К вступительному слову Премьер-Министра рк к



жүктеу 62,47 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі62,47 Kb.
#13799

Маңғыстау облысының 2013 жылдың

9 айындағы әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары туралы

Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды.

Қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Мәселен, осы жылдың 9 айында облыстың әлеуметтік-экономикалық даумының негізгі көрсеткіштері бойынша өткен жылдармен салыстырғанда оң динамика қамтамасыз етілді.
Халық саны өсуде. Бүгінге облыста 580 мың адам тұрады, жыл сайынғы өсу қарқыны шамамен 4% құрады, бұл – іс жүзінде Астана қаласының деңгейі деген сөз.

Өңірде халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көрсеткішінің бірі тіркелген, бұл орташа республикалық көрсеткіштен екі есе асып түседі.

Өңір экономикасының 90%-ы мұнай-газ өндіру секторына тәуелді екені белгілі.

Соңғы бір жарым жылдың ішінде өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне байланысты, өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемінің төменгі қарқыны байқалды.

Биылғы 2 тоқсаннан бастап, көмірсутегі шикізатының көлемдерінде оң қарқын байқалады, тиісінше өнеркәсіптік өндіріс көлемі өсуде.

Мәселен, есепті кезеңде 1,7 трлн. теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылып, нақты көлем индексі 101,7% құрады.

13,4 млн. тонна мұнай өндірілді немесе өткен жылдың деңгейіне 101,8%.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 20,7%-ға артты.


Өңірге инвестициялар тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірге 290 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды немесе өсу қарқыны – 105,5%.

Инвестициялардың құрылымындағы негізгі көлемді бұрынғыша кен өндіру өнеркәсібі алады - 62%.

Осы көрсеткіштердің өсу қарқынын үдету, олардың күрт төмендеуіне жол бермеу үшін, Мұнай және газ министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен облыстың барлық минералды-шикізат кешенін, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын іздеу, барлау және жете барлау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Өткен жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының көлемінде біршама төмендеу байқалады, ол 110,8 млрд. теңгені немесе 96% құрады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу және «Атырау-Ақтау» автомобиль жолын қайта құрылымдау сияқты ірі жобаларды іске асыру есебінен қарқын үдетілмек.


340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл – өткен жылдың деңгейінен 4% төмен. Бұл ретте, төмендеу жеке тұрғын үй құрылысында байқалады.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бөлігінде, «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының аясында «Бәйтерек» холдингімен және «Самұрық-Қазына» қорымен жер учаскелерін игеру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Инфляция индексі осы жылдың 1 қазанына 102,7% құрады, бұл – орташа республикалық деңгейден төмен (103,3%) және республика өңірлері арасында ең төменгі көрсеткіштердің біреуі (4 орын) болып отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 83,4 мың адамды құрап, 26 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелді.

Кәсіпкерлікті белсенді дамытуға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру ықпал етуде, оның аясында ағымдағы жылы 2,4 млрд. теңге сомасына 30 жоба мақұлданды, оның ішінде негізгі сомасы – кредиттерді, 2,387 млрд. теңге сомасына 24 жобаны субсидиялау болып табылады.

Екінші деңгейлі банктермен шағын бизнес субъектілеріне 28 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп.
Нақты секторды тұрақты дамыту мемлекеттік қазынаға түсетін түсімдер көлеміне тікелей әсер етеді.

Мәселен, есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейіне 200,6 млрд. теңге сомасында салықтар мен төлемдер түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, түсетін түсімдер қарқыны республикалық бюджетте – 14%-ға, жергілікті бюджетте – 43%-ға ұлғайды.



Шығыстар бойынша атқарылуы есепті кезеңдегі жоспарға – 90,6%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер – 75,9%-ға, жергілікті бюджет – 99%-ға игерілді.
Еңбек рыногында 20,1 мың жұмыс орны құрылды (2012 жылдың осындай кезеңінде 18,8 мың жұмыс орны).

Тиісінше мына әлеуметтік көрсеткіштердің:

тіркелген жұмыссыздық деңгейінің 1,0%-дан 0,7%-ға дейін;

жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,7%-дан 5,5%-ға дейін;

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 10,4%-дан 3,3%-ға дейін төмендеуі байқалады.

Орташа айлық жалақы 179,4 мың теңгені құрады немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8%-ға артық.


Негізгі мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы.
Өңірге инвестициялар тарту, өнеркәсіптік өндірістің, оның ішінде өңдеу секторының қарқынын үдету жөніндегі белсенді құрал Индустрияландыру картасы болып табылады.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, Индустрияландыру картасын республикалық қана емес, сонымен бірге өңірлік деңгейде де өзектендіру жұмысы жүргізілуде. Бұған нақты инвестициялары бар нақты жобалар, оның атынан нақты инвесторлар ғана кіреді.

Бүгінге Картаға жалпы сметалық құны 280,1 млрд.теңге болатын және жаңадан 8,8 мың жұмыс орны құрылатын 34 жоба енгізілді (2010 жылы 36,4 млрд. теңге сомасына 8 жоба; 2011 жылы – 84 млрд. теңге сомасында 9 жоба; 2012 жылы 11 млрд. теңге сомасында 6 жоба пайдалануға беріліп, үш жыл ішінде 1651 тұрақты жұмыс орны құрылды).

Биыл 2 жобаны аяқтау жоспарлануда олар: «Caspi Bitum» БК» ЖШС-нің «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру»; Каспий Цемент» ЖШС-нің «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» жобалары.


Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқарудың рөлін күшейту аясында:

- «Өңірлерді дамыту» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша облыстың 48 ауылдық елді мекенінде 423 жұмыс орны құрылатын 3,2 млрд. теңге сомасына коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, қайта құрылымдау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 63 жоба, оның ішінде облыстың қалаларында инженерлік инфрақұрылым салу (трансформаторлық қосалқы станциялар мен жарықтандыру желілерін қайта құрылымдау, жылумен жабдықтау мен электрмен жабдықтаудың магистралды желілерін салу) іске асырылуда.


Ақтау агломерациясын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен мақұлданды.
Жаңаөзен қаласында тұрақты жағдай сақталуда. Кешенді жоспар мен моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында қаланы дамытуға 2013 жылы жоспарланған 15 млрд. теңге көлемнің іс жүзінде 11,6 млрд. теңгесі бөлінді.

Осы қаражат есебінен әлеуметтік (1 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 3 орта мектеп, емхана), қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік (10 объект) және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, жолдар, сумен қамтамасыз ету объектілерін салу, қала мен оған іргелес жатқан елді мекендерді абаттандыру (12 объект) жобалары іске асырылады, кәсіпкерлікті қолдау шаралары көздестірілді.


Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру өңірлік саясатының негізгі бағыттары осындай.

Іске асырылып жатқан Стратегия – 2050 маңызды міндет болып табылады. Сондықтан да мұнда мемлекеттік бағдарламаларды өңірлер деңгейінде тиімді әрі толық іске асыруға басты рөл беріліп отыр.





жүктеу 62,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау