- Компьютерде қарапайым
- редакторларды үйрене отырып
- ұлттық болмысымызды
- қалыптастыру
- Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың бойына ұлттық болмысымызды сіңіру, дамыту және қалыптастыруда ақпараттық технологияның, оның ішінде компьютерлік технологияның тиімділігін пайдалану.
- Гипотезасы: Компьютерлік технологияның мүмкіншілігін дұрыс, мәдениетті қолдану арқылы оқушылардың бойына ұлттық болмыстарымызды қалыптастыруға арналған жатығулардың топтамасын құру.
- Ғасырлар бойы тәрбие – тәлімдерімен қалыптасқан ата-баба дәстүрлерінің мектеп оқушыларының бойындағы қалыптасу деңгейін зерттей отырып, халқымыздың ежелден қалыптасқан, салт дәстүрімізді, ойындарымызды, тағамдарымызды біртіндеп жасөспірімдердің бойына сіңіруге себеп болатын қосымша ақпараттар топтамасын жасай отырып, оның қалыптасу деңгейіне шамалы болса да ықпал ету.
- Зерттеу кезеңдері
- І. Кіріспе бөлім ІІ. Негізгі бөлім • Жобаға қатысты ғылым негіздері; • Ұлттық болмыстың мағынасы бойынша топтастырылуы; • Әдеби-сипатамалық талдау; • Ұлттық болмыстың оқу-тәрбие үрдісіндегі алатын орны; • Ұлттық ұғымдардың сипаттамалық моделі; ІІІ. Эксперимент нәтижесі ІV. Қорытынды бөлім
- Өзектілігі:
- Білім берушілік – ұлттық болмысты қалыптастырудағы ежелгі тәлім-тәрбиелік асыл мұраларды информатика пәнімен ұштастыра отырып, оқушылардың бойларына дарыту; Танымдық – жастарға өз халқының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп қабылдату, ой-тұжырымдарын жасауға дағдыландыру; Тәрбиелік – өзіне және өзгеге деген талғам дәрежесін көтеру, халықтың асыл мұрасын дарыта отырып, ұлтына деген мақтаныш сезімін туғызу, болашақ ұрпаққа насихаттау икемділігі мен дербестігін қалыптастыру; Дамытушылық – білуге құмар, ізденімпаз, талап – талғамының өрісі кең, халықтық тұрмыс тіршілігін терең сезініп, қабылдау үшін ұлттық болмысымыздан хабардар болу.
- Жобамыздың атынан байқағандарыңыздай қозғап отырған тақырыбым елең еткізетін көкейкесті проблема емес. Бірақ та күнделікті өмірде өзімнің араласатын ортамның ұлттық болмыстың элементтерін қолдануын, ол туралы қалыптасқан білімдерін бақылай келе, ойға түйгенімнің нәтижесінде менде осы салада қызығушылық пайда болды. Сол қызығушылық ғылыми ізденіс айдынына жол тартуға түрткі болды. Қазақтың ұлттық болмысын оқушылар бойына қалыптастыруда информатика пәні арқылы іске асыруға неге болмасқа деген ниетпен және информатика ғылымына титей де болсын үлесімді қосқым келді. Тікелей тақырыптың негізгі өзектілігіне көшсем, мұндағы «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары мен тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, мені ұрпақтан-ұрпаққа берілуі қызықтырды. Осы құндылықтардың оқушылар арасында қалыптасу деңгейіне үлес қосу — ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі мақсаты. Бұл тұрғыда мен әртүрлі ақпараттар көздері мен ғалымдардың зерттеу жұмыстарына және оқушылармен жүргізген сауалнамалаға жүгіне отырып, мектеп оқушыларын оқыту-тәрбиелеуде қажеттілігін өз түсінігім бойынша ұсынамын.
- Зерттеу пәні: Информатика пәнінің сурет және мәтінмен жұмыс саласы. Және де жобамды жан-жақты зерделеуге қатысатын пәндер — әдебиет және тарих.
- Зерттеу объектісі: Негізгі зерделенетін меже — оқушылардың бойындағы ұлттық болмыстың қалыптасу дәрежесі.
- Зерттеу мақсаты — оқушылардың бойындағы ұлттық болмыстың қалыптасуында ұлттық құндылықтардың берілу процесінің мәні . Осыған байланысты жұмысым өз алдына мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері – салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелеріне жүгінуім қажет. Өйткені, Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
- Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Олардың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны ерекше, сондықтан осы ұғымдарды оқушылардың бойына сіңіруді жан-жақтылы жүргізу қажет деп ойлаймын. Яғни, информатика пәнін оқыту барысында да көрнекілік ретінде ұлттық болмысты қалыптастыруға көмегі тиетін жинақтар, электронды оқулықтар қолданылса деген ниеттемін.
- Ұлттық болмыстың мағынасы бойынша топтастырылуы Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерімен талай елді таң қалдырып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматының, ата-ананың, әрбір ұстаздың көздеген межелерінің бірі –сол ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып жасөспірімдер бойына сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ала отырып, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Сондықтан мен де өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіруде қолданылатын оқу-тәрбие құралдары ретінде жасаған жұмысым арқылы шамалы болса да үлес қосу.Енді салт-дәстүр ұғымына анықтама беретін болсақ: Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.
- Сабақтағы өтілетін тақырыпқа байланысты компьютерде әуелгі негізгі бума жасалу керек , ол буманың ішіне тақырыпқа қарай бірнеше бума орналасу тиіс. Әр буманы тышқанмен шерту арқылы ашып, орналасқан сілтемелер арқылы оқып-үйренуге болады. «Ұлттық ұғымдар» негізі бумасы. Оның ішінде әртүрлі ұғымдарға байланысты бумалар орналасады. 1. «Жеті санымен байланысты ұғымдар» бумасы . Бұл бумада осы тақырыпқа қажетті бірнеше файлдар болуы мүмкін. * Жеті атасын білу Жеке-жеке файлдарға жетінші атасынан бастап өзіне дейін аралықты толық жазып шығады. Әрқайсысының аты-жөні,туған және қайтыс болған жылдары, ол туралы есте қалған аңыз-әңгімелер, ұлағатты сөздері, ақыл-кеңестері толық жазылуы керек. Ұл балалары бірнешеу болса, әрбір бумаға сонша төртбұрыш сызу керек. «Оның баласы» деген төртбұрышты сол бала туралы жазылған файлға гиперсілтеме қою керек. Қаріптерге Формат арқылы әртүрлі анимация жасау оның әсерлілігін арттыра түседі.Әртүрлі анимациялық эффектілермен жасалынған бұл жұмысты жанды сөзбен, музыкалық әуендермен безендіріп, DVD арқылы көшіріп, отбасының да игілігіне айналдыруға болады.
- 1.Қоңырбай
- 2.Нышанбай
- 3.Омар
- 4.Әсілбек
- 5.Досмахан
- 6.Құрмантай
- 7.Ақылтай
- Жүйрік ат,
- қыран бүркіт,
- құмай тазы,
- берен мылтық,
- қанды ауыз
- қақпан,
- майланғыш
- ау, өткір
- кездік
- Ата,
- әке, бала,
- немере,
- шөбере,
- шөпшек,
- немене
- Ай,
- Меркурий
- (Ғұтрад),
- Шолпан (Зуһра),
- Күн, Марс
- (Миррих
- немесе
- Қызыл
- жұлдыз),
- Юпитер
- (Мүштари),
- Сатурн
- (Зұхал).
- құрғақшылық,
- жұт (мал
- қырылу),
- өрт, оба (ауру),
- соғыс,
- топан су,
- зілзала
- (жер сілкіну)
- Жерде
- өлшеу
- жоқ, аспандай
- тіреуіш
- жоқ, таста
- тамыр жоқ,
- тасбақада
- талақ жоқ,
- Аллаһта
- бауыр жоқ,
- жылқыда өт жоқ
-
- Жеті қазына Мұнда да әрқайсысы туралы жеке-жеке файл ашып, олар туралы сипаттама беру қажет. Олардың суреттерін қоса орналастыру керек. Керекті тақырыпты басып ол туралы жазылған, әртүрлі эффектілермен безендірілген, анимациялары бар мәліметтерді гиперсілтеме арқылы экранға шығарып отырады. Төрт түлік малдың мифтік иелер: түйенікі – Ойсылқара, жылқы иесі- Қамбар ата, сиыр иесі- Зеңгібаба, қой иесі- Шопан ата. Ал, мылтық-мықтылықтың, жаудан қорғанудың құралы боп есептелген, қазан-шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ертеде, Тәуке ханның тұсында жаудан қолға қазан мен мылтықты түсіріп, шаңырағын сындырса, ол кек қайтарудың белгісі болған. Ал, оларды сындырмай қайтарып берсе, онда тыныштық орнап,, екі жақ татуласып, бір қазанан дәм татып, кеуде қағысып тарасады екен.
- Жүрдек аты
- Қыран бүркіт
- Құмай тазы
- Ақ мылтығы
- Алмас кездік
- Ау жылымы
- Қара қақпан серті
- «Қырық санымен байланысты аңыздар, ұғымдар» бумасы * Қырық өтірік * Баланы қырқынан шығару * Қырық күн шілде * Қырықтың бірі Қыдыр * Қырық бір құмалақ * Қырымның қырық батыры
- «Бес санымен байланысты аңыздар, ұғымдар» бумасы * Бес парыз * Бес намаз * Бес борыш * Бес қару * Бес қатер
- «Үш санымен байланысты аңыздар, ұғымдар» * Үш арсыз * Үш даусыз * Үш байлық
- «Салт-дәстүрлер» негізі бумасы 1. «Әдет-ғұрыптар» бумасы * Аластау – ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау арқылы көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан аластау арқылы тазаланады. Үй-ішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды, аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйге көз тиген болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған. * Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.
- «Ұлттық тағамдар» бумасы Асылған ет (бешбармақ) қазақ халқының басты тағамы. қой немесе сиыр, жылқы еті болсын су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің майлы сорпасына, алдын ала жұқа жайылып қойылған қамыр салынады. Дайын болған қамыр табаққа түсіріліп, кесектеп туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен кісіге, құдаға, асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге, бүйрек, құлақ балаларға тартылады. Бауырсақ Ашыған қамырдан оқтаумен 1-1,5 см. қалыңдықта жайылып, көлемі бірдей етіп кесіледі де қыздырылған майға қуырылып дайындалады * Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады. * Сүттен жасалатын тағамдар * Шұбат – түйенің сүтінен ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйып сақтап піседі, екі-үш күннен соң ішсе өте дәмді. Ол да өте шипалы. Қаймақ – сүттен алынады. Оның түрлері: піскен қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал қаймақ. Бұл жердегі бал қаймақ – бал қосып қоюлатылған түрі. * Құрт – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Ашыған сүттен іркіт жинап, қазанға құйып қайнатып, суыған соң қап-шыққа салып суын сорғытады, сосын әртүрлі үлгіде жасап кептіреді. Құртты жақсы көрмейтін қазақ жоқ. * Ежігей – оны құрт тәрізді әзірлегенмен, ашымаған іркіттен жасайды. Дәмі тәтті, өзі жұмсақ. Балалар да, үлкен кісілер де өте жақсы көреді. Ірімшік – сүтті ірітіп жасалатын дәмді тағам. Ол – дастарханның сәні. Құрт, ірімшік жеп, қымыз, айран, сүт ішкен баланың денсаулығы мықты болады. * Жент – диірменге тартылған немесе келіге түйілген тарының сөгіне жылқының майын немесе
- «Мәдениет, салт-дәстүрлер» бумасы * Балаға ат қою Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды. * Бесікке салу Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. * Тұсау кесу Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.
- «Қазақтың ұлттық ойындары» бумасы Халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені, әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған. Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына неліктен сіңірмеске?!
- Оқушылар арасында ұлттық болмыстың қалыптасу дәрежесін толық ұғыну мақсатында мектеп оқушыларына экспериментті 5-7 сынып оқушыларына тақырыптарға сәйкес практикалық жұмыстар орындату және 5-7 сынып оқушылары арасында сауалнама өткізіп шығуды ұйғардық. Бұл экспериментальдық сауалнамаға оқып жатқан мектебімнің 5-7 аралығындағы сыныптар бойынша анонимді түрде 35 адам жауап берді.. Қатысқандардың 73%-ы, яғни 21 оқушы ұлттық салт-дәстүрді біледі, күнделікті өмірде қолданады екен, ал 10 адам, яғни 35%-ы оған мән беру қажет деп санайды екен. Тағы осындай сияқты 14 адамның ойлары жалпы ұлттық ұғымдар, салт-дәстүр, ырымдарды біледі, өмірде сирек қолданады. 35 оқушы өзінің жауаптарында отбасында тұрақты, жиі қолданатынын айтады. Келесі бір 10 адам «білу керек»- деп өз ойын айтса, 9 оқушы «білу міндетті емес» деп ұғынады екен. Ал қалғандары бұл сөздердің мағынасына да мән бермейді екен.
Достарыңызбен бөлісу: |