Капиталдыњ ауыспалы айналымы мен айналысы



жүктеу 1,15 Mb.
бет3/4
Дата20.05.2018
өлшемі1,15 Mb.
#14802
1   2   3   4

Түйін

1. Құнды ауыстыру тәсілі бойынша негізгі капитал - айналым капиталы болып бөлінеді.

2. Пайдалану бағдарлары бойынша негізгі қорларды қалпына келтіру, қайтадан жасау, күрделі жөндеу, жаңа кәсіпорындарды салуға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңей­туге.

3. Капиталдың тозуы және оның түрлері.

4. Айналым капиталы айналымын арттыру жолдары.

5. Негізгі, айналмалы капиталды көбейту мен айна­лысын арттыру жолдары инвестицияны көбейту. Бұл про­цесті инвестициялау, ол дәл сол тауарларды алуға белгіленген ақшаны, жұмсалатын капиталды - инвестиция деп атайды.



Қайталауға арналған сұрақтар





  1. капитал қозғалысының түрлері;

  2. негізгі және айналым капиталының түсінігі;

  3. капиталдың тозуы;

  4. айналым капиталының жылдамдығынан

арттыруға әсер ететін факторлар;

  1. инвестиция мәні;

  2. экономиканы дамытудағы инвестицияның ролі.

Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (МЕ) анықталады:
МЕ - Ф об
Мұнда:

Ф об/П - айналмалы қорлар;

П - жасалған өнім;

МЕ - материал сыйымдылығы.


Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары қажет.

Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсал­ған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жос­парлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлес­тіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражат­тарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.


3 ТАҚЫРЫП. МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР


ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
Дәрістің жоспары:

    • меншіктің экономикалық және құқықтық негізі;

    • меншіктің құрылымы мен формалары;

    • меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі;

    • Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және же­ке­ше­лендіру.


Тақырыптың мақсаттары:

Тақырып материалымен танысқаннан кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре аласыз:



  • меншік экономикалық категориясының мәнін және мазмұнын;

  • меншік құрылымын: иеленуді, пайдалануды, билеуді;

  • меншік формалары: қоғамдық, мемлекеттік, жеке, кооперативтік, бірлескен-үлестік меншікті;

  • ҚР-ғы меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу мәселелерін.


3.1
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық маз­мұны. Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ­та­ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік, маңайында барлық тұрақты қоғамдық қаты­настар қалыптасып және дамып отыратын қоғамдық ұмты­лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа­шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтық (заңдық) жоқ меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

Меншік қатынастарының мазмұнын өндіріс, бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастар құрайды. Бұл экономикалық теория пәні ретіндегі меншік қатынас­тарының ең орталықтандырылғаны болып табылады.

Меншіктік қатынастар экономикалық теориясының пәніне барлық өсуші масштабтардағы олардың қайталану­шылық, ұдайы өндірушілігінің нәтижесі жатады.

Сәйкесінше, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралд­ары, сонымен қатар олардың күшімен өндірілетін тұтыну заты ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам­дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірі­летін қатынастар.

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы. Мен иеленемін. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін фиксациялап, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол­данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін - он босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б. бірақ барлық осы қатынастарда экономикалық қатынастар туындамайды.

Өндірістік қатынастар экономикалық түрде меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана көріне бастайды, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат­тар­да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды эконо­микалық өткізу болып табылады.

Осылайша меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны бұл:


  • өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;

  • өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;

  • қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) және қызмет көрсету.


3.2 Меншіктің құрылымы мен формалары
Өндіріс жағдайы бойынша пайда болған өндірістік қатынастардан өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу бойынша тағы бір қатынастар түрі туындайды. Түйін, біреудің мүлкін пайдалану бойынша қоғамдық өндірістік қатынастар­дың туындауымен меншік негізінде экономи­калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамда өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруді шешті. Клиент тауып, шарт жасасты, жылды төлемді анық­тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады, жаңа жалға алушы үйге көшіп келді. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастады. Сәйкесінше, үй иесі мен пәтер жалдаушы арасында үй жалғасы бойынша, қоғамдық қатынастар туындайды. Оның иесі және оның жанұясынан басқа ешкіммен пайдаланылмаған дербес меншік, қоғам­дық мәнге ие жеке меншікке айналады. Осы қызмет түрімен, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәні болып табылады. Осылайша, байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің қоғамдық қатынастары туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымы үш сөзбен сипатталады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, эконо­микалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл араласуымен өз қажеттіліктерін қанағаттан­ды­ра­тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі модификациялары жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал­пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып барлық экономи­ка­лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.



Жеке меншік ерекшелігіне меншік иесінің иелену, билеу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі­мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы­лық карьера; осының барлығы - жеке меншік иесінің (еңбе­гі 1 кесте) еңбек нәтижесі (1 кесте).

Сонда тікелей

Кері тікелей
1 сызба
Бірақ нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. «Көрінбейтін қол» деп А.Смит қоғамды мақсатқа сәйкестік пен тиімділікті қорытындылай отырып айтқан. Сондықтан меншік нарығында егер есептеп, ойланбасаң, өз кінаңнан ұтыласың. Жеке меншік иесі оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өз қызығушылығындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жатыр ол адамдар мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін максималды түрде шоғырландырады.
3.3 Меншік көп түрлілігінің объектіивті қажеттілігі
Жеке меншікке негізделген - датталған емес. ХІХ ғ. не әлеуметтік қорғау, не дамыған кәсіподақтар, не жоғары деңгейі, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болған. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыс­тар теңсіздік пен жеке меншіктің орнына қоғамдық мен­шікті құру үшін күресті.

Қоғамдық меншік негізіндегі адамзат қоғамын ұйым­дастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемле­кеттік формасында құрылып, іске асырылады. Оның форма­ларының көп түрлілігі де мүмкін болуы шарт.

Қоғамдық меншік бірігіп иелену, билеу, пайдалануды бол­жайды. Егер қоғамдық меншік - ортақ, бірігіп иелену бол­са, онда ол өндіріс құралдарына қатысты барлығын теңесті­ре­ді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, осымен адам мен адамды қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сәйкесінше, оңай табылатын табыстарды алу да жойылған. Барлығы үшін тіршілік ете­тін қаражаттардың жал­ғыз қайнары, жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болады. Осыдан бөлудің социалис­тік принциптері шығады: «кім жұмыс істемейді, сол тамақ ішпейді». Бұл, социализм өндіріс құралдарына қоғамдық меншік­ке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.

Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің ал­ғаш­қы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылық­тар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2 сызба). Қоғамдық меншікті іске асыру.

Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Бірақ біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өнді­ріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қара­жаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның эконо­микалық қайшылықтары, бара-бара шешіл­мейтін мәселе бола бастады. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі ликвидтеле бастады. Меншік құқығы тікелей емес басқару аппаратының араласуымен іске асырылады.

Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемле­кеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объек­тивті ұлғаюы болды. Биліктің бұл аппараты тек халық­тың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық басқаратын корпоративті күшке айналды.



Тағы бір әлеуметтік және экономикалық тосқауыл на­рық қызметтерін реттеп, ынталандыратын маңызды эконо­ми­калық категорияның біртіндеп ыдырауы болды. Жай түсі­нікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынта­сы, ізденушілігі, тұтынушыға жұмысы жоға­лып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға бол­майды. Нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепті өндірушілерді таңдады және таңдайды.

Қоғамдық меншік - нарықты реттеп, ынталан­ды­ра­тын рольдерін жоспармен ауыстыру. Тәуекел, ынта, ізденушілік - орының барлығы жоспарда қарастырылуы керек. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның орындал­маушылығы мен асыра орын­далуын болдырмайды. Халық шаруашылығы - баланс­тал­­ған. Өндіріс монополизациясы дамып, бәсекелестік, тәуекел жойылуда.

Өзін өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, социалистік экономика еңбектің қоғамдық қажетті шығын­дарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салааралық бәсекелестегі нарық осы ЕҚҚШ анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді.

Осылайша, қоғамдық меншікке негізделген ішкі қайшылықтар социализмді капитализммен экономикалық жарыста ұмтылысқа әкелді. Капитализмдегі материалдық қызығушылық кәсіпкерді іздеуге, жаңа технологияларды енгізуге, білікті жұмысшы күшін тартуға, маркетингті оқу­ға мәжбүр етеді. Социализм осының барлығынан айрылды, ол экономикалық шешімдер шығындық сипат негізінде қабылданды.

Осының барлығы социалистік меншіктің ауысуына әкелді.
3.4 Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы
Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор­ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншіктік қатынастардағы революция­лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер­де де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі жүріп жатыр. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформа жүргізу кезеңінде пайда болған «Отандық өндіріс» термині. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономи­ка­лық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауап­кершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.

Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халық қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материал­дық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.

Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жеке­ше­лен­діру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио­нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті демонтаждау. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншігінің объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тын­ыш революция деп те атайды. Негізінде қазір бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құрулардың ұмты­лу­шы­лығы, әлемде әсіресе 1981 жылдан бастап күшей­ді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген дең­гейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.

Жекешелендірудің негізгі себебіне мемлекеттік кәсіп­орындар тәртіп бойынша ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің ба­сым бөлігі орталықтанатын институтционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр­ма­ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп­орын­дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо­ми­калық және заңды борыштарды атқаруға ғана емес, яғни сақталуы, көбеюі, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі ел­дердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.

Қазақстанның меншік иелеріне, оларды қиын өтпелі экономикада қарау, псевдонарықтық жағдайларға бейім­де­лу және оларға нарыққа психологиялық қатынастар және меншіктің түрлі формаларына психологиялық қатынастар құру маңызды болды. Мемлекет халықты реформаны өт­кі­зу­дің қажеттілігіне сендіру, нарыққа қызығушылық қатынас­тарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:



  1. жаппай жекешелендіру;

  2. шағын жекешелендіру;

  3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.

Жаппай жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1991-92 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

Екінші кезең (1993-96 жж.) орта және ірі кәсіп­орын­дарды жекешелендіру. Алайда, 1991-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объекті­лер саясатынан 1994-96 оларды өткізуге ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіп­орын­дар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің бар­лық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:



  • жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;

  • ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халық­тық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашы­лық­тардың формасы);

  • мемлекеттік - мемлекет пен оның халқының меншігі, оны үкімет басқарады.

Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру егізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады, сонымен қатар мемлекеттік меншікті (бірлескен кәсіпорындар құру). Қазір әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншікті қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.

Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкін­дік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне ие. Өндірістің меншік иелерімен осы принципті бұзу қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттылық пен мемлекет иелігінен алу жағдайында қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болып, бөлу қатынас­тары­ның монополиясын жүзеге асырмай, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын қызмет етудің нарықтық принципіне бағдарланған меншіктік қатынастардың өзгеруі.

Әлемдік тәжірибе негізіндегі республикадағы жүргі­зі­лген реформалардың нәтижелі негізі келесі әдістермен іске асырылған:



  • нарықтарды бейтараптандыру;

  • аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;

  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

  • мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.

Реформа кезінде Қазақстан бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.

ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның мәселелеріне мыналар жатады:

1. Шаруашылық субъектілеріне шаруашылық форма­сы менменшік формасының ерікті және саналы түрде таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған. Меншік жаңа иелерінің көзқарастары тұрғысынан, қазір оларға тұру тиімді және олар фермерлік жерлер сиқты тұр.

2. Меншікті қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындату жағына қарай жүру керек. Субъектіге еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шығарылмаса немесе осы жеңіп шығу тек жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық ынтаның бастаушысы болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтып, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жою.

3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау қажет - меншік иесін, шағын және орта бизнесті, оларды жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті жалгерлікті қамтамасыз ету жолымен.

4. Қазақстандағы көшпелі экономикадағы меншік формалары қатынастарының өзгеруінің ең қиын мәселесі - мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етушілер сияқты кешегі меншік иелерінің қызығушылықтарын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, ол меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.


Түйін
Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің жақтасы болды, болып отыр және болады. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғам­дық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетік­тері мен мемлекеттік институттар тәуелді.

Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүлік құ­қық­тық, экономикалық неғұрлым өспелі масштаб­тар­да­ғы жалпылылық, қайталанушылық ұдайы өндірістік қатынас­тар.

Қоғамдық-өндірістік қатынастар меншік формалары­ның түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен анықта­лады: жеке, қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпора­тивтік, мемлекеттік т.б.

Меншіктің екі анықтаушы формаларына (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.

Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін эконо­ми­калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан­дағы меншікті жекешелендіру маңызды орын алады.
Жаңа терминдер мен түсініктер
Меншік

Меншік субъектісі

Меншік объектісі

Құқық


Билеу

Басқару


Меншіктену

Тікелей


Жанама

Шеттету
І. Практикум.



  1. Неге меншік адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады?

  2. Қоғамдық меншікке негізделген экономикалық жүйе неге капитализммен экономикалық жарыста объективті ұтылысқа ие болады?

  3. Меншіктің әр формаларының кемшіліктері мен артықшылықтарын айыра білу

  4. Меншіктің қай формасында адамзат қоғамының болашағы дамитынын дұрыс дәлелдеу

  5. Меншік формаларының бір-бірінен табанды айырмашылықтарын білу

  6. ҚР-ғы жекешелендіру мәселелерінанықтау



ІІ. Қайталауға арналған сұрақтар

1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?

2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақ­та­ры­ның айырма-шылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?

3. Адам мен қоғам өміріндегі меншіктік қатынас­тар­дың ролі мен мәнін негіздеңіз?

4. Мына ойды қалай түсіндіруге болады: «Жеке мен­шік - жекеленген, ал қоғамдық - иесіздендірілген»?

5. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ҚР-да мен­шік­тің қай формасы бекітіледі?

6. К.Маркс түсінігін негіздеңіз - «Шенеуініктер жеке меншік сияқты мемлекеттік және саяси билікті меншік­тенеді?
Ш. Өз білімін бақылауға арналған тестілер
1. Меншіктік қатынас - бұл құқық. Иелену құқығына ие болу деген не? Өндірістік қатынастарсыз иеленуге бола ма?

2. Меншік - адамдар арасында тарихи өзгеретін жүйе:

а) өндіріс процесі мен қызмет көрсетудегі объективті

қатынастар;

б) материалдық игіліктерді бөлу және оларды тұтыну;

в) қоғам мүшелерінің еңбек қызметінің арасындағы

айырбас;


г) жеке кәсіпкерлер мен өндіріс қаражаттарын меншіктену;

д) а, б, в жауаптары дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.

3. Қорлар мен өндіріс факторларының меншік иесі болу деген не?

а) қорларды иелену құқығы;

б) қорлармен өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу

және меншіктену;

в) шешім қабылдау құқығы - не және кім үшін өндіру;

г) материалдық игіліктерді кім үшін және қанша өндіру;

д) а, б жауаптары дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.



4. Меншіктің қоғамдық формаларының теориялық негізін құрды:

а) У.Петти;

б) А.Смит және Д.Рикардо;

в) В.Ленин;

г) К.Маркс;

д) Ф.Энгельс;

е) Дж.Кейнс.

5. Меншіктің жанама қатынасы іске асырылады:

а) экономикада нарықтың реттеу және ынталандыру

қызметтері жүзеге асырылмағанда;

б) керісінше экономикалық категориялар жүзеге асыры­-

лады - нарықтың реттеуші және ынталандырушы

қызметтері;

в) тәуекел, ізденушілік, ынта кәсіпорын қызметін

басқарғанда;

г) керісінше, тәуекел, ізденушілік, ынта болмағанда;

д) а, г жауаптары дұрыс;

е) б, в жауаптары дұрыс.

4 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ
Дәрістің жоспары:


    • адам және оның экономикалық қызметі;

    • экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары;

    • қоғамдық өндіріс құрылымы және нәтижелері;

    • жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс.


Тақырыптың мақсаты:

Аталмыш тақырыпты оқып-үйрену арқылы сіз мыналарды білесіз:

  • «адам факторы», «адам капиталы» экономикалық түсінігі дегеніміз не;

  • өндірісті жетілдіру мақсатында ХХ ғасырдың екінші жартысында адамды оған айналдырған қандай жағдай;

  • экономиканың дамуындағы өндіріс ресурстары мен факторларының орыны;

  • қоғамдық өндіріс құрылымының түсінігі және оның құрылымы;

  • ұдайы өндіріс туралы өндірістің экономикалық категориялары;

  • өндірістің үздіксіз айналымы және айналымы.

Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттеп үйрене отырып, өзінің еңбегінің арқасында адам қоғамдық тіршілік иесі деген анықтама берді. Еңбек саналы түрде сезінетін және мақсатты бағытталған қызмет ретінде барлық жануарлар әлемінен бөлектеп, оған сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адамның бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналатынынан шығарды. Ол тек қана байлықты жасап қоймайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтайды және оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.

«Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, содан бері оның әлі нақты анықтамасы жоқ. Оның себебі мынада сияқты: ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ. Дегенмен, адам - қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклас­сиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционал­шыл­дықтар және т.б. келіседі. Тура осы адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзі және қоғамға қажеттінің барлығын өзі өндіреді. Адам - өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмыл­дырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты етінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теория­ның басты, негізгі категориясы ретінде қаралады. Соны­мен, адам капиталы - экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектісі ретінде адамның тануы және негіздеуі. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылар­дың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі тартушысы ретінде көптеген қасиеттермен сапаларға ие, яғни алуан трлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке деген қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды еңбек - жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну - адамның тұтыну күшінің қызметі.

Сондықтанда, еңбекке деген қабілеті, сол сияқты тұтынуға деген оның қабілеті ретінде адамның қалыптасуы мен даму әдістерін оқып-үйрену қажет. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономи­калық адам», «өндірістегі жеке факторы», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтама­лардың тұтастай арсеналын пайдаланады.

Экономикалық категориялардың ішінен, адам фак­торы сияқты сан қырлы анықтама мен атауларды сонша­лықты кездестіру мүмкін емес. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі - экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды сіңіру нарықтық форма­лары кезінде, біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы, оның миграциясы ешқандай назар аударусыз қалды. Тек соңғы 40-50 жылда әлемдік экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен, адам капиталы проблемалары пайда болды.

Адам капиталына инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын,жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, сондай-ақ кімнің болсын арттыруға ықпал ететін шығындарды еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта бұл шығындар өсіп отыратын кірістермен көп қайтара өтелуі және адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады.

Жұмысшыларды оқыту инвестициясын жабдықтар­ды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақ­тысында екі шешім де бір-біріне өте ұқсас. Универси­теттегі білім беруге жұмсалған инвестициялардан алына­тын экономикалық қайтарымсыз оның кластасы жоғары оқу орнынан түсу мүмкіндігінен айрылған, түлек пен кәсіпкер алатын қосымша табыс ретінде қаралуы қажет. Қосымша білім алуға инвестициялар сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы соған жұмсалатын, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндіріс өсуінің объективті қажеттілігі болып саналады.

Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылда адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің мате­риал­дық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растау болып саналады. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын береді.

Тұтастай алғанда адам капиталына берілетін инвес­тициялардың төрт түрі болады:

1. Білім беруге жұмсалатын шығындар жұмыс күшін құрайды, олар, неғұрлым білікті және неғұрлым өнімді бола түседі

2. Денсаулық сақтауға, аурулардың алдын алуға, медициналық қызмет көрсетуге, диеталық тамақтануға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шығындар - осылардың барлығы өмір сүру мерзімін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.

3. Соның арқасында жұмысшылар өндірісі шектеулі орындардан неғұрлым өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аудару ұтырлығына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда алуға жағдай туғызады.

4. Адам капиталы теориясына сәйкес еңбек өнімділігі мен соған сәйкес еңбек қызметінің (еңбек ақы) нарықтық құны маңызды дәрежеде, жеке адам немесе оның отбасы және жалдаушы білім беруді, денсаулық сақтауды және жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайтындығымен анықталады.

5. Экономикалық өмірді ғылыми талдау кезінде, адамның жеке басының алуандылығын, оның жеке даралығын, алуан түрлі экономикалық себептерін және мінез-құлқын ескере отырып, одан моделі пайдаланылады, ол жеке адамды, экономикалық белсенділік мотивтерін, оның мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.

Экономикалық ғылым адам моделін жасай отырып, адам болмысының көптеген белгілерімен сапаларын абстрак­циялайды. Адамның жеке басының осы алуан­ түр­лілігі, экономкалық ғылымға шаруашылық өміріне теория­лық талдау жасау кезінде ақтылы адамдар белгілеріне сүйенуге мүмкіндік бермейді, өйткені олардың жеке басының мінездемелері тым күрделі, қарама-қайшылықты және бетімен жіберілген болып саналады.

Экономикалық теория адам моделін зерттеу инс­тру­менті ретінде немесе соның негізінде зерттеуші-теоре­тик­тер өзінің сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теория­ларын жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарайды.


4.2 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономикаға кірмес бұрын, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінікке ие болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдардың бір-бірінің арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс - бұл олардың шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Бұл адамдардың шектеусіз қажеттілігі шектеулі ресурстарға - материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыруға жататын қажеттілік­терді таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категориясы бұл - өндіру, сату және сатып алу керек, осылар болып саналады. Бұл міндет (таңдау), оның әлеуметтік-саяси құрылысына қатыссыз түр­де кез келген қоғамда шешілуі тиіс.

Нені өндіру керек - бұл шектеулі ресурстардан, дәл қандай байлық, қандай сапада және қандай санда өндірілуі тиістігі туралы шешім қабылдау.

Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурс­тар­дан және қандай комбинациялардан, билікті қандай техно­логияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдау.

Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруа­шы­лық субъектілері, өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капи­тал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.



Ресурстар төрт түрден тұрады:

  1. «Табиғи» - өндірісте қолдану үшін әлеуетті, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.

  2. Материалдық» - бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.

  3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

  4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған.

Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер­лікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы, ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды тірі (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды - жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да біз ресурстарға бағаның өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі, объекті еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар.

Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік - «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы таныстырылған, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және өндіріс факторларының әртүрлі меншік иелері арасындағы қарым-қатынас нәтижесіне айналады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.



4.3 Қоғамдық өндіріс құрылымы және нәтижелері
Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс аясындағы салалардан және мате­ри­ал­дық емес салалардан қалыптасатын экономиканың сала­лық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылысы, көлік пен байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым өмір сүреді. Нақ­ты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономи­калық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шы­ғыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Экономикалық аудандар өз құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген сала кәсіпорындарының оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және экономикалық-географиялық жағдайларымен үйлесетін шаруашылық кешендерін немесе аумақтық-өндірістік кешендерін еңгізеді.

Макроэкономикалық мақсаттарды шешетін экономи­калық өту негізінде қоғамның бүкіл мүшелерінің өмірлік қызметінің оңайлы жағдайларын қамтамасыз ету ұлттық экономиканың мақсаты болып саналады.

Макроэкономикалық мақсаттар ұзақ мерзімдік неме­се қысқа мерзімдік болуы мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі тиіс. Оған елдің бюджеттік, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі - салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы.

Бұрынғы және қазіргі ұрпақтардың өткен еңбегімен жинақталған материалдық игілік ұлттық саясатты баға­лау­дың басты өлшемі болып саналады. Байлық - бұл адамдар нені бағалайды, соның барлығы, яғни материалдық қана емес, сонымен бірге материалдық емес: табиғи ресурстар, кәсіптік білім, адамның қабілеті, бос уақыты. Қоғамдық байлықты заттай және ақшалай формада көз алдыға елестетуге болады. Қазіргі уақытта адамдардың байлығын бағалау өзгеруде. Бұл көпшілік жағдайда, нормативтік категория және қандай да бір байлықты бағалау туралы адамның пайымдауынан тыс өзге байлық өмір сүрмейді. Былай деп айтуға болады: байлық - бұл адамның таңдауын кеңейтетіннің барлығы немесе оның баламасы мүмкін­дік­тері. Төсекте сал болып ауырып, тақалып жатқан миллион­ер­ді бай деп айтуға бола ма, жоқ па?

Халықтың жан басына шаққанда қоғамның өнімнің өсу қарқыны макроэкономикалық даму көрсеткіштерін бағалаудың басты өлшемдері болып саналады. Дәл осы экономикалық өсудің қарқынынан, қоғамдық өнімді көбей­ту және қарқынын арттырудан ұлттық экономиканың тиім­ділік деңгейі көрініс табады,демек, аталмыш қоғамның эко­­но­микалық дамуының таңдап алынған моделдері, түрлері мен әдістері көрініс табады.

Ұлттық экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелері, белгілі бір кезеңдердегі материалдық-заттық, интегралдық немесе жалпы нәтижелер, көп жылдық нәтижелер - ұлттық экономиканың жиынтықталуы.

Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтиже­лері - қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) - белгілі бір кезең­дегі бүкіл кәсіпорындар өндірген материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім (ҰЖӨ) алады.

Ұлттық жалпы өнімнің құрамына өндірістің өндіріл­ген бүкіл құралдарының, тұтыну заттары мен қызмет­тері­нің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел субъек­тілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.

Ұлттық жалпы өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде өндірілген өнімдер құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан кейінгі) - түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) - бұл тікелей тұтынуға арналған.

Тазаұлттық өнім (ТҰӨ) - амортизациялық аударым­дар­ды шегеріп тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің жиынтығы.

Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейін­гі (сатудан салықтар, акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді ҰТ - бұл өндіріс факторының иелері латын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға жұмсалатын шығындар - жиынтық табыс. Ол сондай-ақ бюджетке түсетін табыс салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар, корпора­цияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарна­лар түрінде қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акция­лар мен трансфертке дивиденттер мен жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға кетеді.

Оқулық экономикалық әдебиеттерде адам қажеттілік­терін бастапқы (төменгі) және қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Масслау және оның пирамидасы) қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады. Бірінші қажет­ті­ліктерге жататындар - тамақ, сусын, киім, түс және т.б.

Екіншіге - адамның рухани, жеке қызметімен байла­нысты қажеттіліктер - өзін-өзі айқындау қажеттіліктері, білім беру, өнердегі, ойын-сауықтағы қоғамдық құрмет.

Адам, қоғам қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат өркениетінің эволюциясымен қоса дамып отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы - материалдық және материалдық емес аларды айқындайды. Шектеулі ресурс­тардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Сондықтанда экономикада не сатып алынады сол ғана талданылмайды, сонымен бірге кеден бас тартады (өндірілмейді) солар да талдауға жатады.

Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейін ұстап тұру үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған әрбір мүмкін варианттардан алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.

Сөйтіп, қандайда бір формадағы әрбір пайда қоғам­ның әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі - ел азаматтарының тауарлармен және қызметтермен қамта­масыз етушілік дәрежесін, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүруге қажетті өмір жағдайларымен қамтамасыз етушілік дәрежесін көрсетеді.

БҰҰ сарапшылары былай деп санайды, әл-ауқат деңгейі үш негізгі көрсеткіш:


  1. өмірдің орта параметрі;

  2. сауаттылық деңгейі;

  3. халықтың жан басына шаққандағы кірістерінен тұратын адам дамуының индексімен сипатталады.

Өмір сапасы - материалдық игіліктер мен қызмет­тер­ді тұтыну деңгейі, білім алу, мәдениетке мүмкіндігі, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесі және қоршаған орта жағдайын енгізе отырып, адамдар өмір сүретін жағдай­лар­дың кешенді сипаттамасы.

Сөйтіп, адам қажеттіліктері абсолютті және салыс­тырмалы, бастапқы және қайталама, жоғары және төмен, тікелей және жанама, нағыз және болашақтағы болып бөлінеді.

4. Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық игіліктердің үздіксіз айналысы.

Экономикалық даму - бұл өзіне сандық және сапалық өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байла­нысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңын­дағы экономикадан өзгешеленіп көрінеді, өйткені меншік қатынастарында, ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгеріс­тер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық эконо­миканы мемлекеттік реттеу саясаты пайда болды және қалыптасты.

Экономикалық даму процесін дұрыс түсіну үшін экономиканы оның барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс про­цесі­мен байланысты қарау қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылардың жалғас­ты­ғы болмай қоймайды, уақыт ағыны сияқты.

Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құрал­да­ры және тұтыну заттары. Бұл - машиналар, құрал-жабдық­тар, нан, ет, маталар, киім, яғни соның өмір сүріп және дамуы солардың барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы: нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтанда, бұл біртұтастық бір формадағы өз еңбегінің нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің мүмкін жолдары. Бұл - «ақ­ша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу - сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну - кез келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасы болмайды.

Тұтынудан соң оны жаңасымен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс - бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі ешқашанда үзілмейді.

Осы төрт фазаның барлығы бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі. Ұдайы өндіріс процесі төмендегі 1 схемада көрсетілгендей жүзеге асырылады:

Қоғамдық ұдайы өндірістің жалпы кестесі



1 кесте

Кестеде көрініп тұрғандай, бөлу фазасы мен тауарлар айырбасынан соң олардың барлығы тұтынылмайды, яғни әдеттегідей тауарлардың бір бөлігі резерв, босалқы қор түрінде жинақтағыштарда сақталады және қажеттіліктің туындауына қарай пайдалануға түседі.

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен роль атқарады.

Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін рынок, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон­оми­калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи­калық аспектілер аса маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса - тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма­ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым­ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латиноамерикалық және африкалық ба­сым көпшілік елдеріне, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс - тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғмдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады:
І w = c + v + m

П w = c + v + m
Мұнда:

І және П қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері;

w - І және П жиынтық қоғамдық өнім;

с - өндіріс құралдары (тұрақты капитал);

v - жұмыс күші және өзгермелі капитал;

m - қосымша өнім құны.


Нарықтық экономиканың негізгі мәселелерін шешу үшін жиынтық қоғамдық өнімді өткізу қажет, яғни кәсіп­керлердің бүкілі өз өнімдерін сата алып, содан соң қажетті өндіріс құралдары мен жұмыс күшін атып алатындай болуы қажет. Сонымен, бір мезгілде кәсіпкерлер мен жұмыскерлердің өздері, сондай-ақ өздеріне қажетті тұтыну заттарын сатып ала алатындай болуы тиіс.

Мұндай проблемалар екі құрылымдық бөлім арасын­да­ғы келесідей пропорциялардың сақталуы жағдайында шешіледі, яғни нарықтың өзін-өзі реттейтін қызметі көрініс береді:


1) І (v + m) > П с

2) І (c + v + m) > І с + П с

3) П (с + v + m) < І (v + m ) + П (v + m)
Мұнда:

Бірінші, басты жағдай - жаңадан жасалған құн (таза өнім), І (v + m) І құрылымдық бөлімшеде П құрылымдық бөлімшенің тұрақты капиталынан көп болуы тиіс, қалған екеуі - туынды, тәуелді.

Егер екі құрылымдық бөлімшелердің кәсіпкерлері, жинақтау үшін қосымша капитал табатын болса, ол орын­да­латын болады, яғни өндірісті ұлғайту екі жолмен: капи­тал­ды шоғырландыру және орталықтандыру жолымен шеші­леді. Мұндай қажеттілік жинақтауды жүргізе отырып, өз әріптестерін бәсекелестік күресте жеңу үшін туын­дай­ды, яғни пайданың бір бөлігінің (қосымша құнның бөлігі) өндірісті ұлғайтуға, қосымша капиталға айналуы:

W = c + ∆c + v ∆v + m; m = m1 + m2
Мұнда:

m - қосымша құн;

m1 - жинақтау қоры;

m2 - шаруашылық субъектілерінің, кәсіпкерлердің

тұтыну қоры.
Әрбір нақты тарихи-экономикалық бөлу пропорция­сының сәті, яғни m - қосымша құнның m1 және m2-мен қатаң айқындалған және келесідей факторларға қатысты:


  • қосымша өнімнің шамалық құны;

  • еңбек өнімділігінің деңгейі;

  • өзі қызмет ететін (жұмыс істейтін) капиталдың мөлшерлері;

  • капиталдың техникалық құрылысының деңгейі.

Капиталдың жинақталу мөлшеріне оның шоғыр­лан­уы: жұмыскерлердің саны; жұмыс уақытының ұзақтығы; орта­ша еңбекақы; пайдалы кен қазбаларының болуы ; құнарлы жерлер; озық технология, ақпарат және т.б. белгілі бір әсерін тигізеді.

Сонымен, капиталдың шоғырлануы, оның жинақ­та­л­у­ы, қоғамдық байлықтың өсуі - бұл аңыз, ішкі әсер етуі. Қорытынды - капитал қосымша құн әкелетін құн, капи­тал - үнемі қозғалыста болатын, қозғалыссыз бола алмайтын өзінен өзі өсетін құн.

Капиталдың өзін-өзі өсуінің өзге формасы оны орталықтандыру болып саналады.

Капиталды орталықтандыру - шағым және орта кәсіп­орындарды ірі кәсіпорындармен күштеп біріктіру (басып алу) немесе оларды еркімен біріктіру және (бәсеке­лестік) үшін) қаржы өнеркәсіп топтарын құру, акционерлік компаниялар, холдингтер құру, бақылау акция пакеттерін, сатып алу, қатысу жүйесі және т.б.

Өндірісті екі жолмен ғана: өндіріс факторларын көбейтумен - экстенсивті түрде немесе өндіріс техно­логия­сын жақсартумен интенсивті түрде кеңейтуге және дамы­ту­ға болады.



Экстенсивті экономикалық өсу:

  • олардың біліктілігін арттырусыз жұмыс істейтіндер санын арттыру;

  • өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);

  • технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.

Интенсивті экономикалық өсу:

  • негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен қызметтерді өндіруді кеңейту;

  • өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);

  • негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;

  • жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.

Интенсивтік жол - неғұрлым үнемді, сонымен бірге еңбек, капитал және ресурс сыйымдылығы аз өндіріс. Мысалы, КСРО-да соңғы қырық жылда мемлекеттік астық өндірісі, ескі техника негізінде, экстенсивті жолмен, тың игеру есебінен 2,5 есе өсті. Сонымен бір мезгілде Батыста астық өндіру тура сол көлемде өсті, бірақта ол интенсивті технология нәтижесінде жалпы егістік жер көлемін қысқарту жағдайында болды. Қазіргі уақытта әлемде ҒТП ескергендегі екі жолдың комбинациясы орта есеппен интенсивтік факторлар есебінен өндіріс дамуының 70-75%-ын береді, экстенсивтілік есебінен - 25-30%. ХІХ ғасырдың соңында, капитализм терең және кең ауқымда дамыған кезде, экономиканың дамуы керісінше болды.

Өндіріске салынған барлық кез келген капитал өзінің қозғалысын ақша сомаларының (А) үздіксіз айналысын (ақшаның өзі әлі капитал болмаса да), тауар формасында (Т1) қосымша құнға енгізілген белгілі бір тауарларды (…п…) өндіру мақсатымен пайдаланылатын өндіріс құралдары мен (ӨҚ) жұмыс күшін (ЖК) сатып алудан бастайды.

Өндірілген тауарларды (Т1) өткізіп болғаннан кейін, ең алдымен авансыланған капитал (Д) оған қосымша құн әкеле отырып (Д1-д+∆д), өзінің иесіне қайтарылады. Осыдан барып капталдың қозғалысы (оны авансылау, өндірісте қолдану, тауарларды өткізу және бұрынғы (бастапқы) ақша формасына қайтару) капиталдың үздіксіз айналымы деп аталады және мынадай формулада жазуға болады:

ӨҚ

Д - Т …Ө…Т1 - А1



ЖК
Мұнда:

А - бастапқы бетте авансыланған ақша;

ӨҚ - өндіріс құралы;

ЖК - жұмыс күші;

…Ө… - өндіріс;

нүкте қозғалыстың (айналым жасаудың)

тоқталғандығын білдіреді.

А1 - тағы да ақша ормасындағы авансыланған

капитал, бірақта пайдамен (А1 - А + ∆д)

ӨҚ
А - Т

ЖК
Капиталдың үздіксіз айналымы 3 сатыдан өтеді:


  1. сатып алу;

  2. өндіріс (…Ө…);

  3. сату (Т1 - А1).

Авансыланған құнның (А) өндіріс сатысында және айналым сатысынан өту уақыты және қосымша құнмен бастапқы формасына қайтуы капитал айналымы уақытын құрайды. Капитал айналымының жылдамдығы жыл ішінде авансыланған айналым санымен өлшенеді. Айналым процесінде қызметін жүргізуші капитал негізгі және айналым капиталына түседі.

Негізгі капитал - бұл өндірісте тікелей қатысатын және өзінің құнын жаңадан жасалатын өнімге бөліктер бойынша ауыстыратын өнімді капиталдың (ғимарат, құрылыс, машиналар, өзге еңбек құралдары) бөлігі.

Айналым капиталы - бұл өндіріске тұтастай қатысатын және өзінің құнын жаңа жасалатын өнімге бірден ауыстыратын өнімді капиталдың (шикізат, қосымша материалдар, жұмыс күші және т.б.) екінші бөлігі.

Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.

Физикалық тозу - негізгі капиталдың оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, с уықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.

Моральдық тозу - негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жаса­ла­тын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны осы құрылғандағы ескі, неғұрлым қымбат машиналарға түседі, олар құнсызданып және өзінің бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақта неғұрлым құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бір­лі­гі­н­е оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәти­жес­інде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішнара) құнсыз­да­нады. Негізгі капиталдың тозуына қарай өзінің құнын өндірілетін өнімдерге амортизациялық қор бірте-бірте ауыс­тырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық аударымдар (жарналар) сомасы­ның қатынасы амортизация нормасы болып саналады.

Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақ­талған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.


жүктеу 1,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау