35
б) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеледі, ал
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоты кредиттеледі;
в) туроператорға тӛленетін ақы сомасына 3310 «Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты дебеттеледі,
ал 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» және
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоттары кредиттеледі.
Турӛнімді ӛткізу кезінде бірқатар шығындар пайда болуы мүмкін,
мысалы жарнама шығыны, маркетингтік шығындар , делдалдық
мекемелерге тӛленетін тӛлем, комиссиялық жиынтықтар және де
ӛткізуге
байланысты
шығындар,
яғни
оларды
тӛмендегідей
қарастыратын болсақ: 7110 «Ӛнімді сату және қызметтер кӛрсету
бойынша шығыстар» шоты дебеттелді, ал 3310 «Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты кредиттелді.
а) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебеттелді, ал
3310 «жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шоты кредиттелді;
б) ӛнімді ӛткзуге кеткен басқа шығындар бойынша 7110 «Ӛнімді сату
және қызметтер кӛрсету бойынша шығыстар» шоты дебеттеліп, ал
3390,3540,4170,4430 шоттары кредиттеледі.
Делдалға тӛленген ақша сомасы Қазақстан Республикасының Салық
Кодексінің 92 бабына сәйкес азайтылады. Турӛнімді ӛткізу кезінде
тӛмендегідей бухгалтерлік жазба кӛрсетіледі:
а) ӛткізілген турӛнімнің ӛзіндік құнына 7010 «Ӛткізілген ӛнімнің және
кӛрсетілген қызметтердің ӛзіндік құны» шоты дебеттелді, ал 1350 «Ӛзге
қорлар» кредиттеліп жатқызылады;
ә) Турӛнімнің бағасы тӛленсе 1210 «Сатып алушылар мен
тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты
дебеттеліп, 6010 «Ӛнімдерді сатудан және қызмет кӛрсетуден алынатын
кіріс» шоты кредиттеледі.
б) ҚҚС сомасына 1250 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дебеттеліп, 3130 «Қосылған
құн салығы» кредиттеледі.
в) Қолма – қол ақшаға сатылған турӛнім сомасына 1010 «Кассадағы
теңгемен ақша қаражаттары» шоты дебеттеліп, ал 6010 «Ӛнімдерді
сатудан және қызмет кӛрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі;
д) ҚҚС сомасына 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты
дебеттеледі, ал 3130 «Қосылған құн салығы» кредиттеледі;
Кезең шығындары тӛмендегідей кӛрініс табады:
а) әкімшілік қызметкерлерге еңбекақы тӛлегенде 7210 «Әкімшілік
шығыстар», 7400 «Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3350,4170
шоттары кредиттелді;
б) әлеуметтік салық сомасына 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7400
«Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3150 «Әлеуметтік салық»
шоты кредиттеледі.
36
в) ӛзге де шығындар сомасына 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7400
«Басқа да шығыстар» шоттары дебеттеліп, 3310,4110 шоттары
кредиттеледі;
г) ҚҚС сомасына 1420 «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеледі, ал
3310,4110 шоттары кредиттеледі.
Есепті кезеңнің соңында шаруашылық операциялардың жағдайына
келетін болсақ:
а) табыстар шығындар кӛлемі азайтылып кӛрсетіледі де, 6010
«Ӛнімдерді сатудан және қызмет кӛрсетуден алынатын кіріс» шоты
дебеттеліп0 5510 «Есепті кезеңдегі бӛлінбеген пайда жабылмаған зиян»
шоты кредиттелді;
б) қорытынды табысқа түскен табысты қосып, тӛмендегідей жазбада
кӛрсетеміз:
3520 «Алдығы кезеңдердің кірістері» шоты дебеттеліп, ал 6010
«Ӛнімдерді сатудан және қызмет кӛрсетуден алынатын кіріс» шоты
кредиттеледі;
в) корпоративтік табыс салығына 7710 «Корпоратитвтік ьабыс
салығы» шоты деббеттеліп, ал 3110 «Тӛлеуге тиісті корпоративтік табыс
салығы» шоты кредителеді.
г) қорытынды табыстан табыс салығы бойынша шығындар шегеріледі
де, 6010 «Ӛнімдерді сатудан және қызмет кӛрсетуден алынатын кіріс»
шоты дебеттеліп, 7710 «Корпоративтік табыс салығы» шоты
кредиттеледі.
д) таза табыс анықталғанда: 6210 «Активтердің шығуынан түскен
кірістер» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті кезеңдегі бӛлінбеген пайда
жабылмаған зиян» шоты кредиттеледі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Туризмдегі турагенттік қызмет кӛрсету қандай құжат арқылы жүзеге
асады?
2.
Турагенттік қызмет кӛрсету қандай мақсатта қызмет етеді?
3.
Турагенттің балансында сатып алған жолдама құны қалай
кӛрсетіледі?
4.
Турӛнімді ӛткізу кезінде қандай шығындар пайда болуы мүмкін?
5.
Турӛнім ӛткізуге байланысты шығындарға қандай бухгалтерлік
жазба беріледі?
6.
Турӛнімді ӛткізуге байланысты кезең шығындарына қандай
бухгалтерлік жазба беріледі?
7.
Есепті кезеңнің соңында шаруашылық операцияларының жағдайы
қандай болады?
8.
Турӛнімді ӛткізуде таза табыс анықталғанда қандай бухгалтерлік
жазба беріледі?
9.
Қорытынды табыстан табыс салығы бойынша шығындар шегеріледі
ме?
10.
Әлеуметтік салық сомасына қандай бухгалтерлік жазба беріледі?