Каратаев Аманжол Хамзиевич


-ТАҚЫРЫП. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет17/32
Дата21.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#34463
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
8-ТАҚЫРЫП. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ 

ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ 

 

8.1. Кассадағы ҧлттық және шетел валюта тҥріндегі қаражаттардың 

есебі 

Мақсаты: 

              Кассалық операциялардың жүргізілу ерекшеліктерін анықтау 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: 

              Чек, кіріс және шығыс кассалық ордерлер 

 

8.1. Әрбір туристік ұйымдардың және мекемелердің қолда бар нақты 



ақшалай  қаражаттарын  сақтайтын  ӛздерінің  кассасы  болуы  керек.  Касса 

арнайы  жабдықталған,  яғни  едені  мен  тӛбесінен  ешқандай  адам  кіре 

алмайтындай  етіп  жабылған,  терезесі  мен  есігіне  темірден  тор  қойылған 

және  дыбыстық  белгі  беретін  қондырғылар  орнатылған,  ӛрттен 

сақталатындай  түрлі  материалдармен  қапталып  жасалған  бӛлмеде 

орналастыруды  қажет  етеді.  Кассадағы  нақты  ақша  қаражаттары  кассирдің 

мӛрі  сургуч  арқылы  басылып  жабылатын  сейфте  немесе  темір  шкафта 

сақталынуы  тиіс.  Бұл  сейфтің  кілті  мен  сургуч  басатын  мӛр  кассирде,  ал 

кілттің  екінші  данасы  белгіленген  ыдысқа  салынып,  аузы  жабылып, 

кассирдің  мӛрі  басылып,  кәсіпорын  басшысында  сақталынады.  Кассир 

жұмыс  күнінің  соңында  кассаның  тиісті  жерлеріне  (есігіне)  мӛр  таңбасын 

басып,  күзетшіге  тапсыруы  қажет.  Кассадағы  ақшаның  түгелділігіне  кассир 

толық жауап береді,  егер әдейі  қастандықпен  немесе  арам ниетпен істелген 

әрекет  негізінде  кәсіпорынға,  ұйымға  келтірілген  шығындар  болса  оған 

жауапты  есеп  бӛлімінің  қызметкерлері.  Кәсіпорындар  мен  ұйымдарда 

кассирлік  жұмысқа  қызметкердің  тағайындалғаны,  орналасқаны  жайлы 

бұйрық  шыққаннан  кейін,  касса  қызметкерін  касса  операцияларымен 

таныстырып,  кәсіпорын  яғни  шаруашылық  субъектісімен  кассир  арасында 

жеке  материалдық  жауапкершілікке  келісім  шарт  жасалуы  міндетті. 

Кәсіпорын,  мекеме  немесе  ұйым  ӛздерінің  есеп  айырысу  шотынан  нақты 

ақшаны  сол  есеп  айырысу  шоты  ашылған  банк  мекемесі  берген  чек 

кітапшасы  арқылы  ғана  ала  алады.  Банк  мекемесінен  нақты  ақша  алу  үшін 

кәсіпорынның,  ұйымның,  яғни  субъектінің  касса  қызметкері  чек 

кітапшасындағы  парақты  толтырады.  Бұл  чек  парағын  толтыру  барысында 

чекке  алынғалы  отырған,  яғни  кәсіпорынның,  ұйымның,  субъектінің 



 

42 


жұмсауға  тиісті  нақты  ақша  қаражаттарының  сомасы  және  бұл  соманың 

қандай  мақсатқа  жұмсалатындығы  жазылып  кӛрсетілуі  тиіс.  Толтырылған 

чекке  кәсіпорынның,  ұйымның,  яғни  субъектінің  бас  бухгалтері  және 

басшысы  қол  қойып,  осы  субъектінің  мӛрі  басылады.  Барлық  толтыруға 

тиісті  ақпараттар  толтырылмайынша,  чекке  қол  қоюға  болмайды.  Сонымен 

қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы 

қойылмаса  (біреуінің  қолы  қойылмаған  жағдайда),  мӛр  басуға  рұқсат 

етілмейді. Кәсіпорынның, ұйымның, яғни қандай да болмасын шаруашылық 

субъектісінің  касса  қызметкері  банк  мекемесінен  нақты  ақша  аларда  банк 

бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк 

мекемесінен  алынған  нақты  ақша  сол  алынған  күні  кәсіпорынның, 

субъектінің  кассасына  кіріске  алынуы  керек.  Ол  үшін  кәсіпорынның, 

субъектінің касса қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ордерін толтырып, 

содан соң оны кассалық кітапқа жазуы керек.  

 

Жалпы  касса  операцияларының  есебі  1010  –  «Кассадағы  теңгемен 



ақша  қаражаты»  және  1040  –  «Карт-шоттардағы  ақша  қаражаты»  -  деп 

аталатын  шоттарда  жүргізіледі.  Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың,  яғни 

шаруашылық  субъектілердің  кассадағы  ұлттық  валюта  түріндегі  (теңге 

түріндегі)  нақты  ақша  қаражаттарының  кірісі  мен  шығысының 

(қозғалысының)  есебі  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банк  мекемесі 

бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі 

тиіс.  Кәсіпорынның  кассасына  қолма-қол  нақты  ақшаны  кіріске  алу, 

қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық 

кіріс  ету  ордеріне  қол  қоюы  керек  және  де  ақша  тӛлеген  адамға  осы 

толтырылған кассалық кіріс ордерінің түбіртегі (квитанциясы) беріледі. Осы 

нақты  ақшаны  кассаға  қабылдау  барысында  толтырылатын  кассалық  кіріс 

ордеріне  кәсіпорынның,  ұйымның  аты,  ақша  тӛлеуші  адамның  немесе 

субъектінің аты-жӛні қандай мақсатқа және не үшін ақша тӛлеп жатқандығы, 

сол  ақша  тӛленген  уақыты  (күні,  айы,  жылы)  жазылып,  кассир  мен  бас 

бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кәсіпорынның, ұйымның кассасынан 

нақты  ақша  кассалық шығыс  ордері немесе  тиісті үлгілі түрде дайындалған 

басқа  да  ақша  тӛлеу  ведомостары,  сондай-ақ  кәсіпорынның,  ұйымның  бас 

бухгалтері  мен  басшысының  қолдары  қойылған  ақша  алу  үшін  жазылған 

ӛтініштер,  шоттар  және  тағы  басқа  құжаттар  бойынша  беріледі.  Бұл 

құжаттарға  кассалық  ордердің  реквизиті  кӛрсетілген  штамп  басылуы  керек. 

Егер  кассалық  шығыс  ордеріне  қоса  тіркелген  құжаттарда  шаруашылық 

субъектінің басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған 

болса,  онда  кассалық  шығыс  ордеріне  оның  қол  қоюы  аса  қажет  болып 

саналмайды.  Субъектінің  кассасынан  адамдарға  кассалық  шығыс  ордері 

бойынша  ақша  берген  кезде  касса  қызметкері  нақты  ақша  алушы  адамның 

тӛл  құжатын  немесе  ӛзін  куәландыратын  басқа  да  құжаттарын  кӛрсетуді 

талап  етеді.  Сонымен  қатар  касса  қызметкері  осы  кӛрсетілген  құжаттарда 

берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның аты-жӛнін, 

құжатының  номерін  және  ол  құжатты  кім  бергендігін,  қай  уақытты 

берілгендігін  кассалық  шығыс  ордеріне  жазуы  керек.  Кассадан  нақты  ақша 




 

43 


алушы  адамдар  кассалық  шығыс  ордеріне  алып  жатқан  соманың  теңгедегі 

бӛлігін жазумен, ал тиынын сандармен кӛрсетеді. Кассалық кіріс ордері және 

оның  квитанциясы,  сондай-ақ  кассалық  шығыс  ордері  және  оның  орнына 

жүретін  немесе  оған  қосымша  тіркелетін  құжаттарды,  кәсіпорынның,  яғни 

субъектінің бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен 

анық етіп толтырулары керек. Бұл құжаттарды ӛзгертуге олардағы сандармен 

әріптерді түзетуге, ӛшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс және 

кассалық  шығыс  ордерлерін  немесе  олардың  орнына  жүретін  құжаттарды 

кассаға  берместен  бұрын  бухгалтерия  қызметкерлері  тіркеу  журналына 

тіркеп  жазады.  Кәсіпорындар  мен  ұйымдарда  жұмысша-қызметкерлерге 

жәрдемақы,  сыйақы,  еңбекақы  тӛлеу  үшін  ведомостары  қолданылады.  Бұл 

ведомостар  тіркеу  журналына  еңбекақы,  жәрдемақы  және  сыйақыларды 

тӛлеп,  үлестіріп  болғаннан  кейін  ғана  тіркеледі.  Кассалық  кіріс  ету  немесе 

кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар 

бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны қабылдауға немесе тӛлеуге 

тек қана осы құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорынның 

кассасына  нақты  ақшаны  қабылдау  немесе  кассадан  ақша  тӛлеу  барысында 

касса  қызметкері  кассалық  кіріс  және  кассалық  шығыс  ордерлерінің  дұрыс 

толтырылғандығын, бұл құжаттарда  кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын  бас 

бухгалтері  қолдарының  болуын  және  ордерлерде  кӛрсетілген  қосымша 

құжаттардың  түгелдігіне  тексеру  жүргізуге,  яғни  қадағалауға  міндетті.  Бұл 

операциялар  орындалғаннан  кейін  құжаттардың  тиісті  жеріне  касса 

қызметкері  ӛз  қолын  қоюы  керек.  Касса  операцяиларының  есебі  кассалық 

кітапқа  тіркелуі  қажет.  Бұл  кітапты  касса  қызметкері  жүргізеді.  Кассалық 

кітаптың беттері (парақтары) номерленіп және оған жіп ӛткізіліп, кәсіпорын 

басшысы  мен  бас  бухгалтері  қолдарын  қойып,  куәландыруы  керек. 

Кәсіпорынның,  ұйымның  кассасына  келіп  түскен,  кіріс  етілген  немесе 

кәсіпорынның,  ұйымның  кассасынан  тӛленген,  яғни  шығысталған  ақша 

қаражаттарының  кімнен  келіп  түскендігін  немесе  кімге  не  үшін 

тӛленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері 

және  бухгалтерлік  жазулар,  сонымен  қатар  кіріске  алынған  немесе 

шығысталған  сомалар  кассалық  кітапқа  жазылуы  шарт.  Күн  сайын 

кәсіпорынның,  ұйымның  касса  қызметкері  кассадағы  нақты  ақша 

қаражаттарының  қалдығын  жұмыс  күнінің  соңында  санап  және  оның 

сомасын  кассалық  кітапқа  жазады.  Бұл  кассалық  кітаптағы  деректерге 

ӛзгеріс  енгізуге,  ӛшіруге,  түзетуге  жол  берілмейді  және  де  касса 

операциялары  мен  ондағы  жүргізілетін,  толтырылатын  құжаттардың 

дұрыстығына  субъектінің  бас  бухгалтері  бақылау  жасап  отыруы  керек. 

Кәсіпорынның,  ұйымның  немесе  мекемелердің  кассадағы  шетелдік  валюта 

түріндегі  нақты  ақшаларының  есебі  үшін  ӛз  алдына  бӛлек  кассалық  кітап 

ашылады.  Соныммен  қатар  бұл  жағдайда  кассалық  операциялар  бойынша 

толтырылатын  барлық  құжаттарда  кіріске  алынған,  яғни  келіп  түскен  және 

де  шығысталған,  кассадан  тӛленген  ақша  қаражаттарының  сомасы  шетел 

валютасымен  де  және  сол  күнгі  бағам  (курс)  бойынша  ұлттық  валютаға 

(теңгеге) айналдырылып та жазылады.  



 

44 


 

Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша 

қаражаттарының  есебі  кассадағы  ұлттық  валюта  түрінде  нақты  ақша 

қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.  

 

1010  –  «Кассадағы  теңгемен  ақша  қаражаты»  және  1040  –  «Карт-



шоттардағы  ақша  қаражаты»  -  деп  аталатын  шоттар  бойынша  жүргізілетін 

операциялардың есебі:  кредиті  бойынша  номері бірінші журнал-ордерде,  ал 

дебеті  бойынша  осы  журнал-ордердің  ведомосында  жүргізіледі.  Яғни 

кассаның  кірісі  бойынша  операциялар  №1  санды  журнал-ордердің 

ведомосында,  ал шығысы  бойынша  операциялар №1 санды журнал-ордерде 

есептелініп жүргізіледі.  

 

 


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау