Естен тану
Мақсаттары: науқастың есін 5 минут ішінде қалпына келтіру.
Әзірле: Дәкелер, салқын су, мүсәтір спирт, тонометр, жылытқыш, дез ерітінділер, дәрі-дәрмектер.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолды әзірлеңіз;
Науқасты жастықсыз, аяқ жағын көтеріңкі көлденең қалуын қамтамасыз етіңіз;
Таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз, тар киімдерін шешіңіз;
Бетіне және кеудесіне салқын су шашіңіз;
Есін жинамаған жағдайда мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрынына искетіп, сол тампонмен самайын сүртіңіз;
Науқастың бетін шапалақтаңыз;
Науқастың АҚҚ , пульсін өлшеңіз;
Науқастың аяқтарына жылытқыш қойыңыз, көрпемен жылы ораңыз, тыныштықты қамтамасыз етіңіз (30 минутқа дейін);
Осы шараларды 5 минут ішінде нәтижесі болса: дәрігерді шақырыңыз және оның нұсқауларын орындаңыз;
Қолданылған заттарды залалсыздандырыңыз;
Қолды әзірлеңіз;
Достарыңызбен бөлісу: |