Каратаев Аманжол Хамзиевич



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет23/32
Дата21.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#34463
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
 

 

 

 

 

 

 


 

67 


13 – ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ 

  

Дәріс жоспары 



13.1. Есеп берудің тҥсінігі. 

13.2. Туристік ҧйымның есебінің қҧрылымы. 

13.3. Шығыстар және кіріс есебі.   

13.4. Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп.  

13.5. Меншіктік капитал қозғалысының есебі.  

13.6. Есеп саясаты және тҥсініктеме хат.  

Мақсаты 


              Кәсіпорынның алдыңғы кезеңдегі ӛз қаржы есептілігімен де, сондай 

– ақ басқа кәсіпорындардың қаржы есептілігімен де салыстырмалы болуына 

қол жеткізу үшін жалпы мақсаттағы қаржы есептілігін ұсыну. 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: 

                ХҚЕС,  Бухгалтерлік  баланс,  Шығыстар  және  кіріс  есебі,  Ақшалай 

қаражаттардың  қозғалысы  туралы  есеп,  Меншіктік  капитал  қозғалысының 

есебі, Есеп саясаты және түсініктеме хат.  

 

   13.1.  Осы  стандарт  қаржы  есептілігінің  ӛзіне,  тәң  белгілі  бір  ашып 



кӛрсетулерді,  асқа  баптарды  не  қаржы  есептілігінің  ӛзінде,  не  ескертулерде 

ашып  кӛрсетуді  талап  етеді  және  стандартқа  ұсынылған  пішімдерді 

белгілейді,  оларды  кәсіпорын  нақты  жағдайларында  қолданса  ғана  ғана 

пайдалана алады. 7-ХБЕС ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепті 

беру құрылымын ұсынады.  

   Осы  стандарт  қаржы  есептерінің  ӛзінде  де  оларға  ескертулерде  де 

баптарды  ұсынуды  қамтитын  «ашып  кӛрсету»  терминін  кең  мәнінде 

қолданады.  Халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттары  белгілеген 

ақпаратты  ашып  кӛрсетуге  қойылатын  талаптар  осы  стандартқа  сәйкес 

орындалады.  

   Осы  стандарттың  мақсаты  кәсіпорынның  алдыңғы  кезеңдегі  ӛз  қаржы 

есептілігімен де, сондай – ақ басқа кәсіпорындардың қаржы есептілігімен де 

салыстырмалы  болуына  қол  жеткізу  үшін  жалпы  мақсаттағы  қаржы 

есептілігін  ұсынуға  негіз  қалау  болып  табылады.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін 

осы  стандартқа  қаржы  есептілігін  ұсыну  жӛніндегі  бірқатар  жалпы 

ескертпелер, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептілігінің 

мазмұнына  ең  тӛменгі  талаптар  айтылады.  Жекелеген  операциялар  мен 

оқиғаларды  тану,  ӛлшеу  және  ашып  кӛрсету  басқа  Халықаралық 

бухгалтерлік есеп стандарттарында қарастырылады. 

 

13.2. Туристік ұйымның есебінің құрылымы. 



   Әрбір  кәсіпорын,  ӛз  операцияларының  сипатына  сүйене  отырып,  қысқа 

мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  активтер  мен  міндеттемелерді  жеке  сыныптау 

ретінде баланстың ӛзінде ұсынатынын немесе ұсынбайтының анықтауға тиіс.  

   Ұсынудың  қандай  әдісі  абылданғанына  қарамастан,  кәсіпорын  ӛтелуі 

немесе  орыны  толиыру он  екі айдан астам мерзімнен кейін күтіліп отырған 



 

68 


сомасы, ӛтелуі немесе орнын толтыру баланс күнінен он екі ай бұрын немесе 

кейін күтіліп отырған, сомаларды біріктіретін активтермен міндеттемелердің 

әрбір бабы бойынша ашып кӛрсетуге тиіс.  

   Егер кәсіпорын анықталған операциялық кезеңнің барысында тауарлар мен 

қызмет  кӛрсетулерді  жеткізсе,  онда  қысқа  мерзімдіі  және  ұзақ  мерзімді 

активтер  мен  міндеттемелерді  баланстың  ӛзіне  бӛлек  сыныптау  айналым 

капиталы ретінде тұрақты жұмыс істейтін таза активтерді кәсіпорынның ұзақ 

мерзіамді  операцияларында  пайдаланылатындардан  бӛлу  жолымен  пайдалы 

ақпаратты қамтамасыз етеді.  

   Активтер  мен  міндеттемелердіӛтеу  күндері  туралы  ақпарат  кәсіпорынның 

ӛтемпаздығы  мен  тӛлеу  қабілетін  бағалау  үшін  маңызды.  32  «Қаржылық 

құралдары: ақпаратты ашу және беру» ХБЕС қаржы активтерінің де, сондай 

–  ақ  қаржы  міндеттемелерінің  де  ӛтеу  мерзімдерін  ашып  кӛрсетуді  талап 

етеді.  Мысалы,  кәсіпорын  ӛзі  баланс  күнінен  кейін  бір  жылдан  аса  мерзім 

ӛткен соң ӛтеу күтіліп отырған босалқылар мӛлшерін ашып кӛрсетеді. 

   Айналымдық активтер 

   Актив, егер: 

1.

 



оны  ӛткізу  кӛзделсе,  не  ол  кәсіпорынның  қалыпты  операциялық 

кенінің барысында сату немесе пайдалану үшін ұсталса; 

2.

 

ол негізінен сауда мақсаты үшін немесе қысқа мерзімге ұсталса және 



баланс күнінен кейін он екі айдыі ішінде оны ӛткізу күтілсе; 

3.

 



пайдалануда  шектелмейтін  ақшалай  қаражаттар  немесе  олардың 

баламалары  нысанында  болса,  айналымдық  актитвтер  ретінде 

сыныпталуға тиіс.  

   Осы  стандарт  ұзақ  мерзімді  сипаттағы  материалдық,  материалдық  емеса, 

операциялық  және  қаржы  активтерін  сипаттау  үшін  «ұзақ  мерзімді» 

терминің пайдаланады. Олардың мағынасы айқын болған жағдайда ол қысқа 

анықтамаларды пайдалануға тыйм салмайды.  

   Қысқа  мерзімді міндеттемелер 

   Міндеттеме егер: 

1.

 



кәсіпорынның  қалыпты  операциялық  кезінің  барысында  оған  ақы 

тӛлеу кӛзделсе; 

2.

 

ол  балан,с  күнінен  кейін  он  екі  айдың  ішінде  орындалуға  тиіс  болса, 



қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс. 

   Қалған  міндеттемелердің  барлығы  қысқа  мерзімді  міндеттемелер  ретінде 

сыныпталуға тиіс.  

   Қысқа  мерзімді  міндеттемелер  айналымдық  активтер  сияқты  түсім  мен 

санаттар  бойынша  бӛлінуі  мүмкін.  Жеткізушілер  мен  мердігерлердің 

алдындағы  несиегерлік  берешек  сияқты  кейбір  қысқа  мерзімді 

міндеттемелер,  қызметкерлерге  ақша  есептеу  және  басқа  да  операциялық 

шығындар  кәсіпорынның  қалыпты  операциялық  қезеңінде  пайдаланылатын 

айналымдық капиталдың бір бӛлігін құрайды.  

   Басқа  қысқа  мерзімді  міндеттемелер  ағымдағы  операциялық  кезеңнің  бір 

бӛлігі  ретінде  ӛтелмейді,  бірақ  баланс  күнінен  кейін  он  екі  айдың  ішінде 

ӛтелуге тиіс.  




 

69 


   Кәсіпорынның  пайыз  есептелетін  ӛзінің  ұзақ  мерзімді  міндеттемелерін, 

тіпті  олар  баланс  күннен  кейін  он  екі  айдың  ішінде  ӛтелуге  тиісті  болса  да 

егер; 

1.

 



міндеттемелерді орындаудың бастапқы мерзімі он екі айлан асса; 

2.

 



кәсіпорын 

міндеттемені 

ұзақ 

мерзімді 



негізде 

қайта 


қаржыландыруды ұйғарса; 

3.

 



бұл  тілек  қаржы  есептілігі  шығаруға  бекітілгенге  дейін  жасалған 

қайта  қаржыландыру,  немесе  тӛлем  кестесін  ӛзгерту  шартымен 

нығайтылса, ұзақ мерзімді ретінде сыныптала беруге тиіс. 

   Қарыз  беру  туралы  кейбір  келісімдер  қарызгерге  арналған  талаптарды 

қамтиды,  олар  қарызгердің  қаржы  жағдайына  байланысты  белгігі  бір 

талаптар  бұзылған  жағдайда  міндеттеме  талап  бойынша  ӛтелуге  тиіс 

екенідігін кӛздейді. Ондай жағдайларда міндеттемем мынадай ретте ғана: 

     1.қаржы  есептілігі  шығаруға  бекітілгенге  дейін  қарыз  беруші  талаптар 

бұзылғандықтан тӛлемді талап етпеуге келіскен ретте; 

    2. баланс күнінен кейін он екі айдың ішінде ӛзгеріс болмаса ұзақ мерзімді 

болып сыныпталады.  

   Баланстың    ұсталуға  тиісті  ақпарат  бойынша  ӛзі  кем  дегенде  мыналарды 

кӛрсететін жекелеген баптарды қамтуы тиіс: 

-

 



жылжымайтын мүлік, ұйлер және жабдық; 

-

 



материалдық емес активтер; 

-

 



қаржылық  активтер  және  тармақтарында  кӛрсетілген 

сомаларды алып тастап; 

-

 

үлес қосып қатысу әдісі бойынша ескерілген инвестициялар; 



-

 

босалқылар; 



-

 

сауда берешек және басқа дебиторлық берешек; 



-

 

ақшалай қаражаттар және олардың баламалары:  



-

 

сауда және басқа да несиегерлік берешектер. 



-

 

12  «Пайдаға  салынатын  салықтар»  ХБЕС  сәйкес  салық 



міндеттемелері мен активтер; 

-

 



Бағалау міндеттемелері; 

-

 



Пайыздар есептелетін ұзақ мерзімді міндеттемелер; 

-

 



Азшылық үлесі; 

-

 



Шығарылған капитал мен резервтер.  

 

13.3. Шығыстар және кіріс есебі.   



      Кәсіпорын  пайдалар  мен  залалдар  туралы  есептің  ӛзінде  не  оларға 

ескертулерде,  не  шығыстардың  сипатына,  не  кәсіпорын  шеңберіндегі 

олардың  қызметіне  негізделген  сыныптауды  пайдалана  отырып,  шығыстар 

талдамасын ұсынуға тиіс.  

   Шығыстар баптары тұрақтылы, кіріс немесе залал әкелетін және алдын ала 

болжау сияқты сипаттамалар бойынша ӛзгешелене алатын қызметтің қаржы 

нәтижелерінің бірқатар құрамын бӛліп кӛрсету үшін әрі қарай ішкі топтарға 

бӛлінеді.  




 

70 


   Бірінші талдау «шығындар сипаты бойынша» әдіс деп аталады. Шығыстар 

олардың сипатына сәйкес пайдалап мен залалдар туралы есепте біріктіріледі 

және кәсіпорынның ішіндегі әр түрлі функционалдық бағыттардың арасында 

қайта  бӛлінбейді. Бұл әдіс  функционалдық сыныптауға  сәйкес операциялық 

шығыстардың  қайта  бӛлінуін  талап  етпейтін  кӛптеген  шағын  кәсіпорында 

жеңіл  қолданылады.  «Шығындар  сипаты  бойынша»  әдісінің  кӛмегімен 

сыныптаудың мысалы былайшы кӛрінеді: 

   Табыс; 

   Басқа операциялық табыс; 

   Дайын ӛнім және аяқталмаған ӛндіріс босалқыларындағы ӛзгерістер; 

   Пайдаланылған шикізат және шығыс материалдары; 

   Штат ұстауға арналған материалдар; 

   Негізгі  құралдарды  жәе  материалдық  емес  активтерді  амортизациялауға 

арналған шығыстар; 

   Басқа операциялық шығыстар; 

   Операциялық шығыстардың жиынтығы; 

    Екінші  талдау  «шығыстар  функциясы  бойынша»  әдіс  немесе  «сатудың 

ӛзіндік  құны»  деп  аталады,  ол  шығыстарды  сатудың,  ӛткізудің  немесе 

әкімшілік  қызметтің  ӛзіндік  құнының  бір  бӛлігіг  ретіндегі  олардың 

фуекцияларына  сәйкес  сыныпталады.  Бұл  ұсыну  шыыстарды  олардың 

сипаты  бойынша  сыныптауға  қарағанда  пайдаланушыларға  неғұрлым 

маңызды  ақпаратты  жиі  береді,  бірақ  шығындарды  функциялары  бойынша 

бӛлу  даулы  болуы  мүмкін    және  оны  субъективтіктің  едәуір  үлесі  болады. 

«Шығындар  функциясы  бойынша»  әдстің  кӛмегімен  сыныптаудың  мысалы 

мынадай; 

   Табыс; 

   Сатудың ӛзіңдік құны; 

   Жалпы пайда, 

   Басқа операциялық табыс; 

   Ӛткізу бойынша шығындар; 

   Әкімшілік шығыстар; 

   Басқа операциялық шығыстар; 

   Операциялық қызметтен түскен пайда; 

    


   Сатудың  ӛзіндік  құнының  әдісі  мен  шығын,дар  сипатының  әдісі 

арасындағы талдау әдісін таңдау тарихи әрі салалық факторға және ұйымның 

сипатына  да  байланысты  болады.  Әдістердің  екеуі  де  кәсіпорынның  сату 

деңгейінің немесе ӛндіру кӛлемінің ӛзгеруімен бірге, тікелей немесе жанама 

түрде ӛзгеруі мүмкін деп күтілетін шығындарды кӛрсетуді қамтамасыз етеді. 

Алайда  шығыстардың  сипаты  туралы  ақпарат  ақшалай  қаражаттардың 

болашақ  тасқының  болжау  үшін  пайдалы  болғандықтан,  сатудың  ӛзіндік 

құнына негізделген сыныптаудың пайдаланған кезде қосымша ашып кӛрсету 

талап етіледі.  

    


 


 

71 


13.4. Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп.  

7  ХБЕС  Ақшалай  қаражаттардың  қозғалысы  туралы  есепті  және  онымен 

байланысты ашып кӛрсетулердіұсыну үшін талаптар белгілейді. Ол ақшалай 

қаражаттардың 

қозғалысы 

туралы 


ақпарат 

қаржы 


есептілігін 

пайдаланушыларға  кәсіпорынның  ақшалай  қаражатты  және  оның 

баламаларын  іздестіру  қабілетін  бағалау  және  кәсіпорынның  ақшалай 

қаражаттардың  осы  қозғалысын  пайдалану  жӛніндегі  қажеттілігін  бағалау 

үшін негіз беретінің бекітеді.  

 

13.5. Меншіктік капитал қозғалысының есебі.  



   Кәсіпорын  ӛзінің  қаржы  есептілігінің  жеке  нысаны  ретінде  мыналарды 

кӛрсететін есепті ұсынуға болады.  

1.

 

кезең ішіндегі таза пайда немесе залал; 



2.

 

кіріс  пен  шығыстың  басқа  да  пайданың  немесе  залалдың  басқа 



стандарттардың  талаптарына  сәйкес  тікелей  меншікті  капиталда 

танылатын әрбір бабы, сондай – ақ осы баптардың жиынтық сомасы; 

3.

 

есеп  саясатындағы  ӛзгерістердің  кумулятивтік  әсерін  және  8  ХБЕС 



негізгі есеп тәртібіне сәйкес қаралатын іргелі қателерді түзетуді. 

Бұған  қоса  кәсіпорын  не  осы  есепте,  не  оған  ескертулерде  мыналарды 

ұмынуға тиіс: 

4.

 



меншік  иелерінің  капиталмен  операцияларын  және  меншік  иелеріне 

тӛлемдерді; 

5.

 

кезеңнің  басындағы  және  кезең  ішіндегі  баланс  пен  ӛзгерту  күнгі 



жинақталған пайда немесе залал сальдосы; 

6.

 



әрбір  ӛзгерісті  жеке  ашып  кӛрсете  отырып,  меншікті  капиталдың, 

эмиссиялық  кірістің  әрбір  тобының  және  кезеңнің  басындағы  және 

соңындағы әрбір резервтің баланстық құнының арасындағы тексеру.  

8  –  «Қезең  ішіндегі  таза  пайда  немесе  залал,  есеп  саясатындағы  іргелі 

қателіктер  мен  ӛзгерістер»  ХБЕС  кезең  ішінде  танылған  кірістер  мен 

шығыстардың  барлы  баптары  кезең  ішіндегі  таза  пайда  немесе  залал 

анықтамасына  енуін  талап  етеді,  бұған  Халықаралық  бухгалтерлік  есеп 

стандарты  ӛзгеше  талап  ететін  немесе  шешетін  реттер  кірмейді.  Басқа 

стандарттар  қайта  бағалаудан  құнның  ӛсуі  немесе  кемуі  сияқты  басқа 

пайдалар мен залалдарды және кейбір бағамдық айырмалар меншік иелерінің 

капиталмен  операцияларымен  және  меншік  иелеріне  тӛлемдермен  қатар 

меншікті  капиталдағы  ӛзгерістер  ретінде  танылуын  талап  етеді. 

Кәсіпорынның  қаржы  жағдайының  ӛзгеруін  бағалаған  кезде  баланстың  екі 

күніні арасында  барлық басқа  пайдалар мен залалдарды  назар алу маңызды 

болғандықтан,  осы  стандарт  тікелей  меншікті  капиталдандырылатындарды 

қоса,  кәсіпорынның  пайдалары  мен  залалдарының  жиынтық  сомасын 

кӛрсететін қаржы есептілігінің жеке компонентін ұсынуды талап етеді.  

 

 



 

 



 

72 


13.6. Есеп саясаты және түсініктеме хат.  

   Бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кәсіпорынның  мүліктік  және  қаржылық 

жағдайын  сондай  –  ақ  белгілі  бір  уақыттағы  қызметінің  қаржылық 

қорытындысының нәтижесін кӛрсететін кӛрсеткіштер жүйесінен тұрады.  

   Бухғалтерлік  қорытынды  есеп  ӛзінің  негізгі  болып  саналатын  белгілеріне 

қарай,  яғни  жасалу  уақыты,  мәліметтің  кӛлемі  және  тағайындалу  бойынша 

жіктеледі.  

   Жасалу  уақытына  қарай  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  ағымдағы  және 

жылдық  деп  аталатын  екі  түрге  бӛлінеді.  Ұйымның  ағымдағы  бухгалтерлік 

қорытынды  есебі  негізінен  қысқа  есепті  кезең  аралығына  жасалады.  Ал 

кәсіпорынның  жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есебі  есеп  беретін  жылға 

жасалады.  Оның  ағымдағы  қорытынды  есептен  айырмашылығы  балансқа 

кӛптеген  қосымшалар  тіркеліп  ұйымның  қаржылық  және  мүліктік  жағдайы 

туралы толығырақ ақпарат берді. Сондықтан да бұл ақпаратты  – мәліметтер 

кәсіпорынның  қаржы  –  шаруашылық  қызметінің  тиімділіг  нақтылы 

бағалауға мүмкіндік береді.  

   Тағайындалу  бойынша  жасалынған  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  ішкі 

және сыртқы болып бӛлінеді. Ішкі деп аталынатын бухгалтерлік қорытынды 

есеп  мәліметтері  шаруашылықты  басқару  үшін,  сондай  –  ақ  басшылардың 

андай  да  бір  мәселелерді  шешуі  үшін  пайдаланылады.  Бухгалтерлік 

қорытынды  есептің  бұл  түрі  сыртқы  пайдаланушыларға  берілмейді  және 

оның  мәліметтерін  жариялауға  тыйым  салынады.  Ал  бухгалтерлік 

қорытынды  есептің  сыртқы  түрі  барлық  пайдаланушылар  үшін  ашық  түрде 

беріледі.  Сонымен  қатар  қорытынды  есептің  бұл  түрін  кәсіпорын  кейбір 

жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар беттеріне де жариялайды.  

   Жылды  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кәсіпорын  қызметінің  түріне, 

шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады: 

-

 



бухгалтерлік баластан; 

-

 



пайда және зиян туралы есептен; 

-

 



меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен; 

-

 



ақшалардың қозғалысы туралы есептен; 

-

 



түсініктемелік жазбадан.  

   Кәсіпорынның  жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есебіне  берілген 

түсініктемелік  жазба  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  туралы  деректен, 

ӛткен жылмен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған 

түсініктемеден  және  бухгалтерлік  қорытынды  есебінің  елеулі  баптары  мен 

бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек.  

   Стандарт қаржы есептілігінң құрамын және пайдалар мен залалдар туралы 

баланс  пен  есептің  ӛзінде  ашып  кӛрсету  жӛніндегі,  сондай  –  ақ  меншікті 

капиталдағы ӛзгерістерді кӛрсету  жӛніндегі ең аз талаптарды белгілейді. Ол 

сондай  –  ақ  қаржы  есептілігінің  ӛзінде  немесе  ескертулерде  ұсынылуы 

мүмкін  басқа  баптарды  да  анықтайды.  Осы  бапта  пайдаланылған  ұсыну 

тәртібі мен атаулар әрбір кәсіпорын қызметінің нақты жағдайлары ескеріліп, 

сенімді ұсынуларға жету үшін қажет болатын жерде ӛзгертілуге тиіс.  

 



 

73 


Бақылау сұрақтары: 

1.

 



7  ХБЕС  ақшалай  қаражаттардың  қозғалысы  туралы  есепті  беру 

құрылымын ұсынады ма: 

2.

 

Әрбір  кәсіпорын,  ӛз  операцияларының  сипатына  сүйене  отырып, 



қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  активтер  мен  міндеттемелерді 

жеке  сыныптау  ретінде  баланстың  ӛзінде  ұсынатынын  анықтауға 

тиіс пе: 

3.

 



7  ХБЕС  келесі  параграфтары  осындай  бӛлініс  жасалған  кезде 

қолданылады ма: 

4.

 

Егер  кәсіпорын  сыныптау  жүргізбеуді  ұйғарса,  онда  активтер  мен 



міндеттемелер олардың ӛтімділігі тәртібімен, еркін ұсынылуға тиіс 

пе. 


5.

 

Акивтер  мен  міндеттемелерді  ӛтеу  күндері  туралы  ақпарат 



кәсіпорынның  ӛтемпаздығы  мен  тӛлеу  кабілетін  бағалауүшін 

мкаңызды құбылыс па: 

6.

 

Қаржы  активтері  сауда  және  басқа  да  дебиторлық  берешекті 



қамтиды ма: 

7.

 



Келесі  операциялық  кезеңнің  ішінде  ӛтеуге  тиісті  кейбір 

міндеттемелер 

кәсіпорынның 

шешімі 


бойынша 

қайта 


қаржыландыруы пайдалы ма: 

8.

 



баланстың ұсынылуға тиісті ақпарат бойәынша кем дегенде  қандай 

жекелеген баптарды қамтуы тиіс: 

9.

 

Дайын  ӛнім  мен  аяқталмаған  ӛндіріс  босалылардың  кезең  ішінде 



ӛзгеруі ӛндірістің босалқылар деңгейін арттыру ықпал етеді ме: 

10.


 

Ақшалай  қаражаттардың  қозғалысы  туралы  ақпарат  қаржы 

есептілігін пайдаланушыларға қажет пе: 

11.


 

Кәсіпорын ӛзінің қаржы есептілігінің жеке нысаны ретінде қандай 

кӛрсеткіштерді ұсынуы керек: 

12.


 

Бухгалтерлік  қорытынды  есеп  қандай  кӛрсеткіштер  жүйесінен 

тұрады: 

13.


 

Мәліметтің  кӛлеміне  қарай  бухгалтерлік  қорытынды  есептің  неше 

түрі болады: 

14.


 

Жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кәсіпорын  қызметінің 

түріне,  шаруашылық  саласына  қарамастан  қандай  құжаттардан 

тұрады: 


15.

 

Стандарт қаржы есептілігінің қандай қағидаларын талап етеді. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

74 



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау