АИТВ – қауіпті дерт
Жусупбекова Гулмира,
Төменарық ДА ІІ санатты
жалпы тәжірибелі мейірбикесі
Адамның иммунтапшылық вирусы (АИТВ) – инфекциясы білінбей өтетін
ауыр ауру, жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы (ЖИТС) АИТВ
инфекциясының соңғы сатысы болып табылады. Вирус адам ағзасына ауыз
қуысы сілекейлері, тері арқылы және инфекция жұқтырған адамдармен жеке
гигиена заттарын бірге пайдаланған кезде тіс ысқыштар, ұстара, электро-
ұстаралар және кесетін құралдар арқылы жұғады.
АИТВ инфекциясының жұғу жолдары:
* Қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы, АИТВ жұқтырған нашақормен
бірге тамыр арқылы есірткі тұтыну;
*АИТВ жұқтырған жүкті әйелдің ішіндегі ұрыққа немесе жүктілік кезінде
сәбиге жұғуы;
*Татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату кезінде стерилденбеген
құралдар пайдалану;
* Залалданған қауіпті қан және оның компоненттерін құю кезінде;
*Көз шырыштарына био-сұйықтықтарды шашу кезінде.
АИТВ инфекциясының алдын алу және қорғану тәсілдері:
*Тамыр арқылы есірткі қолданудан бас тартыңыз;
*Жыныстық қатынасқа түсер кезде жеке қорғаныс үшін мүшеқап
пайдаланыңыз;
*Инъекцияларды, татуировкаларды, пирсинг жасату сияқты шараларды
арнайы мекемелерде жүргізіңіз;
*Күдік туған жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгініңіз.
Ең бастысы АИТВ статусы бойынша арнайы тексерулерден өтіп тұрыңыз!
АНЕМИЯ
ТУРСУНОВА ЗОЯ,
аудандық емхананың ІІ санатты
клиникалық лаборанты
Анемияға ұшыраған адамдар тез шаршағыш келеді және тұла бой-
ын әлсіздік билеп басы айналып мазасыздана береді. Қан құрамындағы ге-
моглобин мен қанның қызыл түйіршіктерінің азаюы қаназдық ауруына
шалдығуға алып келеді. Қанның құрамындағы темір тапшылығы баланың пси-
хикасына да жан-жақты әсер етіп, түрлі ауытқулар орын алады. Эритроцит-
тер құрамы мен гемоглобин құрамы анықталғаннан кейін анемияның пайда
болу себебі анықталады. Гемоглобин синтезі темірдің жетіспеушілігінен ғана
емес, ақуыздың да жетіспеушілігінен де болады. Әсіресе, өнеркәсіп орында-
ры көп орналасқан экологиялық жағдайы нашарлаған аудандарда 3-6 жас
аралығындағы балалар қаназдық ауруымен жиі ауырады. Сондай-ақ сиыр
сүтін қайнатпай ішу де қанның азаюына алып келеді. Өйткені, оның құрамында
ақуыз көп болғандықтан қанды азайтады. Анемия түрлі инфекциялық ауру-
лар кезінде де пайда болады. Қаназдық ауруына шалдыққан баланың терісі
сұрланып, ағарып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы да, еріннің үстіңгі
жағы да ағарып кетеді. Қаназдық ауруының алдын алу үшін қан тапсырып
гемоглобинді тексертіп тұрған жөн. Сондықтан мүмкіндігінше құрамында темір
мол тағамдарды пайдаланған абзал. Жеміс-жидектер мен көкөністерді көптеп
тұтынуға тырысыңыз. Әсіресе, балаларға темір мен фолий қышқылына бай
тағамдарды беріңіз. Сиыр сүтінің 100 грамында – 0,05 мг темір, жұмыртқада
– 2,5 мг, жаңғақта – 5 мг, бауырда - 10 мг, тауық еті – 1,5 мг, алма мен
алмұрт - 0,9 мг, сәбіз бен қызанақ – 0,6-0,7 мг, ал балықтың 100 грамын-
да - 1 мг темір бар. Олай болса, анемияға ұшырамас бұрын алдын ала қам жа-
сап, денсаулығыңызға жеткілікті деңгейде көңіл бөліп, аурудың алдын алуға
ұмтылыңыз.
ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ
Айткулова Жазира,
Қыркеңсе ДА ІІ санатты акушеркасы
Жатыр мойнының қатерлі ісігі – қауiптi аурулар тобына жатады. Жыныстық
қатынасты ерте бастау, сондай-ақ ерте, 18 жасқа дейін, босану немесе 38 жа-
стан кейін жүкті болу жағдайлары аталмыш дертке шалдығуға әкеліп соқтыруы
мүмкін. Сондай-ақ жатыр мойнының жаралары мен жыныс жолдарының инфек-
циялары да қатерлі ісікке шалдықтырады. Темекі шегу де осы қатерлі дерт-
ке ұшыраудың бірден-бір себебі екенін естен шығармаңыз. Жатыр мойнының
қатерлі ісігінің қауіптілігі - аурудың ешқандай белгісі байқалмай, кенеттен өрши
бастауы. Бұл ауру әйел өмірі үшін аса қауіпті саналады. Алайда ауру асқынып
кетпей тұрып, яғни уақытында анықталса, дерттен айығып кетуге мүмкіндіктер
бар. Қатерлі ісікке шалдыққан әйелдің дене салмағы күрт азайып, ағзасында
ерекше әлсіздік байқала бастайды. Қауіпті дерттің алдын алу үшін жыныстық
жолмен берілетін түрлі инфекциялардан сақтану қажет. Әсіресе, кездейсоқ
жыныстық қатынастардан, сондай-ақ түсік жасатудан аулақ болған жөн.
Өйткені бұл жағдайлар қатерлі ісікке шалдықтыратын факторлардың бірі. Ең
дұрысы папиломавирусты инфекцияға қарсы егу шараларын қабылдаған жөн.
Цитологиялық тексерулерден міндетті түрде өтіп тұру қажет. Жатыр мойнының
қатерлі ісігінің алдын алу үшін ұйымдастырылып жатқан скринингтік тексеру-
лерден өтіңіз.
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ АНЕМИЯ
КАЛКУЗОВА НАВАТ,
Аудандық аурухананың перзентхана
бөлімінің жоғары санатты акушеркасы
Соңғы жылдары көптеп кездесіп жатқан аурудың бірі анемия немесе
қаназдық ауруы. Анемия дегеніміз - ағзадағы темірдің аздығы. Яғни ағзадағы
темірдің аз болуына эритроцит және оның құрамына кіретін гемоглобин
мөлшері шамадан тыс азайып кетеді. Әсіресе жүкті әйелдер үшін анемия аса
қауіпті болып саналады, өйткені ол жүктіліктің дұрыс дамымауына, сондай-ақ
әйелдердің қиын босануына, тіпті нәрестенің өз дәрежесінде дұрыс өспеуіне
әкеліп соқтырады. Сондықтан аурудың алдын алып, дер кезінде емделген
дұрыс. Жүкті әйелдердегі қаназдықтың 90 пайызы темірдің жетіспеуіне байла-
нысты болады. Жалпы ағзада 4 грам темір болады. Ағзадағы темір аздығы со-
зылмалы аурулардан да болады. Ревматизм, жүректің қабынуы, пиелонефрит,
гепатитпен ауыратын адамдар анемияға өте бейім келеді. Анемиядан тек қана
медицина жолымен емделеді деген қате түсініктен арылу қажет, өйткені дұрыс
тамақтанып диета ұстау арқылы да емделуге болады. Сондықтан ет өнімдері,
жұмыртқа, балық қүрамында темір көп екенін ескерген жөн. Какаода, жұмыртқа
сарысында, бұзау етінде, бұзау бауырында, жүректе, күрке тауық етінің
құрамында темір көп. Сондай-ақ жүкті әйелдер ірімшік, қаймақ, кілегей секілді
сүт өнімдерімен қоса қызанақ, сәбіз, қызылша, асқабақ, қырықкабат сияқты
өнімдерді жиі пайдаланғаны дұрыс. Ең дұрысы жүкті әйел аскорбин қышқылы
мен анемияға қарсы дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдап аурудың
алдын алғаны абзал.
МАСТИТ
КАЛКУЗОВА НАВАТ,
Аудандық аурухананың перзентхана
бөлімінің жоғары санатты акушеркасы
Емшек безінің қабынуы мастит деп аталады. Маститтің серозды,
инфильтративті және іріңді түрлері кездеседі. Мастит санитарлық-гигиеналық
талаптардың дұрыс сақталмауынан болады. Өйткені микробтар емшек безінің
ұшына ластанған қол, іш киімдер, ауа және сілекей инфекциясы арқылы енеді.
Сирек жағдайда микробтар басқа инфекция ошақтарынан емшек безінің
лимфогенді және гемотегенді жолдарымен немесе лимфа және қан тамыр-
лары арқылы таралады. Босанудан кейінгі мастит болған әйелдің дене тем-
пературасы көтеріліп, науқас қалтырай бастайды. Бұл жағдайда науқастың
бойында жалпы әлсіздік пайда болып, оның емшек безі қатты ауырсынып,
науқастың түнгі ұйқысы бұзылады, тамаққа деген тәбеті төмендейді. Емшек
безі ісініп үлкейе бастайды. Айнала қоршаған терісі де қызарады. Қолтық
асты лимфа түйіндері үлкейеді. Мастит әсерінен орын алған қабыну процесі
емшек бездерінің сүт шығаратын өзектерін бітеп тастайды. Осыдан барып сүт
жиналып қалады. Қабыну процесі асқынған жағдайда инфильтрат іріңдейді.
Сөйтіп, әйелдің жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы қатты көтеріліп,
қалтырайды. Уақыт өткен сайын емшек безінің ауруы үдей түседі. Терісі
қызарып көгереді. Ал, іріңді мастит өте ауыр өтеді және ол ұзақ уақытқа
созылады. Сондықтан да емшек ұштарын барынша күтіп, жарылуын емдеу
және алдын алу шараларын уақытында атқарған жөн. Босанудан кейін орын
алуы мүмкін маститтің алдын алу үшін емшек бездерін үнемі таза ұстауға
тырысыңыз. Емшек ұшының жарылмауын қадағалаңыз. Емшек бездеріне
ерекше күтіммен қараған жөн. Оларды жылы сумен күнделікті жуып тұрған
абзал. Серозды және инфильтративті емшек безінің қабынуы консервативті
жолмен микробқа қарсы ем - антибиотиктермен емделеді. Емшек безінің іріңді
қабынуы хирургиялық жолмен ғана емделеді. Емшек безінің қабынуының ал-
дын алыңыз.
Жоланова Уримхан Қожамбердi ФАП I санатты фельдшерi 3 мақала
(Гүлназ төледі)
САРЫ АУРУ
(вирусты гепатит А)
Жусупбекова Гулмира,
Төменарық ДА ІІ санатты
жалпы тәжірибелі мейірбикесі
Тазалыққа дұрыс мән бермеу немесе күнделікті тіршілік барысында
қарапайым гигиена талаптарын сақтамау салдарынан болып жататын сары
ауру (вирусты гепатит А)– бауырдың кең тараған жұқпалы ауруларының бірі.
Ауру вирусы көп жағдайларда ластанған заттар, қол, су, тұтынатын өнімдер
арқылы қоршаған ортаға тез таралады. Сары ауру адам ағзасына едәуір зи-
янын тигізеді. Сондай-ақ сары ауру ағзаның көптеген мүшелерін қатты
зақымдайды, бірақ өзгерістер негізінен бауырда өтеді. Алғашқы үш апта бойы
аурудың белгілері онша байқала қоймайды. Сондықтан бұл кезең жасырын
инкубациялық кезең деп аталады. Ауруды өткізіп алмау үшін аурудың алғашқы
белгілерін жақсы білген жөн. Сары аурумен ауырған адамның біртіндеп асқа
тәбеті нашарлап, іш қуысының оң жағы және төс етегінің тұсы ауырады, ішектің
бұзылғандығы да сезіле бастайды. Жасырын кезең немесе инкубациялық кезең
өткеннен кейін ауру өрши түсіп, біртіндеп дененің сарғаюы орын алады. Сары
аурумен ауырған адам уақыт өткізбей дер кезінде медициналық көмекке жүгінуі
қажет. Олай болмаған жағдайда, үш аптадан соң денедегі сарғаюлар жойыла-
ды да, денсаулығы осыған қалыптасып кетеді. Жұқпалы сары аурудың алдын
алу үшін күнделікті қолданыстағы су құдықтары мен құбырларды барынша таза
ұстау керек. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын жиі-жиі хлорлы дәрімен
зарарсыздандырып тұрыңыз. Сары ауру тағам өнімдері арқылы да берілетіндігін
естен шығармай, асхана, кафе, басқа да азық-түлік дүкендерінде санитарлық
талаптардың қатаң сақталуын қадағалаңыз. Әсіресе, көкөністер мен жеміс-
жидектерді жумай тұрып мүлдем пайдалануға болмайды.
СҮТ БЕЗІ АУРУЫ
Айткулова Жазира,
Қыркеңсе ДА ІІ санатты акушеркасы
Әйелдер арасында, тіпті жас келіншектер арасында көптеп кездесіп жата-
тын ауру - сүт безі ауруы. Сүт безінің ағзадағы гормональды тепе-теңдігінің
бұзылуы салдарынан туындайтын сүт безі ауруының алдын алу үшін масто-
патияны ерте сатысында анықтап, тиісті емдеу шаралары жүргізілуі тиіс.
Сондай-ақ аналық безі, бауыр, қалқанша безі, бауыр аурулары да осы сүт
безі дертіне ұшыратады. Бұл ауру әсіресе, бала туған, түрлі себептермен
көп түсік жасатқан және аналық бездерінде қабынуы бар әйелдер арасында
жиі кездеседі. Сүт безі ауруы тұқым қуалауы да мүмкін. Сүт безі ісігі қатерлі
және қатерсіз болып екі түрге бөлінеді. Сүт безі ауруына шалдыққан әйелдің
ағзасындағы клеткалардың қызметі бұзылысқа ұшырағаннан кейін ауру же-
дел түрде жан-жағына тез таралып, аурудың ошағын құрай бастайды. Со-
дан барып көп ұзамай қатерлі ісікке айналады. Ісік өте аз уақыттың ішінде
жан-жағындағы барлық ағзаларға тамыр жая бастайды. Қатерлі ісіктің ауыр-
сыну белгілері болмайды, сондықтан көп жағдайда дерттің асқынғаны біліне
бермейді. Сүт безі ауруы арнайы құрылғылар арқылы ғана анықталады.
Сондықтан әйелдер етеккір келгеннен кейін оншақты күннен соң айна ал-
дында тұрып, екінші қолмен көкірек және қолтықтың аймағын уқалап көргені
дұрыс. Егер қандай да бір түйін байқалса, дереу маммологқа жүгінген аб-
зал. Сүт безі ісінгеннен кейін сүт безі обырына (рак) айналады. Сондықтан
сүт безін асқындырып алмай уақытылы ем көрсетілсе, науқастар бұл дерт-
тен айығып кете алады. Ауру асқынған жағдайда немесе уақытын өткізіп
алған жағдайда обырдың соңы өліммен аяқталатынын да ұмытпауымыз ке-
рек. Сондықтан жыл сайын медициналық тексерулерден өтіп тұрған дұрыс.
Салауатты өмір салтын ұстанып, Өз денсаулығыңызды барынша күтіңіз.
ЛЕЙКОЗ АУРУЫ
ТУРСУНОВА ЗОЯ,
аудандық емхананың ІІ санатты
клиникалық лаборанты
Қан түйіршіктері күрт азайып,
жетілмеген лейкоциттер санының
шамадан тыс көбейіп кетуі сипатта-
латын қан түзетін органдар жүйесінің
қатерлі ауруларының бірі - лейкоз
ауруы. Лейкоз ауруы қан жасалу
процесінің бұзылуына әкеліп соғады.
Әдетте, лейкоз жедел және созыл-
малы болып екі түрге бөлінеді. Же-
дел лейкоздар кенеттен басталуы-
мен ерекшеленеді. Жедел лейкозға
ұшыраған науқастың дене қызуы
қатты көтеріліп, ауыз шырышты
қабықтары қанталап, қызыл иектері
қабынып, мойны және қолтық
астындағы лимфа түйіндері шо-
шынып ісінеді. Қандағы лейкоцит-
тер мөлшері 1 мкл қанда 10 мыңнан
100 мыңға дейін жетеді. Науқас
адамның қаны азайып, қалтырап
тоңа бастайды. Адамды әр түрлі
инфекциялардан қорғайтын қалыпты лейкоциттердің, лимфоциттердің
тапшылығынан организмде екіншілік инфекциялардың, өкпе қабынуының,
денеде іріңді ошақтардың, сепсистің дамуы орын алады. Лейкоз клеткала-
ры ми қабықтарына таралатын болса, адам өміріне қауіпті жағдай туғызады.
Адам әлсіреп, оның тыныс алуы қиындап, жүрек соғуы жиілейді. Ал созыл-
малы лейкозға ұшыраған адамның көк бауыры, бауырдағы лимфа түйіндері
өте ұлғайып кетеді. Созылмалы лейкозға ұшыраған науқастың дене қызуы
көтеріліп, тамаққа деген тәбеті жоғалады, әлсіз күйге түседі. Науқас
шаршағыш келіп, терлеп, ентігеді, басы айналып, сүйектері сырқырай бастай-
ды. Созылмалы лейкозда қандағы лейкоциттер саны ерекше көбейіп кетеді.
Созылмалы лейкоз ұзақ жылдар бойы қалыптасады. Егер ауру қатерлі ісік
түріне ауысса, оның соңы өлімге алып келеді. Лейкозға ұшыраған адамның
иммундық жүйесі әлсіз болады, сәйкесінше жұқпалы ауруларға өте бейім
келеді. Лейкоз ауруымен мал (сиыр, жылқы, т.б.), кемірушілер (тышқан, т.б.)
және сүтқоректілер де ауырады. Лейкоз ауруынан сақтану үшін жоғарыда
айтылған аурудың алғашқы белгілерін байқасаңыз, тездетіп дәрігерге
қаралып, мерзімінде ем қабылдауға тырысыңыз. Ең дұрысы денсаулығыңызға
дер кезінде мән беріп, жыл сайын профилактикалық байқаулардан өтіңіз.
ҚАНТ ДИАБЕТІ АУРУЫ
ӘЛІБЕК ЗАБИРА,
Қыраш ауылдық ФАП
жоғары санатты фельдшері
Жастар да, қарттар да шалдығып жатқан аурудың бірі – қант диабеті
ауруы. Қант диабеті - бұл қандағы қант мөлшерінің шамадан тыс көбейіп
кетуімен сипатталатын ауру. Қант диабетіне әсіресе, 40-тан асқан және егде
кісілер шалдығып жатады. Оның басты себебінің бірі - тамақ режимін дұрыс
сақтамау, яғни мезгілсіз шектен тыс тамақ ішу, артық салмақ қосу. Қант
диабеті ағзадағы май, көмірсутек пен ақуыздың зат алмасуының созылма-
лы бұзылуы немесе қанға көп мөлшерде қант түйіршігінің бөлінуі әсерінен ту-
ындайды. Ең алғашында диабет асқазан асты безінен инсулиннің жеткілікті
мөлшерде бөлінбеуінен басталады. Ал ағза инсулинсіз қант түйіршігін өңдей
алмайды. Осылайша, ағзадағы қанның құрамында қант мөлшері көбейе ба-
стайды. Аяқ пен қолдың ұюы және жансыздануы - қант диабеті ауруының
алғашқы белгілеріне жатады. Қант диабетіне шалдыққан адам кіші дәретке
де жиі шығып, өзін шаршаңқы сезінеді, қарын ашу және салмақтың азаюы
орын алады. Сондай-ақ көздің көру қабілеті де нашарлай бастайды, аяққа
жазылмайтын созылмалы жаралар шығуы мүмкін. Диабетке ұшырамаудың
бір жолы - дұрыс тамақтану! Сондықтан қант диабетімен ауырған адамдар
үшін диета ұстау аса маңызды. Қант диабетіне шалдыққандар мүмкіндігінше
қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды тоқтатқандары дұрыс. Дене
тазалығына, денсаулық гигиенасына үнемі мән берген жөн.
4
24 ШІЛДЕ 2015 ЖЫЛ
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ
БҰЗЫЛУЫ КЕЗІНДЕГІ
МЕЙІРБИКЕЛІК КҮТІМ
Ас қорыту жүйесі кеселдері елімізде кең тараған. Асқазан мен бүйеннің
дерттері, оның ішінде ойық жаралары жетекші мән иеленеді. Мейірбике кесел
туралы ақпаратты, негізгі этиологиялық фактор Helikobakter pylori (Hp), дерт
дамуына ықпал ететін факторлар жөнінде, сондай-ақ патологиялық үдеріс
механизмдері мен дерт ағымы, емдеу принциптері және диспансерлеу тура-
лы жеткілікті білуі тиіс.
Мейірбикелік күтім кезеңдері:
1-ші кезеңде дертті нақтылау үшін пациент туралы ақпарат жинақталады.
Ол үшін сауалнама (шағымдары, ауырсыну түрлері), обьективтік зерттеу
әдістері (қарау, зертханалық және аспаптық диагностикалау нәтижелері)
қолданылады.
2-ші кезеңде науқастың проблемалары анықталады. Пациентте
төмендегідей проблемалар болуы мүмкін: эпигастральды бөліктегі, кіндік
тұсындағы ауырсыну, тамақ ішкеннен соң немесе аш кезде, асқазандағы ау-
ырсынулар, жүрек айнуы, кекіру, іш кебуі және т.б.
3-4-ші кезеңдерде стационарда пациентке күтім жасау жоспарланады
және жүзеге асырылады. Бұл мына бағыттарда жүргізіледі:
- Емдік-қорғау режимін сақтауды ұйымдастыру және бақылау;
- Сырқаттың бос уақытын ұйымдастыру;
- Палатада оған жайлы жағдай жасау;
- Гигиеналық шараларды жүргізу мен ас қабылдауға жәрдем беру;
- Диета сақтауды ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету;
- Дәрігер нұсқауларын орындау;
- Пациенттің емдеуге реакциясын динамикалық бақылауды қамтамасыз
ету.
5- кезеңде күтім ықпалдылығы бағаланады.
Жайдаркул Искакова,
Эндоскопия бөлмесінің мейірбикесі.
ІШЕК КЕСЕЛДЕРІ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТ
Ішектің кеселдерін және функционалдық бұзылыстарын емдеу оңай
міндет емес. Пациенттердің тек 40%-да симптомдардың толық жойылуы-
на және сауықтыруға қол жеткізіледі. Науқастардың 60%-да дәрі-дәрмектік
(медикаментоздық) терапия дерт білінісін азайтады. Бұл патологияға 20-дан
40 жасқа дейінгі адамдар шалдығады. Олардың амбулаториялық-емханалық
орынға қаралуы өте жоғары. Бірінші орында (70%) ішектің функционалды
бұзылыстары тұр. Бұл кеселдердің әлеуметтік мәні маңызды. Өйткені, олар
еңбек қабілетін жоғалтудың жиі себебі болып табылады. Ас қорыту жүйесі
сыртқы ортаның, ең алдымен мазасыздану сипатының, еңбек ету мен жұмыс
жағдайының ұдайы ықпалында болады.
Жайдаркул Искакова,
Эндоскопия бөлмесінің мейірбикесі
JANAKOR_MEDGAZETA@MAIL.RU
БАС РЕДАКТОР
ЖАҚСЫЛЫҚ ӘБIЛҚАСЫМҰЛЫ
АБДУСАМЕТОВ
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ
ӘБIЛХАЙЫР ӘБIЛПАТТАҰЛЫ
СЫЗДЫҚОВ
ГАЗЕТ
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ
ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛIГI
БАЙЛАНЫС, АҚПАРАТТАНДЫРУ
ЖӘНЕ АҚПАРАТ КОМИТЕТIНІҢ №
15081-Г КУӘЛIГI 28.01.2015 ЖЫЛЫ
БЕРIЛГЕН.
МЕНШIК ИЕСI:
«АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ-
ЕМХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ БАР
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ
ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК
(ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ)»
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-
ЖАЙЫ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫ-
СЫ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ,
ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТI, М.КӨКЕНОВ
КӨШЕСI №44. АУДАНДЫҚ ЕМХАНА
ҒИМАРАТЫ
ТЕЛЕФОН/ФАКС:
8 (724-35) 22-3-57.
ГАЗЕТ ЕМХАНАНЫҢ КОМПЬЮ-
ТЕР
ОРТАЛЫҒЫНДА ТЕРIЛIП,
«PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БА-
СЫЛДЫ. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ,
А.БАЙТҰРСЫНОВ КӨШЕСI №49.
САРЫП АУРУЫ
ТУРСУНОВА ЗОЯ,
аудандық емхананың ІІ санатты
клиникалық лаборанты
Адам өміріне аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі - сарып ауруы. Сарып ауруы
көп жағдайда малдан жұғады. Адамдар сарыпты сақтық шараларын сақтамай
ауру малды сойғанда немесе мал етін бөлшектегенде, сондай-ақ малдың жүнін
қырқу кезінде, ауру малдың сүтін ішкенде жұқтырады. Ауру қоздырғыштары мал
терісінде 3-4 айға дейін, суда 5 ай шамасында, сүт өнімдерінде 25 күнге дейін
сақталады және сәйкесінше ауру қоздырғышы сыртқы ортаға төзімді келеді.
Әсіресе, салқын жерде өте ұзақ сақталады. Ауру қоздырғышы ауру малдың
қиында да болады. Әдетте, сарыппен ауырған адамның буындары қақсап ауыра
бастайды, сондай-ақ жүйке жүйелері мен жыныс мүшелері қатты зақымданады.
Аурудың алғашқы белгілері ауру жұқтырғаннан кейін 15-20 күннен кейін ғана
байқалатынын да ұмытпауға тиіспіз. Сарыпты жұқтырған адам әлсізденіп, тез
шаршағыш келеді, басы ауырып, денесі дел-сал болып, мазасы қаша бастайды.
Ауру асқынған жағдайда науқастың дене температурасы шамадан тыс қатты
көтеріліп, қайта-қайта терлеп, аяқ-қолы сырқырап, ұйқысы бұзыла бастай-
ды. Науқастың шабы мен қолтық асты бездері ісініп ауыра бастайды. Ауруды
мерзімінде емдемеген жағдайда ауру созылмалы түрге айналады. Бұл жағдайда
науқастың буындары біртіндеп ісіне бастайды, белі шойрылып бойын жаза ал-
май қалуы да мүмкін. Сарып ауруы 2-3 жылға созылған жағдайда оның соңы
мүгедектікке де алып келеді. Сарып ауруы жүрек, тамыр, бүйрек, ұйқы безі,
ми және жыныс мүшелері қызметінің бұзылуына да алып келеді. Сондықтан
сақтық шараларына барынша мән беріп, аяқтары ақсап, желіндерінде ісік пайда
бола бастаған кезден бастап ауру малды уақытылы ветеринарлық мамандарға
көрсеткен жөн. Малға егу шараларын жасату керек. Ауру малды басқа мал-
дардан оқшаулаған жөн, мүмкіндігінше оны оңаша бөлек жерде ұстаған жөн.
Малмен жұмыс жасағанда арнайы залалсыздандырылған киімдерді кию қажет.
Осындай жұмыстардан кейін қолды сабындап тазалап жуыңыз. Сарып ауруының
алдын алудың бірден-бір шарты - санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң
сақталуы екендігін ешқашан естен шығармаңыз.
АСҚАЗАН МЕН БҮЙЕННІҢ ОЙЫҚ
ЖАРАСЫНЫҢ ДАМУЫНА
ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Ойық жара дерті (ОЖД) - бұл генетикалық детерминделген, қышқылға
тәуелді, Helikobakter pylori (Hp), бактериясымен ассоцирленген созылма-
лы рецидивке бейім ауру. Оның дамуына ықпал ететін факторлар қатарына
сыртқы ортаның әсері және тектік бейімділік болады. Қоршаған ортаның фак-
торлары ішінде пилорикалық хеликобактер мен (HP) жұқпалану дерттің пайда
болуындағы негізгі фактор ретінде мойындалған.
Helikobakter pylori (Hp)-дің формасы мен мұртшалары оған асқазанның шы-
рышты қабығының кедергісі арқылы өтуіне мүмкіндік береді. Бұл кеселде уреа-
за ферменті болады, сондықтан HP анықтау оңайға түседі.
Кеселдің себебі стеройдты емес қабынуға қарсы препараттарды (СЕҚҚП)
қабылдау, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, ұзақ эмоционалдық зорығулар.
Стеройдты емес препараттарға асқазанның 30% және бүйеннің 10-15% ойық
жарасы үлесіне тиеді. Жылма-жыл бұл препараттарды қабылдайтындардың
шамамен 3%-да ойық жаралар пайда болады. Ойық жара қан кетулерінің де
негізгі себебіне айналатыны еш талас тудырмайды.
Жайдаркул Искакова
Эндоскопия бөлмесінің мейірбикесі