«Журналистика» мамандыєына арналєан



жүктеу 1,23 Mb.
бет1/6
Дата27.01.2018
өлшемі1,23 Mb.
#7972
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18-15.1.30/03-2014


2014 жылғы

№1 басылым



75 беттің -шісі





050504 «Журналистика» мамандығына арналған

«Тележурналистика технологиясы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2014

Мазмұны



1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық (семинар) сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін жұмыстары

6 Өзгерістерді тіркеу парағы

7 Әріптестердің танысуы

1 ГЛОССАРИЙ

1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12 АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау.

31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

32 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

33 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

34 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

36 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

37 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

38 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

39 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

40 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

41 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

42 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

43 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

44 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

45 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

46 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

47 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

48 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

49 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

50 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

52 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

53 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

54 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

55 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

56 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

57 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

58 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

59 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

60 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

61 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

62 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.
2 ДӘРІСТЕР

Тележурналистика технологиясыпәні бойынша оқылатын дәрістердің қысқаша тезисі


1-дәріс

тақырыбы: Телерадио хабар жасау технологиясы
Дәріс мақсаты: Телерадио хабар жасау технологиясы туралы жалпы түсініктеме бере отырып, оның даму тарихын талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Теледидар – ақпарат пен насихат құралы.

  2. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері.

  3. Телерадио хабар жасау технологиясы.

Теледидар бүгінде жер шарында болып жатқан сан саладағы оқиғалар мен жаңалықтарды көрермендерге көрсете отырып, адам қолымен жасалған құндылықтарды насихаттаудың қуатты құралына айналып отыр. Жарты ғасырға жуық тарихында Қазақ теледидары қарышты қадам жасап, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, өнеріміз бен ақыл-ойымыздың дамуына елеулі үлес қосуда.

Теледидар – ақпарат пен насихат құралы. Ол БАҚ құралдарына тән жылдамдық пен байқампаздықты, ауқымдылық пен жан-жақтылықты бойына сіңірген өнердің биік түрі. Оның ғажаптылығы, газет секілді баяндап, радио сияқты үн, дыбыс, тынысты естірту мен ғана шектелмей, кинодағыдай өткен оқиғалар елесін пленка арқылы ғана жаңғыртып көрсетпей, бір мезгілде олардың бәрін қатыстыра отырып, көрерменге өтіп жатқан өмір құбылысын сол сәтінде, оқиға болып жатқан ортадан көрсетуінде.

Ақпарат құралдарының ішінде теледидар көркемдік бейнелеу құралдарының ауқымдылығы жағынан өлшеушіз мүмкіндікке ие. Ол адамды, адамзатпен жүздестіретін, әлемнің бір қырынан оқиғаларды үйінің төрінен көре алатын ғажайып құрал. Көгілдір экрандағы фильмдер, театр спектакльдері, концерттер, сұхбаттар мен тікелей эфир, жаңалықтар, той-думан, жарнама т.б. сан миллиондаған көрермендердің рухани дүниесін байытуға қызмет жасауда. Теледидар жұртшылыққа күнбе-күн саяси, мәдени, эстетикалық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді іздестіруде.

Ел мен елді байланыстыратын халыққа ақпарат таратудың көзі болып отырған теледидардың пайда болуы және қалыптасуы көп жылдарды қажет етті. Ғалымдардың телевидение жайлы зерттеулері 30 жылдардан астам уақытты алды. Телевизияның пайда болуы ХХ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Электротехниканың дамуы мен қолданысқа енуі телевидениеге тікелей қатысты болған еді.

Электронды сигналдардың арқасында бағдарлама, хабарлар алыс қашықтықтарға жетті. Телевиденияда хабарды эфирге шығару өте күрделі жұмыс болды. Ең алғаш телевидениеде қазіргі замандағыдай бейне мен дыбыс қатар келген жоқ, керісінше, алдымен фототелеграфия дамып, эфирге қозғалмайтын суреттер, сызбалар шыққан болатын. Суреттер мен бейнелер токтың химиялық әрекеті мен әртүрлі мехзаникалық қондырғылардың күшімен жүзеге асты.

Алғаш фототелеграфияның дамуы А.Бейна (1842 ж.), А. Бэйкуелла (1847ж.) ашқан ғылыми құралдармен байланысты.

Фототелеграфия мен телевидениеннің айырмашылығы фото мен киноны салыстырумен пара-пар деуге әдбен болады. Қозғалмайтын бейнелердің байланыс аралығында сәтті шығуы ғалымдарды телевидение туралы ойға шомылдырады. Бірақ фототелеграфиядан телевидениеге көшу көп жұмысты қажет етеді. Яғни жаңа технологиямен қатар техниканың қыр-сырын біліп, тосын жаңалықтар ашу болды. Бұл үлкен қажырлы еңбекті талап етті.

Теледидардың даму кезеңдері.

1 кезең (1900-1930жж.) – орыс ғалымдарының ғылыми тәжірибеде ашқан құралдарын іске қосу. Әлемде алғаш рет электр сәулелі трубканы Петербург университетінің профессоры Б.Л.Розинг ойлап шығарды.

2 кезең. Бұл кезең тәжірибелі бағдарламалармен 1931 жылдан басталады. Бүкілкеңестік электромеханикалық институттың Мәскеу радиобайланыс серіктестігімен. Бұл құрылғы соншалықты тиімді болмағандықтан ғалымдар 3 жылдан кейін өзге бағдарламаны эфирге шығарды. Бұл 30 минутқа созылды. Ал 1938 жылы алғаш телевизиялық орталықтар Мәскеу мен Ленинградта салынды. Телевидениенің дамуын соғыс жылдары тоқтатты.

3 кезең. (1960 ж.соңы мен 1990ж). Телевидение үлкен қарқынмен дамыды: кабельдік ТВ, телетекст ТВ мен баспасөздің бірігі, коммуникацмяның өзгеше аумағы компьютермен бірігу, жекелей трансляция жасады.

4 кезең (1990 ж.бастап)

бәсекелестік пайд болды. КСРО-ның ыдырауынан телеканал мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық телеарналар хабар таратуда.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Радиохабардағы өзіне тән тілдік және стилдік қолданыстары

2. Инстенировкалар дегеніміз не?

3. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

4. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997
2-Дәріс

тақырыбы: Телестудиялық комплекс
Дәрістің мақсаты: Телестудиялық комплекстің жұмысын талап, түсіндіру.

Дәріс жоспары:

Студия 2 бөлімнен тұрады:

а) Режиссерлік аппарат

ә) Дикторлық съемка және аппаратты бөлім.

1-ші бөлімде – Бейнережиссерлік пульт болады. қызметі студияда қанша кадр болса, сонша кадр байланысқан сол кадрді басқарып отыратын режиссерлер, бейнесигналдар, телефондық бөлімдер арқылы байланысады. Байланыстың 2 түрі болады:

1. Телефон арқылы, 2. Бейне съемка (громкая связь). Эфирге дейін 8 камера жұмыс істейді. 8 кадр жұмысын режиссер атқарады. Жұмыс кезінде эфирге дейін жұмысты бөлім-е айқайлап сөйлей беруге болады. ал эфир басталған кезде бәрі тоқтатылады да, телефон байланысы арқылы жұмыс істейді. Бұл пультта бірнеше кадр болады. орысша шторы деп аталады. ТВ маниторлар болады. оны телевизордың бір түрі деп атайды. Бірақ эфирді қабылдай алмайды. Студияға арналған оны орысша ВКГ деп аталады. ВКГ – бейне суреттерді бақылайтын теле-р. Студияда қанша режиссер болса, сонша монитор болады. дыбыс режиссерлік пульт – бұл ақпараттық бөлімде тұр. Микша - әр микша микрофон болып есептеледі. Студияда 24 микша болса, концерт жазуға болады. бейне инженерлік пульт – камерамен түсіріп бақылап отырады, камерада жұмыс істеп тұрған адам. Эфирлік монитор – бұдан көрінген бейне сурет эфирге кетеді.

К1, К2, К3 Э – 8 фотоның дайын еместігін білу үшін керек. Киносюжет көрсету үшін тағы бір ман-р қою қажет. Алыс обл. алу үшін тағы бір м. қою керек.

Телекино аппараты – ВМЗ жазып алатын бейнеқұрал. Көрсетіліп жатқан съемканың барлығы ВМЗ-ға келеді. ВМЗ – видео магнитофондық запись. Ең бастысы студиядағы бейнережиссерлік пульт.

Дикторлық студия – 2 камера немесе 3. 2-3 мик-н болуға тиіс, бейнережиссерлік байланысы бар студияда жарық түсіретін мастер жұмыс істейді. Микрофон қоятын жұмыс істейді. Дикторлық студияның айырмашылығы үлкен концерттік оркестр жазуға болады. онда камералар 8 немесе одан да көп болады. Микрофондар да көбейеді, ең кем дегенде 2, көп дегенде 2-24 ке дейін.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.Теледидардағы хабарлардың мазмұн-мағынасына, жанрлық ерекшеліктеріне, берілу пішініне қарай топтастыру

2. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері

3. Тікелей репортаж.

4. Жүргізуші шеберлігі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио в Казахстане. – Алматы:1996

2. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио в Казахстане. – Алматы: 1996

3. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,1999


3-Дәріс

тақырыбы: Телепублицистиканың зерттелуі
Дәріс мақсаты: Публицистиканың бір саласы саналатын телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасауын талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Публицистика термині.

  2. Публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік.

Сөз өнерінің теориялық және әдістемелік мәселері жағынан аз зерттеліп, толық бағасын ала алмай келе жатқан бір саласы – публицистика. Ол туралы отандық және шетел ғалымдарының пікірлері алуан түрлі. Бүгінге дейін ортақ бір шешімге тоқтай алмай келеді.

Публицистика терминінің төркіні латынның publicus деген сөзіне барып тіреледі. Қазақша мағынасы қоғамдық дегенді білдіреді. Төл тіліміздегі баламасын алғаш ғылыми айналымға енгізген – ардақты алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өзінің «Әдебиет танытқыш» атты атақты еңбегінде көсем сөз ұғымын публицистика баламасы ретінде қолданады: «Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталдады». Ұлттық рух ұстыны Ахмет Байтұрсынұлы ұйғарымын тарата талдамас бұрын көсемсөз туралы тағы қай ғалымның қандай көзқарасы бар екеніне тоқталмай өтуге болмайды.

Өткен ғасырдың 70 жылдарында Кеңес елінде көсемсөз туралы пікірталас қызу өрбіді. «Вопросы литературы» журналының 1970 жылғы жетінші санында «Публицистика - әдебиеттің алғы шебі» деген тақырыпта пікірталасқа қатысушылар ой-тұжырымдары оқырман талқысына салынды. Бұл мәселеге аталған басылым 1973 жылғы 10-санында «Публицистика және қазіргі заман» деген тақырыппен қайта айналып соқты. Екі санында да, тоқ етерін айтсақ, басылым жарияланымдарының ортақ тұжырымы публицистика әдебиеттің жауынгер жанры дегенге келіп саяды.

Орыс зерттеушілерінің осы тұжырымы әсер еткен болуы керек 1976 жылы жарық көрген Қазақ совет энциклопедиясының 9-томында ұлттық журналистика ұстазы Т.Амандосов пен белгілі ғалым Ә.Жұмабаев көсем сөзге мынадай анықтама берген: «Публицистика - өмірдің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми және басқа да рухани құбылыстарын, өмірдің фактілерн өзіне арқау ететін әдеби жанр».

Көсемсөзді жанр ретінде қарастырушы зерттеушілер пікірімен белгілі ғалым Т.Қожакеевтің де көзқарасы сәйкес келеді: «Публицистика нақтылы өмірден орын алып отырған мәнді оқиға – фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды,- деп жазды профессор. Яғни, публицистика –фактінің, нақты оқиғаның жанры».

Зерттеуші Т.Ыдырысов көсемсөз жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. Екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси-көркем прозы, қаламгердің әлеуметтік мәселелерді толғауы».

Публицистиканы әдебиетпен қоса журналистиканың саласы ретінде қарастырушылар да бар. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» орын тапқан мақаласында С.Байменов мынандай пікір білдіреді: «Көсемсөз – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы»,- деп жазды ол.

Ал, «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта зерттеу жүргізген ғалым Бауыржан Жақып дәл осы аттас кітабында публицистика мен журналистиканың аражігін бірнеше қырынан аша келе, нақты мынадай тұжырымға тоқталады: «Журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылық түрі».

Байқап отырғандығымыздай, публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік бар. Оның олай болатын себебі де жоқ емес. Публицистика қоғамдық ойдың қозғаушы күші және қоғамдық өмір шындығының сырлы шежіресі болғандықтан ол туралы толыққанды зерртеу жүргізу кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда мүмкін болмады. Олай еткен күнде қоғам шындығы ашылып қалатын болды. Сол себепті публицистика зерттеушілеріне қатаң партиялық бақылау аясынан шықпай ой түйіндеулеріне тура келді. Публицистикатану ғылымының кенже дамып келе жатқанының негізгі себебі де содан деп білеміз.

Еліміздің егемендік алып, нарықтық экономикаға негізделген демократиялық қоғам орнату бағытындағы даму жолымызды айқындаған бүгінгі заманда публицистикаға объективті тұрғыдан толыққанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік тууда.

Публицистиканың бір саласы саналатын телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға публицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері, сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары әсер ететнін жоққа шығармаймыз. Дегенмен қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екенін айрықша еске саламыз. Ал өз кезегінде қоғамдық сана сол замандағы қоғам субъектілерін ырқында ұстайтынын өмір дәлелдеумен келеді.

Телепублицистика өз тұсындағы әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар, өзекті мәселелерді көтереді. Ол бұқараға сол күнгі, сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартады. Өмір-тіршіліктегі болмыс-құбылыстардың сыр-сипат, мән-жайын түсіндіріп, сол жөнінде телехабарлар не болмаса телебағдарламалар арқылы жұртшылық пікірін қалыптастырады.

Телепублицистиканың қоғамдағы рөлі орасан зор. Ол кез-келген мәселеге қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы қоғамдық санаға ықпал жасайды. Әрине, қоғамдық санаға телепублицистикадан өзге де өнер түрлері, атап айтқанда, театр өнері, кино өнері, айтыс өнері т.б., сонымен бірге тәлім-тәрбие ошақтары, әлеуметтік орта, табиғат құбылыстары т.б. әсер ететінін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, қалың бұқараға қаратып айтылатын, көтерілген мәселе туралы пікірді иландырып, ұйытып, әсерлі жеткізетін телепублицистиканың орны ерекше екені даусыз.

Алғашқыда телеэкрандағы хабарларды журнал, лекция, хабар, әдеби хабар, әңгіме, сөз, концерт, мультфильм, фото және кинорепортаж, киноочерк, киножурнал, мақала, деректі, ғылми фильм, спектакль, телеқойылым, концерттік трансляция бағытындағы пішіндер мен жанрлар құрады. Келе-келе бұл пішіндер мен жанрлар көрермендер арасында танымалдыққа ие болды. Егер радиожурналистиканың алғашқы кеңестік әрі қазақстандық жанрлары радиогазет шеңберінде дамыса,, ал тележурналистиканың отандық урнал түрінде дамығаның ғылыми тұрығдан айқындалды.

Кеңестік тележурналистиканың басты міндеті – қоғамдық пікірді партияның саясатында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қалыптасытур арқылы аудиторияға тұрақты ықпал ету болды. Сонымен бірге марксизм-ленинизм тұрғысынан қоғамдық өмірдің көкейтесті құбылыстарын түсіндіретін, бағалайтын шығармаларды жасау және тарату, сол заманның жанды тарихын жасау, қоғамдық сананы қалыптастыруға қатысу, көпшіліктің және жекелеген тұлғалардың тәжірибелік қызметін жандандыру, халыққа қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірдің маңызды оқиғалары туралы хабарлап отру, тәрбие, ойын-сауық, оқыту құралы ретінде көпшілікке қызмет көрсетудің мәні дәйекетлді.

Ақапарат қызметінің пайда болу үрдісі барлық жергілікті студияларда бір үлгіде өтті. Ол республиканың қоғамдық өміріндегі жаңалықты қамтудан басталып, облыстар мен қалалардың актуальді оқиғалармен аяқталды. Жаңалықтар спорт жарыстарынан шағын сюжеттер ғана беріліп тұрды. Экраннан жастар аудиториясын толғантқан проблемалар, жұмысшылар өмірі, комсомол ұйымның жұмыстары сирек көрсетілді. Өмірдің сан-саласындағы көкейтесті тақырытарға теледидар әлі шынайы түрде тереңдеп бара алмады. Көрермендерді көп ұлтты кеңес әдебиетімен, өнерімен, класиктер шығармаларымен таныстыру, өнер адамдарының мерейтойлық шығармашылық портреттері, өмірбаяндық хабарлар, өнер шеберлерінің концерттері – көркемдік бағыттағы хабарлардың негізгі мазмұнын құрады. Балалар хабарлары жолындағы алғашқы ізденістер басталды. Сөйтіп, Алматы телестудиясының шығармашылық тобы сан бағыттағы беймәлім пішінермен бетпе-бет келіп, газет пен радионың бар мүмкіндігін экранға ыңғайлау жолындағы ізденістерін жылдар бедерінде ұштап отырды.

Хабарлар құрылымын түрлендіру, мазмұынын байыту, идеялық дәрежесін көтеру бағытындағы кейбір ізденістер тиімділікке қол жеткізсе де, телехабарлардың қалыптасу кезеңінде қиындықтар:а) теледидар жүйесі құрылымндағы ізденістердің баяу жүруі; ә) телеөндіріс табиғаты мен ерекшеліктерін ескермеу; б) кадрлар даярлаудағы босаңдық; в) шығармашылық құрамды қайта даярлауға мән берушілік; г) республика аумағында курстық жүйені өркендетуге көңіл бөлмеуден орын алды. Алайда партия қоғам өміріндегі қуатты қаруға бей-жай қарамыд. Кеңестік кезеңдегі теледидарға партиялық басшылық мынаны көрсетті: идеологиядағы жаңа, маңызды жүйе – теледидардың қалыптасу мен дамуына партия ұйымдарының жан-жақты көмек көрсетулері, күн тәртібіндегі мәселелерді теледидар қызметкерінің дкр кезінде  айқындауларында жоғарыдан бағыт-бағдардың үнемі беріліп отыруы, теледидар кадрларын жасақтауға партия ұйымдарының қамқорлығы мен олардың кәсіби шеберлігін ұштауларында қажетті шараларды жүзеге асырулары, радиотелевизиялық өндірісті дамыту мен телевизиялық хабарлар таратудың материалдық-техникалық базасын нығайту, теледидардың программаларды қабылдау жүйесін ұлайтуға үнемі қамқорлық жасағаны, зор ықпал еткені көрсетілді.

Телевизия – уақытпен бірге дамып, елмен бірге өзгеріп, қоғаммен тығыз бірлікте қанатын жая түсті. Жастық жалынды хабарлар тобы да экранға шықты. Қазақ телевизиясының көркемдік жағын басқарған С. Шәріпов Қазақ телевизиясының он жылдық табысын тарзылай отыры, оның негізгі қызметін дә де айқын көрсетті.

Тележурналистер кезеңге сай өз хабарларында экономика мен өндіріске ғылыми басшылық жасауға батылдық әрі тереңірек үңіле бастады. Себебі уақыт сұранысына ора «Еңбек экраны», «Алматы және алматылықтар», «Уақыт және стиль», «Жаныңда жүр жақсы адам» т.б. хабарлар көрермендер тарапынан жыл қабылданды. Хабарларда заттық игілікті өз қолдарымен жсаушы еңбек адамдарының сан алуан бейнелері, өндірістік процестермен бірлікте жан-жақты ашылды. Жетпісінші жылдары экранда өндірісті басқаруды жетілдіру жөніндегі телевизиялық «Тимур» циклы мен артта қалған бригадалардың алдыңғылар сапына қосылуына көмектесуді мақсат ететін «Агрегат-13» хабарының тиімділігі айтарлықтай.

Қазақ телехабарының  алғашқы айда болу, қалыптасу кезеңінде экранның барлық қырлары мен сипаты өз табиғатын толық ашпады, синкреттік өнер мүмкіндігі барынша пайдаланылмады. Себебі білімді кадрлардың аздығы, әрі синкретті өнер түрінің өзіне тән табиғилығын тануға техникалық және шығармашылық топтағы мамандардың білім-білігі мен парасат-пайымы жете бермеді. «Теледидарда бәрі де әрекетте, ол миллиондаған адамдардың көз алдында жүруді үйренуде. Ол өнер теориясының дәстүрлі сұрақтарын уақыт өткен сайын қайталап қоюда»,-деген пікір осының дәлелі.


жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау