Жүргізу қағидасы 1-параграф. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-параграф. Көзбен шолып ұшу ережесі



жүктеу 5,34 Mb.
бет6/25
Дата14.12.2017
өлшемі5,34 Mb.
#4103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

63-параграф. Көзбен шолып ұшу ережесі
      274. Көзбен шолып ұшу ережесі аспаптық жылдамдықты 450 км/сағ-тан асырмай төменгі әуе кеңістігі шегінде:
      күндіз;
      ымыртта – жарық-техникалық құралдармен жабдықталған немесе қону алаңын әуеден таңдауға болатын әуеайлаққа (қону алаңына), жарық техникалық құралдарымен жабдықталмаған әуеайлақтарға (алаңдарға) таңатқаннан кейін 30 минуттан соң және қараңғы түскенге дейін 30 минут бұрын орындалады.
      275. Көзбен шолып ұшу ережесі:
      1) әуе кемесі экипажының ауа жағдайын көзбен шолып бақылауы арқылы әуе кемелері арасындағы, сондай-ақ әуе кемелері мен басқа да әуедегі материалдық объектілер арасындағы белгіленген тік, көлденең және бүйір аралықтарын сақтауды;
      2) төменгі эшелоннан төмен биіктікте ұшқан кезде нағыз қауіпсіз биіктікті ұстану және алдыңғы жақты көзбен шолып бақылай отырып жасанды кедергілерді айналып өтуді;
      3) әуе кемесінің көзбен шолу бағдары әдісімен және қолдағы бар навигациялық құралдарды пайдалана отырып, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы әуе трассасының, жергілікті әуе желісінің (бұдан әрі - ЖӘЖ), ұшу бағытын;
      4) бақыланатын әуе кеңістігінде - жауапкершілік аймағындағы әуе кемесін, ӘҚҚ органының радиожиілікті қосымша тұрақты тыңдауы;
      5) бақыланбайтын әуе кеңістігінде - эфирді қосымша тұрақты тыңдау (жұмыс радиожиілігі).
      276. АҰЕ бойынша рұқсаты жоқ ӘК командирлерінің, ұшқыштардың жеткілікті дәрежеде ұшуды орындау үшін аспаптар бойынша ұшуға дайындығы (машығы) болуы қажет, ол әуе кемесі табиғи көкжиек желісі және жер бағдары бойынша ұшуға мүмкіндік болдырмайтын жағдайға кенеттен түскенде ұшуды қауіпсіз аяқтауды қамтамасыз етеді.
      277. КҰЕ бойынша ұшулар әуе кемесінің ұшу экипажының барлық мүшелерінің барынша сақтығымен, ал бақыланатын әуе кеңістігінде әуе кемесі болған жауапты аймақтағы ӘҚҚ органының радиожиілікті тұрақты тыңдауымен орындалады.
      278. Әуе кемесінің бағыты бойынша байқалатын кедергілерді айналып өту, әдетте, одан кемінде 500 м қашықтықта оң жағынан жүзеге асырылады.
      279. Ұшу бағыты оның бағытынан кемінде 70 градусқа ерекшеленетін алдында ұшып бара жатқан әуе кемесіне жақындайтын әуе кемесі басып озушы деп есептеледі.
      Алда ұшып бара жатқан әуе кемесін басып озу мына жағдайларда:
      1) ұшуда - кемінде 500 м қашықтықта оң жағынан;
      2) шеңберде (шеңбер көзделген)- неғұрлым жылдам әуе кемесімен кемінде 500 м аралықпен шеңбердің сыртқы жағынан үшінші бұрылғанға дейін ғана мүмкін.
      Шеңбер бойынша ұшуларды орындау кезінде бір үлгідегі әуе кемесін басып озуға рұқсат етілмейді.
      280. Өту эшелонынан төмен биіктікте ұшу кезінде әуе кемелерінің бір биіктікте бір-бірден ұшудың барланбаған бағыты және/немесе ЖӘЖ арқылы қарсы қозғалуға жол берілмейді.
      281. Ұшу биіктігін (эшелонын) өзгерту:
      1) бақыланатын әуе кеңістігінде - әуе кемесі тікелей бақылауындағы ӘҚҚ органының рұқсатымен;
      2) бақыланбайтын әуе кеңістігінде - басқа әуе кемелері үшін (жұмыс радиожиілігінде) эфирге өзінің әрекеті туралы ақпарат бойынша жүргізіледі.
      282. Кездесетін бағыттарда абайсыз жақындасып қалған жағдайда әрбір әуе кемесінің командирі оларды сол бортпен ажырату үшін өз әуе кемесін оңға бұруға тиіс.
      283. Әуе кемелері өзара қиылысатын бағытта және бір биіктікте ұшқанда әуе кемелерінің командирлері (ұшқыштары) басқа әуе кемесін орындалатын маневрге қарамастан көзден таса қылмауға тиіс:
      1) ұшу биіктігін өзгерту мүмкіндігі болған кезде - сол жағынан әуе кемесін байқаған ұшқыш ұшу биіктігін азайтуға, тиісінше оң жағынан байқаған ұшқыш ұшу биіктігін көтеруге, сөйтіп олар әуе кемелерінің қауіпсіз айырылысып кетуі үшін әртүрлі биіктікте ұшады;
      2) ұшу биіктігін өзгерту мүмкін болмаса (бұлт болғандықтан, ең аз биіктікте ұшқандықтан немесе басқадай шектеулерден) - сол бортпен өту үшін оңға бұрады.
      284. Метеорологиялық жағдай КҰЕ бойынша ұшуға қойылған тиісті талаптарға сай келмейтін шамаға дейін нашарлағанда әуе кемесінің командирі:
      1) егер ол КҰЕ ең аз шарты бойынша ұшуға және АҰЕ бойынша ұшуға жіберілмесе ұшып шыққан әуеайлаққа қайтуға және немесе ең жақын қосалқы әуеайлақта қонуды орындайды;
      2) егер ұшу тапсырмасының мақсаты мен ӘКК бұған кедергі болмаса, КҰЕ бойынша арнайы ұшуға ауысады;
      3) егер ұшу тапсырмасының мақсаты мен ӘКК, ӘК жабдықталуы бұған кедергі болмаса, АҰЕ бойынша ұшуға ауысады.
      285. КҰЕ ең төмен жағдайы бойынша ұшуға немесе АҰЕ бойынша ұшуға өту кезінде ӘК командирі өз әрекеті мен ұшу эшелонын (биіктігін) диспетчері әуе кемелері арасында белгіленген аралықты қамтамасыз ететін ӘҚҚ органымен келіседі және қажет болған жағдайда төменгі (қауіпсіз) эшелонды және әуе кемесінің әуе қозғалысына қызмет көрсететін (басқару) шектес ауданға кіру жағдайын келіседі.
      286. Әуе кемесі КҰЕ бойынша ұшу үшін белгіленген минимумнан төмен жағдайға кенеттен түскенде көзбен шолып ұшуға көшу мақсатында аспаптық қауіпсіз биіктен төмен құлдилауға жол берілмейді. Бұл жағдайда командир аспаптар бойынша ұшуға көшуге, 180 градусқа бұрылуға, ұшып шыққан әуеайлаққа қайтуға немесе жақын арадағы әуеайлаққа қонуға міндетті.
      180 градусқа бұрылғаннан кейін көзбен шолып ұшуға көшу мүмкіндігі болмаса, ӘК командирі төменгі қауіпсіз эшелонға дейін биіктікті алуға ауыстырады және бақыланатын әуе кеңістігіндегі өзінің алдағы әрекетін ӘҚҚ органымен келіседі.
      Ескерту. 286-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      287. Тікұшақ командиріне ұшуда минимумнан төмен ауа райы жағдайымен және қауіпті метеоқұбылыстармен кездескен кезде әуеден таңдаған алаңға қонуға рұқсат етіледі. Осы алаңнан ұшып көтерілуге нақты ауа райында минимумға сай келетін тікұшақ командиріне рұқсат етіледі. Тікұшақ командирі өзінің әрекеттері туралы ӘҚҚ органына хабарлайды.
      288. ӘК қай жерде келе жатқаны туралы хабар беруді егер ӘҚҚ органының басқаруындағы әуе кемесі басқа уақыт интервалын белгілемесе ӘК командирі 30 минуттан аспайтын интервалмен жүзеге асырады.
      289. АҰЕ бойынша ұшуды орындағанда ӘК командирі:
      1) көзбен шолып ұшу ережесі мен ұшудың берілген жағдайларын орындауды;
      2) ұшудың қауіпсіз биіктігінің сақталуын (ұшудың нағыз қауіпсіз биіктігін сақтауды);
      3) ұшу бағытын дәл ұстауды және әуеайлақ аумағынан шығудың және қонуға бет алудың белгіленген схемасын сақтауды қоса алғанда, белгіленген маневр жасау рәсімдерінің орындалуын;
      4) басқаруында әуе кемесі бар ӘҚҚ органына ұшудың ағымдағы жоспарынан ауытқу туралы уақтылы баяндауды;
      5) әуе кемесінің тұрған жері және ұшу жағдайлары туралы ақпараттың дұрыстығын;
      6) ӘҚҚ диспетчерлік органның нұсқауларының дәл және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
      290. КҰЕ бойынша ұшу жағдайлары тәулік уақытына, ұшу ауданының сипаттамасына және ұшу жылдамдығына байланысты осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес анықталады.
      291. КҰЕ бойынша ұшуға арналған бақыланбайтын әуе кеңістігі (G сыныбы) әуе кемелерінің қозғалыс туралы ақпаратты (бұдан әрі – TIBA, ағылшын тіліндегі аббревиатурасы) радио арқылы таратуға арналған өте жоғары жиілікті ауқымдағы (бұдан әрі - ӨЖЖ ауқым) радио байланыс жиілігін қолдану арқылы аэронавигациялық ақпараттар жинағында немесе NOTAM хабарламаларында жарияланады.
      292. ӘҚҚ органымен екіжақты «әуе-жер» байланысы кезінде ӨЖЖ-ауқым қолданылады, ӘК-де жұмыс істейтін екі ӨЖЖ-станция бар, біреуі ӘҚҚ органының жиілігіне, екіншісіне – ТIВА жиілігіне қойылған.
      ӘК экипажы ТIВА жиілігінде тыңдауды бақыланбайтын әуе кеңістігіне кіргенге дейін 10 минут қалғанда бастап және осы әуе кеңістігінен шыққанша жалғастырады. Бақыланбайтын әуе кеңістігі шегінде орналасқан әуеайлақтан шығып келе жатқан ӘК экипажы тыңдайды ұшып көтерілгеннен кейін бастап, осы әуе кеңістігінен шыққанша тыңдайды.
      293. ӘК экипажы TIBA жиілігі бойынша сөйлесуді:
      1) бақыланбайтын әуе кеңістігіне кіргенге дейін 10 минут қалғанда бастайды немесе пилот бақыланбайтын әуе кеңістігі шегінде орналасқан әуеайлақтан шығып келе жатса ұшып көтерілгеннен кейін бастайды;
      2) ӘҚҚ бағытымен қиылысқанша немесе одан шыққанша 10 минут қалғанда;
      3) ұшып келе жатқан жерінен немесе ұшу биіктігі туралы әрбір 20 минут сайын;
      4) ұшу биіктігі өзгерген сайын, мүмкіндігінше 2-5 мин сайын;
      5) ұшу биіктігі өзгерген жағдайда;
      6) ӘКК шешімі бойынша.
      294. ӘК экипажы бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшудың бір биіктігінен екіншісіне ауысқан кезде ӘК көрінуі үшін қолда бар барлық борттық оттарды қосады.
      295. Басқа ӘК-ден бақыланбайтын әуе кеңістігінде оның қозғалысы туралы радио хабар алғаннан кейін, ӘК-ның басқа ӘК-мен соқтығысып қалуын болдырмас үшін мынадай шұғыл шаралар қолданады:
      1) ӘК көрінуі үшін қолда бар барлық борттық оттарды қосады;
      2) TIBA жиілігі арқылы қолданылатын әрекеттер туралы хабарлайды.
      296. Әуе кемесінің бортында радиостанция болмаған жағдайда, КҰЕ бойынша ұшу 50 метрден жоғары биіктікте орындалмайды, арнайы бөлінген пилотаждық аймақтар болмаса.
      297. Іздестіру және құтқару, төтенше жағдайларды жоюды қамтамасыз ету бойынша ұшу кезінде күндіз және түнде жаттығу және шұғыл санитарлық ұшуларды қамтамасыз ету кезінде КҰЕ бойынша ұшулардың ең төмен жағдайлары қолданылуы мүмкін.
      298. КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшуды көзбен шолып метеорологиялық жағдайларына қарағанда қолайлылығы азырақ КҰЕ бойынша ұшуға дайындалған ұшу экипажы пайдаланады.
      299. КҰЕ ең төмен жағдайлары және КҰЕ бойынша түнде ұшу:
      1) әуе кемесінің табиғи көкжиек бойынша оның кеңістік орнын аспаптар бойынша бір мезгілде бақылау арқылы ұшқыштығын;
      2) АҰЕ үшін белгіленген көлденең және бүйірге қарай эшелондау аралығын сақтау арқылы ұшуды орындауды;
      3) жасанды кедергілерді ескере отырып ұшудың берілген эшелонын (биіктігін) сақтауды;
      4) қолда бар навигациялық құралдарды пайдаланып жер бағдары бойынша көзбен шолып әуе кемесінің орнын анықтау;
      5) радиолокациялық құралдарды қолдану арқылы және (немесе) экипаждан алатын ақпарат негізінде, әуе кемелері арасындағы аралықты сақтау үшін ӘҚҚ диспетчерлік органды бақылауды көздейді.
      300. КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшу төменгі қауіпсіз эшелоннан төмен ұшу кезінде және ұшудың ең жоғары жылдамдығы 300 км/сағ-тан аспайтын әуе кемелерінде төменгі әуе кеңістігінің шегінде қолданылады:
      1) күндіз - денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша шұғыл ұшуларды орындау кезінде КҰЕ бойынша ұшулар үшін метеорологиялық жағдайлар болмағанда;
      2) түнде - денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша шұғыл ұшуларды орындау кезінде;
      3) күндіз және түнде - оқу және жаттығу ұшуларын орындау кезінде.
      301. Ұшу биіктігінен төмендегі бұлттардың мөлшері екі октанттан аспаса - КҰЕ және КҰЕ төмен жағдайлары бойынша бұлттан жоғары ұшуға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда бұлттардың жоғары шекарасынан әуе кемесіне дейінгі қашықтық 300 метрден кем болмауы тиіс.
      302. КҰЕ бойынша арнайы ұшулар түнде жарық-техникалық жабдықтары бар әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына) және жұмыс алаңы жарықпен таңбаланған жарық бағдарлармен жабдықталған қону алаңына жасалады.
      303. КҰЕ бойынша арнайы ұшулар ӘҚҚ мен ӘК арасында байланыс болған жағдайда, төменгі қауіпсіз эшелонды басқа ӘК босатқан жағдайда орындалады.
      304. КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшуларды ұйымдастыру кезінде бағыт жасанды кедергілерді қауіпті биіктіктің есебіне кіргізбеуге мүмкіндік беретін қашықтықта айналып өтуді қамтамасыз ететіндей есеппен, көру мүмкіндігі шектелген жағдайларда жеңіл танылатын бағдарлар арқылы белгіленеді.
      КҰЕ бойынша ең төмен жағдайлар және түнде КҰЕ бойынша ұшулар кезінде бағыт бойынша қарсы қозғалу және әуе кемелерін басып озу АҰЕ бойынша тік эшелондауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Биіктік бойынша мұндай ұшуларды эшелондау мүмкін болмаған кезде АҰЕ үшін белгіленген көлденең эшелондаудың ара қашықтығымен әуе кемелерінің бір жақты қозғалысы ұйымдастырылады.
      305. Биіктік бойынша мұндай ұшуларды эшелондау мүмкін болмаған кезде АҰЕ үшін белгіленген көлденең эшелондаумен әуе кемелерінің бір жақты қозғалысы ұйымдастырылады.
      306. Метеорологиялық жағдай КҰЕ бойынша ең төмен жағдайдан төмен шамаға дейін нашарлап кеткен жағдайда әуе кемесінің командирі ұшып шыққан әуеайлағына қайтуға немесе жақын жердегі әуеайлаққа қонуға міндетті. Әуе кемесі көзбен шолып ұшуға болмайтындай жағдайға тап болса, ӘК командирі осы Қағиданың 286-тармағын басшылыққа алады немесе ӘҚҚ органмен ұшу бағытын және ұшу эшелонын келісіп, АҰЕ бойынша ұшуға көшеді.
      Ескерту. 306-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      307. Ұшу биіктігін (эшелонын) өзгерту әуе кемесін тікелей басқаратын ӘҚҚ органның рұқсатынан кейін жүргізіледі.
      308. КҰЕ ең төмен жағдайы және түнде КҰЕ бойынша ӘК командирі:
      1) ұшу ережелері мен берілген жағдайларды орындауды;
      2) ұшудың қауіпсіз биіктігін сақтауды;
      3) берілген биіктікті, берілген ұшу эшелонын сақтауды;
      4) әуе трассасын, МВЛ, ұшу бағытын және ұшып шыққан кейін шығуға және қонуға бет алудың жарияланған схемасын дәл ұстауды;
      5) ұшудың ағымдағы жоспарынан әдейі немесе байқаусыз ауытқу туралы ұшақтың ұшуын басқаратын ӘҚҚ органына уақтылы баяндауды;
      6) ӘК орны мен ұшу жағдайлары туралы ақпараттың дұрыстығын;
      7) ӘҚҚ органының нұсқауларын дәл және уақтылы орындауды қамтамасыз етеді.
64-параграф. Аспаптар бойынша ұшулар ережесі
      309. Аспаптар бойынша ұшу мыналарды көздейді:
      1) бақыланатын А, С сыныпты әуе кеңістігінде - аспаптық жылдамдық шектелмей;
      2) көрінуді ұқсататын аппаратураны пайдалана отырып ұшқан кезде орындалады.
      310. АҰЕ бойынша ұшуды орындау үшін әуе кемелерінде бағыт бойынша "соқыр сипаттағы" ұшуды орындау және күрделі метеорологиялық жағдайларда қону үшін қажетті тиісті аспаптар мен навигациялық жабдықтар орнатылады, олар стандартты жабдықтар деп аталады.
      311. Бақыланатын әуе кеңістігінде АҰЕ бойынша ұшу берілген эшелондарда (биіктіктер) тік, бойлай және бүйірлік эшелондау ережелеріне сәйкес, ұшудың берілген режимін және белгіленген бағытты қатаң ұстана отырып орындалады.
      АҰЕ бойынша ұшуды орындау кезінде экипаж көзбен шолып және борттағы радиотехникалық құралдарды пайдаланып әуедегі және метеорологиялық ахуалды тұрақты қадағалап отырады.
      312. Осы Қағиданың 367-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұшу эшелонының өзгеруі ӘҚҚ диспетчерлік органның рұқсатымен және нұсқауымен болады.
      313. АҰЕ бойынша ұшу АҰЕ бойынша ұшу үшін қауіпсіз эшелон белгіленгеннен төмен емес деңгейде немесе аумағы үстінен ұшу орындалатын осы аудан үшін ӘҚҚ органы белгілеген ұшудың ең аз абсолюттік биіктігінен төмен емес деңгейде немесе мұндай ең аз биіктік белгіленбеген жерде ол осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      314. АҰЕ бойынша орындайтын әуе кемесінің командирі:
      1) әуеайлақ аймағынан шығу схемасын, берілген эшелонда (биіктік) ұшу бағытын, төмендеу және қонуға бет алу сызбасын, берілген траекториялар мен ұшу параметрін сақтауға;
      2) әуе кемесінің нақты қай жерде екендігі, биіктігі және ұшу жағдайлары туралы ақпараттың дұрыстығына және уақтылығына;
      3) ӘҚҚ диспетчерлік органның нұсқауларын дәл және уақтылы орындауға жауап береді.
      315. Басқаруымен КҰЕ бойынша әуе кемелерінің ұшуы орындалатын ӘҚҚ тиісті органның диспетчері:
      1) ұшу эшелондарын (биіктіктер) дұрыс тағайындауға;
      2) тік, бойлай және бүйірге қарай эшелондаудың белгіленген ара қашықтығын қамтамасыз етуге;
      3) радиолокациялық бақылау бар болғанда әуе кемесінің ұшу бағытын, әуеайлақ аймағынан шығу, төмендеу және қонуға бет алу схемасын ұстануына бақылау жасауға;
      4) экипажға метеорологиялық ахуал туралы, радиолокациялық бақылау бар болса берілген траекториядан ауытқу туралы және қажет жағдайда, әуе жағдайы және орнитологиялық жағдай туралы берілетін ақпараттың дұрыстығына және уақтылығына;
      5) әуе кемесінің экипаждарына берілетін нұсқаулар мен ұсыныстардың негізділігіне;
      6) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде іздестіру-құтқару қызметтеріне көмек көрсетуге жауап береді.
      316. АҰЕ ұшуы бойынша ұшудан КҰЕ бойынша ұшуға ауысқан кезде ӘҚҚ органын хабардар етеді. ӘҚҚ орган АҰЕ бойынша ұшуды өзгерткендігі туралы ӘК экипажына растауға тиіс.
65-параграф. Ұшудың қауіпсіз биіктігін анықтау және ұстау қағидасы
      317. АҰЕ, КҰЕ және КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшудың ақиқат қауіпсіз биіктігі жердің бедеріне және ондағы жасанды кедергілердің биіктігіне, ӘК ұшу жылдамдығына, ұшуда және навигацияда жіберілетін ауытқулар ескеріле отырып қолданылатын ережеге және ұшу ауданына биіктік өлшегіші жіберетін қателіктерге, атмосфераның турбуленттігі жағдайында ұшу траекториясынан тігінен алған бағытта ауытқуы мүмкін екендігіне және орнитологиялық жағдайға байланысты белгіленеді.
      Ұшудың қауіпсіз ақиқат биіктігі осы Қағиданың 7-қосымшасында көрсетілген.
      318. Ақиқат қауіпсіз биіктіктен төмен емес биіктіктегі ұшуды қамтамасыз ету үшін ұшудың аспаптық қауіпсіз биіктігіне есептеме жасалады.
      319. АҰЕ бойынша әр ұшу алдында:
      1) аэронавигациялық ақпараттар жинағы бойынша (әуеайлақтар аудандарында ұшуды жүзеге асырудың нұсқаулықтары) әуеайлақ шеңбері бойымен ұшу биіктігі (шеңбер биіктігі), әуеайлақ ауданындағы ең төменгі қауіпсіз биіктік (ЕҚБ) және жақын келетін аудандағы қауіпсіз биіктік анықталады;
      2) төменгі қауіпсіз эшелонның биіктігі есептеледі.
      320. Әуеайлақ шеңбері бойынша ұшу биіктігі (шеңбер биіктігі) шеңбер бойынша ұшу жылдамдығына және ақиқат қауіпсіз биіктікке байланысты анықталады және 100 метр еселенген мәнге дейін ұлғаж жағына дөңгелектенеді.
      321. Әр әуеайлақ үшін аспаптар арқылы ұшудың ең төмен қауіпсіз биіктігі (бұдан әрі - MSA) белгіленеді, ол биіктік қонуға бағыт алған сұлбаның сыртына шығып кеткенде апаттық жағдайда төмендеу үшін пайдаланылады және MSA 50 км радиустағы жер бедерінің ең жоғарғы нүктесінен және жасанды кедергілерден 300 метр жоғары ақиқат қауіпсіз ұшудың ең аз қорын қамтамасыз етеді. Егер 46 км жасанды кедергілерді қоса алғанда, жер бедеріндегі биіктіктердің айырмасы 100 метрден аспаса, ЕҚБ әуеайлақтың барлық ауданы үшін бірдей белгіленеді. Биіктіктердің айырмасы үлкен болған жағдайда әуеайлақ секторларға бөлінеді, ал әрбір сектор үшін ең төмен қауіпсіз биіктік белгіленеді. Жер бедерінің ең жоғары нүктесінің және жасанды кедергілердің биіктігі ұшу жолағының қонуға баратын бағытындағы табалдырықтың деңгейіне қатысты анықталады және 100 метр еселенген мәнге дейін ұлғаю жағына дөңгелектенеді.
      Таулы аудандарда ұшқан кезде кедергілердің үстімен ұшудың ең аз қоры 300 м ұлғайтылады.
      322. Жақын келетін ауданда ұшудың қауіпсіз биіктігі әуеайлақтың теңіз деңгейіне келтірілген атмосфералық қысымы бойынша анықталады.
      323. Жақын келетін ауданда ұшудың қауіпсіз биіктігі, шеңбер биіктігі және ЕҚБ орташа жылдық температура мен әуеайлақтағы қысымның ең аз шамасы бойынша жүргізілген көп жылдық бақылау негізінде есептеледі және осы әуеайлақта ұшу жүргізудің нұсқаулығында және аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетіледі.
      324. Төменгі қауіпсіз эшелонның биіктігі алынған мәнді таяу ілеспе эшелонға дейін өсіре отырып, 760 мм сынап бағанасындағы атмосфералық қысым (1032,2 мб) бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу арқылы анықталады.
      325. Ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшулардың негізгі қағидаларымен белгіленеді.
      326. АҰЕ және КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша әрбір ұшу алдында:
      1) төменгі эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауіпсіз биіктік;
      2) төменгі эшелоннан төмен бағыт бойындағы (авиациялық жұмыстар ауданындағы) ұшудың қауіпсіз биіктігі;
      3) төменгі қауіпсіз эшелонның биіктігі есептеледі.
      327. КҰЕ бойынша төменгі эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауіпсіз биіктік (әуеайлақтың атмосфералық қысымы бойынша) және бағыт бойындағы қауіпсіз биіктік (келтірілген ең аз қысым бойынша) ұшу (тағайындалған) әуеайлақтағы температураның нақты шамасы бойынша есептеледі.
      328. Бағыт бойында және тегіс және қыратты жердегі әуеайлақ ауданында төменгі эшелоннан төмен, КҰЕ бойынша ұшу үшін қауіпсіз биіктікті есептегенде, егер әуе кемесінің ұшу жылдамдығы 300 км/сағаттан аспайтын болса, жасанды кедергілердің биіктігі есепке алынбайды. Әуе кемесінің экипажы жасанды кедергіні Көзбен шолып кемінде 500 метр қашықтықта айналып өтуі тиіс.
      Таулы жерлерде түнде КҰЕ бойынша және КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшқанда қауіпсіз биіктікті есептеу үшін жасанды кедергілердің биіктігі есептеледі. Ұшу жылдамдығына қарамастан қауіпсіз биіктіктің есебіне кіреді.
      329. Бағыт бойынша, сондай-ақ ұшу және қону аймағында КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшу осы Қағиданың 6-қосымшасында келтірілген КҰЕ және түнде КҰЕ бойынша арнайы ұшу кезінде кедергілер үстімен ұшудың ең аз биіктігі қорындағы талаптарға жауап беретін жағдайларда орындалады.
      Ұшу биіктігінен төмендегі бұлттардың мөлшері екі октанттан аспаса - КҰЕ және КҰЕ төмен жағдайлары бойынша бұлттан жоғары ұшуға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда бұлттардың жоғары шекарасынан әуе кемесіне дейінгі қашықтық 300 метрден кем болмауы тиіс.
      Күндіз тегіс және қыратты жерлерде бұлттардың төменгі шекарасының нақты және болжамды биіктігі 150 метрден кем және көру мүмкіндігі 3000 метр және одан алыс болғанда, ұшу жылдамдығы 300 км/сағ болатын әуе кемелері үшін жасанды кедергілердің биіктігі есепке алынбайды.
66-параграф. Биіктік өлшегіштерін орнату ережесі
      330. Әуе кемелері ұшуының барометрлік биіктігін есептеу мынадай ұшу кезінде жүргізіледі:
      1) әуеайлақ ауданында ұшудың әуеайлақтық шеңбері шегінде, ауысу биіктігінде және одан төменде - КҰЕ табалдырығы деңгейіндегі атмосфералық қысымның шамасы бойынша немесе орташа теңіз деңгейіне келтірілген - КҰЕ табалдырығы деңгейіндегі атмосфералық қысымның шамасы бойынша;
      2) төменгі эшелоннан төмен биіктіктегі бағыт бойынша - теңіз деңгейіне келтірілген бағытта (бағыт телімінде) ең аз атмосфералық қысым бойынша;
      3) ауысу эшелонында және одан жоғарыда - 760 мм сынап бағанасының (1013,2 мб) стандартты атмосфералық қысымы бойынша.
      Ескерту. 330-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      331. Ұшып шығар алдында әуе кемесінің экипажы биіктік өлшегішке әуеайлақтың қысымын QFE немесе QNH орнатады және биіктік өлшегіштерді  көрсетулерін биіктік өлшегіштегі және/немесе әуеайлақтың салыстырмалы биіктігінің шамасын нөл "0" белгісімен салыстырады.
      332. Ұшып шыққаннан кейін әуе кемесінің экипажы барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласын:
      1) өту биіктігінен қиып өткен кезде - стандартты атмосфералық қысымға ауыстыруды;
      2) төменгі эшелоннан төмен биіктікте ұшуды орындаған кезде орташа теңіз деңгейіне келтірілген ұшу бағыты бойынша атмосфералық төменгі қысым жағдайында - белгіленген аралықта немесе ӘҚҰ органының нұсқауы бойынша жүргізеді.
      Ескерту. 332-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      333. Ұшу биіктігін (эшелонын) сақтау:
      1) стандартты атмосфералық қысым бойынша - биіктікті алу кезінде өту биіктігінен және ұшу эшелонынан әуе кемесін төмендеткен кезде өту эшелонына дейін;
      2) орташа теңіз деңгейіне келтірілген әуеайлақтың стандартты атмосфералық қысымы немесе ең төмен қысымы бойынша - әуеайлақ (әуеторап) ауданында ұшу кезінде ұшып шыққаннан өту биіктігін алғанға дейін және әуеайлақтың өту эшелонынан қонуға дейін жүргізіледі.
      334. Әуе кемелерінің ұшуларына өту қабатында өту биіктігінен көлденең ұшу режимінде тыйым салынады. Өту қабатын азайту үшін өту биіктігі мүмкіндігінше өту эшелонына жақын, бірақ 300 м кем емес орналасуға тиіс.
      335. Әуе кемесі ұшу эшелонынан төменгі эшелоннан төмен және қажетіне қарай эшелонды алу бағыты бойынша ұшқан жағдайда орташа теңіз деңгейіне келтірілген ең төменгі қысымнан барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласын стандартты атмосфералық қысымға ауыстыру эшелонды алу үшін биіктікке көтерілуді бастағанда жүзеге асырылады.
      336. Әуе кемесі ұшу эшелонынан төменгі эшелоннан төмен бағыт бойынша ұшу биіктігіне дейін төмендеген кезде барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласын өту биіктігін қиып өткен кезде стандартты атмосфералық қысымнан орташа теңіз деңгейіне келтірілген ең төменгі қысымға ауыстыру. Әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру хабарламасы болмаса, өту эшелоны мен орташа теңіз деңгейіне келтірілген ең төменгі қысым шамасын әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ (УВД) органнан алады.
      Өту эшелоны төменгі (қауіпсіз) эшелоннан төмен орнатылмайды.
      337. Әуеайлақта қону кезінде барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласын ауыстыру:
      1) өту эшелонын қиған кезде стандартты атмосфералық қысымнан 760 мм (1013,2 мбар) (орташа теңіз деңгейіне келтірілген - КҰЕ табалдырығы деңгейіндегі) КҰЕ жұмыс табалдырығы деңгейіндегі атмосфералық қысымның шамасы бойынша;
      2) КҰЕ жұмыс табалдырығы деңгейіндегі қысымға орташа теңіз деңгейіне келтірілген бағыт бойынша төменгі атмосфералық қысымнан төменгі эшелоннан төмен биіктікте әуеайлаққа жақындаған кезде - белгіленген межеде немесе ӘҚҰ органының нұсқауы бойынша жүргізеді.
      Ескерту. 337-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      338. Тегіс немесе қыратты жерлерге орналасқан метеорологиялық бақылау жоқ әуеайлақтардан ұшудың алдында орташа теңіз деңгейіне келтірілген қысымды әуе кемесінің экипажы барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласы бойынша анықтайды, оның стрелкасы әуеайлақтың абсолюттік биіктігіне тең биіктік шамасында белгіленуі тиіс.
      339. Ұшу-қону жолағының деңгейіндегі атмосфералық қысым кезінде таулы жерлердегі әуеайлақтарда барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласында белгіленетін шекті шамадан аз атмосфералық қысымда мыналар қажет:
      1) ұшу алдында әуеайлақ қысымының мәні теңіз деңгейіне келтірілген шамада белгіленуі керек. Бұл жағдайда биіктік өлшегішінің көрсеткіші "шартты нөл" деп алынады, соған қарап берілген биіктік алынады;
      2) қону алдында ӘҚҚ (УВД) органәуе кемесінің экипажына әуе айлақтың абсолюттік биіктігін және әуеайлақтың атмосфералық қысымының орташа теңіз деңгейіне келтірілген мәнін хабарлайды, биіктік өлшегішінің ұшудың абсолюттік биіктігін, ал қону кезінде - әуеайлақтың орташа теңіз деңгейінен биіктігін көрсететіндігін ескере отырып, ұшу экипажы оны биіктік өлшегішінде белгілейді және қонуға бағыт алады.
      340. Барометрлік биіктік өлшегіштердің қысым шкаласын ауыстыру және олардың көрсетулерін салыстыру сәйкестілігін жұмыс технологиясы мен әуе кемесінің экипаж мүшелерінің өзара әрекеттері анықтайды.
жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау