Жалпы білім беретін мектептер алдына қазіргі қоғам қойып отырған кҥрделі міндеттерді сәтті шешу мҧғалімге, оның мамандық шеберлігіне, білімділігіне, ой шеңбері мен мәдениетіне байланысты. Ӛйткені жалпы білім беретін мектеп бҧл баршаға ортақ әлеуметтік институт. Іс жҥзінде мҧнан білім алмайтын, ҥлгі-ӛнегесін кӛріп ӛспейтін ӛскелең ҧрпақ болған емес. Сондықтан тарих пәні мҧғалімдерінің профессионалдық білім деңгейі биік болмаса ҧрпақтың да тарихи танымының ӛсе қоюы екі талай.
Осыған орай дҥниежҥзілік тарихты оқыту әдістемесі курсының негізгі мақсаты келешек мамандардың тарихи танымын жҥйелі тҥрде қалыптастыру және оларға орта мектеп оқушыларының тарихи танымын қалай жҥйелеп, нендей жолмен ӛнегелікке баулуды ҥйрету.
Тарихты оқыту әдістемесі педагогикалық-ғылыми пән ретінде сипатталады, сондықтан болашақ мҧғалім алдына мынадай міндеттер қойылады:
-Теориялық сабақтарда берілген методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді игеру, оны педагогикалық сараман кезінде тәжірибе жҥзінде пайдалана білуге ҥйрену;
-Оқушылардың танымдық қызметін ҧйымдастыру дағдылары мен әдістерін ҥйрену;
-Алдын-ала ӛз оқушыларын тарих ілімі арқылы ізгі ниетке баули алуға бейімделу;
-Әдістемелік курсты оқу барысында ӛзі игерген білімді тиімді пайдалана білу;
-Ӛзі жҥзеге асырған оқу-тәрбиелік жҧмысты ӛз бетінше талдап, ӛздігінше жетілдіре білу т.б.
Бҧл міндеттерді орындауда мҧғалімге әдістемелік жҧмыстың барлық қырларын игеруі ӛте маңызды қажеттілік. Осыған орай ҧсынылып отырған әдістемелік оқу қҧралында оқыту әдістемесінің кӛптеген мәселелері тарихты оқыту әдістемесінің даму тарихынан бастап, оқыту әдістерінің қалыптасқан дәстҥрлі және дәстҥрлі емес тҥрлері, инновациялық-интерактивті оқыту әдістері, оқыту қҧралдары мен оқушылардың танымдық жҧмыстарын ҧйымдастыру жолдары талданып отыр.
Тарих мамандығына арналып отырған бҧл «Тарихты оқыту әдістемесі» курсы мамандықтың мемлекеттік стандарт бойынша негізгі пәндерінің бірі және Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дҥниежҥзілік тарих кафедрасының кӛп жылдық оқытушылық тәжірибесінің нәтижесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |