Тәрбие ұғымы қоғамдық категория ретiнде қызмет етедi. Олай болса, оның анықтамасы, мақсаты және мiндетi адамзат қоғамында болған әрбiр өзгерiстен соң мiндеттi түрде өзгерiп отырады. Өйткенi, сол қоғамда өмiр сүретiн адамдардың әлеуметтену процесi нәтижесiнде бүкiл болмысы, психологиясы, сұранысы және т.б. өзгередi. Олай болса, оларды тәрбиелеудiң теориясы мен әдiс - тәсiлдерi де өзгеруге тиiстi. - Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
- Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
- Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |