Каратаев Аманжол Хамзиевич


 – ТАҚЫРЫП. ТУРИСТІК БИЗНЕСТЕГІ ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет16/32
Дата21.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#34463
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
7 – ТАҚЫРЫП. ТУРИСТІК БИЗНЕСТЕГІ ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ 

ЕСЕБІ 

 

 

Дәріс жоспары 



 7.1.  Делдалдық  қызметтің  және  келісім  шарттардың  негізгі  тҥрлері, 

делдалдық қызмет кӛрсету кезіндегі сыйақыларды анықтау. 

7.2. Делдалдық қызметтің бухгалтерлік есебі. 

 Мақсаты 

             Делдалдық  қызмет  атқарған  турагенттердің  мақсаты  –  турӛнімдерді 

ӛткізуден  түсетін  табыстың  келісімде  кӛрсетілген  мӛлшеріне  орай  пайда 

табу.  

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: 

              Комиссиялық келісім,   Делдалдық қызмет, Агенттік келісім 

  

7.1.  Туризмде қызмет кӛрсету мақсатында турӛнімге ӛткізу жолдарына орай 



қызмет  бірнеше  түрлерге  бӛлінеді.  Жасалатын  қызмет  түрлері  тұлғалардың 

арасында  делалдық  қызметке  келісім  жасау  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Келісім шарт келесідей түрлерге бӛлінеді: 

1.

 



комиссиялық; 

2.

 



тапсырыстық; 

3.

 



агенттік. 

   Комиссиялық  келісім  шарт  туристік  қызметтегі  ең  кең  тараған  типі.  Бұл 

типте 

бірінші 


жақ 

(комиссионер) 

келесі 

жақтың 


(комитетінің) 

тапсырмасының  бір  немесе  бірнеше  келісім  шартты  ӛзі  атынан,  сонымен 

комитеттің есебінен сыйақы алу арқылы орындауға міндетті.  

   Осы  жағдайда,  комиссионер  –  турагент,  ал  комитент  –  санатория  немесе 

курорттық мекеме болып табылады. Екі жақтың келісімі бойынша есептесу 2 

түрлі  әдіспен  жүргізілуі  тиіс.  Бірінші  әдіс  –  турагенттің  қатысуымен  есеп 

жүргізілсе, 2 – ші әдісте – турагенттің қатысуы міндетті емес.  

   Есеп  айырысу  кезінде  турагенттің  қатысуымен  комиссиялық  тапсырыс 

санатория  немесе  курорттық  мекеме  тек  турагентпен,  яғни  сатылған 

турӛнімнен  түскен  қаражат  курорттық  мекемеге  жолдама  құнымен,  ал 

турагентке комиссиялық сыйақы мӛлшерімен турагент инкассациялық талап 

бойынша ағымдағы шот есебінен ұстап қалуға құқығы бар.  

   Екінші  әдісте,  санаториялық  немесе  курорттық  мекеме  комиссиялық 

сыйақыны  жеке  есептен  ӛз  ағымындағы  есеп  шотынан  немесе  кассадан 

ақшалай тӛлеуі тиіс.  

   Екінші  тип  –  тапсырыстық  келісім  шарт,  яғни  бұл  келісім  түрінде  бірінші 

жақ  (сенген)  екінші  (сенімді)  жақтың  атынан  заңды  әрекеттер  жасауға 

құқылы.  

   Тапсырыстық келісім шарттың негізгі міндеттері санаториялық – куроттық 

мекемелердің  турагенттеріне  берілген  сенімхаттары  бойынша  қызмет 

кӛрсету.  Яғни  турагент  санаториялық  –  курорттық  мекемелердің  ӛкілетті 

тұлғасы  ретінде  қатысуы  керек,  егер  сенімхатты  негізге  алып  қызмет  түрін 

кӛрсеткен  жағдайда.  Сенімхат  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық 



 

38 


Кодексінің  шарттарына  қатысты  толтырылады  да,  пайдалану  мерзімі 

кӛрсетіліп, санаториялық немесе курорттық мекеме мӛрімен бекітілуі тиіс.  

   Сенімхат ӛз күшін тӛменгі жағдайларда жояды, яғни: 

-

 



мерзімі таусылғанда; 

-

 



тапсырған сенімді тұлғаның талабы бойынша; 

-

 



сенімді тұлға бас тартқанда; 

-

 



сенімхат берген заңды тұлға ӛз жұмысын тоқтатқанда.  

   Сенімхат  алған  жақ  бұл  құжатты  үшінші  жаққа  беруі  мүмкін,  егер  бұл 

келісімінің шартында қарастырылған болса. Санаториялық немесе курорттық 

мекеме  турӛнімнің  ӛткізілу  есебін  жүргізу  үшін  бухгалтерлік  есептің 

қағидаларын орындау керек.  

   Агенттік  келісімшарт  бойынша  қарастырсақ,  онда  бірінші  жақ  (агент) 

екінші жақтың (принципал) атынан сыйақы алу мақсатында заңды әрекеттер 

жасауға құқылы.  

   Келісім бойынша, агенттің ӛз атынан және принципиалдың атынан үшінші 

жақпен әрекет ете отырып заңды міндетті агент бола алады.  

   Агенттік  келісімнің  жақтары  болып  агент  (орындаушы)    және  приципиал 

(тапсырушы)  табылады.  Туристік  қызметте  агент  дегеніміз  турагент,  ал 

принципиал  –  туроператор.  Келісімде  екі  жақтың  міндеттері  мен 

құқықтарына  байланысты  орындалу  шарттары  қарастырылуы  қажет. 

Делдалдық  қызметке  толтырылған  келісімде  комиссиялық  келісім  мен 

тапсырыстық келісім шарттарына сәйкес бір ортақ шарттар белгілері болуы 

мүмкін.  Бір  келісімнің  шегінде  турагенттің  әртүрлі  негіздегі  тапсырысы 

болуы  мүмкін,  егер  ол  атынан  және  де  туроператордың  атынан  қызмет 

кӛрсетсе.  

   Бұл  жағдайда  туроператор  турагентке  тӛлейтін  сыйақы  мӛлшерін  агенттік 

келісімде кӛрсетуі керек.  

   Агенттік  келісімде  туроператор  мен  турагент  құқығы  тӛмендегі 

жағдайларда шектеледі: 

1.

 



Туроператордың  басқа  ұқсас  турагенттермен  келісім  кӛрсетілген 

аумақтарда 

ӛз 

еркімен 


келісім 

жасамау 


міндеттері 

қарастырылғанда; 

2.

 

Агенттердің  басқа  туроператорлармен  аталған  ұқсас  немесе 



жартылай  ұқсас  аталған  аумақта  келісім  жасамау  міндеттері 

қарастырылғанда; 

3.

 

Агенттік  келісім  шарттарында  кӛрсетілген  қызмет  түрлері 



қарастырылмаса. 

 

   7.2. Делдалдық қызметтің бухгалтерлік есебі.  



   Делдалдық  қызмет  атқарған  турагенттердің  мақсаты  –  турӛнімдерді 

ӛткізуден  түсетін  табыстың  келісімде  кӛрсетілген  мӛлшеріне  орай  пайда 

табу.  

   Бұл іс - әрекеттің міндетті түрде келісім шарты болуы тиіс. Ӛнімді ӛткізген 

уақытта турагенттің пайдасына шешілетін бірыңғай тұстары бар.  



 

39 


   Мысалы,  туристік  ұйымның  делдалдық  қызметінің  кең  тараған  түрлерінің 

бірі әуе кӛлігінің билеттерін сату болып табылады.  

   ҚР  –  ның  Кӛлік  және  коммуникация  Министірлігінің  азаматтық  авиация 

Комитеті Тӛрағасының 25.04.2003 жылғы №182 бұйрығымен бекітілген ҚР – 

ның  әуе  жолдарына  жолаушыларды,  жүктерді  тасымалдау  ережесінде 

тӛмендегідей анықтамалар берілген: 

   Тасушы  (тасымалдаушы)  –  меншік  құқығында  немесе  басқа  да  заң 

негізінде  кӛліктік  құралы  бар,  жолаушы,  жүк  және  поштаны  тасымалдау 

қызметін  кӛрсететін  және  осы  қызметті  кӛрсетуге  рұқсаты  немесе 

лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға.  

   Агент  –  экипаж,  жолаушылар  ,  жүктер  және  поштаның  келуімен, 

жіберілуімен  олардың  рәсімделуімен  байланысты  барлық  іс  -  әрекеттерді 

орындауда тасушы атынан қызмет кӛрсетуге ӛкілеттік берілген заңды немесе 

жеке тұлға.  

   Билеттерді сатуды тасушы ӛзінің кассасы арқылы жеке ӛзі де, сондай  – ақ 

билеттерді сату бойынша агенттердің кӛмегімен жүзеге асыра алады.  

   Турфирма  немесе  жеке  не  заңды  тұлға  тасушымен  билеттерді  сату 

қызметін  кӛрсетуге  агенттік  келісім  шарт  жасасқанда  тасымалдаушының 

билеттері  сату  бойынша  агент  бола  алады.  Агент  қызметінің  тӛлемақысы  – 

агенттік сыйақы деп аталады.  

   Агенттік  келісім  шарт  жазба  нысанында  құрылады  және  тӛмендегідей 

шарттардан тұрады: 

-

 

агенттің ӛкілеттілігі; 



-

 

билеттерді  сату  орнының  жабдықталуына  техникалық  және  басқа  да 



талаптар

-

 



агентке квалификациялық талаптар; 

-

 



екі жақтың құқықтары мен міндеттері; 

-

 



агентке сыйақы тӛлеу тәртіптері және сыйақы мӛлшері; 

-

 



билеттерді  сату  туралы  агенттік  есептіліктің  нысаны,  есептілікті 

ұсынудың мерзімі мен тәртібі

-

 

қызмет ету мерзімі.  



Сонымен билеттерді сатумен айналысатын туристік ұйымдар ӛздерінің 

негізгі  туроператорлық  және  турагенттік  қызметтерімен  қатар  агенттік 

рӛлін атқарады.  

   Тасымалдауды  орындау  бойынша  қызметтер  тасымалдаушының 

айналымы  болып  табылады.  Салық  кодексінің  224  –  бабына  сәйкес, 

тасымалдауды  рәсімдеу  бірыңғай  тасымалдау  құжаттармен  жүзеге 

асырылса,  халықаралық  тасымалдауды  орындау  бойынша  қызметтерге 

нӛлдік  ставкамен  ҚҚС  салынады,  ал  ҚР  –  ның  аумағында  жүзеге 

асырылатын  тасымалдау  бойынша  қызметтерге  жалпы  тәртіппен  ҚҚС 

салынады.  

   Билеттерді  ӛткізетін  агент  үшін  билеттерді  ӛткізу  бойынша  оның 

кӛрсеткен  қызметінің  құны,  яғни  агенттік  сыйақы  салық  салынатын 

айналым  болып  табылады.  Халықаралық  рейстер  билеттерін  ӛткізу 

бойынша  агенттердің  кӛрсететін  қызметтер  халықаралық  тасымалдау 




 

40 


мен  байланысты  қызметтерге  жатпайды.  Сондықтан  билеттерді  ӛткізу 

үшін тӛленетін агенттік сыйақыға бекітілген тәртеппен ҚҚС салынады.  

  Саылқ  Кодексінің  92  бабына  сәйкес  шегерімге  салық  тӛлеушінің 

жылдық  жиынтық  табысты  алумен  байланысты  шығындары  жатады. 

Егер  тасымалдаушы  фирма  тасымалдау  қызметінен  кӛрсетуден  табыс 

алатын  болса,  билеттерді  сатумен  байланысты  барлық  шығындар 

шегерімге  жатады.  Бір  мысал  келтірейік:  «А»  фирмасы  туристік 

қызметпен  айналысады  және  авияциялық  ұйыммен  жасаған  келісім 

шарт  бойынша  туристерге  әуе  билеттерін  броньдау  мен  сатып  алуды 

жүзеге  асырады.  Әуе  билеттерінің  құқының  фирма  алдың  ала 

туристерден  қабылдайды.  Бұл  операциялар  ақша  қаражаттарын  шоты 

мен 


басқа 

да 


кредиторлармен 

есеп 


айырысу 

шоттарының 

корреспонденциясымен  кӛрініс  табады,  салық  салынатын  айналымға 

билеттерді  ӛткізген  үшін  авиациялық  агенттіктердің  тӛлейтін 

комиссиондық сыйақыларының құны жатады. Бұл жағдай тӛмендегідей 

бухгалтерлік жазбалар мен кӛрсетіледі: 

   а)  туристік  авиабилеттердің  құнын  тӛлеуінде  1010,  1030  шоттары 

дебеттеліп, 3440 шоты кредиттеледі.  

  ә) билет құнын авиаагенттікке тӛлесе 3440 шоты дебеттеліп, 1010,1030 

шоттары кредиттеледі.  

  б)  авиаагенттікке  тӛленетін  комиссиялық  сыйақы  бойынша  табыс 

есетелінгенде 1210 шоты дебеттеліп, 6010 шоты кредиттеледі. 

  в)  комиссиялық  сыйақы  сомасының  ҚҚС  –  на  1210  шоты  дебеттеліп, 

3110 шоты кредиттеледі.  

   г)  авиаагенттіктен  комиссиондық  сыйақы  тӛлемі  келіп  түскенде  1030 

шоты дебеттеліп, 1210 кредиттеледі.  

   Әуе  билеттерінің  құны  табыстар  және  шығындар  бойынша  жалпы 

айналымға жатпайды.  

 

Бақылау сұрақтары: 



1.

 

Туризде делдалдық қызмет қалай жүзеге асыры алады? 



2.

 

Келісім шарт қандай түрлерге бӛлінеді? 



3.

 

Комиссиялық келісім шарттың жасалу тәртібі қандай? 



4.

 

Комиссиялық  келісім  шарты  сыйақы  алу  арқылы  орындауға 



міндетті ме? 

5.

 



Тапсырыстық келісім жасалу тәртібі қандай? 

6.

 



Тапсырыстық келісім шарттың негізгі міндеттірі қандай? 

7.

 



Агенттік келісім шарттың жасалу тәртібі қандай? 

8.

 



Сенімхат ӛз күшін жағдайларда жояды? 

9.

 



Агенттік  келісімде  туроператормен  турагент  құқығы  қандай 

жағдайларда шектеледі? 

10.

 

Туристік ұйымның делдалдық қызметінің кең тараған түрлерін ата? 



11.

 

Агенттік келісім шарт қандай шарттардан тұрады? 



12.

 

Агенттік сыйақы салық салынатын айналым болып табылады ма? 




 

41 


13.

 

Егер  тасымалдаушы  фирма  тасымалдау  қыметінӛрсетуден 



табысалатын  болса,  онда  билеттерді  сату  пмен  байланысты 

шығындар шегерімге жатады ма? 

14.

 

Билеттерді ӛткізу үшін агенттік сыйақыға бекітілген тәртіппен ҚҚС 



салынады ма? 

15.


 

Туристің авиабилеттер құнын тӛлегенде қандай бухгалтерлік жазба 

беріледі? 

 

 



 


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау