялық және жер құқық негіздері, халықаралық құқық незіздері.
Оқудың нәтижесі: құқық негіздерімен жұмыс істеу дағдыларын білу, нақты құқықтық жағдайларда құқықтық нормаларды пайдалана білу. Сонымен қатар құқықтық актілердің мағынасын білу, ұлттық құқықтың жетекші салаларын меңгеру. Заңды пайдаланып, өз құқықтары мен міндеттерін қорғай алу.
|
//KP 1103 «Қазақстан құқығы» 1-1-0-2
Пререквизиттер: KKZT 1101 1-2-0-1
Постреквизиттер: St 3407 1-1-0-5
Пәнді оқудың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық деңгейін жетілдіру мақсатында қазақстандық патриоттық тәрбие беру арқылы білім алушылардың дүниетанымын, құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық және жеке адамдық құқықтық саналарын арттыру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: құқық негіздерін дербес және академиялық пән ретінде, сонымен қатар ғылыми пікірсайыс ретінде түсіну оның негізгі элементтеріне негізделеді: Ата Заң – Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы; Қазақстан Республикасының мемлекетттік рәміздері; ҚР Ұлттық саясаттағы жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы. Тіл саясатының негізгі принциптері; ҚР заңнамасындағы діни экстремизм.
Оқудың нәтижесі: курс ҚР Ата Заңының негізгі ережелерін, адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қазақстандық заңнамада бекітілуін, қазақстандық құқықтың принциптері мен түсініктерін, қажетті нормативті актілерге жүгінуді, заңды қолдана отырып өз құқықтарын қорғай алуды қамтамасыз етеді.
|
|
|
ZhBB 2 Жалпы білім беру модулі
|
2
|
5/3
(ЖБП)
|
EN 2107 «Экономика негіздері» 2-1-0-3
Пререквизиттер: Mat 1209 2-2-0-1
Постреквизиттер: МВZh 3218 2-1-0-6
Пәнді оқудың мақсаты: қоғам дамуының экономикалық заңдылықтары мен оның тиімді жұмыс істеу проблемалары туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: экономиканың жұмыс істеу заңдылықтары мен негіздері, нарықтық экономикада жекеменшікті қайта өндіру, нарық шарттарында ұлттық экономиканың өсімін ұлғайту.
Оқудың нәтижесі: қоғамдық өндірістің даму заңдылықтары туралы, кәсіпкерлік қызмет және оның тиімділігін бағалау туралы, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің механизмі туралы білімін қалыптастыру.
|
//ОМ 2107 «Өндірістік менеджмент»
2-1-0-3
Пререквизиттер: Mat 1209 2-2-0-1
Постреквизиттер: ZhB 3218 2-1-0-6
Пәнді оқудың мақсаты: студенттердің өндірістік менеджмент туралы теориялық білім базасын меңгеру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: өндірістік менеджмент пәні және мазмұны; кәсіпорын өндірістік менеджменттің объектісі ретінде; өндірісті басқару; кәсіпорындағы жоспарлар; кәсіпорынның нарықтық стратегиясын қалыптастыру; өндірісті жедел басқару; кәсіпорынды дамыту саясатының негізін қалыптастыру; материалдық ресурстарды және өндірістік қорларды басқару; баға белгілеу; кәсіпорынның өндірістік ішкіқұрылымын басқару; өнімнің сапасын басқару; өндірістік менеджмент жүйесіндегі қызметкерлерді басқару; жанжал мен күйзелісті басқару; қарым-қатынас және әскерлік келіссөхдер жүргізу щеберлігі; өндірістік менеджментте тәуекелге бару; бақылау.
|
3
|
3/2
(ЖБП)
|
ETD 1108 «Экология және тұрақты даму» 1-1-0-2
Пререквизиттер: Him 1211 1-0-1-1
Постреквизиттер: TKEK 4324 2-0-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: студенттерді экология және тұрақты даму мәселелері бойынша теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: экология және қазіргі заманғы өркениет. Жалпы экология. Биосфера және оның тұрақтылығы. Тұрақты дамудың стратегиясы, мақсаттары және қағидаттары. Экологиялық тұрақты даму принциптері. Экоэнергетика. Экологиялық саясат. Атмосфераны қорғау. Су ресурстарын қорғау. Жер ресурстарын, топырақ және жер қойнауын қорғау. Қоршаған ортаның физикалық ластануы. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау.
Оқудың нәтижесі: экология және орнықты даму мәселелерін білуге құзыретті болуы керек.
|
//KOK 1108 «Қоршаған ортаны қорғау»
1-1-0-2
Пререквизиттер: EH 1211 1-0-1-1
Постреквизиттер: AK 4324 2-0-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: студенттерді қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: қоршаған ортаны қорғау түсінігі. Атмосфераны қорғау амалдары мен әдістері. Су ресурстарын қорғау амалдары мен әдістері; жер мен жер қыртысын қорғау; қоршаған ортаны физикалық әсерлерден қорғау.
Оқудың нәтижесі: қоршаған ортаны қорғау мәселелерін білуге құзыретті болуы керек.
|
|
|
ZhG 3 Жаратылыстану ғылымдары модулі
|
4
|
3/2
(БП)
|
Him 1211 «Химия» 1-0-1-1
Пререквизиттер: -
Постреквизиттер: ETD 1108 1-1-0-2
Пәнді оқудың мақсаты: қазіргі заманғы химия ғылым жетістіктері мен химиялық заңдарды кәсіби қызметте қолдану тәсілдерін меңгеру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Заттың құрылысы. Химиялық процестердің жалпы заңдылығы. Су. Ерітінділер. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық процестер.
Оқудың нәтижесі: химия заңдарын, декректердің жіктемесін, тапсырма типін анықтауды, алгоритм құрастырып және оны шеше білуі керек.
|
//EH 1211 «Элементтер химиясы» 1-0-1-1
Пререквизиттер: -
Постреквизиттер: KOK 1108 1-1-0-2
Пәнді оқудың мазмұны: студенттердің заттардың қасиеттері мен құрылысы туралы, химиялық және электрохимиялық реакциялардың жалпы заңнамалары мен теориялық негіздері жайлы білім алуы.
Тапсырма – білімдерін қалыптастыру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: химияның негізгі заңдары мен түсініктері. Заттардың құрылысы. Химиялық үрдістердің жалпы заңдылықтары. Су. Ерітінді. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрохимиялық үрдістер.
Оқудың нәтижесі: химияның теориялық негіздерін, химиялық элементтердің негізгі қасиеттері мен олардан пайда болатын қарапайым және күрделі заттардың құрамын білу, студенттерге пайда болатын химиялық реакцияларды алдын ала болжауды үйрету, заттардың құрылысының арасындағы өзарабайланысты орнатуды, заманауи хиимиялық терминологияны қолдануды, стехиометрияның, массалардың әсер ету заңдарын пайдаланып есептеудің дағдыларын үйрету және алгоритм құрастырып оны шеше білулері керек.
|
5
|
3/2
(БП)
|
Geo 2212 «Геология» 1-1-0-4
Пререквизиттер:
Fiz 1210 2-1-1-2
Постреквизиттер:
TKEK 4324 2-0-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: геология аймағында құзыреттіліккке ие болу.
Негізгі бөлімдердің мақсаты: геологиялық және геофизикалық барлаудың әдістері. Кенорындарды магниттік барлау және гравибарлау. Кенорындар. Электр барлама.
Оқудың нәтижесі: кеңінен тараған жыныстүзуші минералдар мен тау кен жыныстарын диагностикалық белгілері бойынша анықтауды білу, геологиялық және тектоникалық карталардан қатпарлы және платформалы аймақтарды анықтау, диалектикалық материализмді қалыптастырудағы геологияның маңыздылығын түсіндіру.
|
//GG 2212 «Геоморфология және геология» 1-1-0-4
Пререквизиттер:
Fiz 1210 2-1-1-2
Постреквизиттер:
TKEK 4324 2-0-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: жер қыртысы формаларының аса маңызды категорияларымен таныстыру.
Негізгі бөлімдердің мақсаты: геологиялық және геофизикалық барлаудың әдістері. Пайдалы қазбалардың кенорындарын іздеу, инженерлі-геологиялық ізденістер, экологиялық мәселелерді шешу.
Оқудың нәтижесі: бедерлердің пайда болуы жайлы, бедерлердің жіктелуі мен түрлерін, геоморфологиядағы морфологиялық және морфометрикалық әдістер туралы білулері керек.
|
|
|
Baz 4 Базалық модуль
|
6
|
5/3
(БП)
|
МBZh 3218 «Маркетинг және бизнес-жоспарлау» 2-1-0-6
Пререквизиттер: EN 2107 2-1-0-3
Постреквизиттер: OZh 4323 1-1-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: студенттердің бизнес-жоспарлар мен жобаларды құрастыруларын, фирманың экономикалық көрсеткіштерін өңдеулерін, нарыққа тауардың тиімді жылжуын қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеп, сипаттамаларын анықтауларын, бизнес-жоспар құруда бағдарламалық құралдарды қолдануларын қалыптастыру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: бизнес-жоспарлардың мақсаты мен тапсырмалары; бизнес-жоспарлар үрдістерінің кезеңдері, бизнес-жоспарлардың түрлері, бизнес-жоспарлардың негізгі бөлімдерінің мазмұны мен типті құрылысы, бизнес-жоспарларды әзірлеу кезеңдері,нарықтық зерттеулер мен өтімдерді талдау, маркетинг жоспары, өндірістік жоспар, қаражат жоспары, инвестиционды жобалардың бизнес-жоспарларын дайындауда қолданылатын бизнес-жоспарлардың құқықтық аспектілері.
Оқудың нәтижесі: мекеменің операциялық (өндірістік) қызметін жоспарлау; жобаларды басқару әдістерін игеру; бизнес-үрдістерді моделдеуді білу; нарықтық және айрықша тәуекелдерді талдау; жаңа нарықтық мүмкіндіктерді тауып және бизнес-идея құрастырып оны бағалай алу; жаңа мекемелерді дамыту жолында бизнес-жоспар құрастыру білу.
|
//ZhB 3218 «Жобаларды басқару» 2-1-0-6
Пререквизиттер: OM 2107 2-1-0-3
Постреквизиттер: OKZh 4323 1-1-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: студенттердің бойында жобаларды басқарудың заманауи технологиясын қалыптастыру; болашақ мамандығы бойынша және өмірінің барлық кезеңдерінде жобаларды басқару принциптерін қолдану.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: жобаны басқарудың заманауи қзыреттілігі, жобаны басқару үрдістерінің негізгі топтары, жобаны жүйелі түрде басқару: мазмұнын, мекемелерді, өзгерістерді, тәуекелдерді, ресурстар мен өнімдің бағаларын: жобаларды басқаруда компьютерлік технологияларды қолдану.
Оқудың нәтижесі: ұйымдастыру құрамын жобалау аймағында құзыреттілікті қалытастыру; пәнаралық топтар құрып топпен жұмыс жасау; шарттар мен қабылданған шешімдердің нәтижесін бағалау; жобаларды басқарудың әр түрлі әдістерін қоланып оларды заманауи бағдарламалар арқылы іске асыру.
|
|
|
ZhM 5 Жалпы мамандық модуль
|
7
|
3/2
(БП)
|
IG 1201 «Инженерлік графика» 1-1-0-2
Пререквизиттер: AKT 1106 1-0-2-1
Постреквизиттер: KMT 2215 1-0-1-4
Пәнді оқудың мақсаты: теориялық білім алу, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, бұйымдар сызбаларын оқи алу.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: жобалық-конструкторлық құжаттама. Геометриялық тұрғызулар. Проекциялар. Нүкте. Түзу. Жазықтық. Екі жазықтықтың өзкра қатынасы. Проекцияларды түрлендіру тәсілдері. Қисық сызықтар және беттер және олардың сызбадағы бейнеленуі.
Оқудың нәтижесі: студент сызба көмегімен жаңашыр идеяларды көрсете білуі, конструкторлық құжаттамамен жұмыс істей білуі керек.
|
//MS 1201 «Машинажасау сызуы» 1-1-0-2
Пререквизиттер: AKT 1106 1-0-2-1
Постреквизиттер: KMT 2215 1-0-1-4
Пәнді оқудың мақсаты: техникалық құжаттаманы сызу және рәсімдеу, дайындау және әзірлеу кезінде қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: конструкторлық құжаттаманы рәсімдеу мен әзірлеудің ережелері. Графикалық тапсырмаларды орындау әдістері. Сызбада көрсетудің категориялары: кескін, тілік, қима. Бұрамалы бұйымдардың винтті қабаттары. Бөлшектердің алмалы-салмалы қосылыстары. Сызбаларды оқу және бөлшектеу.
Оқудың нәтижесі: машиналы графиканың заманауи негіздері; конструкторлық құжаттаманың оқылуы, рәсімделуі, орындалу ережелерін, ЕСКД стандартарын білу.
|
8
|
5/3
(БП)
|
КG 1202 «Компьютерлік графика»
1-2-0-4
Пререквизиттер: AКТ 1106 1-0-2-1
Постреквизиттер: TKMAZhZh 3317 1-1-1-6
Пәнді оқудың мақсаты: студенттерді технологиялық үрдістер жабдықығының бұймдары мен құралдарын құрастыру кезінде компьютерлік графикалар құралдарын іс жүзінде қолдануға дайындау.
.Негізгі бөлімдердің мазмұны: AutoCad бағдарламалық пакетінің негізгі амалдары. КОМПАС 3D LT V12 (V13) бағдарламасында жобалау.
Оқудың нәтижесі: студенттер пәннің теориялық негіздерін түсіне білу және негізгі практикалық дағдыларын алу.
|
//MG 2202 «Машиналық графика»
1-2-0-4
Пререквизиттер: AКТ 1106 1-0-2-1
Постреквизиттер: GZhAZhZh 3317 1-1-1-6
Пәнді оқудың мақсаты: студенттерді технологиялық үрдістерді жабдықтау құралдары мен бұйымдарды құрастыруда компьютерлік графиканы практикалық тұрғыдан қолдана алуға дайындау.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: графикалық ақпаратты екіөлшемдік түрде көрсету. Компьютерлік графиканың техникалық құралдары. Сызуға және құрастыруға арналған барлық бағдарламаларға шолу жасау.
Оқудың нәтиесі: студенттерді машиналық графиканың заманауи техникалық құралдарымен таныстыру; студенттер конструкторлық жұмысты атқаруда заманауи бағдарламалық құралдарды қолданып, берілген пәннің теориялық негізін меңгеру арқылы практикалық тұрғыдан дағдылануы керек.
|
9
|
5/3
(БП)
|
Gid 2203«Гидравлика» 2-0-1-3
Пререквизиттер: Fiz 1210 2-1-1-2
Постреквизиттер: GMZh 3204 2-0-1-5
Пәнді оқудың мақсаты: гидравлика саласындағы құзыреттерге ие болу.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: газ бен сұйықтың физикалық қасиеті. Гидростатика. Кинематика. Гидродинамика. Сұйықтықтың қозғалу тәртібі. Тегеуірін шығыны. Құбырлардың гидравликалық есебі. Сұйықтың тесік және саптау арқылы ағуы.
Оқудың нәтижесі: студенттер пәннің теориялық негіздерін түсіне білу және негізгі практикалық дағдыларын алу.
|
//SGM 2203« Сұйықтықтар мен газдар механикасы» 2-0-1-3
Пререквизиттер: Fiz 1210 2-1-1-2
Постреквизиттер: PMZh 3204 2-0-1-5
Пәнді оқудың мақсаты: сұйықтықтың қозғалысы мен тепе-теңдік заңдарын негізге ала отырып заманауи гидрожабдықтар мен гидравликаландырылған машиналар саласында таңдау жасап, оны сауатты қолдана білетін бакалаврды теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: гидравликаның негізгі түсініктері сұйықтықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттері. Гидравликалық машиналардың құрылысы ен міндеттемелері.
Оқудың нәтижесі: сұйықтық пен газ механикасының негізгі заңдарын білу, гидро- және пневможетектердің құрылысын игеріп, оны практикада қолдана білу.
|
10
|
5/3
(БП)
|
GMZh 3204 «Гидропневматикалық машиналар және жетектер» 2-0-1-5
Пререквизиттер: Gid 2203 2-0-1-3
Постреквизиттер: GZhZh 4318 1-1-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: технологиялық машиналардың гидрожетектері мен гидропневматикасы аймағында құзыреттілікке ие болу.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: гидрожетектер; құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері; көлемдік машиналар және гидроберілістер; машиналар мен берілістердің энергобалансы; атқарушы механизмдер – гидроцилиндрлер, гидромоторлар, бұрылмалы гидроқозғалтқыштар; таратқыш және реттеу құралдары; гидравликалық схемалар; гидрожетектерді реттеу; типтік гидрожүйелердің схемалары.
Оқудың нәтижесі: берілген пәннің теориялық негізін біліп, оны практикада қолдана білу.
|
//PMZh 3204 «Пневматикалық машиналар және жетектер» 2-0-1-5
Пререквизиттер: Gid 2203 2-0-1-3
Постреквизиттер: GZhZh 4318 1-1-1-7
Пәнді оқудың мақсаты: пневматикалық машиналар мен жетектер аймағында құзыреттілікке ие болу.
Негізгі бөлімнің мазмұны: пневможетектер, оларды қолдану аясы; пневможетектердің негізгі элементтері. Пневматикалық схемаларды әзірлеу. Құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері. Машиналар мен берілістердің энергобалансы;ГПЖ басқару принциптері. Таратқыш және реттеу құралдары. Гидравликалық схемалар. Пневможетектерді реттеу.
|
11
|
3/2
(БП)
|
Ele 2205 «Электротехника» 1-0-1-3
Пререквизиттер: Mat 1209 2-2-0-1
Постреквизиттер: ЕZhEZh 2206 2-0-1-4
Пәнді оқудың мақсаты: электротехника аймағында құзыреттілікке ие болу.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: тұрақты тоқтың электр тізбегі. Магнитті тізбек пен электромагнитті индукция құбылысы. Айнымалы тоқтың электр тізбегі. Элекроөлшеуіш құралдары және электрлік өлшеу. Элетрожетектің теориялық негіздері.
Оқудың нәтижесі: студенттер пәннің теориялық негіздерін түсіне білу және негізгі практикалық дағдыларын алу.
|
//ЕZhN 2205 «Электротехникалық жүйесінің негіздері » 1-0-1-3
Пререквизиттер: Mat 1209 2-2-0-1
Постреквизиттер: КM 4321 2-1-0-7
Пәнді оқудың мақсаты: технологтың электротехника аймағындағы қызметіне қажетті базалық білімін қалыптастыру.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: бір қуат көзі бар электр тізбегі. Параллель және аралас қосылыстар. Синусоидалды электрлі тізбек. Үш фазалы тізбектер. Желілік тізбектегі өтпелі үрдістер. Шала өткізгішті аспаптар, түрлендіргіштер, күшейткіштер.
Оқудың нәтижесі: заманауи электротехникалық және электрлі жабдықтарға қолданылатын электротехника негізін білу.
|
12
|
5/3
(БП)
|
ЕZhEZh 2206 «Электр жетегі және электр жабдықтары» 2-0-1-4
|