К конкурентоспособному казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации Дорогие казахстанцы!



жүктеу 308,5 Kb.
бет5/5
Дата20.11.2018
өлшемі308,5 Kb.
#22430
1   2   3   4   5


* * *

Әлеуметтiк сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшiн шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады.


Мен жариялаған мiндеттер бiрiншi кезектi болып табылады, бiрақ әлдеқайда соңғылар емес.
Менiң тапсырмам бойынша реформалардың әлеуметтiк бағытталуын күшейту және жаңа әлеуметтiк саясат қалыптастыру жөнiндегi жұмыс жүргiзiлiп жатыр.
Ол келесi жылы жария етiледi.

3. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi
Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы рөлi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрiнедi.

Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы рөлi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрiнедi.



3. 1. Мемлекеттiк құрылыс
Бұл мәселелердi шешу, өз кезегiнде, көп жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң саны мен сапасына, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiне байланысты.
Соңғы кезде орталықта да, жергiлiктi жерлерде де билiктiң барлық түрлерiнiң мемлекеттiк органдардың санын көбейту әрекеттерi жандана түскенiн айтуға тиiспiн.
Бұған жол беруге болмайды.
Әрине, өмiр бiр орнында тұрмайды, қажет жерiнде өзгерiстер керек. Алайда Үкiмет мемлекеттiк аппараттың жалпы санының өсуiне жол бермеудiң қатаң саяси ұстанымын басшылыққа алуы тиiс.
Бұған Президент жариялаған мемлекеттiк саясат талап ететiн жерде ғана рұқсат берiлуi мүмкiн.
Бiз жинақы кәсiби Үкiмет қалыптастыруда көп нәрсеге қол жеткiздiк. Басы артық қызметтер мен буындарды қысқарту, басқару процесiн орталықсыздандыру арқылы, атқарушы билiк құрылымын одан әрi де жетiлдiре түсу керек.
Сонымен бiрге министрлiктер мен ведомстволардың өздерiне тапсырылған қызметтердi орындаудағы рөлi мен жауапкершiлiгiн күшейту қажет.
Мұнымен қатар, “электрондық үкiмет” қалыптастыруға iс жүзiнде кiрiсу керек. Бұл құрамы жағынан шағын, өз қызметiнде мөлдiр iс-қимылды Үкiмет болмақ. Ол халық пен шенеунiктер арасындағы тоқайласуды азайтуға мүмкiндiк бередi, қызмет көрсету сапасын арттырып, мерзiмiн қысқартады. Мұның өзi жаңа әкiмшiлiк реформаға және мемлекеттiк аппаратты қысқартуға әкеледi.
Мұндай жұмысты iске асыру үшiн компьютерлiк сауатсыздықты жоюдың және халықтың интернетке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң көлемдi бағдарламасы қажет.
Мұны Үкiметке тапсырамын, кезiнде өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргiзiлгендей, компьютерлiк сауаттану жөнiндегi ауқымды iске бiздiң азаматтарды, әсiресе жастарды шақырамын.
Мемлекеттiк қызметте, мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлау жүйесiнде, мемлекеттiк басқару деңгейiн және мемлекет ұсынатын қызмет сапасын арттыру мақсатында елеулi өзгерiстер қажет болады.
Мемлекеттiк қызмет академиясының қызметi түбегейлi қайта құрылуға, оның материалдық базасы нығайтылуы және қаржымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Саяси қызметшi лауазымына қабылдау кезiнде академияда оқығаны ескерiлуге тиiс.
Академияның жанынан зерттеу орталықтары жүйесiн ашып, оларда жұмыс iстеу үшiн таңдаулы профессор-оқытушы кадрларын тарту қажет.
Академия бiтiрушiлерiнiң санын және оны қаржыландыруды едәуiр ұлғайту керек.
Биылғы жылдан бастап бiз мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақысын 50 пайызға өсiрдiк, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғауды арттыру жөнiндегi жұмысты одан әрi де жалғастырамыз.
Бiрақ еңбекақының өсуiмен бiрге мемлекеттiк қызметшiлердiң өздерiне де: олардың кәсiбилiгiне, патриоттығына, тәртiбiне, моральдық ж¡не адамгершiлiк келбетiне деген талап та к¯шейе түсетiн болады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары қатаң қудалануға тиiс: бұл үшiн қажеттi заңдар қолда бар.
Мемлекеттiк қызметке жаңа қызметкерлердi қабылдау кезiнде компьютердi, интернеттi қолдана бiлу дағдысы мiндеттi талап болуға тиiс және мүмкiндiгiнше ағылшын тiлiн бiлуi жөн, ал болашақта бұл талап та мiндеттiлiкке айналады.
Бiлiктiлiк талаптарын қатайту ж¡не аттестациялық комиссияларының жұмысын барынша принциптi ету қажет болады.
 
3.2. Iшкi саясат
Өткен және ағымдағы жылы қоғамымызды менiң өткен жылғы жолдауымда белгiленген бес бағыт шеңберiнде одан әрi демократияландыру жөнiндегi жұмысты жалғастыратын боламыз.
Олар күшiнде қалады және оларға қосымша мынадай сәттерге назар аудару қажет.
Бiз үш принциптi элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиiспiз. Тұрақтылықты, демократияны және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөнiнде қадамдар жасау қажет.
Бiрiншiден, жаңа сайлау тетiктерiн енгiзу, саяси процестiң әрбiр субьектiсiнiң рөлi мен орнын нақтылау мәселелерiн пысықтағанымыз жөн.
Бiз партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн заң нормаларын жетiлдiре отырып, партиялық-саяси жүйемiздi одан әрi дамытатын боламыз.
Қазiр қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары туралы және сайлау туралы жаңа заңдар қызу талқылануда. Олардың атына сын ескертпелер де айтылып жатыр.
Естерiңiзге сала кетейiн, партия мүшелерiнiң саны 50 мыңнан кем болмауы керек деген тұрғыда заңнамалық түзетулер қабылдағанымызда, мұны еңсерiлмейтiн кедергi деп атаған болатын-ды.
Бiрақ қазiргi сәтке бұл деңгейдi оңай еңсерген тоғыз партия тiркелiп үлгердi, ендi әлгi түзетудiң демократиялылығына ешкiм де күмәнданбайды. Қазiргi БАҚ туралы және сайлау туралы заңдар да сондай болады.
Жаңа сайлау заңнамасының нормалары барлық деңгейдегi сайлау комиссиялары қызметiндегi кәсiбилiк пен мөлдiрлiк деңгейiн көтеруге бағытталған.
Парламенттегi, жергiлiктi сайлау органдарындағы партиялық фракциялардың өкiлеттiктерiн заңнамалық айқындау туралы да ойлану қажет.
Партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн отандық заңды және жеке тұлғалар тарапынан қаржыландыру мәселелерi жөнiнде құқықтық шешiмдер әзiрлеп, қабылдау талап етiледi. Үкiметтiк емес секторды қолдау сапалы жаң¦а ауқымға көтерiлуге тиiс.
Сайлау блоктарының қызметiн құқықтық реттеу туралы мәселе де өзектi болып табылады.
Екiншiден, қоғамды одан әрi демократияландыру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестiң әлеуетi әлi де болса кең тынысты пайдаланылған жоқ.
Кеңестiң тек қана билiк үшiн ұсынымдар берiлетiн “дөңгелек үстел” ғана болып қалмауы маңызды.
Тұрақты жұмыс iстейтiн кеңесте қабылданған шешiмдер партиялардың  күш-жiгерiмен Парламенттегi өз өкiлдерi арқылы, ал үкiметтiк емес ұйымдар нақты әлеуметтiк маңызды жобаларға қатысу арқылы iске асырылуға тиiс.
Үшiншiден, осы жылдың күзiнде партиялар үшiн саяси кемелдiлiк емтиханы болып табылатын Парламент Мәжiлiсiне сайлау өтедi.
Бiздiң ортақ парызымыз – сайлауды заңға қатаң сәйкес түрде өткiзудi қамтамасыз ету.
 
3.3. Сыртқы саясат және қауiпсiздiк
Бiздiң заманымыздың ерекшелiгi терроризмге қарсы белсендi күрес болып отыр. Ресей мен Испаниядағы соңғы оқиғалар баршаны дүр сiлкiндiрiп, терроршылардың айуандық әрекеттерiнен қорғалған, сiрә, бiрде бiр мемлекеттiң жоқтығы туралы ойлануға мәжбүр еттi. Ешбiр кiнәсiз бейбiт азаматтар қаза табуда.
Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, дiни экстремизмге, есiрткi тасымалы мен басқа да қазiргi заман сыны мен адамзатқа қауiп төндiретiн қатерлерге қарсы күресте бiз үшiн өңiрлiк және халықаралық күш-жiгердi шоғырландырудың қаншалықты маңызды екендiгi мiне осыдан белгiлi.
Бүгiнгi таңда Қазақстан барлық көршi мемлекеттермен тұрақты, болжамды қарым-қатынас жасап отыр.
Тиiмдi халықаралық ынтымақтастықтың берiк жұйесi жасалды.
Бiз Шығыс және Батыс елдерiмен өзара пайдалы екi жақты қатынастарды дамытуға бейiлмiз.
Қазақстанның сыртқы саясаты елдiң тез арада экономикалық дамуына, оның әлемдегi маңызын көтеруге ж¡рдемдесуге бағдарлануға тиiс.
Қазақстан өзiн ықпалдасу мен көп қырлы ынтымақтастықты табанды жақтаушы ретiнде көрсеттi.
Осыған байланысты Бiртұтас экономикалық кеңiстiк, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Орта Азиялық ынтымақтастық шеңберiндегi жұмысты жалғастырған абзал.
Ресей – Қазақстан үшiн аса маңызды ел. Бiз ортақ геосаяси жағдайдамыз, Ұшырасатын проблемаларымыз да ортақ.
Бiздiң әлемдегi көптеген процестерге көзқарастарымыз ұқсас, оларды iске асыру керек. Қол жеткiзiлген экономикалық ықпалдасу мен сенiмнiң биiк деңгейi одан әрi жалғасын табуы қажет.
Қазақстан АҚШ-пен өзара қатынастардың қол жеткiзiлген деңгейiн жоңары бағалайды.
Бiз Америкамен арадағы белсендi ынтымақтастықтың дамуымыздың сыртқы жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi маңызын жақсы түсiнемiз. Америкалық компаниялардың Қазақстанға инвестиция салуы ынтымақтастықтың маңызды факторы болып табылады.
25 миллиард доллар тiкелей шетелдiк инвестициялардың шамамен 7,5 миллиарды АҚШ-тың үлесiне тиесiлi. Бiз екi елдiң мүдделерiн есепке ала отырып, бұдан әрi де неғұрлым кең ауқымды ынтымақтастыққа үмiт артамыз.
Көршiмiз Қытаймен тұрақты және достық өзара қатынастарымыз маңызды. Бұл бiздiң екi жақтың мүддесiн бiлдiретiн барлық мәселелер бойынша тұрақты үндесу жүргiзiлiп отырған сенiмдi серiктесiмiз. Бiзге өзара сауда-саттық көлемiн өсiру үшiн жұмыс iстеу қажет. Бұған бiз қол жеткiзген биiк өзара түсiнiстiк деңгейi жәрдемдесетiн болады.
Маңызы бұдан кем емес тағы бiр басымдық – Орталық Азия елдерi. Экономиканың, тиiсiнше, елдер мен халықтардың өздерiнiң де жуықтай түсуi жөнiнде көршiлерiмiзбен белсендi жұмыс жүргiзу керек.
Бiз сол сияқты Қазақстан шекарасының оңтүстiк шептерiндегi тұрақтылықты қамтамасыз етудiң маңыздылығын түсiнуге негiзделемiз.
Еуропалық Одақ бiздiң iрi сауда-экономикалық серiктесiмiз болып табылады және бұл жерде Қазақстан мүдделерiн iлгерiлету мен қамтамасыз ету тұрғысында белсендi жұмыс жүргiзу керек.
Бiздiң Түркиямен, күллi мұсылман әлемiмен жақын қатынастарымыз да тұрақты назарда болуға тиiс.
Жоспарларымыздың iске асырылуы, әлбетте, Қазақстанның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесiне басым назар аударуға көңiл бөлудi талап етедi.
Жаңа уақыт сыны мен қауiп-қатерлерге қарсы күресте ТМД елдерiнiң күш-жiгерiн шоғырландыру жөнiндегi бастаманы iс жүзiнде жүзеге асыруға жұмылу қажет.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес мақсатын одан әрi iске асыру жөнiндегi тынымсыз жұмысты жалғастыру аса маңызды.
Ұжымдық қауiпсiздiк шарты ұйымындағы қызметтi қалыптасып отырған ақиқатқа мейлiнше бейiмдеген жөн.
Қарулы Күштердi реформалауды жалғастыру қажет.
Тиiстi мемлекеттiк органдардың алдында тұрған негiзгi мiндеттер армияны кәсiбилендiру және оның материалдық-техникалық базасын жақсарту болып табылады.
Бiз жасақтау, әскери қызметшiлердiң мансабын жоспарлау, резерв жасау жүйесiн жетiлдiру мәселесiне назар аударуымыз керек. Жұмыстың маңызды бағыты елдiң әскери жоғары оқу орындарында және университеттердiң әскери кафедраларында офицерлiк құрамды даярлау болуға тиiс.
Армияның материалдық-техникалық базасын жақсарту үшiн қару-жарақтар мен әскери техника санын оңтайландыру жөнiнде шаралар қолдану қажет.


Бұл мәселелердi шешу, өз кезегiнде, көп жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң саны мен сапасына, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiне байланысты. Соңғы кезде орталықта да, жергiлiктi жерлерде де билiктiң барлық түрлерiнiң мемлекеттiк органдардың санын көбейту әрекеттерi жандана түскенiн айтуға тиiспiн. Бұған жол беруге болмайды. Әрине, өмiр бiр орнында тұрмайды, қажет жерiнде өзгерiстер керек. Алайда Үкiмет мемлекеттiк аппараттың жалпы санының өсуiне жол бермеудiң қатаң саяси ұстанымын басшылыққа алуы тиiс. Бұған Президент жариялаған мемлекеттiк саясат талап ететiн жерде ғана рұқсат берiлуi мүмкiн. Бiз жинақы кәсiби Үкiмет қалыптастыруда көп нәрсеге қол жеткiздiк. Басы артық қызметтер мен буындарды қысқарту, басқару процесiн орталықсыздандыру арқылы, атқарушы билiк құрылымын одан әрi де жетiлдiре түсу керек. Сонымен бiрге министрлiктер мен ведомстволардың өздерiне тапсырылған қызметтердi орындаудағы рөлi мен жауапкершiлiгiн күшейту қажет. Мұнымен қатар, “электрондық үкiмет” қалыптастыруға iс жүзiнде кiрiсу керек. Бұл құрамы жағынан шағын, өз қызметiнде мөлдiр iс-қимылды Үкiмет болмақ. Ол халық пен шенеунiктер арасындағы тоқайласуды азайтуға мүмкiндiк бередi, қызмет көрсету сапасын арттырып, мерзiмiн қысқартады. Мұның өзi жаңа әкiмшiлiк реформаға және мемлекеттiк аппаратты қысқартуға әкеледi. Мұндай жұмысты iске асыру үшiн компьютерлiк сауатсыздықты жоюдың және халықтың интернетке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң көлемдi бағдарламасы қажет. Мұны Үкiметке тапсырамын, кезiнде өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргiзiлгендей, компьютерлiк сауаттану жөнiндегi ауқымды iске бiздiң азаматтарды, әсiресе жастарды шақырамын. Мемлекеттiк қызметте, мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлау жүйесiнде, мемлекеттiк басқару деңгейiн және мемлекет ұсынатын қызмет сапасын арттыру мақсатында елеулi өзгерiстер қажет болады. Мемлекеттiк қызмет академиясының қызметi түбегейлi қайта құрылуға, оның материалдық базасы нығайтылуы және қаржымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Саяси қызметшi лауазымына қабылдау кезiнде академияда оқығаны ескерiлуге тиiс. Академияның жанынан зерттеу орталықтары жүйесiн ашып, оларда жұмыс iстеу үшiн таңдаулы профессор-оқытушы кадрларын тарту қажет. Академия бiтiрушiлерiнiң санын және оны қаржыландыруды едәуiр ұлғайту керек. Биылғы жылдан бастап бiз мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақысын 50 пайызға өсiрдiк, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғауды арттыру жөнiндегi жұмысты одан әрi де жалғастырамыз. Бiрақ еңбекақының өсуiмен бiрге мемлекеттiк қызметшiлердiң өздерiне де: олардың кәсiбилiгiне, патриоттығына, тәртiбiне, моральдық ж¡не адамгершiлiк келбетiне деген талап та к¯шейе түсетiн болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары қатаң қудалануға тиiс: бұл үшiн қажеттi заңдар қолда бар. Мемлекеттiк қызметке жаңа қызметкерлердi қабылдау кезiнде компьютердi, интернеттi қолдана бiлу дағдысы мiндеттi талап болуға тиiс және мүмкiндiгiнше ағылшын тiлiн бiлуi жөн, ал болашақта бұл талап та мiндеттiлiкке айналады. Бiлiктiлiк талаптарын қатайту ж¡не аттестациялық комиссияларының жұмысын барынша принциптi ету қажет болады.   Өткен және ағымдағы жылы қоғамымызды менiң өткен жылғы жолдауымда белгiленген бес бағыт шеңберiнде одан әрi демократияландыру жөнiндегi жұмысты жалғастыратын боламыз. Олар күшiнде қалады және оларға қосымша мынадай сәттерге назар аудару қажет. Бiз үш принциптi элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиiспiз. Тұрақтылықты, демократияны және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөнiнде қадамдар жасау қажет. Бiрiншiден, жаңа сайлау тетiктерiн енгiзу, саяси процестiң әрбiр субьектiсiнiң рөлi мен орнын нақтылау мәселелерiн пысықтағанымыз жөн. Бiз партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн заң нормаларын жетiлдiре отырып, партиялық-саяси жүйемiздi одан әрi дамытатын боламыз. Қазiр қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары туралы және сайлау туралы жаңа заңдар қызу талқылануда. Олардың атына сын ескертпелер де айтылып жатыр. Естерiңiзге сала кетейiн, партия мүшелерiнiң саны 50 мыңнан кем болмауы керек деген тұрғыда заңнамалық түзетулер қабылдағанымызда, мұны еңсерiлмейтiн кедергi деп атаған болатын-ды. Бiрақ қазiргi сәтке бұл деңгейдi оңай еңсерген тоғыз партия тiркелiп үлгердi, ендi әлгi түзетудiң демократиялылығына ешкiм де күмәнданбайды. Қазiргi БАҚ туралы және сайлау туралы заңдар да сондай болады. Жаңа сайлау заңнамасының нормалары барлық деңгейдегi сайлау комиссиялары қызметiндегi кәсiбилiк пен мөлдiрлiк деңгейiн көтеруге бағытталған. Парламенттегi, жергiлiктi сайлау органдарындағы партиялық фракциялардың өкiлеттiктерiн заңнамалық айқындау туралы да ойлану қажет. Партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн отандық заңды және жеке тұлғалар тарапынан қаржыландыру мәселелерi жөнiнде құқықтық шешiмдер әзiрлеп, қабылдау талап етiледi. Үкiметтiк емес секторды қолдау сапалы жаң¦а ауқымға көтерiлуге тиiс. Сайлау блоктарының қызметiн құқықтық реттеу туралы мәселе де өзектi болып табылады. Екiншiден, қоғамды одан әрi демократияландыру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңестiң әлеуетi әлi де болса кең тынысты пайдаланылған жоқ. Кеңестiң тек қана билiк үшiн ұсынымдар берiлетiн “дөңгелек үстел” ғана болып қалмауы маңызды. Тұрақты жұмыс iстейтiн кеңесте қабылданған шешiмдер партиялардың  күш-жiгерiмен Парламенттегi өз өкiлдерi арқылы, ал үкiметтiк емес ұйымдар нақты әлеуметтiк маңызды жобаларға қатысу арқылы iске асырылуға тиiс. Үшiншiден, осы жылдың күзiнде партиялар үшiн саяси кемелдiлiк емтиханы болып табылатын Парламент Мәжiлiсiне сайлау өтедi. Бiздiң ортақ парызымыз – сайлауды заңға қатаң сәйкес түрде өткiзудi қамтамасыз ету.   Бiздiң заманымыздың ерекшелiгi терроризмге қарсы белсендi күрес болып отыр. Ресей мен Испаниядағы соңғы оқиғалар баршаны дүр сiлкiндiрiп, терроршылардың айуандық әрекеттерiнен қорғалған, сiрә, бiрде бiр мемлекеттiң жоқтығы туралы ойлануға мәжбүр еттi. Ешбiр кiнәсiз бейбiт азаматтар қаза табуда. Атап айтқанда, халықаралық терроризмге, дiни экстремизмге, есiрткi тасымалы мен басқа да қазiргi заман сыны мен адамзатқа қауiп төндiретiн қатерлерге қарсы күресте бiз үшiн өңiрлiк және халықаралық күш-жiгердi шоғырландырудың қаншалықты маңызды екендiгi мiне осыдан белгiлi. Бүгiнгi таңда Қазақстан барлық көршi мемлекеттермен тұрақты, болжамды қарым-қатынас жасап отыр. Тиiмдi халықаралық ынтымақтастықтың берiк жұйесi жасалды. Бiз Шығыс және Батыс елдерiмен өзара пайдалы екi жақты қатынастарды дамытуға бейiлмiз. Қазақстанның сыртқы саясаты елдiң тез арада экономикалық дамуына, оның әлемдегi маңызын көтеруге ж¡рдемдесуге бағдарлануға тиiс. Қазақстан өзiн ықпалдасу мен көп қырлы ынтымақтастықты табанды жақтаушы ретiнде көрсеттi. Осыған байланысты Бiртұтас экономикалық кеңiстiк, ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Орта Азиялық ынтымақтастық шеңберiндегi жұмысты жалғастырған абзал. Ресей – Қазақстан үшiн аса маңызды ел. Бiз ортақ геосаяси жағдайдамыз, Ұшырасатын проблемаларымыз да ортақ. Бiздiң әлемдегi көптеген процестерге көзқарастарымыз ұқсас, оларды iске асыру керек. Қол жеткiзiлген экономикалық ықпалдасу мен сенiмнiң биiк деңгейi одан әрi жалғасын табуы қажет. Қазақстан АҚШ-пен өзара қатынастардың қол жеткiзiлген деңгейiн жоңары бағалайды. Бiз Америкамен арадағы белсендi ынтымақтастықтың дамуымыздың сыртқы жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi маңызын жақсы түсiнемiз. Америкалық компаниялардың Қазақстанға инвестиция салуы ынтымақтастықтың маңызды факторы болып табылады. 25 миллиард доллар тiкелей шетелдiк инвестициялардың шамамен 7,5 миллиарды АҚШ-тың үлесiне тиесiлi. Бiз екi елдiң мүдделерiн есепке ала отырып, бұдан әрi де неғұрлым кең ауқымды ынтымақтастыққа үмiт артамыз. Көршiмiз Қытаймен тұрақты және достық өзара қатынастарымыз маңызды. Бұл бiздiң екi жақтың мүддесiн бiлдiретiн барлық мәселелер бойынша тұрақты үндесу жүргiзiлiп отырған сенiмдi серiктесiмiз. Бiзге өзара сауда-саттық көлемiн өсiру үшiн жұмыс iстеу қажет. Бұған бiз қол жеткiзген биiк өзара түсiнiстiк деңгейi жәрдемдесетiн болады. Маңызы бұдан кем емес тағы бiр басымдық – Орталық Азия елдерi. Экономиканың, тиiсiнше, елдер мен халықтардың өздерiнiң де жуықтай түсуi жөнiнде көршiлерiмiзбен белсендi жұмыс жүргiзу керек. Бiз сол сияқты Қазақстан шекарасының оңтүстiк шептерiндегi тұрақтылықты қамтамасыз етудiң маңыздылығын түсiнуге негiзделемiз. Еуропалық Одақ бiздiң iрi сауда-экономикалық серiктесiмiз болып табылады және бұл жерде Қазақстан мүдделерiн iлгерiлету мен қамтамасыз ету тұрғысында белсендi жұмыс жүргiзу керек. Бiздiң Түркиямен, күллi мұсылман әлемiмен жақын қатынастарымыз да тұрақты назарда болуға тиiс. Жоспарларымыздың iске асырылуы, әлбетте, Қазақстанның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесiне басым назар аударуға көңiл бөлудi талап етедi. Жаңа уақыт сыны мен қауiп-қатерлерге қарсы күресте ТМД елдерiнiң күш-жiгерiн шоғырландыру жөнiндегi бастаманы iс жүзiнде жүзеге асыруға жұмылу қажет. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес мақсатын одан әрi iске асыру жөнiндегi тынымсыз жұмысты жалғастыру аса маңызды. Ұжымдық қауiпсiздiк шарты ұйымындағы қызметтi қалыптасып отырған ақиқатқа мейлiнше бейiмдеген жөн. Қарулы Күштердi реформалауды жалғастыру қажет. Тиiстi мемлекеттiк органдардың алдында тұрған негiзгi мiндеттер армияны кәсiбилендiру және оның материалдық-техникалық базасын жақсарту болып табылады. Бiз жасақтау, әскери қызметшiлердiң мансабын жоспарлау, резерв жасау жүйесiн жетiлдiру мәселесiне назар аударуымыз керек. Жұмыстың маңызды бағыты елдiң әскери жоғары оқу орындарында және университеттердiң әскери кафедраларында офицерлiк құрамды даярлау болуға тиiс. Армияның материалдық-техникалық базасын жақсарту үшiн қару-жарақтар мен әскери техника санын оңтайландыру жөнiнде шаралар қолдану қажет.

* * *

 Осы Жолдауда белгiленген мiндеттердi iске асыру мақсатында Үкiмет пен әкiмдер 2005 жылғы бюджетте қажеттi қаржыландыруды көздеуге, сол сияқты ағымдағы бюджеттi нақтылау жөнiнде қажеттi ұсыныстар енгiзуге тиiс. Парламенттiң тиiстi заңдар қабылдауы керек.



* * *

 


Қымбатты отандастар!

Бiз алдымызға келешекке бағытталған күрделi де, бiр қарағанда, орындалуы қиын мiндеттер қойып отырмыз.


Сонымен қатар, осыдан он бес жыл бұрын Қазақстанның шеткерi жатқан одақтас республикадан елеулi қаржылық және зияткерлiк ресурсы бар тәуелсiз мемлекетке айналарына ешкiм сенбегенiн естерiңiзге сала кетейiн.
Он жыл бұрын Қазақстанның 50 млн. тоннадан астам мұнай өндiретiнiне (яғни екi еседен астам өсiммен), елордасын Алматыдан Астанаға көшiрiп, өз жасанды жер серiгiн ұшыратынына сенген адам кемде-кем болатын.
Бес жыл бұрын Ұлттық қор мен Даму банкiн құру қажеттiлiгi туралы ешкiм тыңдағысы да келмеп едi.
Жоспардан өмiрдiң өзi батыл екенiн тәжiрибемiз көрсетiп отыр.
Француз ойшылы Люк де Вовенарг айтқандай, “қолынан ұлы iс келмейтiндер ұлы бастамаларға да қырын қарайды”.
Бiз Қазақстанның батыл бастамаларға дайын екенiн, ал қазақстандықтардың оларды iске асыра алатынын дәлелдедiк.
Ендi соны тағы бiр рет паш етейiк!
Ендеше бiз уақыттан қалыспай қадам баса алатынымызды көрсетейiк. Иә, бiз кезiнде былайғы дүниеден көп кейiндеп қалдық. Ендiгi жерде бiздiң тiзiмнiң соңында қалғымыз келмейдi. Алға кеткен әлемдiк өркениет көшiнiң шаңын жұтқымыз келмейдi. Ал бұл үшiн бәрiмiз өз күш-қуатымызды, халқымыздың бойындағы барлық парасат пен зият күшiн бiр жұдырыққа жұмылдырып, оның күллi әлеуетiн барынша пайдалануымыз қажет. Мен Қазақстанда жоғары жетiстiктерге жетуге қабiлет - қарымы қаптал жететiн ғалымдардың дүниеге келерiне сенiмдiмiн. Мен орта бизнестiң нығайып, жаңа жұмыс орындарын құрарына, сөйтiп бүкiл елiмiз бен бүкiл халқымыздың игiлiгiне қызмет етерiне сенiмдiмiн.
Бiздiң Қазақстанымыздың байлығы молайып, өркендей бередi. Бiз елiмiздiң ұзақ мерзiмдiк стратегиясында өзiмiз белгiлегендей тынбай алға баса беретiн боламыз!

 
жүктеу 308,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау