2.1.
Барлық қызмет жүйесі екі шағын жүйеге бӛлінеді. Оның біреуі
ӛзінің қарауындағы ресурстарды ӛңдеп, тауарға және қызмет кӛрсетуге
айналдыратын шағын жүйе, ал екіншісі – шағын басқару жүйесі, оның
міндеті бірінші шағын жүйенің іс-әрекеттерін бақылау және оған жетекшілік
ету. Әдебиеттерде екінші жүйені басқару жүйесі немесе менеджмент жүйесі
деп атайды. «Менеджмент» деген сӛз (ағылшын сӛзінен management)
«басқарма» деген мағына береді. Қазір нәтижелі менеджмент индустриясы
дамыған мемлекеттердің негізгі, ал дамушы елдерде ең керекті ресурсы
болып отыр. Жеке мекемелердің экономикалық жағдайы және толық
экономика күйі 3 негізгі факторларды анықтайды: техника мен технология
деңгейі; жұмыс күшінің сапасы; ӛндірісті ұйымдастыру және басқару
(менеджмент). Ең соңғы фактор, яғни менеджмент алдыңғы екі факторларға
әсер етеді.
Қазіргі басқару жүйесі қарапайым және икемді болуы керек. Бірдей
әрі мінсіз басқару моделі болмайды, ӛйткені «әрбір туристік фирма ӛзінше
керемет» - деп туризм салсындағы мамандар дұрыс пікір айтқан. Олардың
пікірінші әрбір туристік мекеме ӛз моделін іздестіру керек, мәселен
америкалық компаниялардың кӛбі жылына бір рет ұйымдастыру жұмысына
ӛзгерістер енгізіп тұрады.
Қазіргі туризм менеджменті саласындағы туристік мекемелердің іс-
әрекеттерін және ұйымдастыру ерекшеліктерін ескеруі керек.
Туризм саласының басқарылуында бірнеше ӛзіне тән ерекшеліктері
бар.
Біріншіден, оның терең дамуы (құбылыс ретінде қайда адам болса,
сонда туризм болады) және элементтерінің ӛзара байланысының күрделілігі.
Туристік мекемелердің кӛбісі шағын келеді. Ірі мекемелер халықтың ең кӛп
шоғырланған аймақтарда құрылады. Туристік индустрияда кӛптеген ӛндіріс,
мекеме және ұйымдар бар, олар қалай болғанда да бір аймақтық басқару
жүйесін негізге ала отырып қызмет атқаруы керек. Оған қойылған міндеттер
– туристік қызмет кӛрсету нарығында ұзақ уақыт жұмыс атқарып,
нәтижесінде бәсекелестерінің алды бола білуі керек. Барлық туристік
15
индустрияны және аймақты бақылап, сонымен қатар талдаулар жасап тұруы
қажет. Осындай жағдайларда менеджменттің кӛмегімен барлық аймақтың,
сондай-ақ жеке туристік ұйымдардың даму стратегиясы жасалынбақ.
Басқарудың объектісі ретінде туризмнің екінші ерекшелігіне
ӛлшенуі қиын және түсініксіз мақсаттарды жатқызуға болады. Жеке
мекеменің менеджменті үшін іс-әрекеттері табыс алуға бағытталған, нақты
ӛлшемді мақсат болуы шарт, ол – құндылықты кӛбейту, бос ақшаны
айналысқа толассыз жіберу, табыс келтіру және басқалар. Туристік ұйымның
менеджменті үшін ондай мақсаттар мекеме деңгейінде де, аймақ деңгейінде
де болмайды. Сол үшін туристік ұйымның ӛлшемді мақсаттары болмайды,
сондықтан да оның ӛндірістік қабілетіне және жетістіктеріне нақтылы баға
беруге болмайды.
Туризм менеджментінің үшінші ерекшелігі – оның аймаққа әсерінің
шектеулілігі. Жеке туристік мекеменің басқару мамандары жарғыда
кӛрсетілген ӛкілдік бойынша ӛздерінің шаруашылық іс-әрекеттеріне
байланысты барлық жұмыстарға тиісті шешім қабылдай береді. Туристік
ұйымның менеджментінің ондай ӛкілдігі жоқ. Туристік ұйым мемлекет
қаржысын
пайдаланып,
мемлекеттік
шаруашылықпен
айналысады,
сондықтан да оларға мемлекет саясатының ықпалы басмы. Менеджмент ӛз
аймағындағы саяси күштерге кӛңіл аударуға тиісті, ӛйткені оның мамандары
еңбек ақыны үкімет бюджетінен алады.
Туризмнің тӛртінші ерекшелігі – мүдделі туристердің сырттан
тигізетін әсері. Туристік мекеме мен ұйым кӛптеген мүдделі адамдар және
тұтынушылармен жұмыс істейді, олардың қызығу себептері де әр түрлі,
сонымен қатар оларға қатты әсерін тигізеді. Туристік ұйым және мекеме
кредиторлармен, саяси құрылымдармен, қала басшыларымен, туристермен
бірігіп жұмыс атқарады.
Басқару объектісі ретінде туризмнің ең маңызды бесінші ерекшелігі
– туристік ұйымның айрықшылығы, оның ӛндірілу кӛзімен бірге
қалыптасуы. Ӛйткені туристік ӛнім кӛрсетілетін туристік қызмет арқылы
ғана ӛндіріледі, жоғарыда айтылғандай, оны қоймада сақтау немесе кӛлікпен
басқа бір жерге жіберу мүмкін емес. Бірден туристер кӛп келеді деп те
болжам жасауға болмайды. Сол себептен де туризм менеджментінде ӛз
қызметкерлеріне кӛңілді кӛбірек бӛлген жӛн.
Туризмнің алтыншы ерекшелігіне туристік ӛнімнің сыртқа тигізетін
әсерін жатқызуға болады. Мұндағы кӛзделген мүдде – туристердің қоршаған
адамдармен қатынасы. Бос уақытында ӛткізген саяхат – бұл басқа
саяхатшылармен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, қатынас жасау.
Жүргізілген зерттеулер кӛрсеткендей, келген қонақтың (туристің) мәдени
қатынасы оны қабылдаушыларға және басқа да туристерге үлкен әсерін
тигізеді. Туризм адам ӛмірінің әр түрлі саласына – экономикаға, экологияға,
саясатқа (олар ӛз ретінде туризмге) әсерін тигізеді. Туристік аймақ келген
туристерден табыс табатындықтан жергілікті бюджеттің деңгейін кӛтереді.
Егер де түскен табыстан жер бедерін, кӛркін сақтауға, қорғауға ақша бӛлінсе,
туризм аймақтың экологиясы үшін де пайдалы. Бірақ та кейде туризм
16
жергілікті тұрғындардың қарсылығын туғызуы мүмкін, онда бұл аймақта
туризмді дамыту қиын болады. Бұндай жағдайда туризмді жоспарлау және
қалыптастыру үшін жалпы қоғамның кӛмегін қажет етеді. Бұл процестерге
барлық сатыдағы мамандар топтарының (экономистер, экологтар және т.б.)
қатысқаны жӛн.
Туризмнің жетінші ерекшелігі – бұл туристік сұраныстың
айрықшылығы, негізгі үш себебіне қарай біркелкі емес. Бірінші себебі –
туристік ӛнімді не сезінуге, не сақтауға мүмкін еместігі болып табылады.
Туристік кӛрсетілетін қызметті келісім жасау барысында тауарлар ретінде
тану қиын, сондықтан туристік фирманың менеджерінің жұмысындағы
күрделілік – ол ӛздері кӛрсететін қызметтің сатып алушы үшін
пайдалылығына кӛз жеткізу. Екінші себебі – туристік қызметті
пайдаланушылардың әртүрлілігі. Әр түрлі дәрежедегі туристер сапар
мақсатымен, туристік қызметке қоятын талабымен, тӛлем бағасымен бір-
бірінен айырмашылықта болады. Туристердің әрбір түріне сәйкес туристік
нарық түрі керек, сондықтан да туристік қызметтің ӛндірушілері
демалушылардың белгілі бір, яғни табысты мол әкелетін түрлеріне
бейімделуіне жӛн. Үшінші себебі – қоғамдық факторлардың мәнінің
жоғарылылығы – елдегі экономикалық жағдай, экология, әлеуметтік
факторлар және басқа да себептер.
Туризмнің сегізінші ерекшелігі – басқару объектісі ретіндегі
туристік қызметтердің кешенді түрде кӛрсетілуі. Шынын айтқанда, туристік
қызмет дегеніміз – бұл саяхат кезіндегі және демалатын орындардағы
туристке ұсынылатын қызмет. Мұнда кейбір жеке туристік қызметтер бір-
бірін толықтырып тұрады. Туризм менеджменті үшін ең маңыздысы
«толықтырушы» деген түсінік. Мысалы, турист демалысқа шыққанда
баратын жерінде түнейтін орын мен тамақтанатын жері болмаса, онда оның
саяхатқа шығуы да мүмкін болмайды. Мәселен, шаңғышы баратын қонақ
үйінің қасында шаңғы тебуге мүмкіндік болмаса, саяхаттан бас тартады. Бұл
туризм саласындағы жеке қызметтердің ӛзара тығыз байланыстылығын
кӛрсетеді.
Туризмнің тоғызыншы ерекшелігі – оның мезгілдік болуы немесе
туристік қызметтің мӛлшерінің табиғи-климат жағдайына байланысты.
Туризм менеджементі бұндай құбылыстарды міндетті түрде ескеруі қажет,
ӛйткені сұраныстың күрт ӛзгеруі барлық туризм индустриясының жұмыс
жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін. Сонымен, туризм саласындағы
басқарма ӛзінің табиғаты жағынан біртекті емес: ол кейде жеке және
ұжымдық еңбектің ӛзара байланысының функциясының бірлігі ретінде де
кӛрінуі мүмкін. Басқарма дегеніміз жетекші органның мақсатты түрдегі
ықпалы: сервис қызметінде туристердің қажеттерін толық ӛтеу, жұмыстың
сапасын кӛтеру және табыстың түсімін қамтамасыз ету.
Жоғарыда айтылған туристік саланың ерекшеліктері басқарудың
объектісі ретінде туристік бизнестің менеджменттері келесі мәселелерді
жақсы түсінуі керектігін кӛрсетеді, яғни бұл сала толығымен басқа салаларға
17
ұқсамайды, сондықтан да басқарудың моделін басқа бір қызмет саласынан
туризм саласына аудара салу мүмкін емес.
Туристік мекемені басқарудың келесідей ерекше сипаттары болады:
- туристік іс-әрекетті (шаруашылықты) жоспарлағанда ең алдымен
туристердің мүдделерін, қажетін және тілектерін ойластыру керек;
- қазіргі әлемде сауықтыру және даму құралы ретінде туризмнің
маңызы ӛте зор болғанымен, ол экономика, экология, саясат
конъюнктурасына ӛте тәуелді, сондықтан да туристік ӛнім тіршілік үшін ең
бірінші қажеттілік болған емес;
- туристік салада маркетингтің маңызы едәуір жоғары, себебі,
туристік қызмет кӛрсетуші ӛз тауарының үлгісін туристің кӛз алдына келтіре
алмайды, сондықтан да ол ӛзінің тауары (қызметі) туралы дәлел табуы керек,
бұл тек жақсы жүйеге қойылған маркетингпен ғана орындалады;
- туристік қызмет мәні жағынан ӛзінің ешбір аспектісінде
қайталанбайды. Тіптен бір фирманың екі турының ӛзі бір бағытпен ӛтетін
қызметтерінің мәні жағынан бір-біріне ұқсамайды (сапар бағыты,
кӛрсетілетін қызметі, кӛлік құралдары, барған еліндегі оқиғалар және т.б.).
Туристік фирманың құрылу ережелерін оның алдына қойған
мақсаттары мен стратегиясы анықтайды. Туристік фирманың мақсаты –
оның жарқын болашағы. Туристік мекемелер мақсаттарына байланысты үш
топқа бӛлінеді – экономикалық, фирмалық және әлеуметтік.
Экономикалық мақсаты табыстың ұзақ мерзімге жоғары деңгейде
болуы жоспарланып, орындалуын кӛздейді. Фирмалық мақсаттары
фирманың атағын шығарып, абыройы беделін (жердің, аймақтың,елдің
атағын) жақсартады. Әлеуметтік мақсаттары табыстары тӛмен халықтар
үшін туристік ӛнімдерді ӛндіруді, дамытуды міндетіне алады.
Достарыңызбен бөлісу: |