Жусупбекова Гулмира, Төменарық да ІІ санатты жалпы тәжірибелі мейірбикесі



жүктеу 292,77 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата26.05.2018
өлшемі292,77 Kb.
#17991
1   2   3   4

Тулегенова Гулшим,

Қожакент дәрігерлік амбулаториясының

акушеркасы 

Денсаулыққа әрдайым жете мән беріп, уақытылы медициналық тексе-

рулерден өтіп тұру қажет. Себебі көп жағдайларда сүт безiнiң қатерлi iсiгi кеш

анықталып  жататыны  жасырын  емес.  Сүт  безінің  қатерлі  ісігі  әйел  өмірі  үшін

қауіпті дерт саналады. Бұл қатерлi iсiктiң пайда болуына ықпал ететiн факторлар

жетерлік. Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері бірден біліне қоймайды. Сондықтан

көп  жағдайда  әйелдер  қатерлі  ісік  әбден  асқынған  кезде  дәрiгер  көмегіне

жүгініп  жатады.  Осындай  қатерліс  ісік  ауруларының  алдын  алу  мақсатында

тегiн  скринингтiк  тексерiлулер  жүргізілуде.  Сүт  безiнiң  зақымданған  жағында

қолтық астында бiр немесе бiрнеше жұмыр лимфа түйiндерi пайда бола бастай-

ды.  Ал  диффузды  қатерлi  iсiктiң  белгiлерi  көбiнесе  жас  әйелдерде  кездеседi.

Әйелдiң омырауы iсiніп, қабынып, қатая бастайды. Iсiк қатерлi болған жағдайда

омырау  үлкейiп,  оның  ұшы  мен  ареола  қыртысы  жуандайды.  Сондай-ақ,  ке-

уде  аумағында  сыздау  сезiлiп,  қолайсыздық  туындайды.  Қатерлi  iсiктiң  осын-

дай негiзгi белгiлерi байқалысымен уақыт оздырмай емдеуге кіріскен жөн. Сүт

безiнiң қатерлi iсiгi төрт сатыдан тұрады: 1-шi және 2-шi сатыларда сүт безi iсiгi

емделуi мүмкiн. Бұл сатыларда ұдайы ауырсыну, қанның құрамында кальцийдiң

жетiспеуiнен  болатын  шөлдеу,  жиi  зәр  қысу,  лоқсу,  iш  қату,  мiнез-құлықтың

өзгеруi  және  қолтық  астында  қол  бойында  iсiктiң  пайда  болуы  да  жатады.

Қатерлi  iсiкпен  ауырған  науқастар  қатты  шаршап,  әлсiрейдi.  Әлсiздiк,  жүдеу

бiрнеше күн, апта, тiптi айлап созылуы мүмкiн. Күнделiктi төсек жинау, жуы-

ну,  ас  дайындау  секiлдi  қимылдардың  өзi  өте  ауыр  тиiп,  қатты  қалжырайды.

Сондықтан да, осындай жайттарды басынан өткерген әйелдер  мiндеттi түрде

мамандарға қаралуы тиiс. Майлы, қуырылған және қақталған тағамдарды көп

пайдалану, сыра, алкогольдi iшiмдiктердi iшу, сонымен қатар, радиацияның, зи-

янды  газдардың,  улы  химикаттардың,  синтетикалық  бояулардың  ұзақ  мезгiл

әсер етуi осы дерттiң басталуына алып келуi мүмкiн. Баланы бес айға жетпей

емшектен шығару да қатерлi iсiкке жол ашады екен. Сонымен қатар сүт безiнiң

ауруы, гинекологиялық сырқаттар, бауыр, оның iшiнде бұрын болған сарыауру,

артық салмақ, қант диабетi, жатырдан қан кету, қан қысымының тұрақсыздығы,

қалқанша без жұмысының бұзылуы, сүт безiнiң, жатырдың жарақаттануыда се-

беп  болуы  мүмкiн.  Сондықтан  сүт  безі  қатерлі  ісігін  тудыруы  мүмкін  осындай

факторлардан сақ болыңыз.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТАМАҚТАНУЫ

Тулегенова Гулшим,

 Қожакент дәрігерлік амбулаториясының

 акушеркасы 

Жүкті әйелдердiң және емізулі баласы бар аналардың сапалы тамақтануы ба-

ланы тиімді тамақтандырудың бастапқы кезеңі болып табылады. Себебі баланың

қоректенуі оның дүниеге келуінен әлдеқайда бұрын басталып кетеді. Құрсақтағы

баланың дамуы анасының ағзасынан алынған қоректік заттарға тікелей тәуелді.

Жүкті әйелдің тамақтануындағы сандық және сапалық кемшіліктердің салдары-

нан әйел ағзасы тарапынан түрлі жүктіліктің, босанудағы асқынулармен қатар,

құрсақтағы  ұрықта  және  дүниеге  келген  балада  да  көптеген  патологиялар

орын алуы мүмкін. Жүкті әйелдің рационалды тамақтануы - тамақ құрамындағы

қоректік  заттардың  тиімді  қатынаста  болып,  оның  ағзасының  дұрыс  функци-

ясын,  жүктіліктің  ойдағыдай  жүріп,  құрсақтағы  ұрықтың  дұрыс  қалыптасып

жетілуін қамтамасыз етуі қажет. Бұл үшін тамақтану пирамидасы қолданылады,

күндік тамақ мөлшері мен реттілігі анықталады. Жүкті әйелдің рационы ағзада

түзілмейтін, яғни құрамында алмастырылмайтын аминқышқылдары бар бело-

ктардан,  майлар  мен  қанықпаған  май  қышқылдарынан,  витаминдер  мен  ми-

нерал  заттардан  тұруы  керек.  Әрбір  жүкті  әйелдің  жеке  салмағына,  кәсіби

ерекшелігіне, энергия жұмсау ерекшелігіне, жүктілік мерзіміне қарай қоректенуі

жеке дара жіктелген болуы шарт. Жүктіліктің алғашқы үш айлығында ұрықтың

қалыптасатынын ескергендіктен әйелдің ағзасына биологиялық белсенді зат-

тар, микроэлементтер, витаминдер, белоктардың қажетті мөлшерде енгізілуін

қамтамасыз  еткен  жөн.  Жүктіліктің  екінші  жартысында  да  әйелдің  сапалы

тамақтануының  маңызы  зор.  Тамақпен  қабылданатын  белоктардың  60  пай-

ызы  мал  өнімдері  белоктарынан  тұруы  шарт.  Әсіресе,  сүт  өнімдері  белокта-

ры аса тиімді, сіңімді болып келеді. Жүкті әйел көкөніс, жеміс-жидектерді асқа

тиімді пайдаланса, жүктілік кезінде жиі байқалатын іштің қаталап қалуының ал-

дын алып, бауырдың қызметіне жеңілдік болып табылады. Сондай-ақ, әйелдің

рационындағы  ас  тұзы  шектеліп,  тәуліктік  қабылданатын  су  мөлшерінің  де  2

л-ден артпағаны жөн. Түрлі асты қабылдағанда да әйелге белгілі ережелерді

ұстанған  жөн.  Себебі,  белоктар  ас  қорыту  жүйесінде  ұзақ  қорытылып,  нерв

жүйесін  қоздыратындықтан,  оларды  таңертеңгілік  асқа  және  түскі  асқа  пай-

далану керек. Ал, кешкі ас сүт және өсімдіктерден даярланса игі. Сондықтан

жүктілік кезеңіндегі тиімді тамақтанудың маңыздылығын естен шығармаңыз.



СЕМІЗДІК

Сулейменова Ләйла,

 Амбулаториялық-емханалық қызметі бар 

Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының

 эндокринолог мейірбикесі 

Семіздік дегенiмiз ағзаға артық майдың жиналуы, яғни тіндер мен орган-

дарды май басып кету. Әдетте майдың пайда болу процесі оның ыдырауына

қарағанда жылдам жүреді. Семіздіктің бірден-бір себебі – үнемі артық тамақ

ішу. Ескеретін жәйт, қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі,

адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі, дене еңбегі) тағамды

организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс

тамақтанбау,  тәуліктік  рационда  сіңімді  көмірсулар,  қант,  кондитерлік,  тәтті

тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп бо-

луы белгілі бір дәрежеде себеп болады. Маскүнемдік, ішімдіктерді үнемі ішу

де семіздікке алып келеді. Өйткені олардың калориясы өте жоғары, ал оны

ішкен кезде адамның тамаққа тәбеті ашыла бастайды. Кей жағдайда семіздік

ішкі секреция органдарының ауруларымен де байланысты болады. Семіздік 4

сатыға бөлінеді. Бірінші сатыда адамның салмағы әдеттегі қалпынан 20 пай-

ыздан артық болса, екінші сатыда 50 пайыздан асып кетеді, ал үшінші саты-

да 100 пайызға дейін және төртінші сатысында 100 пайыздан да асып кетеді.

Осыдан барып, организмнің зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен буынға

салмақ түсуінің өсуі тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер тудырады. Қатты

семіру тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелерінде де өзгерістер туғызып,

өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Артық салмақ қант диабетінің, гиперто-

ния аурулардың, стенокардия мен миокард инфарктының, өтке тас байлану,

т.б.  аурулардың  пайда  болуына  тікелей  жол  ашады.  Сондықтан  семіздіктен

арылу  үшін  мүмкіндігінше  диета  сақтап,  май,  көмір,  су  және  калориясы  аз,

бірақ белогы мен витаминдері мол тағамдарды ішу керек. Суға шомылу, мас-

саж жасату, спортпен шұғылдану қажет.

ҚАНТ ДИАБЕТІ

Соңғы


жылдары

тұрғындар

арасын-

да  көптеп  кездесіп



жатқан  аурудың  бірі

–  қант  диабеті  ау-

руы.  Қант  диабеті

-  көмірсутек,  май,

ақуыздың

зат


алмасуының

со-


зылмалы

бұзылуы


мен  қандағы  қант

мөлшерінің

шама-

дан  тыс  көбейіп  кетуі



салдарынан

туын-


дайтын  қауіпті  дерт.

Өкінішке  орай  бұл

ауру жас талғамайды,

мұнымен  жастар  да,

орта  жастағылар  да,

қарттар  да  ауыру-

да.  Қант  диабетіне

көбінесе, денеге артық салмақ қосқан 40 жастан асқан адамдар ұшырайды.

Диабет негізінен инсулиннің асқазан асты безінен жеткіліксіз бөлінуінен баста-

лады. Өйткені инсулин жеткіліксіз болса, ағза қант түйіршегін өз дәрежесінде

өңдей  алмайды.  Содан  барып,  қанның  құрамында  қант  мөлшерінің  артуы

орын алады. Қант диабетіне ұшыраған адамның қол-аяғы ұйып жансыздана

бастайды, кіші дәретке шығуы жиілеп, үнемі шөлдеп тұрады, өзін шаршаңқы

сезініп,  көңіл-күйі  өзгеріске  ұшырап,  қарын  ашу  және  салмақтың  азаюы

сияқты  алғашқы  белгілер  пайда  бола  бастайды.  Науқастың  терісі  қышып,

көру қабілеті де төмендейді. Орта жастан асқан адамдардағы диабетті дұрыс

тамақтану,  сондай-ақ  тамақ  режимін  сақтау  арқылы  да  емдеуге  болады.

Сондықтан диабетпен ауыратын толық адамдар ең алдымен артық салмақтан

арылу үшін тамақтану мәселесіне айрықша мән бергендері жөн, өйткенi бұл

аурумен ауыратын адамдарға диетаны сақтау бірінші қажеттілік болып табы-

лады. Қант диабетіне шалдыққан адамдар қант, кәмпит, тағы да басқа тәтті

тағамдарды тоқтатып, күріш, картоп және  басқа да құрамында ақуызы мол

тағамдармен тамақтанғаны дұрыс. Ең бастысы, дене тазалығына, жеке бас ги-

гиенасына баса назар аудару қажет. Қант диабеті ауруының алдын алу үшін

ұй»ымдастырылып жатқан скринингтік тексерулерден өтіңіз. Қант диабетінің

қандай да бір алғашқы белгілерін байқасаңыз, медициналық көмекке жүгініңіз.



Байсейтова Күлзейнет,

Түгіскен ДА жоғарғы санатты мейірбикесі

ҚАЛҚАНША БЕЗ

Сулейменова Ләйла,

 Амбулаториялық-емханалық қызметі бар 

Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының

 эндокринолог 

мейірбикесі

Қалқанша

без

-

шеткі ішкі секреция безі.



Қалқанша  бездің  сыр-

ты  дәнекер  ұлпалық

қапшықпен  қапталған.

Қалқанша  без  барлық

омыртқалы  жануарлар-

да  болатын  ішкі  секре-

ция  бездерінің  ішіндегі

ең  ірісі.  Қалқанша  без

көмекейдің

алдыңғы


жағына

орнала-


скан.  Ересек  адамдар-

да  оның  салмағы  ша-

мамен  30-60  г,  пішіні

таға  тәрізді,  бірімен-

бірі  өзара  байланысқан

екі  бөліктен  тұрады.

Қалқанша  безде  іші

шырышты  затқа  толы

қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында

йод  болады.  50  жастан  әрі  қарай  калқанша  бездің  салмағы  мен  мөлшері

кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г. Қалқанша без

ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді, тироксин гормоны барлық зат алмасуға

қатысады. Сондай-ақ жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.

Қалқанша бездің қызметі бұзылған жағдайда организмде түрлі ауыцтқулар бо-

лады. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема ауру-

ына шалдығады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін оның алғашқы белгілерін

білген  жөн.  Әуелі  ағзада  зат  алмасу  30-40  пайызға  дейін  бәсеңдейді,  әсіресе

нәруыз алмасуы бұзылады, сондай-ақ терінің астына су жиналады, тері құрғап,

дене ісіне бастайды. Дене температурасы төмендеп, жүрек соғысы баяулайды.

Адамның қозғалысы да бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, тіпті шашы түсіп,

сирей бастайды. Қалқанша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін

жетеді,  сондыктан  оны  алкым  ісуі  дейді.  Бұл  ауруды  емдеу  және  болдырмау

үшін ас тұзына йод қосады. Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе,

бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы

бұзылып, ақыл-есі кеми бастайды. Бұл ауру кретинизм деп аталады және ауру

асқынбаса, емдеп жазуға болады. Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, дене-

де  зат  алмасу  күшейеді,  жүрек  соғуы  жиілейді,  қан  қысымы  көтеріліп,  жүйке

жүйесінің қозуы артады. Тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше аза

бастайды. Бұл жағдайда адам тез ашуланғыш және терлегіш болады. Бұл ауру

бадырақ көз немесе базедов ауруы деп аталады.



РАХИТ АУРУЫ

Рахит  ауруы  -  сәбилердің

қарқынды  өсу  кезеңіндегі

«Д»  витамині  мен  оның

белсенді

метаболиттерінің

аздығына

байланысты

кальций-фосфор  зат  алма-

суы


өзгерісімен,сүйектердің

минералдануы

мен

сүйек


құрылуының

және


негізгі

азғалар


мен

жүйелер


қызметінің  бұзылуымен  си-

паталатын  ауру.  Рахит  ба-

лалар  арасында  кең  тараған

ауру.


Балалар

патологи-

ясында

рахиттің



маңызы

зор:  тіпті  жеңіл  түрінің  өзі

организмнің  дертке  қарсы

қабілетін төмендетіп, бала ау-

руы мен өлімінің көбеюіне жа-

нама  түрде  әсер  етеді.  Ра-

хит  әлеуметтік  ауру  ретінде

тұрмыстары нашар отбасылар-

да жиі кездеседі. Таза ауа мен

күн  сәулесінің  жеткіліксіздігі,

сәбидің  жедел  өсуі,  полиги-

повитаминоз,  шала  және  егіз

туу,  нәрсіз,  бірыңғай  жасанды  тамақтандыру,  дене  қимылының  аздығы,  диа-

рея,  перинаталдық  энцефалопатиялар,  құрысуға  қарсы  емдік  дәрілер  және

ішектен ас сіңу бұзылысының синдромдары, экологиялық жағымсыз жағдайлар

рахиттің пайда болуына әсер етуші факторлар болып табылады. Рахит ауруы

пайда болуының түпкі себебі – «Д» витаминінің жетіспеуі. Ол осы витаминнің

тағамда аз болуына немесе сәби организмінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне

байланысты. Оған әсіресе ультракүлгін сәулесі жетіспеуінің мәні зор. Рахит ау-

руы ауырлығына қарай 3 дәрежеге бөледі. І дәрежедегі рахит (бастапқы кезең)

вегетативті  жүйке  жүйесіндегі  бұзылыстар  және  сүйек  өзгерістерімен  сипа-

талады.  2-3  айлық  ауру  балада  үлкен  еңбегінің  ауданы  үлкейіп,  босаң  бола-

ды, бассүйек жігі және желке жұмсарады. ІІ дәрежелі рахит сүйек жүйесіндегі

анық  өзгерістермен  сипатталады.  Сүйек  талшықтарының  шамадан  тыс  өсуіне

байланысты  төбе  мен  маңдайдың  дөңестігі,  5-8  қабырғаларда  «рахиттік  та-

спих»  пайда  болады.  Ауыр  түрдегі  ІІІ-  дәрежелі  рахитте  бассүйек  онан  әрі

жұмсарып,  ол  мойын  омыртқаларын  қысады,  кеңсірік  батыңқыланып,  маңдай

және  төбе  сүйек  бұдырлары  сытқа  өседі,  сөйтіп  сәбидің  басы  «төртбұрыш»

тәрізденеді,  көкірек  қуысының  алдыңғы  жағы  төспен  бірге  ілгері  майысып,

құс  төсі  сияқтанып  тұрады.  Омыртқалар  доғаланып  иіліп,  рахиттік  бүкірлік,

қайқылық, қисаюлар пайда болды. Бала қаз тұра бастаған кезде бүккіш немесе

жазғыш бұлшық еттер күш-қуатының «тонусы» бір жақты әсерінен аяқтарда О

немесе Х әрпі тәріздес өзгерістер дамиды. Сүт тістердің шығу мерзімі, сонымен

қатар эмаль түзілуі бұзылады, тістер кариске бейім болады. Сүйек, жүйке және

бұлшық ет жүйесіндегі айқын бұзылыстар ішкі ағзалар қызметінің де өзгерісіне

алып  келеді.  Сырқат  балаларда  тыныс  алу  қызметі  бұзылады,  ол  көкірек

қуысының өзгеруінен, сондай-ақ өкпенің функционалды және морфологиялық

өзгерістермен  ұштасады.  Осының  өзі  өкпенің  қабынуына  –  пневмонияға

бейімділік  туғызады.  Жүректе  дистрофиялық  өзгерістер  дамып,  оның  соғуы

жиіленеді  және  әлсірейді.  Балалардың  біразында  тек  темір  жетіспеушілігінен

ғана емес, сондай-ақ эритроциттер мембраналарының құрылымы мен қызметінің

өзгеруіне байланысты, гипохромдық анемия пайда болады.

Рахиттен емделу үшін Д витамині тапшылығын жою керек, Р-Са алмасуын

қалыпқа  келтіру  қажет,  сондай-ақ  таза  ауада  жеткілікті  серуендетіп,  баланы

жасына қарай тиімді тамақтандырып, уалау, басқа да түрлі жаттығуларды жа-

сау қажет.



Байсейтова Күлзейнет,

Түгіскен ДА жоғарғы санатты мейірбикесі

СОЗЫЛМАЛЫ ГАСТРИТ

Жазыбаева Гүлжахан,

 Жайылма дәрігерлік амбулаториясының

 І санатты мейірбикесі

Гастрит  –  асқазанның  созылмалы  қабыну  сырқаты.  Гастрит  көбінесе  мек-

теп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Созылмалы гастриттің қалыптасуына

аналардағы  жүктілік  кезінде  паталогиялар  болған,  жасанды  тамақпен

қоректендірілген, тегінде ауыр аллергиялары бар балалар бейім келеді. Сондай-

ақ созылмалы гастриттер көп жағдайларда осы ауруға тектік бейімділігі бар ба-

лаларда байқалады. Аурудың пайда болуының басты себептеріне тоқталайық.

Гастрит  негізінен  астан  улану,  тамақтану  уақытының  сақталмауы  мен  тағам

сапасының  бұзылуы,  тамақты  құрғақтай  жеу,  асығып  шайнау,  ұзақ  уақыт

дәрілер  ішу  және  басқа  да  ас  қорыту  ағзаларының  зақымдалуынан,  сондай-

ақ өт жолының, бауырдың, ішектің асқазанға рефлекторлық әсерінен болады.

Іштің ауыруы, ауырсыну, лоқсу, өт аралас құсық, кекірік, мұның бәрі созылма-

лы гастриттің негізгі белгілері. Гастритпен ауырғанда көздің асты көгереді, тері

түсі бозғылттанады және салмақ жоғалтады. Науқастың үлкен дәреті бұзылып,

іші қата бастайды. Іштің жоғарғы бөлігі мен кіндік тұсын қолмен басқанда ауыр-

сынулар байқалады. Гастритті анықтау үшін эндоскопиялық тексеру жүргізіледі.

Сонымен  қатар  бауыр,  өт  жолдары  УЗИ  аппаратына  түсіріледі,  ішек  құртына

зерттеулер жүргізіледі. Гастритпен ауырған балаларға ботқалар, шырышты сор-

палар, қайнатылған ет, көкөніс пен жеміс езбелері, сүзбе, айран беріледі және

қатаң түрде диета ұстанулары керек. Ащы, қышқыл дәмді, қақталған, ысталған

тағамдарды пайдаланбауы тиіс, сондай-ақ кока-кола секілді газдалған сусын-

дарды ішуге болмайды. Гастритпен ауырған балаларға қатты жүгіруге, секіруге,

ауыр заттар көтеруге тиым салынады. Тамақтан кейін 30-40 минут таза ауада

серуендеген аса пайдалы.



СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ

 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Жоланова Уримхан,

 Қожамбердi ФАП  I санатты фельдшерi

Бірыңғай  ұлттық  денсаулық  сақтау  жүйесі  қалыптасқаннан  кейін  соңғы

жылдары    жаңа  талаптарға  сәйкес  аурудың  алдын  алуға  басымдықтар

берілуде.  Сондықтан  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы

аясында  барлық  емдеу  ұйымдарында  скринингтік  тексерулер  тұрақты

ұйымдастырылуда.  Скринингтік  тексерулер  -  ауруды  ерте  сатысында

анықтауға  бағытталған  іс-шаралар.  Скрининг  дегеніміз  «ерте  анықтау  және

алдын алу» деген сөз. Скринингтік тексерулер түрлі аурулардың алдын алу

мақсатында  тұрғындардың  нысаналы  топтарына  жүргізілуде.  Ерте  сатысын-

да  анықталған  ауруды  емдеу  де  тиімді  болмақ.  Сондай-ақ  скринингтік  тек-

серулер белгілі ауру түрлері бойынша өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге

септігін тигізуде. Халықтың нысаналы топтары бойынша қант диабеті, жатыр

мойнының обыры, қуық асты безінің обыры, В және С гепатиттері мен глауко-

ма, қан айналым жүйесі, сүт безінің обыры, асқазан, өңеш, бауыр қатерлі ісігін

анықтау  бойынша  скринингтік  тексерулер  өткізілуде.  Сондықтан  әрбіріміз,

осындай  тексерулерді  тиімді  пайдаланып,  аурудың  алдын  алуға  ықпал  жа-

сауымыз қажет. Өйткені скринингтік тексерулер ауруларды ерте анықтаудың

негізгі алғышарттарының бірі.



ТҰМАУ

Жоланова Уримхан,

 Қожамбердi ФАП  I санатты фельдшерi

Көктем, күз айларында көптеп белең алатын тыныс жолдарының жұқпалы

вирустық  ауруы  –  тұмау.  Тұмау  тез  таралатын  жұқпалы  аурудың  бірі.  Тұмау

түрлі  жолдар  арқылы  беріледі.  Тұмаумен  ауырған  науқас  адам  жөтелгенде,

түшкіргенде және қақырғанда микробтар оның түкірігі арқылы ауаға тарайды,

осылайша тұмау вирусы сау адамдарға жұғады. Тұмаумен ауырған науқастың

жеке  тұтыну  заттары  арқылы  да  жұғады.  Сондықтан  тұмауды  жұқтырып

алмауға баса мән беріп, сақтық шараларын естен шығармаған абзал. Тұмауды

асқындырып  алмаған  жөн.  Сондықтан  тұмау  басталысымен-ақ  ем  қабылдау

қажет.    Тұмау  тиген  адам  көзі  жасаурап,  кенеттен  қайта-қайта  түшкіре  ба-

стайды, оның көзі мен мұрнынан су ағып, әлсін-әлсін жөтеледі. Жалпы маза-

сы  қашып,  басы  ауырып,  дене  қызуы  көтеріледі.  Тұмаумен  ауырған  адамның

көңіл-күйі  күрт  төмендеп,  буындары  сырқырап  ауыра  бастайды.  Тұмаудың

осындай  алғашқы  белгілері  басталысымен  емделуге  кіріскен  жөн.  Тұмау  тез

таралатындықтан,  науқастанған  адамды  отбасы  мүшелерінен  бөлек  ұстауға

тырысыңыз. Тұмаумен науқастанған адам ауасы таза оңаша бөлмеде болғаны

дұрыс. Әсіресе науқасты күтуші адам міндетті түрде аузын, мұрнын арнайы бет-

перделермен тұмшалап алуы тиіс. Тұмаудың алдын алу үшін мүмкіндігінше таза

ауада көптеп серуендеу қажет, сондай-ақ дене шынықтырумен де айналысқан

жөн. Ең бастысы, тұмауға қарсы егу шараларын қабылдаңыз.



ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ

Жусупбекова Гулмира,

Төменарық ДА ІІ санатты

жалпы тәжірибелі мейірбикесі

Жедел  ішек  инфекциясы  балалар  арасында  жиі  кездеседi.  Аурудың  пай-

да болуының басты себептерi - жеке бас гигиенасын сақтамау, әсiресе жеміс-

жидектер мен көкөністерді жумай пайдалану. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген

ет, балық, кондитерлік өнімдер мен сүт өнімдерін пайдалану да жедел ішек ин-

фекциясын тудырады. Бұл ауру негізінен жаз айларында күрт көбейеді. Жедел

ішек  инфекциясына  1  жасқа  дейінгі  балалар  жиі  шалдығады  және  олар  үшін

өте қауіпті болып саналады. Жедел ішек инфекциясы су, тағам және тұрмыстық

қатынас арқылы жұғады. Диареяны жіктеп емдеу, ағзаның сусыздану дәрежесіне

байланысты. Ағзаның сусыздануы дәрежесіне қарай үшке бөлінеді. Диареяның

жеңіл  дәрежесі  «А»  жоспары  бойынша  үй  жағдайында  емделеді.  Диареяның

жеңіл  дәрежесінде  балада  іш  өту  болғанымен,  айтарлықтай  әлсіздік,  көздің

шүңірейуі,  құсу,  тері  қатпарының  жәй  жазылуы  сияқты  қауіп-қатер  белгілері

бола  қоймайды.  «А»  жоспары  бойынша  іш  өтуді  емдеуде  қарапайым  әрі

тиімді  әдіс,  яғни  ОРС  ерітіндісі  «Регидрон»  пайдаланылады.  Регидрон  іш  өту

кезінде ағза жоғалтқан су мен минералды тұздарды қайта қалпына келтіруге

көмектеседі.  Ең  бастысы  баланы  ана  сүтімен  қоректендіре  берген  жөн.  ОРС

ерітіндісін бергеннен кейін де баланың іш өтуі тоқтамаса, бала мазасыздана ба-

стаса немесе басқа да қандай да бір ауытқуларды байқасаңыз міндетті түрде

медициналық ұйымға алып барыңыз. Ағзаның орта және ауыр сусыздануы ем-

хана  және  аурухана  жағдайында  емделеді.  Емханалардағы  ауызбен  суланды-

ру  бөлмесі  жіті  ішек  инфекцияларымен,  сальмонеллезбен,  іш  сүзегімен  және

қылаумен сырқаттанушылықтың алдын-алу жөніндегі санитариялық эпидемияға

қарсы  (профилактикалық)  іс-шараларды  ұйымдастырады.  Жедел  ішек  инфек-

циясын жұқтырып алмас үшін жеке бас гигиенасына мұқият мән беру қажет.

Тазалық – саулық кепілі!



АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК

Жазыбаева Гүлжахан,

 Жайылма дәрігерлік амбулаториясының 

І санатты мейірбикесі

Анафилактикалық  шок  организмге  аллерген  енген  жағдайда  бірден  да-

митын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын паталогиялық про-

цесс. Анафилактикалық шок орын алған жағдайда қан айналымы, тыныс алу,

орталық  жүйке  жүйесінің  ауыр  бұзылыстары  байқалады.  Анафилактикалық

шок жедел басталуымен және артериалдық қысымның тез төмендеуімен си-

патталады.  Мұндай  жағдайда  аздаған  уақытқа  созылған  естен  тану  бола-

ды,  тыныс  жетіспеушілігі  үдей  түседі.  Шок  орын  алған  кезде  алғашқы  ми-

нуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды мүшелер қатты зақымданады.

Анафилактикалық  шок  жедел  тыныс  жетіспеушілігі  түрінде  болса  кенеттен

әлсіздік пайда болады, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетіспеуі, жөтел,

экспираторлы ентікпе, бас ауру, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезім

пайда  болады.  Науқастың  тыныс  алуы  қиындайды.  Беттің  немесе  дененің

басқа  бөліктерінің  ангионевротикалық  ісігі  дамуы  мүмкін.  Жедел  тыныс

жетіспеушілігі үдеген жағдайда және оған жедел бүйрекүстілік жетіспеушілік

қосылса,  оның  соңы  өлімге  әкелуі  де  ықтимал.  Анафилактикалық  шок  же-

дел  тамыр  жетіспеушілігі  түрінде  болса,  онда  кенеттен  әлсіздік  күй  кешіп,

науқастың  құлағында  шу  пайда  болады,  суық  тер  басады.  Тері  жабында-

ры бозарады. Артериалдық қысым үдемелі түрде төмендейді, тамыр соғысы

жіп  тәрізді,  жүрек  тондары  тұйықталады.  Бұл  жағдайда  науқас  сәлден  соң

естен тануы да мүмкін, аздаған тырысулар пайда болады. Жүрек тамырының

жетіспеушілігі үдеген жағдайда өлімге душар етеді.

Анафилактикалық  шок  орын  алған  жағдайда  төмендегі  жедел  көмектер

көрсетіледі:

1.  Науқас  төсекшеге  жатқызылып,  аяғын  жоғары  көтеріңкіреп,  басын

төмендетіп, басын бір жағына қаратып жатқызады. Науқастың тілі ары кетіп

қалмауы, тұншығып қалмауы қадағаланады;

2. Анафилактикалық шок көк тамырға система тамшылатқан кезде орын

алса, онда инені сол қалпы қалдырып, қажетті дәрілік заттарды енгізіп көмек

көрсету керек; егер дәріні қолға салып жатқан кезде болса, инъекция салған

жерден жоғары жгут салынады.

Анафилактикалық шок ауыз арқылы қолданған дәріден болған жағдайда

науқастың асқазанын жуу керек. Дәріні мұрынға немесе көзге тамызған кезде

аллергия болған жағдайда таза ағынды сумен жуып жіберу керек және 0,1%

адреналин ерітіндісін және 1% гидрокортизон ерітіндісін тамызу керек.

Анафилактикалық шок орын алған жағдайда тез арада дәрігерлік көмекке

жүгінген дұрыс.

СҮТ БЕЗIНIҢ ҚАТЕРЛI IСIГI

3

24 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ



жүктеу 292,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау