Каратаев Аманжол Хамзиевич


-ТАҚЫРЫП. ТУРИЗМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет3/32
Дата21.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#34463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
1-ТАҚЫРЫП. ТУРИЗМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА  

 

Дәріс жоспары 



 

1.1. Туристік бизнес туралы тҥсінік 

Мақсаты 


          Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі ретінде 

туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру 

негіздері 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: 

           Туристік бизнес, Туроператорлық қызмет, Турагенттік қызмет, 

Туроператорлар мен турагенттер, Туристік индустрия.



 

 

 



1.1.  Туристік  бизнес  -  әлем  шаруашылығындағы  тез  дамитын  салалардың 

бірі.  


 

Халықаралық  туризм  –  мұнай  ӛндіретін  және  автомобиль 

ӛнеркәсіптерінен  кейін,  үш  ірі  экспорттық  салалардың  құрамына  кіреді. 

Дүние жүзінде туризмнің мәні үнемі артуда, бұл жеке ел экономикасындағы 

туризм ықпалының ӛсуімен де байланысты.  

 

Қазақстан 



республикасында 

туристік 

индустрияның 

дамуы 


халықтың  әл-ауқат  деңгейінің  ӛсуінің  нәтижесі  болып  табылады.  Туристік 

қызметтерге  қол  жетерлік,  олардың  сапасы  және  әр  түрлілігі  демалыс 

нысанын  таңдауда  да  маңызды  фактор  болып  табылады.  Кәсіпкерлер  үшін 

туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты.  

-

 

шағын бастапқы инвестициялар; 



-

 

туристік қызметтерге ӛсетін сұраныс;  



-

 

жоғары деңгейлі пайдалылық;  



-

 

шығындар ақталуының ең қысқа мерзімі.  



 

Қазіргі  кезде  Қазақстанда  демалысты  жайлылықпен  және 

қауіпсіздікпен  қамтамасыз  ететін  туристік  қызметтерді  кӛрсететін  туристік 

компаниялар желісі дамыған.  

 

Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі ретінде 



туристік  қызметтің  құқықтық,  экономикалық,  әлеуметтік,  ұйымдастыру 

негіздері  «ҚР  Туристік  қызмет  туралы»  Заңында  анықталған.  Осы  заңға 

сәйкес туристік қызмет – турагенттік және туроператорлық болып бӛлінеді.  

 

Туроператорлық  қызмет  -  ӛзінің  туристік  ӛнімдерін  қалыптастыру, 



дамыту және туристік агенттер мен туристерге сатуға лицензиясы бар заңды 

тұлғалардың қызметі.  

 

Турагенттік  қызмет  –  туроператормен  қалыптастырылған  туристік 



ӛнімді  дамыту  мен  сату  бойынша  осы  қызмет  түріне  лицензиясы  бар  жеке 

немесе заңды тұлғалардың қызметі.  

 

Олардың  арасындағы  айырмашылық  –  туроператорлардың  туристік 



ӛнімді дамыту мен сату қызметінен басқа, осы ӛнімді қалыптастыруда болып 

табылады.  

 

Туристік  ӛнімді  қалыптастыру  –  шет  елдік  әріптестерді  табу,  қонақ 



үйлерді, 

экскурсияларды 

таңдау, 

авиакомпаниялармен 

келіссӛздер, 



 

кӛрмелердегі  жұмыстар,  қонақ  үйлер  мен  авиарейстерде  сақтап  қою 



орындарының  нақты  саннын  есептеу,  каталогтарды  шығару,  агенттіліктерді 

іздестіру және таңдау.  

 

Басқа  сӛзбен  айтқанда,  туроператор  әр  түрлі  қызметтермен  – 



визаларды  рәсімдеу,  ұшу,  трансферт,  қонақ  үй,  сақтандыру,  экскурсиялар 

ұйымдастырумен айналысып, тур ӛнімді «жинайды», оны нарыққа шығарады 

және  тұтынушыларға  немесе  турагенттерге  тікелей  ӛткізеді.  Ал  турагент  – 

туроператормен тұтынушы арасындағы делдал болып табылады.  

 

Тур  ӛнім  туристік  саяхат  мерзімінде  кӛрсетілетін  туристің 



қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  қажетті  қызметтер  және  осымен 

байланысты  саяхат  мақсатына  сай  кӛрсетілетін  басқа  да  (орналастыру, 

тасымалдау,  тамақтандыру,  экскурсиялар,  туризм  нұсқаушысының,  гидтің, 

гид-аудармашылардың қызметтері) қызметтер жиынтығын білдіреді.  

 

Туристердің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  мақсатында 



Қазақстан  Республикасында  туроператорлық,  турагенттік,  экскурсиялық 

қызмет, туризм нұсқаушының кӛрсететін қызметтері лицензияланады.  

 

Туроператорлар  мен  турагенттердің  лицензияны  алуы  үшін 



туроператор  мен  турагенттің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін  міндетті 

сақтандыру  келісім  шарты  қажет.  Осы  келісім  шарт  оның  заңды  күшіне 

енген күннен бастап 12 ай мерзіміне жасалады, іс-әрекет ету аумағы туристік 

бағыттардың (турлардың) ӛткізілетін аумағы болып табылады.  

 

Туроператорлар  мен  турагенттердің  қызметі  міндетті  түрде 



сертификатталынады. 

Сертификаттарды 

рәсімдемеген 

жағдайда 

жауапкершілік лицензияны берген мезеттен 7 ай ӛткеннен кейін басталады.  

 

Туристік  фирмаларда  бухгалтерлік  есептің  ерекшеліктері  туризмнің 



ұйымдастыру  нысандарынан  –  халықаралық,  ішкі  және  туристік 

қызметтерінің құрылымынан туындайды.  

 

Халықаралық туризм тӛмендегілерге бӛлінеді. 



 

-  келу  туризмі  –  Қазақстан  Республикасы  аумағында  тұрақты 

тұрмайтын тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында саяхат жасауы; 

 

-  кету  туризмі  –  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты 



тұратын тұлғалар мен азаматтардың басқа елге саяхаты; 

 

-  ішкі  туризм  –  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты 



тұратын  тұлғалар  мен  азаматтардың  Қазақстан  Республикасы  аумағында 

саяхаты.  

 

Қазақстан  Республикасы  аумағына  келу  туризмін  ұйымдастырумен 



байланысты  туристік  қызметтерді  кӛрсету  туристік  қызметтердің  экспорты 

болып  табылады.  Ал  басқа  елге  кетумен  байланысты  туристік  қызметтерді 

кӛрсету импорт болып саналады.  

 

Турист  энциклопедиясында  туризм  индустриясы  туралы  мынадай 



анықтама  берілген;  бұл  –  материалдық-техникалық  базалардың  құрылуын, 

туристік  рекреациялық  ресурстардың  пайдалануын,  туристік  тауарлар  мен 

қызметтердің  айырбасталуын,  қолданылуын,  материалды  және  материалды 

емес  сала  ӛнімдерінің  ӛндірісін  қамтамасыз  ететін  мекемелер  мен  ұйымдар 

жиынтығы.  



 

 



Туризм 

индустриясының 

мекемелері 

мен 


орталықтарын, 

кәсіпорындарын үш топқа бӛледі: 

 

1.  демалыс  орындары  мен  бағыттардағы  туристік  экскурсиялық 



қызмет  кӛрсету  мекемелері  (турбазалар,  қонақ  үйлер,  санаториялар, 

кемпингтер;  саяхат  және  экскурсия  бюролары,  арнайы  кӛлік,  туристік-

экскурсиялық  тасымалдау;  демалу  орындары  мен  туристік  орталықтары, 

туристерді  сауықтыру  орындарымен,  сувенирлер  және  басқа  да  туристік 

тауарлармен қамтамасыз ететіндер). 

 

2.  демалыс  орындарындағы  туристерге,  жергілікті  халыққа 



тұрмыстық,  мәдени-танымдық,  сауда  қызметтерін  кӛрсететін  мекемелер 

(жолаушылар кӛлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, кинотеатрлар, клубтар). 

 

3.  материалдық-техникалық  базаларды  құру  мен  пайдалануды 



қамтамасыз  ететін  ӛнеркәсіп  орталықтары  және  оларға  еңбек  құралдарын, 

шикізат,  инвентарь  жеткізетіндер,  сондай-ақ  туризм  саласына  біліктілігі 

жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.  

 

Туризм  индустриясы  үш  айрықша  қасиеттерімен  ерекшеленеді: 



біріншіден,  туристік  мекемелердің  орналасуындағы  ресурстарға  болжам; 

екіншіден,  туристік  қызмет  кӛрсетудегі  мезгілдік;  үшіншіден  туризм 

инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.  

 

Экономиканың  саласы  ретінде,  туризмнің  ӛзіне  тән  бірқатар 



айрықша ерекшеліктері бар, ол солар арқылы халық шаруашылығының басқа 

да  салаларынан  бӛлініп  тұрады.  Туризм  индустриясының  басты  айрықша 

ерекшелігі ӛндіріс пен ӛнімді тарату уақытының бірлестігі. Кӛлік уақытының 

жоқтығы,  яғни  туристік  қызметтер  (турӛнімдер)  бұл  жерде  ӛндіріледі  және 

бірден  қолданылады.  Екінші  ерекшелігі  –  оның  ӛнімдері  артығынан 

шығарылып,  қоймада  сақталмайды.  Туристік  қызмет  кӛрсетудің  келесі  бір 

ерекше  айырмашылығы  қызмет  ӛндірісіне  дейін  ӛндіріс  объектісіне 

тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл ӛз тұрғысында туризмнің басқа да 

ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған ӛнімдерді «ӛзімен 

алып  кетеді»,  яғни  жақсарған  денсаулық,  кӛңіл-күй,  жаңадан  толтырылған 

білім, пікір, ақпарат арқылы.  

 

Туристік  қызмет  кӛрсетудің  түпкі  мәнін  түсіну  үшін,  туристік 



қызмет  кӛрсету  процесінің  түрін  білу  керек.  Туристік  кӛрсету  дегеніміз 

туристерге саяхат кехзінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін 

қамтамасыз  етіп,  кӛмектесу.  Бұл  роцестің  кешенді  түрі  келесідей 

анықталады: 

 

-  туристерге  әр  түрлі  технологиялық  ӛндіріс  пен  қызмет  кӛрсетудің 



түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарларды ұсыну; 

 

- туристік қызмет кӛрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ 



үйлерде, мейрамханада, кӛлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау 

мекемелерінде) орындалады; 

 

-  туристерге  ұсынылған  тауарлар  мен  қызметтер  әр  түрлі  іс-әрекет 



барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, 

екіншілері 

халық 

шаруашылығының 



салаларында: 

кӛлік, 


ауыл 

шаруашылығы, денсаулық сақтауда пайда болған; 




 

 



-  қызмет  әр  түрлі  кәсіптік  дайындықтағы  және  білім  деңгейіндегі 

адамдармен кӛрсетіледі. 

 

Туризмде  ұсынылған  қызметтер  аумақ  бойынша  бӛлінеді. 



Туристерге  қызметтердің  кейбіреулері тұрғылықты  ӛмір сүретін жерлерінде 

кӛрсетіледі  (ақпараттық  қызмет).  Басқаларын  турист  саяхат  кезінде 

(ақпараттық,  кӛліктік  қызметтер)  алады.  Үшіншісін  туристер  туристік 

орталықтарынан (орналасу, тамақтану, емдеу, кӛңіл кӛтеру, іскерлік кездесу) 

алады. 

 

Қызмет кӛрсетуді туристерге бағыттап, үлгі бойынша  былай бӛлуге 



болады: 

 

- Қызмет пен тауарларға тарту; 



 

- Олардың туристік ӛнімге қызығушылығын тудыру; 

 



Ұсынылған 



тауар 

мен 


қызметтерді 

пайдалануға 

қызығушылықтарын тудыру; 

 

-  Туристік  қызмет  пен  тауарларды  пайдалануда  тура  шешім 



қабылдауға кӛмектесу.  

 

Туристік  индустрия  дегеніміз  –  туристік  ӛнім  шығарушылар,  солар 



арқылы  халықтың  туристік  сұранысын  ӛтейді,  олар  адамдардың 

рекреациялық қажеттілігінің арқасында құрылады.  

 

Қандай  бір  фирма  болмасын  оның  нарықтағы  табысы  шығаратын 



ӛнімдерінің  тартымды  болуына,  бағасына,  нарықтағы  ӛтімділігі  және 

жылдам таралуына байланысты.  

 

Ӛнімнің  экономикалық  дәреже  ретінде  терең  мазмұны  бар,  бірақ, 



осы  уақытқа  дейін  жалпы  қабылданған  анықтамасы  жоқ.  АҚШ-тың 

Солтүстік-Батыс  университетінің  маркетинг  профессоры,  Американың 

маркетинг  ассоциациясының  белсенді  мүшесі  Ф.Котляр  мынадай  анықтама 

береді: Ӛнім - ӛзіне тарту, алу, пайдалану және қолдану мақсатымен нарыққа 

ұсынылатын және адамның ынтасы мен ӛтей алатын қандай да болмасын зат. 

Ӛнім  физикалық  объектілер,  кӛрсететін  қызметтер,  ой-пікір  және  басқалар 

бола алады.  

 

Туризмде  ӛнім  болатыны  кӛрсететін  кешенді  қызмет,  яғни  бір 



пакетте  туристерге  сатылатын  қызметтер  жиынтығы.  Ӛндірушілерге 

қарағанда,  туристер  туристік  ӛнімді  кең  түрде  ұғынады.  Туристік  сапарға 

шыққанда, адамдар ӛзіне кӛрсетілетін қызметтерден басқа да ерекшеліктерді 

іздестіреді.  Біреулері  ұзақ  демалысқа  шығып,  курортқа  барып  демалып, 

денсаулығын түзеп қайтса, басқалары іс-сапарға барып, іскерлік келіс-сӛздер 

жүргізіп,  шартты  келісімдер  жасайды.  Демек,  туристер  туристік  ӛнімдерге 

мұқтаж  емес,  олар  жаңа  сезімге,  қызық  оқиғаларға  мұқтаж  немесе  ӛзінің 

бизнесін ұлғайтуға мүдделі.  

 

Атақты  ағылшын  туризмологы  В.Мидлтонның  анықтамасы 



бойынша,  кешенді  туристік  ӛнім  дегеніміз  «сезінетін  және  сезінбейтін 

компонентті  пакеттер,  оның  құрамы  туристік  орталықтағы  адамдардың  іс-

әрекеттерімен  анықталады.  Алған  әсерлерінің  бағасы  ретінде  пакетті 

туристер қабылдайды».  

 

Туристік ӛнім құрамы жағынан үш бӛлімге бӛлінеді: 




 

10 


 

- тур; 


 

- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; 

 

- тауарлар. 



 

Тур  дегеніміз  –  тұтынушыға  біртұтас  таратылатын  және 

туроператордың  еңбегімен  қндірілген,  белгілі  бір  бағытқа  және  мерзімге 

арналған бірінші туристік ӛнімнің бірлігі.  

 

Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет және 2) бағытта 



кӛрсетілетін қызметтер кешені.  

 

Туристік  пакетті  туроператорлар  ұсынады  және  бағытта  міндетті 



түрде кӛрсетілетін қызметтерден тұрады: 

 

- туристерді кӛлікпен демалыс орнына апару және алып келу; 



- трансфер; 

-  орналастыру  және  тамақтандыру;  міндетті  түрдегі  экскурсиялық 

және мәдени бағдар. 

Туристік  ӛнімнің,  туристік  пакеттен  айырмашылығы  –  нақтылы 

міндетті жағдайы. Тӛрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып 

алып,  турист  туроператордан  едәуір  жеңілдікпен  басқа  да  фирманың 

туристік  ӛнімін  алады,  туроператордан  оны  басқа  да  қызметтер  ақылы 

кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында ӛзі де жасай алады.  

Туроператор  туризмде  маңызды  рӛл  атқарады.  Ӛйткені  әр  түрлі 

қызметтерді  (кӛлік,  туристерді  орналастыру,  тамақтандыру,  кӛңіл  кӛтеру 

және т.б.) бір турпакетте жинап, турӛнімді шығарады, оны турагент арқылы 

таратады.  

Турагент – туроператордың туристік ӛнімін іске асыратын, туристік 

нарықта 


жұмыс 

істейтін 

таратушы. 

Туроператордан 

турагенттің 

айырмашылығы турагент турдың сапасына жауапты емес.  

Туристік ӛнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет 

туристік ӛнімнің бір бӛлігі.  

Туристік  ӛнім  элементтері  бойынша  туристің  шығынын  келесідей 

бӛлуге болады: 

- тур – 50%; 

- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер - 30%; 

- тауарлар - 20%. 

Қосымша  туристік-экскурсиялық  қызметтер  дегеніміз  –  бұл 

жолдамада  кӛрсетілмеген,  бірақ,  туристерге  қажет  болса,  солардың  тілегі 

бойынша  кӛрсетілетін  қызметтер.  Бұл  қызметтер  жолдаманың  негізгі 

бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, 

туристік қызмет кӛрсету, прокат, телефон, қоғамдық кӛлік, пошта,  тауарлар 

сақтау орны және т.б. Қосымша қызметтерді туристер бӛлекше ӛз ақшасына 

алуы керек.  

 

Тауарлар дегеніміз туристік ӛнімнің арнайы бӛлігі, оған жататындар: 



туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ 

тұрғылықты елдегі тапшы тауарлар және т.б.  

Туристік  индустрияда  ӛндірілетін  туристік,  ӛнім  екі  әдіспен 

бағалануы мүмкін: 




 

11 


- барлық ӛндірістің шығынының жинағы есебінде; 

- туристердің барлық шығынының жинағы немесе туризмнен түскен 

кіріс есебінде.  

Қандай бір әдіспен бағаланса да, сӛз туристік индустрия ӛндірілетін 

туристік ӛнімдердің жалпы табысы жӛнінде болып отыр.  

 

Ӛзінің  арналуына  қарай  туристік  қызметтер  мен  тауарларды  үш 



топқа  біріктіруге  болады:  кӛлік  қызметі  –  туристердің  туристік  аудандарда 

болуымен  байланысты  қызметтер  мен  тауарлар  (рекреациялық  ресурстар, 

түнеу, тамақтану және т.б.); бір реттік тауарлар мен қызметтер (кӛңіл кӛтеру, 

спорт  қызметтері,  сувенирлер  және  т.б.).  Әрбір  туристік  қызметтер  мен 

тауарлар тобы тағы да жіктеледі. Мысалы, кӛлік қызметтері кӛліктің түріне, 

жайлылығына қарай жіктеледі.  

Туристік сұраныс және ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық 

элементі  болып  туристік  нарықты,  яғни  туристік  қызмет  пен  тауарларды 

тарату саласын құрайды.  

Туристік  нарықтың  ӛзінше  ерекшеліктері  бар.  Егер  дүниежүзілік 

нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе туристік қызметтердің 

бағасына туристердің кӛліктік шығыны да кіреді. Негізгі туристік нарықтың 

басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.  

1-кесте 



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау