Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



жүктеу 488,13 Kb.
бет1/3
Дата10.12.2017
өлшемі488,13 Kb.
#3659
  1   2   3



Жоспар
Кіріспе......................................................................................................................3

Негізгі бөлім

І Ойыл ауданына экологиялық – географиялық тұрғыдан сипаттама

І.1 Ойыл ауданының территориясына физикалық-географиялық сипаттама.......................................................5

І.2 Аудан өңірінің гидрогеологиялық жағдайы.................................................8

ІІ Ойыл ауданының геоморфологиялық ерекшелігі

ІІ.1 Ойыл ауданының геоморфологиясы............................................................10

ІІ.2 Ауданның топырақ жамылғысы және олардың таралуы, геоморфологиялық құрылымы.............................................................................11
III Қорытынды....................................................................................................21

Қосымшалар.......................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................27

Кіріспе

Еліміздегі бүкіл жер қоры белгілі бір мақсатқа пайдалануына қарай алты топқа бөлінеді: ауыл шаруашылығы қажеттерінің жерлері; елді мекендердің жерлері: өнеркәсіптің, транспорттың, рекреациялық жерлердің, қорықтардың және ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттарға пайдаланылатын жерлер; мемлекеттік орман қорының жерлері; мемлекеттік су қорының жерлері; мемлекеттік запастағы жерлер. Осы топқа бөлінген жерлердің ішінен ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттарға пайдаланатын жерлер-өнімділігі төмен шөлді аймақтардың экологиялық жағдайы көп қарастырыла бермейді.

Облысымыздың Ойыл ауданы территориясындағы Барқын құмы жоғарыда айтылған өнімділігі төмен-шөлді ландшафт болып табылады, дегенмен осы аймақта жерасты суы деңгейінің жоғары жатуынан болуы керек өсімдіктер және жануарлар түрлеріне бай болып келеді. Ойыл мен Қуырдақты өзендерінің аралығында шөккен түйелердей тізбектеле 18 километрге созылып, ені 7 километрді, 17232 гектардан астам алқапты алып жатқан Барқынның табиғатын, экологиялық жағдайын еліміз түгілі, облыс тұрғындары да біле бермейді.

Барқын құмы-аудан өңірінде ерекше қорғауға алынған жер болып табылады. Барқын құмында 100 жылдан асатын алып қарағайлы орман бар. Барқын құмы көшпелі құм санатына жатады. Құмды тоқтату мақсатында Барқын құмына 1896 жылы полковник Иванов.Н.П. Орынбор қаласынан түйе керуеніне артып, қарағай, қайын, көктерек, қараағаш қөшеттерін отырғызған. Осы Барқын құмының табиғат кешенінің ерешелігі туралы көп жазыла бермейді.

Сондықтан біз осы ғылыми жұмысымыздың тақырыбын «Ойыл ауданындағы Барқын құмының экологиялық жағдайы» деп алдық.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Барқын құмының табиғат ерекшелігін көрсету және экологиялық жағдайына баға беру.

Қазақстан Республикасының Президентінің Қоршаған Ортаны қорғауға бағытталған статистикалық бағдарламалары, күнделікті басылымдар газеттер – журналдарды, әдебиеттерді пайдалана отырып мақсатымды шешуге тырыстым.

Ғылыми жұмысты жазуда алдымызға қойған міндеттеріміз:

Ойыл ауданының табиғат жағдайы мен ресурстарына сипаттама беру;



  • Әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау;

  • Барқын құмы және оның физико-географиялық жағдайын білу;

  • Барқын құмының топырағын зерттеу;

  • Барқын құмының флористикалық жағдайын сипаттау;

  • Химиялық ластаушы заттармен ластануын білу;

  • Санитарлық жағдайын бағалау.

І. Әдеби шолу

І.1 Ойыл ауданына экологиялық – географиялық тұрғыдан сипаттама

І.1.1 Ойыл ауданының территориясына физикалық- географиялық сипаттама
Ақтөбе облысы - республикамыздың солтүстік-батысындағы көлемді аймақты алып жатыр. Облыс ауданы - 301,6 мың шаршы км-ге жетеді, бұл Қазақстан аумағының 11,6%-ын қамтиды. Аумағының көлемділігі жөнінен еліміздің облыстарының арасынан алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Ақтөбе облысының аймағы солтүстігіндегі Орал маңы үстірттерінен оңтүстіктегі Асмантай-Матай сорлары, Матай құмдарына дейін созылады. Ал батысында Ақтолағай қырқасы, Ақшатау, Доңызтаудан Торғай қолатына дейінгі алапты алып жатыр. Ойыл селосы Ақтөбе облысының батыс бөлігінің солтүстік кеңдігін 49º пен 50º аралығында шығыс ұзындығының 51º пен 55º аралығында орналасқан. Физикалық-географиялық жағдайы жағынан ауданның мынандай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

  • жер бедерінің басым бөлігі жазықты болып келеді;

  • аудандар дала табиғат белдеуінде орналасқан;

  • климат жағдайы қатаң, шұғыл континентті;

  • гидрографиялық желісі басқа аудандарға қарағанда жақсы дамыған, қолайлы;

Ойыл ауданы облыстың батысында орналасқан. Ойыл өзенінің оң жағасы. Облыс орталығынан 270 км қашықтықта орналасқан. Жер көлемі 150024 га, егістік жері 10862 га.

Бүкіл аудан жерінде ұзындығы 800км болатын Ойыл өзені ағып өтеді. Күн нұрына шомыла, баяулы ғана толқи ағып жатқан өзен осы өңір сұлулығының ажарын аша түскендей. Бейне бір уақыттың өзі тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Осы жерден ілгері қарай бірнеше шақырым жол жүрсең болды осы өзен айналып алдыңнан тағы шыға келеді. Бірақ бұл жерде айнала табиғатта өзеннің де өз көрінісі мүлдем өзгеше. Өзен атуымен аудан орталығы да «Ойыл»деп аталған. Бұл өлкенің табиғаты ерекше.

Ерте замандардан-ақ Азияны, Россияны және Европаны жалғастырған өзенді қуалай жүрген керуен жолында жәрменке болған.

Мақта өткен «Мақта жол» атаулары сол кездерден калып әлгі күнге дейін сақталған. Бұл же жәрменкеге кездейсоқ таңдалмаса керек. Өйткені Ойыл жағасында бой көтерген Қарауылтөбе. Осы төбе басына көтерілген жолаушылар айнала тегіс алақандай болып көрінеді. Төменде ирелеңдей аққан Ойыл, солтүстік батысында Ақшатау көзге шалынса шығыс жақта естіліп жатқан Барқын төбе бауырайында өзеннің көкорай шалғынға оранған жағалауындағы өрісте толы мал жайылады. Жәрмеңкеде жолдан шаршаған жолаушыларда тыныс алуға таптырмайтын жер.

Жолдың бір беті жасыл шалғынға оралған өзеннің қары болса, екінші беті күн шуағы мен қызып толқын-толқын болып жол жиелігіне құлаған шағын құмдар. Ал осы құмдар арасында қарағайлар, топ-топ болып кей жерлерде жеке дара болып бой түзеген осы әсемдік әлемінен неғұрлым тереңде енген сай соғұрлым олардың бойға шипа болып дарыңқырақ күшін қайғынқырақ сезінесін.

Сонау 19 ғасырдың өзінде осы жерге көшпелі «Барқын» құмдарын тоқтату мақсатымен ағаштар мен бұталар, алғашқы қарағайлар ұлғайы өсіп ақыры құмдарды тоқтатты. Құмдар астынан 1 метрден астам тереңдікте үлкен тұщы су пайда болды.

Құмдары мен қарағайлар бұл шөлейт ауданда ең таза ауыз суы қорғанына айналып айнала ауылдарды қамтамасыз етіп отыр. Ойыл өзені ауыл шаруашылықта көктемде орнасын тасып жайылып, айналасын ауқымды шабындықтарға айналдырып өзен адам мүктесіне қызмет етеледі. Бөгеттер тұрғызылып жағалауы қалың бұтамен ағаштар өскен. Шағын су қоймалары айнала жарқырап жатыр.

Аудан өңірінде Ақшатау, яғни Борлы тау атты тау орналасқан. Бұл өте әріден келе жатыр. Бұл өлкенің қанша тарихы кұм астында қалды десеңізші. Қырқопа, Мәулен берді сияқты қалалардың аттары тек халықтың жадында ғана сақталған. Бұнда қорғандар қандай тылсым дүниені бауырына басып жасырып жатыр екен. Төбеден асып түссең болды алдыңнан шыға келген «Ойыл» өзені қоштасар сәтте өзінің тағы да бір ғажайып табиғатын алға тартады.

Ойыл орман шаруашылығы 1950 жылға дейін Темір орман шаруашылығының Ойыл орман шаруашылығы бөлімшесі болған. 1950 жылы Темір орман шаруашылығынан бөлініп, өз алдына Ойыл орман шаруашылығы мекемесі болып бекітілген. Екпетал-Ойыл-Орман шаруашылығының әкімшілік орталығы. Ойыл селосының шығысынан-3 км қашықтықта орналасқан. Жалпы шаруашылыққа қарасты жер көлемі 23254 га, соның ішінде орман алқабы -7291 га. Соңғы санақ бойынша халық саны 281 адам. Екпетал мекенінде орман шаруашылығы, мектеп балабақшасы, монша, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. 1964-1969 жылдары жеміс ағаштары (алма, шие, өрік) егіле бастады. Жалпы көлемі - 45 га. 1950 жылдан бастап табиғатты қорғау және тұрмыстық шаруашылық міндеттерді толығымен атқарып келді. Алғашқы директоры- Антон Нота. Екпетал елді-мекенінде алғаш рет типтік жобамен мәдениет ошақтары, мектеп балабақшасы, монша, фельдшерлік-акушерлік пункт, ауылдық кітапхана, кеңсе үйі және дүкендер салынды. Кеңсе үйінің ішіндегі үлкен залда кино көрсетілген. Сол кездері әр совхозда жол жиегінде егілген көшеттер қазір жайқалып орман алқабы болып өсіп тұр.
І.1.2 Аудан өңірінің гидрогеологиялық жағдайы

Ақтөбе облыслысының өзендері ішкі тұйық алапқа жатады. Тұрақты су ағысы бар өзендер өте аз. Суы жазда тартылып қалатын маусымдық өзендер саны басым, кішігірім көлдерде бар.

Аудан өзендері Каспий теңізінің және тұйық әрі шағын көлдердің алабына жатады.

Өзендер, негізінен, қар, атмосфералық жауын-шашынмен, жер асты сулармен қоректенеді.

Өзендердің су деңгейі тек көктемде қар еріген кезде ғана көтеріледі. Сондықтан өзен қоректенуінде атмосфералық жауын – шашын мен жер асты сулары орын алады.

Каспий теңізі алабына жататын өзендерге:

Жем (Ембі), Сағыз, Ойыл, Елек өзендері (салаларымен қоса)жатса. Олардың ең ірісі Ойыл өзені. Көп өзендері жазда қара суға айналады немесе құрғап қалады. Ойыл өзені - ұзындығы 800 км, су жиналатын алқабы 31500 км . Бастауын Жем үстіртінен алады. Өзеннің Ақтөбе облыс аумағымен жоғары және ортаңғы ағыстары ағып өтеді. Ірі салалары: Қиыл, Ащыойыл, Кенжалы, Қайынды. Қар суымен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жылдық су шығыны - 10,8 м/сек. Арнасының кеңдігі 20-40м. Жазықтық жер бедерімен ағады. Өзен ағатын тұстармен облыстың мал шаруашылығымен айналысатын аудандары орналасқан. Сондықтан өзен ауыл шаруашылығы үшін қолданылады.

Облыстың материк ішінде орналасуы және кенет құрылықты болуы аймақтың және грунт сулардың кедейшілігі себеп болды. Өзеннің шығу тегі Мұғалджар тауы және Орал-Ембі жазығы. Көп үлкен өзендердің кең жазығы 4-тен 8 км-ге дейін барады. Көлшік ереже бойынша 2 жақты, өзеннің орташа ағысы 0,7 ден 1 км – ге дейін және 3 – 4 км.

Көлшіктердің сумен толуы көбінесе көктемде, толу ұзақтығы 10 – 15 күн арасында 2 – 6 метрге дейін көтеріледі.

Грунт суымен жамбырдың қызметі маңызды емес. Өзенге құнар беретін қар.

Тайыз сулармен бірге грунттық суларда белгілі бір орын алады. Тайыз грунт сулары көп жерде болмаса да ішуге жарамды.

Ауыл шаруашылық аумағында батпақ жер болмағандықтан гидромелиоративтік мерекелер керек емес.




І.1.3 Ауданның топырақ жамылғысы және олардың таралуы, геоморфологиялық құрылымы
Ақтөбе облысының жер бедері туралы мәләметтер 18-19 ғасырларда Орынбор қаласы соның ішінде біз көңіл бөліп отырған, Қырғыз – Қайсақ жазбаларында пайда бола бастады. Ол кезде геоморфологиялық тұрғыда зеріттелмегені мен біз көп мағұлматтар ала аламыз. Ауданның негізгі жер бедері үстіртті жазық болып келеді. Облыс аумағының 3\1 бөлігін алап жатқан Жем үстіртінің бір бөлігі осы аудан жер көлеміне енеді. Ойыл өзені басын осы Жем үстіртінен алады. Жем үстіртінің оңтүстік-батысын Құмжарған құм массиві алып жатыр. Аудан орталығының солтүстік батысында Ақшатау – бор түзінділерінен қалыптасқан тау орналасқан.

Геоморфологиялық жағдайына байланысты Орман шаруашылық аумағы Орал - Ембі жазығына жатады. Жер бедері біртекті емес болу салдарынан әр түрлілік болып сипатталады. Ойыл өзенінің бір жиегі саздақты орман түрлік жоғары терасса болып келеді. «Барқын» құмы теңіз деңгейінен 85-100 м төмпешіктері өзен ккөлшіктері кіші және үлкен Қобда, Теріссоққан және Илек аллювиалды – көгалды топырақ болып келеді.

Топырақтың сулы айырықша учаскелері ең көп аумағын алады және олар қою қызғылт – қоңыр , қызғылт – қоңыр, ашық қызғылт – қоңыр топырақ және басқа да түрлерлі бар. Осы топырақтар орманға вяз және басқа учаскелерде шыршамен теректер отырғызуға жарамды.

«Гипролесхоз» топырақ зерттеулері қорытындысында Ойыл Орман шаруашылығында әр түрлілік топырақтар бар екен. Сондықтан Орман шаруашылықта орман мәдениетін құру барысында «Гипролесхоз» жобасында сай болуы тиіс.

Құмды топырақтардың көп учаскелері жел эрозиясына тәуелді. Соның ішінде «Барқын» құмында жел эрозиясынан қорғайтын ықтырма немесе қорғайтын ағаштар егіледі. Орман шаруашылық аймағында шымтезектер жоқ. Батпақтану процессі тек өзен көлшіктері ауысқан уақытында байқалады.

Ойыл селосының жасыл желек учаскелері Ойыл өзенінің аңғарында орналасқан. Өзеннің сол жақ жағалауы жай толқынды жер бедері, кейбір желерінде кішкене ойысты учаскелер, кеуіп кеткен көлшіктер бар. Өзеннің оң жағалауының жер бедері түзеулер, биіктігі 20 метрдей жырамен шектелген жалпы айтқанда, учаскелер жер бедері механизацияланған орман өсіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Грунт сулары тереңдігі 2000см-ге дейін топырақ құру породалары суға еритін тұздармен араласпаған. Сол тереңдіктен төмен және өсімдіктерге зиянын тигізетін сульфид және хлорид сияқты суда еритін тұзды саз қатпалар араласқан. Кейбір жерлерде тұздануы 1-1,3% дейін жетеді. Құмды текшелерлің тез еритін тұздарының мөлшері 0,05-0,2% дейін жетеді.

Грунт сулары 0,7 метрден 3,5 метрге дейін тереңдікте жатыр. Грунт сулары хлоридтік, сульфидтік типімен тұздалған, минералдық мөлшері-1 ге 1-5 грамм тез еритін тұздар.

Ойыл өзенінің аңғары су басу зонасынан шығып кеткен. Аллювиалдық топырақтардың қатпарлы құрлымы бар. Ойыл өзенінің жасыл желек аймағының топырағын зерттеу кезінде келесі көрсеткіштер анықтады.

Орман су жағдайына қарай жасыл желек аймағының топырақ түрлері 4 топқа бөлінген.

Орман шаруашылығының бірінші топ топырағының жалпы ауданы 409,6 га, немесе барлық жасыл желек ауданының 45%-н құрайды.

Көгалды қызғылт-қоңыр карбонатты топырақтың грунт сулары 1-2,5 метр тереңдігінде өтетін учаскелерді жояды және топырақ құру процесстеріне ықпал етеді.

Көгалды қызғылт-қоңыр карбонатты текшеленген саздақты-сазды топырақ 43,34 га аймақты немесе жасыл желек ауданының 4%-н алып жатыр.

Қара шірікті топырақ (А+В) қалындығы 46 см. Жоғарғы жиегі (А) 26 см қалындығы бар.сұрғылт-сары, жеңіл саздақты саз линзасымен, тамыры аз, құрғақ ... Келесі жиелікке кіру ашық.

В1-жиелігі-ылғалды, текшеленген саздымен аралас қою сұрғыш. Темір тотығы бар, тамырлары аз. Келесі жиелікке кіру қатарлы.

В2-жиелігі-үстіде аталып кеткенге ұқсайды, бірақ В1-ге қарағанда кішкене ашықтау және ылғалдылау. Даттанған темір тотығы дақтары көп білінеді.

Аналық түріне қосылу түсіне байланысты өте аз.

С жиелігі-ылғалды, жасыл-сұрғылт тығыз пластикалық сазды ұсақ қоңыр структуралы. Даттанған темір тотығы дақтары білінеді. Келесі жиелікке кіру ашық.

Р жиелігі-құммен саздың қатпарынан қара жасыл-сұрғыш түсті.

Топырақтың қышқылмен қайнауы профильдің беткі жағынан бастап барлық жерге таратылуы байқалады. Бірақ көзге көрініп тұратындай карбонат көрінбейді.

Грунт сулары 200 см кесіндіден көрінеді және 1,5 сағатта 40 см-ге жоғары көтерілді. Судың тұнбасы 1 метрге 1,4 граммнан артық емес.Сол грунт судың ащы екенін білдіреді.

Жоғары жиелік механикалық құрлымы жоғарыда аталып кеткендей жеңіл саздақты топырақ, «физикалық саз» 25,5 % фракциясын алады.

Бірақ осы жиеліктің жиелігі-саз линзасының қатысуымен ауырлайды.

Төменгі жиеліктерде сазды текшеленген көп болғандықтан механикалық құрлымы саздақты-сазды топырақ болып белгіленді.

Көгалды қызғылт-қоңыр топырақтың құрамында қара шірік аз, жоғарғы жиелікте 1,233%, төмен қарай оның саны жайлап азая береді. Қоректендіретін қозғалмалы элементтердің саны келесі сан түрімен көрсетіледі:

1) Топырақтың жоғарыда тұрған 65,8 мг 1 кг ішіндегі азот гидролизі-жақсы қамтамасыз етеді;

2) Топырақтың 7,02 мг қозғалмалы фосфордың 100 граммға- жақсы қамтамасыз етеді;

3) Топырақтың 68,7 мг қозғалмалы калийдің 100 граммға- жақсы қамтамасыз етеді.

Көгалды қызғылт-қоңыр топырақтар зиянды суда еритін тұздармен тұздалынбаған. Горизонттағы жеңіл механикалық құрылымдағы тығыз қалдықтар 0,55%-дан жоғары емес, ауыр механикалық құрылымда ол кішкене жоғарылау, бірақ 0,3% сульфаты көп.

Көгалды қызғылт-қоңыр топырақтар зерттелген аймақтағы ең жақсы топырақ болып саналады: қоректендіретін қозғалмалы элементтермен жақсы қамтамасыз етілген, жүйелі, зиянды суда еритін тұздармен тұздалынбаған, салыстырғанда ылғалдылықпен камтамасыз етуі жаман емес. Себебі грунт сулары кішкентай тереңдікте орналасқан.

Көгалды карбонатты текшеленген сазды-құмды топырақта екінші учаскенің сол жақ жағалауында орналасқан.

Грунт суының 0,7 – 1,5м жақындығымен сипатталады. Олардың топырақ құру процессіне әсері жоғарыда айтылған топырақтарға қарағанда бедерлі.

Көгалды қызғылт–қоңыр топырақ сияқты олар анық көрсетіліп текшеленген, зиянды суда еритін тұздармен тұздалынбаған, қоректендіретін қозғалмалы элементтермен жақсы қамтамасыз етілген.

Көгалды қызғылт-қоңыр түріне мынадай тірлерге кепілдеме беріледі: жасыл ясень, қарапайым вяз, пирамидальді қайын, бальзамды және басқа турлілер.

Екінші топырақ топтарына қызғылт-қоңырмен ашық қызғылт-қоңырлар, механикалық құрлымы әр түрлі топырақтар, сонымен қатар ашық қызғылт-қоңырмен араласқан көгалды қызғылт-қоңыр топырақтар жатады.

Топырақтардың екінші тобының жалпы көлемі 311,84 га немесе аймақтың жалпы көлемі 37%. Көп бөлігінің ашық қызғылт-қоңыр топырақ алады, көлемі 291,35 га.

Ашық қызғылт-қоңыр текшелген топырақтар аймақтың ашық қызғылт-қоңыр топырақтың ұқсас және олардан ашық текшелген профильде анық аллювиалдығымен ерекшеленеді.

Топырақтың екінші тобының ең көп аумағын көгалды қызғылт-қоңыр карбонатты текшеленген құмдақты-құмды топырақтар алады. Топырақтардың морфологиялық сипаттамасы: қара шіріктің жүйелігінің қуаттылығы (А+В1) 30-50 см-ге тең.

Жоғарғы А жиеліктің-ашық сұры түсті , құрғақ, ұсақ кесекті, ұсақ дәнді немесе оқ-кесекті, құмды, тығыздығы әлсіз. Астыдағы жиелікке тез арада көшеді.

А2 жиелігі сұрғыш ашық сары түсті құрғақ, жүйелісіз, ұсақ-дәнді. Астыдағы жиелікке тез арада көшеді.

В жиелігі қою сұры, құрғақ, ұсақ кесекті, мақта жапырақты-ұсақ кесекті, саздақты. Келесі жиелікке тез арада көшеді.

Олар бір текті сазды профиль. Батпақтану белгілері (ерекше иісі, темір дақтары) 42 см тереңдігінде білінеді, ал 76 см-де отты, көкшіл қою жасыл, ашық батпақтану белгісі көкшіл қара саз (күкіртсутегі, темір тотығының жинақталуы) жатады.

Батпақтану процессі топырақтардың физикалық, химиялық қасиеттерінің нашарлауынан болады. Оны жыл сайынғы қазу немесе көктемде бетін су басып тастайтын батпақтану процессінде өсетіндерге (қайын, үйеңкі) қолдануға болады.

Төртінші орманға жарамды емес топқа бірінші топ топырақтары солнчакті топырақтармен (30-40% дейін) араласқандар, солончактілер, егілгендерден орта өскен және әлсіз өскен қою құмдар, сонымен қатар Ойыл өзені арнасындағы ерекшеленген аллювиалды құмды – саздақты топырақтар.

Төртінші топ топырақтарының жалпы көлемі 134,05 га немесе барлық жасыл желектің 15% аймағын алады.

Көгалды-батпақты текшеленген сазды-құмды солончактар көлемі 20,58 га, немесе барлық жасыл желектің 2% аймағын алады. Топырақтардың морфологиялық сипаттамасы келесілер: жоғарғы жиелігі сұрғыш ақшыл сары түсті құмның сазды – саздақтылардың текшеленгенінен әлсіз тығызды. Беттерінде тез арада егіп кететін тұздар көрініп тұр.

Астында құммен саздың бейберекет текшеленгені көрінеді. 62см- ден кейін темір дақтары кездеседі. Төменде бір бірімен кездесетін сазбен құмның қабаттары көрінеді.

Бірінші топ топырақтарына қарағанда екінші топ топырақтарында орман егу жағдайы қаталдау, себебі олар қара шірікпен ылғалдылыққа онша қатты бай емес. Сондықтан бұл топырақтарға құрғақшылықты көтеретін түрлер өседі: үйеңкі, вяз т.б.

Үшінші топ топырақтары жасыл желектің 18,51 га көлемін немесе жалпы аймақтың 3% орманға жарамды аумағын алады. Бұл топқа қызғылт-қоңыр саздақты топырақтардың солончакті қызғылт-қоңыр (20%) және көгалды карбонатты сазды топырақтармен араласқаны жатады. Осы жинақталған бөліктер 13,07 га-ды алады. Қызғылт-қоңыр ауыр саздақты солончакті топырақтарды ұстап тұрған дақтарды тастап, оларды таңдаулы егіншілікке қолдануға болады. Бұл топырақтар тұздылығы 0,3% алып тұратын тереңдігі 5-30 см жиелігі бар. Осындай саны көп суда ерігіш тұздардың жер бетіне жақын орналасқандар мәдениет өсімдіктерінің өсуіне жағымсыз әсер тигізеді.

Кішкене аймақты көгалды карбонатты сазды топырақтар алады-5,44 га. Бұл қатардағы топырақтардың жағымды қасиеттері бар. Профильдері тым тұздалынбаған, тұщы грунт сулары 70 – 100 см тереңдікте орналасқан, қоректенуге саны көп қозғалмалы элементтері бар.

Бірақ сол уақытта олар бір жағынан жағымсыз әсерін көрсетіп тұрады немесе батпақтану процессіне ықпал.

Бұл топырақтар, жасыл желектің басқа топырақтарына қарағанда сортанданған сазда дамыды. Түстері қоюланып кетеді, күкіртсутегінің иісі пайда болады немесе сортаңның белгілері.

Көгалды карбонатты солончак арнайы бөлектеніп кездеспейді, жоғарыда айтылғын топырақтармен қосылыс ретінде кездеседі.

Бұл топырақтарда грунт суларының еру әсеріне жоғарғы жиелікте көптеген тұздар жиналады.

Қалай көгалды-батпақты солончактар орман егісіне жағымсыз әсер берсе, солай көгалдыларда әсер береді. Бұл топырақтар суландыру процессін талап етеді немесе бұл аймақта суландыру әлеуметті түрде және мақсатсыз өтеді.

Орман өсіруге төмпешікті құмдар да жарамсыз. Олар жүйелісіз , қоректендіру заттары жоқ, ылғалдылықты ұстай алмайды.




І.1.4. Ауданның табиғат жағдайы және ресурстары
Аудан жері негізінен жазық, шығыс жағы төбелі, қырқалы, жері қызыл қоңыр топырақты, сораң және құмды келеді. Ауа райы құрғақ, қысы суық, аязды, боранды, жазы ыстық, жазда температура +25, қыста – 150, ылғал мөлшері 250 мм, қар қалыңдығы 25 см. Ауданда Ойыл Қиыл, Ащыойыл, Жақсыбай, Қуырдақты, өзендері, Барқын, Баржық құмдары, Жекенді, Құтыкөл, Тамдыкөл кішігірім көлдері, Құсмұрын, Қаражар, Ақшатау, Қаратау,Орындықтау биіктері бар.

Өсімдіктері: ақсексеуіл, еркек, жусан, бидайық, қарабас, изен, ебелек, бетеге.

Шөккен түйедей тізбектелген, құмның аумағы 170км2, абсолюттік биіктігі 100 метр , 23 киллометрге созылған, енді жері 15 киллометр алып жатқан Барқын құм төбелері Ойыл өңірінің әсем бір белдеуіндей. Шөптесін өсімдіктері арасында бұршақ тұқымдастан жүзгін, құлан құйрық құмыршық жыңғыл жиі өседі. Олар құм көшкінін тоқтату мақсатында 1873, 1899, 1903, 1913 жылдарда отырғызылған. Сол кезде құм төбелерді бойлай қарағайларда қолдан өсіріле бастады. Құмның етектеріндегі шалғындарда орхедейдіңі сирек кездесетін түрлері пайда болды. 1877 жылы Бөкей ордасынан төрт тұқымдық шырша, қарағай, қайың, көктерек әкелініп, егілді. 1950 жылы Ойыл орман шаруашылығы ұйымдастырылды. Осында екі жылдан кейін отырғызыла бастаған алма ағаштардың көлемі қазір 70 га – ға жуықтады.

Жабайы жануарлары: қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, ақбөкен, қоян т.б құстардан үйрек, қаз кездеседі. Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген құстардан : безгелдек, дуадақ, кіші алақұтан, қызыл жемсау, қарашақаз, балықшы бар.

Қарауылтөбе, Ақшатау шоқыларынан құрлыстық ақ бор алынады. Екпетал орманды алқапта түрлі ағаштар өседі. Ұшқапта, Наурызалы жерлеріндегі емдік қасиетті мол тұзды, сазды қара балшықты жергілікті тұрғындар пайдаланады.

Ойыл - Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарыжеріндегі өзен. Ұзындығы 800км, су жиналатын алқабы 31500 км2 . Ақтөбе облысындағы Қандағаш темір жол станциясының солтүстік – батысында 50км жерден басталатын, Тайсойған құмында бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды. Өзенің жоғарғы және орта бөлігіндегі аңғарытерең сай – жырамен тілімделген, төменгі бөлігі белесті жазықпен ағады. Көктемде қар суымен өзен деңгейі көтеріледі, минералдығы азаяды. Жазда ирімдерге бөлініп, тұздылығы артады. Өзенің балықтары: мөңке, аққайраң, шортан, алабұға, сазан жайын. Жайылмасы – Ақтөбе, Атырау облыстары, шаруашылықтарының шабындығы. Суына егін, мал суарылады.


жүктеу 488,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау