К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



жүктеу 1,14 Mb.
бет3/6
Дата18.12.2017
өлшемі1,14 Mb.
#4545
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары
1. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов пайымында ағайындық, туысқандық ұғымдары қалай түсіндірілген? Салыстырмалы талдау жасаңыз және қорытындысын кестеге түсіріңіз.

2. Қазiргi қоғам өмірінде адамгершілік қатынасты құрайтын этикалық және эстетикалықтың неге аз талқыланатынын және қажетсіз болып табылатынын түсіндіріңіз?


1.8 ХХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының шығармашылықтарындағы этикалық және эстетикалықтың өзіндік қатынасы

Сабақтың мақсаты: М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық және эстетикалық контекске салыстырмалы талдау жасау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: Берілген тақырып адамның iшкi және сыртқы диалектикалық байланыс талдауын қарастырады: ғажайып пен мейірімділік, жамандық пен бұзақылық. Тақырыпты зерттеу үшiн этикалық және эстетикалықтағы бірлік мәселесі ұғымына үлкен мән берілген. Сонымен бiрге адамда этикалық және эстетикалықтың қайшылықтарының ерекшелiгiн талдап, айқындау керек. ХХ ғасыр басындағы ойшылдардың берілген мәселені шешу жолы позициясына және аталған мәселенің заманауилығына ерекше назар көрсетілген сұрақтарды қарастыруға арналған.
Тақырыптың мазмұны
1. Қазақ эпостарының басты кейіпкерлеріндегі ішкі және сыртқы бірлік.

2. Адамдағы ішкі және сыртқы келіспеушілік.

Ойшылдар жоғары этикалық сапалардан басқа, жалпы адами мейірбандық принциптер, интеллектуальды сұлулықтары, адамдарда бастаушы рухани жетілулерге апаратын сыртқы дене тартымдылығын (космогониялық белгілерден басқа) айқындайтын басым белгiлер болатын атап айтты. Бұл талдау этика-эстетикалық ұсыныстар – сұлулық ұғымынының талдауынсыз толық болмас еді. Қайшылықсыз қатынастар адамның ішкі және сыртқы әлемі барлық халықта бір уақытта бірдей болып есептеліп отыр. Бiз бұл айғақтарды ескере отырып, жетілген адамның дене бітімі сыртқы түрінің ерекше мағынаға ие екеніне көз жеткіземіз. Мұндай ұғымдар қазақтарда тұтас әлемді қабылдаудың жалпы қорытындысы болып табылады, ол үшін дене компоненті рухани мазмұнымен сәйкес келеді. Сананың бүтiндiк түрi деген не эстетикалықты қанағаттандыруы қажеттiгiнен ғана емес, эстетикалық адамдарда адамгершілік мағынасымен байланысады. Дене бітімінің сұлулығы орта ғасыр эпостарында дәстүрлi дүниетанымда адамның рухани сапаларында сұлулық жиі теңестірілген. Бірақ орта ғасыр эпостарында оның оң көріністері тұйықталмайды. Ол мазмұны жағынан ауқымды, оған жетілудің теріс жағы енеді, үздіксіз және бейнелеусіз көрінеді, жетілудің оң жағы (ғажайыпқа) қарсы тұрады. Мысалы «Қобыланды батыр» эпикалық дастанындағы Ұлтан бейнесі өзгеріссіз, ішкі әлемінің адами қасиеті төмен, сыртқы бейнесіне қарағанда ұсқынсыз:
Грудь его со скирду была,

В горло мог войти караван.

Шея крепкая, как скала.

Ухо каждое, словно щит.

Нос приплюснут, будто разбит [15].
Біздің көзқарасымыз бойынша адамның ең жақсы рухани қасиеттерін айту, сонымен қатар тән сұлулығын, күш пен ептілік, өткен ғасырлардағы ақындар мен жырауларда этика-эстетикалық мағыналары жай болған жоқ. Сыртқы және рухани сапалар адамда барлық ғажайыптылық уақыт талабы бойынша қажет. Мысалы, Қазтуған – жырау өзін, күшін барлық көшпелі әлемнің ұғымдарымен – жылқыны ұстайтын ұзын құрықпен, түйенің өткір тістерімен, ағаш талын кемірумен, шешендігін жанып тұрған отпен салыстырады. Ақындар мен жыраулардың поэзиялық жолдарында көбінесе эпитеттер және салыстырулар батырлық рухымен номадтық өркениеттің және басқа халықтардың позэиясымен үздіксіз байланысады.
Бұдырайған екі шекелі, Чело исполина,

Мұздай үлкен көбелі, Кольчуга как льдина

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, И раб у него горделив, как султан

Адырнасы шайы жібек оққа кірісті, Лук с огненной тетивою.

Айдаса қойдың көсемі, Людей как овец ведет за собою,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені, Шешена язык ему дан.

Ұст аса қашағанның ұзын құрығы, Для диких коней он длинный урук

Қалайылаған қасты орданың сырығы Орде он опора, народу он друг,

Билер отты би соңы, Последний из биев,

Би ұлының кенжесі, Сын бия-судъи;

Буыршынның бұта Надежда бессильных

шайнар азуы [16]. в грозные дни [17].


Бұл жолдарда адамның сұлулығының ішкі руханилық басымдылығы айқындығына шүбә келтірмейді. Дене сұлулығы және денсаулық жетілген адамның бір ғана құрастырушысы, күш және денсаулық адамгершілікке жақын, яғни дене сұлулығы тек қана қызмет ету рөлінде ғана болады.

Ішкі сұлулықтың елеусіз идеясын өте жарқын түрде сопылықтар өз өмір сүру тіршілігінде көрсеткен, адами сұлулық тек қана руханилықта ғана көрінеді. Дене бітімінің тартымдылығымен рухани сұлулықты теңесту Ибн Синада тереңнен ашылды, ол бойынша « ... кейбір кезде, адам өзінің ұсқынсыз бейнесімен ішкі сапалары арқылы ғажап болады... Сәйкесінше, адамдар керісінше әдемі сыртқы бейнесімен өзінің мінезімен ұсқынсыз» [18]. Мұндай сәйкессiздiк кейінгі кездегі қазақ ойшыларында да өте жиі кездеседі. Мысалы, адамгершілік мінезінің диалектикасы Ақан-Серіде жігіттер бейнесінде көрінеді. Ол сол кездегі замандастардың он үш қасиетін бөліп көрсетеді: ақыл, ақылдылық, табандылық; мақсатқа жетушілік, рух күшiмен табандылық ету; өз-өзін сүю, мақтаншақтық және қабiлетсiздiк; жан-жақты даму және істеген істе дәлдікпен ашықтық; сараңдылық, айлакерлік, арамдық; еркіндік, әйелдеріне бағыну және тәуелдiлiк :


Төртінші бір жігіт бар мінезі ауыр,

Асылзат ажар берген өңі тәуір...

Сегізінші бір жігіт сегіз қырлы,

Нық сөзді, раушан көңіл, жалғыз сырлы [17, 152-153б.].


Ақындар мен жыраулар өздерін жарқын адами мінездерін қажеттілік және қызығушылықтары арқылы көрсеткен, ол адам табиғатының шексіздігін және жұмбақтығын көрсетеді.

ХХ ғасыр қазақ ойшылдары шығармашылықтарынан бірнеше мысалдар келтірейік, ол адамның сыртқы және iшкi сәйкес қатынастарын анықтайды.

Айтылып отырған қатігездік, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» атты эпикалық дастанындағы ақсақ Нұрым атты жағымсыз кейіпкерінен: «Аузына, темекі толтырған, мұрнынан асырып түкіріп тұр, ырсылдап, бұқа сияқты мойны қысқа екен; қарны қампиған сиырдікі сияқты: иекте сақал уқаланған қап сияқты жатыр, сұйық және жағымсыз. Көзі бақырайған. Өзінің барлық түрімен Нұрым бүйі секілдіні еске түсірді» [12, 193-194б.]. Ж. Аймауытовта да сондай ұсқынсыздықтан зұлым бейнесін көрді, ондай кейіпкері әрқашан өрескел және өктемдік іс-әрекеттерде көрінеді: Әйнектің түбінде қап-қара аюдай бірдеңе отыр» [3, 303б.]. «Көзі қисайып, ақшиып кетіпті. Қыли екенің сонда көрдім… Мінезі жаман екен» [3, 304-305б.]. Келтiрiлген дәйексөздер бейнесіз ғажайыпты терiске шығару ғана еместігін куәландырады. Айқын болғандай жағымсыз әсер қайғырысын көргеннен кейін, оны теріске шығару арқылы, мейірімділік және сұлулық сияқты адами құндылықтар анық бекітілген. Шеллингтің пікірі бойынша ұсқынсыз бейнелі құбылыстар «барлық алынғандардың үлгісі, түбі идеалдар, тек қана аударылған идеалдар емес, және осының арқасында олар ғажайып сферасына айналады [19]. «Жетілгендіктің» ұсқынсыз бейнесі болған сайын, ғажайып құндылығы айқындала түседі:
Как будто нить золотая, тонок ее голосок.

Хрупкая, беззащитная, будто бы стебелек.

Умная не по возрасту, нету такой другой.

И с плеч ее льются волосы стремительно, как поток [12, 169б.].


Этикалық және эстетикалықтың өзара байланысы құндылықтың бағытталғандығымен түр және мазмұн ретінде жойылады (оң немесе терiс), демек, адамның iшкi, рухани әлемiмен байланысты. Бұл бір жағы ғана, этикалық және эстетикалықтың диалектикалық дамуының бір ғана күрделі жүйесі. Бiрақ, әйтсе де, Көпеев, Торайғыров және Аймауытов шығармашылығынан дүниені тану және орта ғасыр эпостық рухының мұраларын дамытуын атап өту маңызды деп санаймыз және сондықтан сыртқы және iшкi құндылықтардың сәйкестіктерін өзара байланысының келесi түрлерiн шартты түрде ерекшелеймiз:

- сыртқы сұлулық мiнездері батырлардың iшкi рухани байлықтарға этикалық және эстетикалық бағытталғандықпен сәйкес келуі (Қамар- сұлу, Ахмет, Ақбілек, Шеризат ), бұдан басқа, әрбiр іс-әрекеттері және оның себебi жақсылық нұрымен рухтанған ғажайып сияқты қабылданады;

- теріс этикалық және эстетикалықтың сәйкес келуі, сыртқы тартымсыздық батырдың рухани жетілуін бейнелейді (Ақсақ Нұрым, Кәмәлидің күйеуі («Ақбiлектен»)), онда барлық жерде батырдың моральды ұсқынсыздығы бейнеленген, адами қасиетінің төмендігі, оның ниетінен көрінеді.

Бірақ дене жетiлуін немесе кемелiне жетпегендігін эпикалық туындыларда ғана емес, сыртқы және iшкi контекстерді теңестіруде де айтылады. Дене бітімінің сұлулығын орта ғасырда әл-Фараби басқа позициялар тұрғысынан қарастырады, осыған сәйкес «жетілген адам тәні – ол оның денсаулығы: егер денсаулық болса, онда оны сақтау керек, ал егер болмаса оны иемдену қажет» [20]. Біздің көзқарасымыз бойынша, орта ғасырлық ойшылдардың адамның табиғи дене мәлiметтерiнiң артикуляциясы олардың «табиғи сұлулығымен» адамдардың негізгі сенімдерімен байланысты, онда рухани сапалар дамиды, яғни адамның дене денсаулығы оның белсенді орныққан әлеуетті қабілеттерімен дамиды. Аймауытов жас ұрпақ туралы ойланған кезде (Тәрбие) адамдарда дене бітімінің жетілуі үшін денсаулығын нығайту идеясы қажет екенін түсінді. Осы жерде екі ойшылдардың да көздеген идеясы сұлулыққа ғана таңырқау қанағаттану немесе пайда емес, ол рухани-жан дүниесін асқақтату және жетістікке жақындау болып табылады. Бірақ адамның табиғи сұлулығын айтқан кезде, әл- Фарабимен Аймауытов ақыл-ой және рухани сұлулыққа ниет білдірді.

Сонымен бiрге С.Торайғыров сыртқы күйі ауытқымалы болатынын көрсеткен:
На взгляд бывает очень хороша

Красавица. Но вот ее душа

Темна. А ты не видишь в ней изъяна,

Мечтой нетерпеливой к ней спеша [12, 35б.].


Ол бiрақ дене бітімінің сұлулығын жоққа шығармайды, ол туралы таңданып айтады. Бірақ, сұлулыққа құштарлық оның түсінігінде игілікке жақындау мақсаты болып табылады.

М. Ж. Көпеев өз дастандарында сырт көзбен қарағандағы адамның шынайы өмірдегі лауазымды, сыйлы орында отырса да, қоғамдағы жағдайымен сәйкес келмейтіндігін салыстырып айтады:


Бір талайға санасаң келді жасың

Шөпке тұрған қырау ма баста шашың.

Ұзын деумен етегім өтті

Ойда жоқ тіпті тұттай жалаңашың [1, 51б.].


Адамның өз бойындағы шындықты білгісі келмеуі, өзі қалыптастырып алған жасанды құндылықтарға сенуі күлкіден де ауыр келетін аяушылық сезімін оятады, кей жағдайларда адамдардың көңілі қалып жатқан да жағдайлар кездеседі. М. Ж. Көпеев өз замандастарының ісіне берік болмай, біреуге сенуі атқарған істерінің барлығы шала екеніне көзі жетіп, реніш білдіреді. М. Ж. Көпеев, С.Торайғыров трагикомедиялық көзқарас арқылы өмірдегі адам болмысының дұрыс болмауын, құндылықтырдың жоқтығын әшкерелеп айтады. Жасалған талдау арқылы шынайы жағдай мен мазмұнын сылыстыру арқылы осындай қорытынды жасауға болады:

  • түр әлпетімен сыртқы және адамгершілігінінің арасында қарама-қайшылық бар, ( Жәмилә, Сылаң қыз, Мүсілім, Мұқаш), онда сыртқы жақсы сөз бен қимылдарының арасында өтірік болған кезде, келеңсіз мүдде көздеген, басқа адамдарды өздерінің мақсаттары ретінде пайдаланады;

- Сырт келбеті идеал болмаса да рухани сұлулығымен ерекшеленген кейіпкер (лирикалық кейіпкер, кедей Қартқожа) бойындағы қасиеттердің келіспеуі. Берілген классификация этика - эстетикалық байланыстың жан-жақтылығын шартты түрде, толық емес қарастырылуы этика-эстетикалық байланыс дамуының кезекті кезеңін ғана білдіреді. Ол туралы айтпай өту мүмкін емес, себебі этика-эстетика орта ғасырдың өзінде-ақ көпдеңгейлі болды. Оны бір ғана тұрғыдан қарастыру мүмкін емес. Адам қатал сызба бойынша өмір сүре алмайды. Дегенмен ортағасыр мұсылман философтары мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының дүниетанымы біршама ұқсас. Олардың барлығы этикалық, адамдық, рухани сәттерге ерекше көңіл бөлді. Қорытындылай келсек, М. Ж. Көпеев этика және эстетикалық байланыс негізделген адамгершілік жауапкершілікті керек деген, С. Торайғыров ізденуді танумен байланыстырып қана қоймай, әділдікті де талап еткен, Ж. Аймауытов істің орындалуында адамгершілік болуын меңзеді, ойын жеткізе білді.
Бақылау сұрақтары
1. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылықтарында адамның сыртқы және ішкі бірлігіндегі этика және эстетикалық қалай көрінеді?

2. Олардың шығармашылықтарынан этикалық және эстетикалық мәндi ашатын мысалдарды келтiріңiз?

3. Сыртқы және iшкi қайшылық. Қаншалықты сыртқы қайшылық жалған?

4. Ұсқынсыз бейненің жетілгені бола ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.


1.9 ХХ ғасыр басындағы орыс, еуропа, қазақ ойшылдарының шығармашылықтарындағы этикалық және эстетикалықтың компаративтік талдау арақатынасы

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасыр басындағы орыс, еуропа, қазақ ойшылдарының этикалық және эстетикалық арақатынас мәселелерін көрудегі контекстік салыстырмалы ұқсас талдауларды айқындау және зерттеу ерекшеліктері.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: ХХ ғасыр басындағы адамзат заманының жаңа күй-жай қырларын анықтау үшін ХХ жүз жылдық басындағы орыс, еуропалық және қазақ мәдениетінің негізгі құндылықтар бағдарына сараптама жүргізуге тура келеді.

Осы дәуірге байланысты жалпы дүниетанымдық бағдарларын айқындау. К. Ясперс, Ф. М. Достоевский, Л. Н. Толстой, Н. В. Гоголь, М. Хайдеггер шығармашылықтарына ерекше назар аудару керек.

Жүз жылдықта адамның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын берілген ұғымдық ішкі әлеміне дербес талдау жасау.

Осы кезеңдегі этика және эстетиканың негізгі ұғымдарына назар аударыңыздар. Қоғам мен адамда олардың көріну ерекшеліктерін (спецификасын) бақылаңыз, сонымен қатар берілген түсінікке әсер ететін факторларды сұрыптаңдар.


Тақырып мазмұны
1. Көшпенділердің - отырықшылығы. Батыс-Шығыс.

2. Этизм және эстетизм.

3. ХХ ғасыр басында адам мәнін түсінудің ерекшелігі мен ұқсастығы.

4. Зерттелетін ойшылдардардың Мен-бөтен тұжырымын бейнелеп беруі.

ХХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының дүниетанымдық қабылдауын зерттеу орыс және еуропа философтары К. Ясперс, Ф. М. Достоевский, Л. Н. Толстой, Н. В. Гоголь жақын болды, дегенменде олар сонымен қатар көркем мәдениетті жаратты және олардың шығармалары жақсылық пен жамандық арақатынас мәселелерінде философиялық жалпылау болып келді, кереметтік және ұсқынсыздық, яғни әлемде адам болмысы тәсілдерінің талдауы жасалды. Біздің көзқарасымызша, өнегелі жауаптылық сезімі М. Ж. Көпеев шығармасы кінә сезімімен тығыз байланыста тиісті қаралу керек. Дегенменен, әлемнің әрбір жетіспеушілігіне жауапкершілік және өзінің кім екенін көрсетуге мүмкіндіктерді пайдаланбағаны үшін өзін кінәлау сезімі бар болады. Бұл философия тарихында жаңа тақырып болып саналмайды, олар белгілі болғандай көптеген әлемдік ойшылдарға ортақ болды, соның ішінде К. Ясперс үшін де. М. Ж. Көпеев неміс экзистенциалисті мұрасымен таныс болған жоқ. Және бұл факт әлемдегі барлық халықтардың және әр түрлі кезеңдегі ұлы ойшылдардың керемет үндестік құбылысын бекітеді. Бізді олардың көзқарастарының сәйкес келуі де қызықтыра түседі.

К. Ясперс, өзінің трагедиялық болмыс туралы ойын білдіргенде, сонымен қатар жауапкершілік және кінә түсініктерін теңестіреді. Ол мынадай ойға келді, адам өз кемшілігі ғана емес барлық әлем кемшілігі үшін кінә алу қажет деген шешімге келді. Бұл кінәні метофизикалық деп атады, ол «әлемдегі барлық әділетсіздікке, әсіресе қылмыстың істелуі кезінде және қылмыс істелу уақытында куә болса жауапкершілікті сезіну керек. Егер бұл қылмысты жою үшін мен қолымнан келгеннің бәрін істемеген болсам, онда мен олардың жақтасы боламын» [21]. К. Ясперс бойынша барлық мәселе мынада: барлық кінә мен жауапкершілікті өзіне алып ары қарай өмір сүре алу, іштей өкіну арқылы өмірін қайта құру. М. Ж. Көпеев К. Ясперспен ынтымақтас, себебі өзін-өзі кешіру және өзін-өзі жеңу өткенді жасыру, оны сызып тастау үрдісі өте азапты. Ол барлық кезеңдерді және өкіну кездерді өткеруі үшін ең жоғарғы болымдылыққа апаратын бостандықтың жауапкершілігін шексіздігін шынайы түсіну керек. Бұл жолды «Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі» М. Ж. Көпеевтің осы дастандағы кішкентай ханша өткерген. Кінәнің бар болуы (жауапкершілікке) адам өміріне адамгершілік негізін жоғалтпауға көмектеседі, оны сақтау және рухани бүтіндікті қайта қалпына келтіру үшін керек.

Діни ұғым этикалық және эстетикалық түсініктермен өзара байланысты, көп деңгейде біздің көзқарасымызды М. Ж. Көпеевтің және әлем қабылдаған Гогольдің позициясы жақындатады. Гоголь белгілегендей поэзияны, музыканы, театрды құдайдан алыстатпай оған жол сілтеу керек. Бірақта өнер әлемінде этикалық бастаманы эстетикамен алмастыратын жайттар жиі кездеседі. Өмірді бақылау барысында, адамгершілік және сұлулық қатынастарын талдауда Н. В. Гоголь көңіл толтырмайтын қорытындыға келді, адамгершілік принципі көбінесе әлсіз болып келеді: «…бірақ ағайындыларды қалай жақсы көруге болады? Адамдарды қалай жақсы көруге болады? Жаның бір жақсы нәрсені сүйгісі келеді, ал бейшара адамдар кемеліне жетпеген, онысыз да олардың жақсы жақтары аз» [22, 208 б.]. Н. В. Гогольдің айтуы бойынша адамзат жеңіл рахаттануға көбінесе ұмтылады, эстетикалық қанағаттанады, мораль мен адамгершілік жанның белгілі күшін қажет етеді деп белгілейді.

Гоголь этикалық және эстетикалық шынайы әрекеттердің қарсы жақтарын ашу үшін көбінесе сызбаға сүйенген, ирония - бұл қоғамдық жағдайларға рухани көзқараспен қарауға болатын бұрыш. Ол адамдардың ақауы мен кемшіліктерін күлкі арқылы өлтірді.

М. Ж. Көпеев өз замандастарының өмір үлгісін талдауында, олардың ақаулары мен әлсіздіктеріне ирониялық қатынасты шақыратын құстар мен жануарлардың табиғи үлгісін қолданды.
Қазақтың молдасы бар көбелектей,

Жүреді қайда от болса төңіректей.

Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз,

Ұшады, тек жел болса, ебелектей [1, 222-223 б.].


Біздің көзқарасымызбен, ойшылдардың көзқарасының сәйкестігі трагедия-ирониялық келекені олардың ішкі дүниесінің қиналысын көрсететін құрал ретінде ұғынылған әрекеттер қатынасына негізделеді.

С. Торайғыров бойынша адам ең басында ізденіс күйінде болады. Басқаша айтқанда, өзінің рухани-жан дүниесінің маңыздылығын іздеу ойшылдарды адам болмысының аяқталмаған және тоқталмаған ойға әкеледі. Бұл жол бір уақытта риясыз өзін басқаға қайтарып берді және өзіндегі керемет пен жетілгенді толтырды. Л. Н. Толстой басқа адамдармен қатынасынан кейінгі өміріндегі ауыр рухани тоқыраудан соң өтті. Орыс ойшылдары адамның бұл жерде өмірге кездейсоқ келмегендігін ойлай отырып, басқа адам болмысынан терең мағына көрді. Жазушының рухани тоқырауына байланысты өзгеріс тізімдері оның эстетикалық түсініктерінде байқалды. Егерде бұрынғы туындыларында шындықтың үш бірлігі белгіленсе, жақсылық пен сұлулық болса, онда кейінгілерінде этикалық және эстетикалық басталудың болғаны көрінеді. Л. Н. Толстой бойынша этика мен эстетика өнерге ғана тиісті емес, ең алдымен бұл адам өмірінің негізі ыдырауы болады. Олардың ыдырауының трагедиялық айырмашылықтарын көре отырып және оларға ұқсас негіз таба алмай олардың бірыңғай ойшысы мәлімдейді, жақсылық пен сұлулық - үйлесiмдi емес заттар. Толстой этикаға жоғары бағалау береді, адам қалай бар болмыстық мағынасын жоғалтса, онда ол лезде эстетикалық сезгіште болады.

Н. Толстой, өз көзқарасына сенімді бола отырып, өнер ол адамды алдаушы ермек деп ойлайды. Сондықтан өзінен кейін жақсылық әкелмейтіндердің барлығы қайтарылуы тиіс.

Ойшылдар Шекспир, Данте, Бетховен, Рафаэл шығармаларын талдай отырып және оларға түсініксіз және қол жетпейтін сияқты бағалау беріп, демек халыққа қажеті жоқ бөгде деген ойға келді. Л. Н. Толстой өзінің алдындағы туындыларына сын көзбен қарайды. Бұл қорытынды ойшылдың осы дәуірге терең енуін бiлдiредi.

С. Торайгыров, керісінше өткен ғасыр мен қазіргі заман туындыларын жоғары бағалай отырып, әлеуметтік қызмет ететін болашақ өнерге үлкен үміт артады:
«Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байка,

Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа.

Кешегі Бұқар-жырау, Жанақ ақын,

Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын.

Ахмет пенен Міржақып әм Мағжан,

Алты алаштың баласы біледі атын [2, 222-223 б.].


С. Торайғыров үшін өнер мен өмірдің сипаттары жақын. Ол сұлулықтың біртұтас ойын қозғай отырып, поэзиядағы ақиқат және рақымшылдық, адамдарды биік армандарға бағдарлайтын поэзияның жалпылама мәні туралы айтады.

Ж. Аймауытов туындылар талдауды жалғастыра отырып, оның Ф. М. Достоевскийдің этика - эстетикалық үндестік көзқарасымен, ең алдымен мінез-құлық түрлерінің шексіз саны жасалған және шексіз мүмкіншіліктерді, қарама - қайшы құбылыстар оны күрделендіріп жалғастырады. Ж. Аймауытов пен Ф. М. Достоевский зұлымдық пен мейірімділік туралы айтқанда табиғилықпен құдайлық бастамалар сәйкес келеді. Керісінше, зұлымдық пен мейірімділік арасындағы таңдау - бұл рухани реттілік құбылысы болып табылады. Және олардың іс әрекеттерінде Мүсілімнің («Мансапқорлар»), Мұқаштың («Ақбілек») және Раскольников бейнесінде («Преступление и наказание») кейпіндегі әрекеттерінде олардың өмірлік позициясының еркіндігі байқалады. Қылмыстың өзі үшін немесе басқа адамдар үшін жасауы адамдықтан кету, ол бақытты етпейді. Мұқаш кейпін Ж.Аймауытов адами тұлғаның кері жақтарын - кекшілдік, зұлымдық, іштарлық: «мені елден пара алды, дүние тартып әкетті, пәлен-түген қылды деп қаладағы оқыған азаматтарға дәттеп қойыпты… Мамырбайдың ұлы! Әй, тірі болсам, бір қылармын деп кете бердім» [22, 482б.] жарқын суреттейді. Осы уақытта, ойшыл өзінің күнәсін мойындаған Мұқаш кейпінде адам жанының көп деңгейлік шексіздігін көрсетеді. Басты кейіпкер бала мен өзінің арасындағы шекараны пәктік пен тазалық болып табылатын жауыздық пен мейірімділік әлемімен жүргізеді. Ж. Аймауытов үшін адамда әдемілікті қабылдау сезімін оятатын, өкіну ар үнімен тазарумен байланысты. Бұл ой адам жанының әлеуеттік шексіздігінде кінәлі сезінуді ашатын және өкінуге сәйкес дүниетануларға негізделген болатын. Раскольников бейнесінде адамды адамгершілік қасиетін ашатын тағы да сол ар трагедиясы ашылған. Мораль қарама-қарсылығы бұл жолы арқылы адамда махаббат және мейірімділік сезімдері оянуы ықтимал. Ф. М. Достоевский айтып өткендей «адам жұмбақ, қайшылықтардан құралған, бірақ ол сол уақытта құрыған адамның абсолютті құндылық болып келеді» [22, 484 б.]. Басқаша айтқанда, құрыған адамның өзінде махаббат сезімі оянады. Бірақ егер Ф. М. Достоевскийдің басты кейіпкері зұлымдықтан босап құдайға бас ұру арқылы бостандыққа келсе, діннен жәрдем іздесе, онда Ж. Аймауытов ойларында зұлымдық тану әрқашанда емес одан құтылудың жолы деп түсіндіреді. Және мұнда себеп, адамның қалауымен бостандықта болуында жатыр, оның өз өмірін өзгертуге қалауы мүмкіндіктері болмауы ықтимал. Ж. Аймауытов дінді жасырмай оған ерекше мән бере отырып, адамды құтқарудың тағы бір жол тәрбиелікте деп қарастырады.


Бақылау сұрақтары
1. ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-саяси оқиғаларға жалпылама сипаттама беріңдер және қазақ ойшылдарының шығармашылығына өтпелі дәуірдің әсер етуін көрсетіңдер

2. Орыс, еуропа, қазақ ойшылдарының этикалық және эстетикалық қатынаста мәселелерді шешу ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ашуда салыстырмалы талдау келтіріңдер және сызба-нұсқа құрыңдар.

3. Көшпелі-отырықшы Шығыс Батыс мәдениетінде көтерілетін және талданатын ұқсастық мәселелерінің себебін түсіндіріңдер.

4. Л. Н. Толстой айтқандай «сұлулық ұғымы мейірімділікпен ғана сәйкес келмейді, ол оған қарама-қарсы, яғни мейірімділік көбінесе құштарлыққа деген жеңіспен сәйкес келеді, сұлулық сол біздің құштарлығымыз негізі». Осы оймен келісесіз бе? Жауабыңызды дәлелдеңіз.


2 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық және эстетикалықтың компаративтік талдауы
2.1 Табиғаттағы эстетикалық (М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов бойынша)

Сабақтың мақсаты: ғасыр басында қазақ ақындарының ойында эстетиканың табиғатта пайда болу маңыздылығы мен түрлерін талдау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: Табиғаттың қазақ халқының өміріне әсері, оның рөлі мен маңыздылығын мақсатқа лайықты талдау. Табиғаттық эстетикалық негізгі акцент комикалық, ирониялық, трагедиялық, керемет көтеріңкі, және т.б сияқтыларды ерекшелеңіздер. Қазақ ойшылдарының табиғатты талдаудағы мәнерлі құралдарды қолданудағы ұқсастық пен ерекшеліктеріне назар аударыңыздар.

Әлем мен адамның өзара қатынастарында талдау және таным құралы ретіндегі бейнелілік ойлауға жалпылама сипат беріңдер.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау