|
Жүргізу қағидасы 1-параграф. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдарпараграф. Шектеулі көріну жағдайында ұшып көтерілу мен қонуға бет алу және оларды орындау бойынша рәсімдер
|
бет | 17/25 | Дата | 15.01.2020 | өлшемі | 2,07 Mb. | | #26688 |
| 159 параграф. Шектеулі көріну жағдайында ұшып көтерілу мен қонуға бет алу және оларды орындау бойынша рәсімдер
994. Пайдаланушы ұшып көтерілу, қонуға бет алу, теңесу, жүріс алу және ҰЖН екінші айналымға кетуін орындау кезінде ұшу экипажы мүшелерінің міндетін айқындайды. Көрінудің нашарлауы немесе әуе кемесі жабдығының істен шығуы жағдайында аспаптан көзбен көру жағдайына ауысу кезінде ұшу экипажы мүшелерінің міндеттерін айқындауға айрықша назар аударылады. Сондай-ақ қонуды орындау немесе екінші айналымға кету туралы шешім қабылдайтын ұшқышқа жүктеме оңтайлы болу үшін экипажда міндеттемелерді бөлуге назар аударылады.
995. Пайдаланушы ҰПН сәйкес шектеулерге және міндетті іс-қимылдарға қайшы келмейтін рәсімдерді орындау бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды ҰЖН-да қамтиды және мынадай тармақтары бар:
1) ұшып шығу алдында және ұшуда борттық жабдықтардың жарамдылығын тексеру;
2) ұшып шығу және қону үшін жердегі жабдықтардың және әуе кемесінде белгіленген жабдықтардың мәртебесін өзгерту минимумына ықпал ету;
3) ұшып көтерілу, қонуға бет алу, теңесу, қону, жүріс алу және екінші айналымға кету кезіндегі іс-қимыл;
4) ескерту белгі беру және басқа да штаттан тыс жағдайлардан бас тарту, істен шығуы кезіндегі іс-қимыл;
5) көзбен көру байланысы бойынша ең аз талаптар;
6) жұмыс орындарында және көру бұрышында ұшу экипажы мүшелерінің дұрыс қону мәні;
7) белгілеген көзбен көру байланысын жоғалтқан жағдайдағы іс-қимыл;
8) командирдің назарын қонуға бет алуға және шешім қабылдауға аудару мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қиын жағдайларда ұшу экипажы мүшелерінің міндеттемелерін бөлу;
9) 60м (200 фут) биіктігінен төмен радио биіктік өлшеуіш бойынша биіктік есебі бойынша және қонуды аяқтаған сәтке дейін ұшқыштардың біреуі аспаптар бойынша ұшудың бақылануын қамтамасыз ету бойынша талаптар;
10) жел жылдамдығы, желдің ығысуы, турбуленттілігі, ҰҚЖ жай-күйі және ҰҚЖ (RVR) көрінудің бірнеше өлшенген нүктесі туралы ақпаратты пайдалану;
11) II және III санаттары бойынша қонуға бет алулар толықтай қамтамасыз етілмейтін ҰҚЖ қонуға бет алу және қону жаттығулары кезіндегі рәсімдері;
12) ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының шарттасылған ұшу шектеулері.
13) ILS курс желілері мен глиссадан шекті-мүмкін болатын ауытқулар туралы ақпарат.
13. Радионавигациялық жабдықтарды пайдалана отырып, әуе кемесі әуеайлағының ауданынан қонуға бет алу және ұшып шығу кезінде қолданылатын әуеайлақ схемасы құрылымының қағидасы.
160 параграф. Әуеайлақ схемасының құрылымы
996. Бекітілген әуеайлақ схемалары «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (AIP) жариялануға тиіс.
997. Әуеайлақ схемасы құрылымының үрдісі деректерді, құрылымды және олардың жариялымдарын алумен жасалады.
998. Әуеайлақ схемасы құрылымының үрдісі шығыс деректерін енгізу және тексеруден басталып, бекіту және жариялану үшін құжаттамаларды құрастыра отырып, жерде және(немесе) ұшуда апробация аяқталады.
999. уәкілетті орган «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» қаулының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымының және өздерінің құрылымдық бөлімшелері арасында шығыс деректерді дайындау бойынша функцияларды белгілейді.
1000. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетілетін және қажетті аэронавигациялық картаны дайындалатын әуеайлақ схемасын әзірлеуді уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық ұйымдарының аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) жүзеге асырады. Бақыланбайтын, сыныпталмаған әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары және теңіз тікұшақ алаңдары үшін әуеайлақ схемаларын әзірлеуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган рұқсат еткен мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Мамандандырылған ұйымдардың аэронавигациялық рәсімдерінің дизайнерлері осы Қағиданың 1016-1018-тармақтарының талаптарын сәйкес болуы тиіс.
1001. Әуеайлақ схемасының құрылымы үшін шығыс деректерді «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысының талаптарына және әуеайлақ ауданында және қону алаңдарында (әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаты) ұшуларды орындау бойынша нұсқаулықтарға сәйкес ААБ қызметінің жеке және заңды тұлғалары ұсынады.
1002. Әуеайлақтар аудандарында және қону алаңдарында (әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаттары) ұшуларды орындау бойынша нұсқаулықтар жасау тәртібі және оның мазмұнына қойылатын талаптар Ұшудың негізгі қағидаларында белгіленген.
Ескерту. 1002-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1003. Жеке және заңды тұлғалар Осы Қағиданың 1004-тармағының талаптарын есепке ала отырып, әуеайлақ схемасын әзірлеуге арналған ААБ қызметіне өтінім ұсынады.
1004. Әуеайлақ схемасының құрылымы үрдісінде тексерілген геодезиялық түсірілімдердің нәтижелеріне негізделген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысымен бекітілген әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасының талаптарына жауап беретін мынадай аспектілер бағаланады:
1) шығыс дерек көздерінің дұрыстығы, олардың рұқсат етілетін қабілетін, тұтастығын, геодезиялық координаттың тірек жүйесін және олардың қолданыс мерзімін тексеру;
2) жергілікті жер туралы деректер: электрондық растровты, векторлық немесе басылымдық карталар;
3) кедергілер туралы деректер: жасанды, табиғи және олардың абсолютті/қатысты биіктігі;
4) әуеайлақ/тікұшақ айлағы бойынша деректер: әуеайлақ/тікұшақ бақылау нүктесі (бұдан әрі - ӘБН/ТБН), ұшып көтерілу-қону жолағы (бұдан әрі – ҰҚЖ) сыныптауышы, жолмен жүру жолдары (бұдан әрі - ЖЖ), перронда және әуе кемесінің тұрақ орындары, магниттік төмен түсу, жарық техникалық құралдары, байланыс және навигация құралдары;
5) аэронавигациялық деректер: әуе кеңістігінің құрылымы мен сыныптауышы, әуе трассалары/ұшу бағыттары, өтудің абсолюттік биіктігі/ұшу эшелоны, аспаптар бойынша ұшулар үшін бағаланатын өзге де әуе кеңістігі;
6) радионавигациялық құралдар туралы деректер: координаттары, асып кетуі,
7) кеңістіктің қызмет көрсетілетін ауданы, радиожиілік, танымдық деректер, магниттік төмен түсу;
8) жоспарланатын навигацияларға арналған айтарлықтай мәні бар бағыттардағы бар нүктелер;
9) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңнамасына және авиация қызметіне сәйкес белгіленген әуе кеңістігін пайдалануға қойылатын талаптар;
10) Әуеайлақ схемаларына қолданылатын әуе кеңістігін пайдаланушылардың (әуе кемелерін пайдаланушы) және аэронавигациялық ұйымдардың талаптары;
11) қоршаған ортамен байланысты аспектілер (авиациялық шудың және авиациялық қозғалтқыш эмиссиясының әсері);
12) әзірленетін әуеайлақ схемалары бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланыс кез келген басқа да әлеуетті аспектілер.
1005. Көзбен көріп ұшулар мен аспаптар бойынша ұшулардың, ұшып шығуы (SID-ағылшын тіліндегі аббревиатуралар), баруы (STAR- ағылшын тіліндегі аббревиатуралар) және қонуға арналған аспаптық бет алулардың (IAC- ағылшын тіліндегі аббревиатуралар) әуеайлақ схемалары әзірлеу, «Әуе кемелерінің ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы») ИКАО құжатына сәйкес жүзеге асырылады.
1006. Әзірленген әуеайлақ схемаларын тұрақты жұмыс істейтін комиссия қарастырылады, оның құрамын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Қарастыру мерзімі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға түскен сәттен бастап кемінде отыз күнтізбелік күнді құрайды.
1007. Комиссия қарастыратын әуеайлақ схемаларына ескерту болмаған жағдайда отыз күнтізбелік күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрықтарымен бекітіледі.
1008. Әзірленген әуеайлақ схемалары осы Қағиданың 1064 -1072-тармақтарына сәйкес жерде және ұшу тексерулеріне жатады.
1009. Аэронавигациялық карталар «Аэронавигациялық карта» халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 4-қосымшасына сәйкес әзірленеді.
1010. Әрбір үлгідегі аэронавигациялық карта әуе кемесінің ұшудықауіпсіз орындауын қамтамасыз ету мақсатында ұшу кезеңі үшін тиісті ақпаратты қамтиды.
1011. Әрбір аэронавигациялық карта оң жағында аэронавигациялық ақпаратта енгізілген күні айқын көрсетіледі.
1012. Аэронавигациялық картаның барлық жазулары үшін латын әліпбиі қолданылады.
1013. Әбір жаңа немесе өзгертілген әуеайлақ схемасы қолданылатын өлшемдердің сақталуына көз жеткізу мақсатында аталған схеманың әзірлеушісі болып табылмайтын, схеманың білікті әзірлеушісі (аэронавигациялық рәсімдердің дизайнері) тексереді.
1014. Жарияланған әуеайлақ схемалары олардың құрылымына қойылатын талаптардың өзгеруі, кедергілер, әуеайлақтар туралы деректерде, аэронавигациялық деректер мен радионавигациялық құралдар туралы деректерде барлық өзгерістерге бағалу жүргізу кезінде мерзімді қарастыруға, бірақ 5 жылда бір реттен кем емес жатады.
1015. ААБ қызметінің әзірленген аэронавигациялық картасын дайындау, жобалау мен тексеруді қамтамасыз ету үшін ұшу схемаларын әзірлеуші мамандар (аэронавигациялық рәсімдердің дизайнері) және геодезия мен картография саласындағы мамандары бар.
1016. Аэронавигациялық рәсімдердің дизайнері, аэронавигациялық рәсімдерді әзірлеу бойынша авиациялық оқу орталығында «Әуе кемелерінің ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы» құжатына сәйкес дайындықтан өткен, осындай дайындық туралы расталған сертификаты бар ұшқыш, штурман немесе әуе қозғалысына қызмет көрсететін диспетчері мамандығы бойынша авиациялық мамандары, аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің (бұдан әрі – ААБҚ)маманы болып табылады. Аэронавигациялық үдерістердің дизайнерлерін мерзімдік қайта оқытуы үш жылдың ішінде бір реттен кем емес өткізіледі.
1017. Аэронавигациялық рәсімдердің дизайнерін дайындау бағдарламасы «Ұшулардың схемасын әзірлеу кезінде сапаны қамтамасыз ету бойынша басшылық» (Doc 9906) 2-том. «Ұшу схемаларын жобалаушыларды дайындау (Ұшу схемаларын жобалаушыларды дайындау бағдарламасын әзірлеу)» ИКАО құжатына сәйкес жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
1) «Әуе кемелерінің ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы») ИКАО құжатының және басқа да ИКАО тиісті қосымшалардың мазмұнын, атап айтқанда әуеайлақ схемасының құрылымын білуі;
2) «Әуе кемелерінің ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көру ұшулар және аспаптар бойынша ұшулар схемасының құрылымы») ИКАО құжатына сәйкес аэронавигациялық рәсімдерді автоматты әзірлеу курсы бойынша арнайы теориялық дайындықтан өту, оның ішінде «Аэорнавигациялық карталар» халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 4-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық картаны жариялауға ресімдеу»»;
3) саладағы ең аз абсолюттік биіктік есептеріндегі іс жүзінде дағдылардың бар болуы (MSA – ағылшын тіліндегі аббревиатура), кедергілерден өтудің абсолюттік/қатысты биіктік (OCH/OCA– ағылшын тіліндегі аббревиатура), ұшып шығудың (SID) стандартты бағыттары және аспаптар бойынша (STAR) ұшып келу, (NDB, VOR, VOR/DME, ILS, ILS/DME, 2NDB) аспаптар бойынша қонуға бет алудың аспаптық схемасы, қонуға көзбен көріп, бет алу аймағы (схемасы) және/немесе әуеайлақ ауданындағы (CIRCLE TO LAND) маневр жасау, RNAV (аймақтық навигацияны) пайдалана отырып, схема және спутниктік жүйе негізіндегі схема.
1018. Аэронавигациялық рәсімдердің дизайнерін қайта дайындау бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) аспаптар бойынша көзбен көру ұшулары және ұшулардың әуеайлақсхемаларының құрылымына және ресімдеуге қатысты соңғы айқындауларды және ИКАО құжаттарына түзетулерді білуі;
2) аспаптар бойынша көзбен көру ұшулары және ұшулардың әуеайлақсхемаларын құрылымын қолдау және білімін және дағдыларын тереңдету.
1019. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аэронавигациялық рәсімдердің дизайнерлерін дайындау (қайта дайындау) бойынша талаптарды ААБ қызметінің сақтауын бақылайды.
161 параграф. Ұшып шығу (SID) келу (STAR) стандартты бағыттарын және оған жататын әуеайлақ схемаларын белгілеу
1020. Әрбір бағытқа жеке индекс беріледі.
1021. ұшып шығу немесе келу (аспаптар бойынша немесе қонуға көзбен көріп бет алу) стандартты бағытының индексі мыналардан тұрады:
1) негізгі көрсеткіш;
2) мәртебе көрсеткіші;
3) бағыт көрсеткіші.
1022. Негізгі көрсеткіш ұшып шығудың стандартты бағыты аяқталатын немесе келудің стандартты бағыты басталатын бес әріптен тұратын негізгі нүктенің (5LNC–ағылшын тіліндегі аббревиатура) кодтықатауы болып табылады.
1023. Мәртебенің көрсеткіші 1- 9 дейінгі сан болып табылады.
Бағыт көрсеткіші латын әліпбиінің бір әрпі болып табылады. "I" және "О" әріптері пайдаланылмайды.
1024. Егер бағыт өзгерген жағдайда, мынадай рет бойынша саннан тұратын жаңа мәртебе көрсеткіші беріледі. "9" санынан кейін "1" саны тұрады.
1025. Әуежайда қолданылатын қонуға бет алулардың барлықсхемаларына барлық әріптер пайдаланып болғанға дейін ILS/MLS/RNAV бойынша қонуға бет алу схемалары үшін көзделген бағыттың жеке әріп көрсеткіштері беріледі. Тек осыдан кейін бағыттың әріп көрсеткіші қайта қолданылады. Бір бағыт көрсеткішін ILS/MLS бір жердегі құралдармен қызмет көрсетілетін екі бағытты көрсету үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
1026. Бірдей жол желілері бар, бірақ ұшудың әртүрлі бейінді схемаларға бағыттың жеке көрсеткіштері беріледі.
162 параграф. ӘҚҰ бағыттарын белгілеу
1027. Келудің және ұшып шығудың стандартты бағыттарын қоспағанда, ӘҚҰ бақыланатын, консультативтік және бақыланбайтын бағыттары былайша белгіленеді.
1028. ӘҚҰ бағытының индексі негізгі индекстен және қажет болған жағдайда толықтыратын индекстен тұрады:
1) бір префикстен (тіреу), *Премфикс (фр. prefix лат. praefixus – «алдына бекітілген»);
2) бір қосымша әріп.
1029. Индексті жасау үшін қажет белгілер саны алтыдан аспауы тиіс.
1030. Негізгі индекс әліпбидің бір әрпінен тұрады, одан кейін 1-999 дейінгі тұруы тиіс.
1031. Әріптер төменде жазылғандардың ішінен алынады:
1) А, В, G, R – ӘҚҰ бағыттарының өңірлік желілерінің бөлігі болып табылатын және аймақтық навигация бағыттары болып табылмайтын бағыттар үшін;
2) L, М, N, Р – ӘҚҰ бағыттарының өңірлік желілерінің бөлігі болып табылатын және аймақтық навигация бағыттары үшін;
3) Н, J, V, W – ӘҚҰ бағыттарының өңірлік желілерінің бөлігі болып табылмайтын және аймақтық навигация бағыттары болып табылмайтын бағыттар үшін;
4) Q, Т, Y, Z – ӘҚҰ бағыттарының өңірлік желілерінің бөлігі болып табылмайтын аймақтық навигация бағыттары үшін.
1032. Негізгі индекске префикс ретінде мынадай жағдайларда тағы бір әріп қосылады:
1) К –шағын биіктіктен өтетін және тікұшақта пайдалану үшінбелгіленетін бағытты орналастыру үшін
2) U – бағытты және оның бөліктерін жоғарғы әуе кеңістігінде орнатылатын белгілеу үшін;
3) S – екпін алу уақытында тежеу және тез жылдамдықпен ұшу кезінде дыбыстан тез әуе кемелерін пайдалану үшін ғана орнатылған бағытты белгілеу үшін.
1033. Егер бұл ӘҚҰ-ның тиісті бағытының негізгі индексіне ӘҚҰ тиісті өкілетті органы немесе өңірлік аэронавигациялық келісімдер негізінде жазылмаған жағдайда, мына төмендегілерге сәйкес аталған бағытта қамтамасыз етілетін қызмет көрсету түрін белгілеу үшін қосымша әріп қосылады:
1) F әрпі – бағытта және оның бөліктерінде тек консультативтік қызмет көрсетудің қамтамасыз етілетінін белгілеу үшін;
2) G әрпі – бағытта және оның бөліктерінде тек ұшу-ақпараттық қызмет көрсетудің қамтамасыз етілетінін белгілеу үшін.
1034. бақыланатын бағыт ретінде енгізілетін бағыт немесе бағыт бөлігі, ұшу ақпаратын қамтамасыз ететін консультативті бағыт немесе бағыт Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Аэронавигациялық карталар» 4-қосымшасына және «Аэронавигациялық ақпараттар қызметі» 15-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық карталарда және аэронавигациялық ақпараттық жинақтарда белгіленеді.
1035. Негізгі магистралдық бағытқа оның барлық аралығында торапты диспетчерлік аудандарды, мемлекеттерді немесе өңірлерді қиып өтуге қарамастан белгілі бір индекс беріледі.
1036. Егер екі немесе бірнеше магистралдық бағыттардың жалпы учаскесі бар болған жағдайда, бұл әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кезінде қиындық туғызатын жағдайларды қоспағанда, бұл учаске тиісті бағыттардың әрбір индекстерде белгіленеді; соңғы жағдайда барлық мүдделі мемлекеттік органдар келіскен жағдайда тек бір индекс беріледі.
1037. Бір бағытқа берілетін негізгі индекс қандайда бір басқа бағытқа беріледі.
163 параграф. Әуе кемесін пайдалану кезінде негізгі нүктелерді белгілеу
1038. Негізгі нүктелер бағытты және (немесе) әуе кемелерінің ұшуын орындауға қатысты ақпаратта әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының қажеттілігіне байланысты айқындау үшін белгіленеді.
1039. Неігзі нүктелер индекстермен белгіленеді.
1040. Негізгі нүктелер үшін атауды таңдау кезінде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:
Ұшқыштарға немесе ӘҚҰ персоналына арналған ӘҚҰ байланыстыпайдаланылатын тілде олардың айтылуы кезінде атаулар қиындық туғызбайды.
Егер негізгі нүктені белгілеу үшін алынған ұлттық тілдегі географияық орынның атауы айтылуы кезінде қиындық туғызған жағдайда, өзінің географиялық мәнін мүмкіндігінше сақтайтын бұл атаудың қысқартылған немесе кесілген нұсқасы таңдалады;
2) атау дыбыстық байланыста оңай танылады және жалпы сол ауданда басқа да негізгі нүктелердің атаулары бөлігінде мәндес болып табылады; атау әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мен ұшқыштар арасында басқа хабарламаларды алмасу кезінде жаңылыс туғызбайды;
3) атау, алты әріптен тұруы тиіс және екі буынды құрайды және үш буыннан аспауы қажет;
4) таңдап алынған атау негізгі нүкте және оның радионавигациялық құралдарын көрсетушілер үшін бірдей болып табылады.
1041. Пайдаланылатын кодталған индекстер тиісті радионавигациялық құралдардың орналасқан жерінен 1100 км (600 теңіз милі) шегінде қайталанбауы тиіс.
1042. Егер негізгі нүктені радионавигациялық құралдарының орналасқан жері бойынша көрсетілген орында орналастыру талап еткен жағдайда, бұл негізгі нүкте жекелеген бес әріпті (5LNC – ағылшын тіліндегі аббревиатура) айтуға ыңғайлы кодтық атауымен, бұл жағдайда негізгі нүктенің қызметін атқаратын атау мен кодталған индекс белгіленеді, олар мыналарды біруақытта қамтиды:
1) қонуға бет аудың бастапқы кезеңінің бақылау нүктесі (IAF – ағылшын тіліндегі аббревиатура);
2) қонуға бет аудың аралық кезеңінің бақылау нүктесі (IF– ағылшын тіліндегі аббревиатура);
3) күту схемасының бақылау нүктесі;
4) бағыттағы (жолдағы) бақылау нүктесі (WPT– ағылшын тіліндегі аббревиатура).
1043. Бір бағытқа берілген негізгі нүкте қандайда бір басқа бағытқа берілмейді.
1044. Тұрақты бағыттар жүйесі орнатылмаған немесе олар бойынша әуе кемелері жүретін бағыттар ауданында пайдалануға беру тұрғысы бойынша өзгереді, әуеайлақ аудандарында, қонуға бет алу аймақтарында немесе ӘҚҰ бағыттарында шығу және/кіру нүктелері ретінде негізгі нүктелер егер тұрақты белгіленген негізгі нүктелер осы Қағиданың қолданылатын 1001-1003-тармақтарына сәйкес белгіленген жағдайларды қоспағанда, Дүниежүзілік геодезикалық жүйенің географиялық координаттарында – 1984 (WGS-84) айқындалады және хабарланады.
1045. Әуе кемелеріне диспетчерлік рұқсат беру кезінде бағыттар және (немесе) әуеайлақ схемалары белгіленетін жұмыс орындарында немесе тиісті персонал басқаша әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен байланысты әрбір қолданыстағы әуе трассасы, ұшып шығудың және (немесе) келудің стандартты бағыты, сондай-ақ әрбір қонуға бет алу туралы егжей-тегжейлі ақпараттың индикациясы қамтамасыз етіледі. Бұл мүмкін болатын кез келген жағдайда, бағыттардың және әуеайлақ схемаларының графикалық бейнесінің индикациясы қамтамасыз етіледі.
1046. Бес әріпті код атауын беруге есеп жүргізу мақсатында (5LNC–ағылшын тіліндегі аббревиатура) сайтты, берілген логинді және паролді пайдаланып, ИКАО өңірлік бюросы хабардар етіледі.
164 параграф. Әуеайлақ схемаларының құрылымына қатысты құжаттамалар
1047. Аэронавигациялық рәсімдер дизайнерлері жасайтын құжаттамалар мыналарды қамтиды:
1) «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысымен бекітілген әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасының AIP-дағы жариялау үшін қажетті құжаттаманы;
2) әрбір схеманың учаскесі үшін айтарлықтай кедергілер;
3) әуеайлақ схемаларының инфрақұрылымын бағалау;
4) әуе кеңістігін шектеу (тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, ұшуға шектеу қойылған аймақтар);
5) бар әуеайлақ схемаларына өзгерістер не түзетулер, осындай өзгерістерді не түзетулерді енгізу үшін негіздеме;
6) әуеайлақ схемалары құрылымының стандарттарынан кез келген ауытқулар, осындай ауытқулар үшін негіздемелер және ұшулардың одан әрі қауіпсіз орындалуына кепілдеме беретін шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат;
7) жерде және ұшуда әуеайлақ схемасын апробациялау үшін аталғанәуеайлақ схемасы бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен
8) байланысты кез келген басқа да әлеуетті аспектілері;
9) әуеайлақ схемаларын автоматтандырылған жобалау нәтижелері бойынша қалыптасатын әуеайлақ схемасын әзірлеудің қорытынды хаттамасы және аэронавигациялық рәсімдердің дизайнері мен тексеруші қол қояды.
1048. Барлық құжаттама ол бекітілгенге және жарияланғанға дейін дәлдігі мен толықтығына түпкілікті тексеруден өтуі тиіс.
1049. Әуеайлақ схемасының құрылымына қатысты құжаттама авиациялық соқтығыстар мен оқиғалар жағдайында болашақта әуеайлақ схемасын ықтимал қайта жаңғырту үшін, сондай-ақ мерзімдік қайта қарау және жаңарту үшін сақталады.
1050. Құжаттама әуеайлақ схемасын пайдалану мерзімі ішінде қағаз және электрондық тасығышта сақталады.
1051. Жойылған әуеайлақ схемалары туралы мәліметті азаматтықавиация саласындағы уәкілетті орган оларды аэронавигациялық ақпараттар жинағынан алып тастау үшін және әуеайлақты пайдаланушыларға оларды әуеайлақ ауданындағы (әуеайлақтыңаэронавигациялық паспорты) ұшуларды орындау бойынша нұсқаулықтардан алып тастау үшін ААБ қызметіне жібереді.
165 параграф. Автоматтандырылған жобалау
1052. Олардың бағдарламалық қамтамасыз етуі «Әуе кемелерінің ұшуын орындау» (Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) II том «Көзбен көріп ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы» ИКАО құжатыныңталаптарын стандартты қолдануды қамтамасыз ететін әуеайлақ схемалары құрылымының автоматтандырылған құралы адам факторына, пайдаланылатын деректердің тұтастығы сақтау және әзірленген әуеайлақ схемаларын хаттамалауға байланысты қателіктерді ықшамдау мақсатында қолданылады.
1053. Әуеайлақ схемалары құрылымының автоматтандырылған құралынқолдануды аэронавигациялық рәсімдердің дизайнері пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі болып табылатын ұйымның тек автоматтандырылған құралды бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары бойынша ол оқығаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
1054. Автоматтандырылған жобалау нәтижелері жобалаудың әрбір кезеңінде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы туындаған ақаулардың жалған нәтижелерін анықтау мақсатында аэронавигациялық рәсімдердің дизайнерлерімен тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|