Тарих сабағын оқытуда картинаны пайдалану. Бейнелеу кӛрнекіліктердің ішінен тарих сабағында тарихи тақырыпты талдауда картинаның орны ерекше. Олар оқушыларға нақты, айқын кӛрініс береді. Оқу картинасы кластың әрбір орыннан алу, апару ҥшін ол орташа кӛлемді және ашық тҥсті болуы керек. Оқу картинасы мынадай тҥрге бӛлінеді:
1.Оқиғалық; 2.Типологиялық;
Тарихи -мәдени;
Портрет.
Оқиғалық картиналар нақты жеке оқиғалар туралы тҥсінік береді. Мысалы, В.А.Томбидің «саламин шайқасы», М.Г.Ройтердің «Орлеандағы Жанна д'Арктің бас кӛтеруі» т.б. Олар тарихтағы шешуші кезеңді бейнелейді де одан әрі мҧғалімнің сюжеттік тҥсіндірмесін қажет етеді.
Мҧғалімнің басшылығымен оқушылар оқиғаны, сюжетті картинаны мынадай бірізділікпен оқып ҥйренеді: а) картина мазмҧнына жалпылама анықтама беру; ә) картинада бейнеленген оқиғаның уақытын, ӛткен жерін кӛрсету; б)оның мазмҧндағы басты және қосалқы мәселелерге сипаттама беру; в) жалпы қорытында жасау.
Тҧрпаттық картиналар кӛп қайталанатын тарихи деректерді, сол дәуірге тән типтік оқиғаларды кӛз алдына елестетеді. Мысалы, В.И.Лебедевті «Полюдье», «Вечер в Новгороде»,
«Князь-вотчинниктің усадьбасында» картиналары.
Кейде оқиғалық картина тҧрпаттық картинаға айналып кетеді. Мысалы, «Джордано Бруноны ӛртеу». Бҧл жеке оқиға әрі сол дәуірге тән типтік қҧбылыс. Мҧндай картиналар қоғамдық, эканомикалық, әлеуметтік қҧбылысын бейнелейді. Оларды оқып
ҥйренуде еңжиі қолданылатын тәсіл- оқушылардың ӛз кҥштерімен білім кӛзін алуына кӛмектесетін әңгімелесу тәсілі.
Тарихи тҧлғалардың портреттері бойынша оларға баға беру, сипаттау оқушылардың танымын арттыра тҥседі. Ал, сабақ барысында бейнелеудің ерекше нысаны карикатураларды қолдану тәсілдерін арттырады.
Мәдени - тарихи картиналар тҧрмыстық заттармен, материалдық мәдениет ескерткіштерімен таныстырылады. Ондағы сәулет ескерткіштері, мҥсін ӛнері олардың орындалу ерекшеліктері мен механизмдері бейнеленуі мҥмкін. Бір процестін сырын ашу ҥшін бірнеше картинаны қатар қолдануға болады. Сабақта картинамен жҧмыс жҥргізудің бірізділігі былайша іске асады.
мҧғалім сабақ барысында қажетті сәтте картинаны іледі.
оқушыларға картинамен толық танысуына уақыт бӛледі.
әнгімелеуді бастарда тарихи оқиғаның орны мен уақытын кӛрсетеді
жалпы жағдайжы баяндап болып, негізгі мәселеге тоқталады.
кӛптеген бӛліктер мен ерекшеліктерді айқындайды.
баяндаудың соңында қорытынды жасап, қҧбылыстың ӛзіндік ерекшеліктерін кӛрсетеді.
Осындай жоспармен қоса картиналарды тҥсіндіруде мына ережені де қолдануға болады:
1.автордың аты жӛні және шығарманың жазылу кезеңі 2.шығарма мазмҧны: сюжетті, кейіпкерлері, не бейнеленген
(алдынғы беті, орта, артқы жағы, интерьер, табиғат кӛрінісі) 3.бейнелеу тәсілі: кӛлемі, пропорциялығы, келешегі, тҥсі
4. суретші ӛз туындысында қандай идея, сезім айтпақ болған. Оқушыларға картинаның негізінде қандай тарихи аңыз, нақты оқиға алынған?-деген сҧрақ қою арқылы да талдау
жасауға, бейімделуге болады.
Сол сияқты оқушыларды картина авторының ӛмірбаяны, шығармашылық зертханасы да қызықтырады. Оқу картинасымен жҧмыс істеудің тәсілдері кӛп. Мысалы, картина бойынша әңгіме қҧрастыру, картиналардағы бейнелерді сӛйлету, олардың қимыл әрекетіне инсценировка жасау, т.б
Картинамен жҧмыс жасау барысында оқушы оны талдай алуға, картинаның мазмҧнын ӛз әңгімесінде қолдануға ҥйренеді.
Сабақ барысында бірнеше картинаны қолдануға болады, бірақ ол 2-3 аспауы керек. Безендіру материалының кӛп болуы оқушы зейінін шашыратады. Оның қабылдау белсенділігін тӛмендететі. 5-6 сыныптарда картинамен жҧмыс қызғылықты ӛтеді. Ал 8 сынып тақтасына картинаны сабақтың аяғына дейін ілу міндетті емес, тек керек жағдайда ілу қажет. Мыс, «Бастилияның қҧлауы» картинасын ілместен бҧрын сол оқиға туралы мәлімет беру керек. Оқушы мҧғалімнің сӛзіне қарап суреттің кішкентай детальдарына мән береді.
Тарих сабақтарында картинаны қолданудың маңызы туралы әдіскер Н.В.Андреев нақты 3 анықтама береді:
Картина мҧғалімнің шығармашылығын иллюстрациялан- дырады.
Мҧғалім әңгімесін толықтырады.
Дерек кӛзі ретінде тарихи қҧбылысты айқын оқуға кӛмектеседі
Сабақта қолданылатын келесі кӛрнекілік - кітаптағы иллюстрация. Мектеп оқулығында иллюстрация болуы қажет. 19ғ. аяғына дейін сынып кітаптарында суреттің жоқтың қасы еді.
19 аяғы 20 ғ. басында илюстрация тек гимназия, қалалық училище кітаптарында болды. Иллюстрациялар С.Платонова, Н.Кареева кітаптарында ХХ ғасырдың басында ғана кӛрініс алады. Оқулықта берілген иллюстрация мазмҧнын мҧғалім толықтыру керек.
Шартты-кескіндемелік кӛрнекілік – бҧл процестің сандық және сапалық мазмҧнын ашып, қоғамдық қҧбылыстың басты белгілерін, даму бағыттарын айқындап, тарихи ҧғымдардың, заңдылықтардың себеп-салдарлы байланысын игеруге кӛмектесетін рәміздік бейнелердің жиынтығы. Шартты кескіндемелік кӛрнекілікке сҧлба, кескіндеме, диаграмма, аппликация, сҧлбалық суреттер жатады. Олар тарихи оқиғаның мәні мен байланысын, даму динамикасын айқындауда жекелеген, шектеулі ҧғымдарды қалыптастыруда қолданылады. Оқушылардың кӛру сезіміне сҥйене отырып, мҧғалім ауызша баяндаған оқиғаны бормен тақтаға сҧлба сурет етіп тҥсіреді. Мысалы, Египет пирамидасының фотосын кӛрсетіп, тақтаға суретін салу арқылы оның ішкі қҧрылысын тҥсіндіруге болады.
Аппликация - қағаз немесе картоннан сол кезде қолданылған заттың кескінің силуэтін, рәміздерін жасау. Мысалы, Папирус
жапырақтары, жауынгер бейнесі. Аппликация орындалуына қарай рельефті, бейнелі болып бӛлінеді. Магнит тақтасын қолданып, Марафон, Барадино шайқастарын, бейнелеуге болады. Кӛбінесе ӛменгі сыныптарға қолданылады.
Жоғарғы сыныпқа шартты кескіндемелік кӛрнекілікті қолдану тиімді. Оған кесте, диаграмма, кескін, қисындық сҧлбалар жатады. Кӛрнекіліктің бҧл тҥрінде сызық шаршы, дӛгелек және т.б кӛптеген шартты белгілер қолданылады.
Диаграммамен жҧмыс оқушылардың статистикалық материалдардан қоғамдық қҧбылыстың дамуын кӛріп, олардың ӛзара ішкі байланысын анықтай алу дағдыларын қалыптастырады. Диаграммалар оқытылатын қҧбылыстарды, процестерді салыстыруға қолданылады. Олар кҥрделі процестерді қысқа нҧсқада тҥсіндіруге мҥмкіндік береді. Мектеп оқушыларында диаграмманың доғал, шеңбер, бағана, бейне сияқты ҥлгілері қолданылады. Олар біртекті мағлҧматтар мен әр текті қҧбылыстың статистикасы мен динамикасын шарттылықпен кӛрсетуге негізделеді. Оқушылар статистикалық мағлҧматтарды ӛте нашар игереді, сандар тілін тҥсіне бермейді, сандық материалдарды әлеуметтік-эканомикалық процестермен байланыстыра алмайды, сондықтан сандық мәліметтерді сабақта қосалқы материал ретінде ғана қолданылады. Бҧндай алқылықтарды жою ҥшін мҧғалім тарих сабағында диограммамен жҧмыс жасауда шығармашылық ізденіске кӛңіл бӛлуі тиіс.
Шартты-кескіндемелік кӛрнекіліктін ерекше тҥрі тақтаға салынатын сурет. Мҧғалімнің материалды баяндау, тҥсіндіру, тақтаға салған сурет, сызбалары оқушыларға сӛз бен бейнені бір мезгілде қабылдап, оқиға мен қҧбылысты қозғалыс барысында ҧғынуға кӛмектеседі. Сондықтан да тақтаның мҥмкіндігін сабақ ҥстінде барынша кеңінен пайдалану мҧғалімнен шеберлікті талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |