Жоспар Кіріспе Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы


Дипломатиялық кадрлар дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар



жүктеу 0,84 Mb.
бет3/3
Дата24.12.2017
өлшемі0,84 Mb.
#5724
түріДиплом
1   2   3

2.2. Дипломатиялық кадрлар дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттік аппаратты демократизациялау процесі басталып, алғашқы кезекте, оның әлеуметтік базасын кеңейтуі кадрлық дипломатиялық қызметке әсер етті. Нәтижесінде бүгінгі күні қызметке алынатын дипломаттардың тек қана үштен бірі ғана – Оксфорд пен Кэмбридж колледждерінің түлектері (жарты ғасыр бұрын олардың үлесі 90-95 пайызды құраған болатын). 1995 жылы қызметке қабылданған әйелд адамдардың саны алғаш рет ер адамдардың санынан басымырақ түседі. Бүгінгі күні британдық кәсіби диплолматтардың төрттен бірі - әйел адамдар, олардың ішінде – 9 елші. Осыған қарамастан, XX ғасырдың басында қалыптасқан дипломатиялық кадрларды іріктеу, дайындауға қойылатын талаптар қатты өзгеріске ұшырамаған [1,с.28-29]. 1917 жылдың өзінде Э.Сатоу қысқа анықтама берген: дипломат «білімді джентельмен» болуы керек. Ал қазір бұл анықтамаға – «білімді леди»-ді қоссақ болады. Жоғарыда атап өткен критерий қазірдің өзіндеөз күшін жоғалтқан жоқ [1,с.29].

Классикалық үлгідегі саясаттанушылық, құқықтық және жалпыгуманитарлық дайындық, тәрбиелілік пен жақсы мәнерлер, психиканың орнықтылығы – дипломатиялық қызметтің лауазымына үміткерлерге қойылатын ең басты талаптар [8,с.495].

Білімді және қабілетті тұлға, британдық мамандардың ойынша (мысалға, алдыңғы уақыттағы Ұлыбританияның БҰҰ бас пәтері Женевадағы өкілі Питер Маршалл), «өзінің үлкен әріптестерін бақылай отырып өзіндік жеке тәжірибе жинай алады» және қызмет кезінде арнайы, кәсіби біліктілікті де қалыптастыра алады [1,с.29]. Осы тұжырымдарға сүйене отырып, кәнігі британдық дипломатияның жетекшілері дипломатиялық кадрларға арнайы университеттерде және университеттен кейін дайындық жүргізудің қажет емес екендігін айтады. Қызметте жүріп, кәсіптің «даналығын» игере алатын кадрларды анықтау мақсатында Ұлыбртанияда 40-жылдардың соңынан конкурстық жүйе қалыптасып, қазіргі күні де бұл жүйе сақталып отыр. Соңғы ақпаратттарға сүйенсек, жоғарғы дәрежелі қызметке үміткерлердің сан бір орынға 120 адамды құраса, ал басқа – «орындаушы» дәрежесіне – бір орынға 86 адамды құрады [1,с.29-30].

Кадрлық дипломатиялық персонал 2 негізгі разрядқа (санат)бөлінген:


  1. «А» - басқарушылық санаты. Осы санаттағы қызметкерлердің жұмысының негізгі бағыты саяст талдауболып табылады. Олар шетел өкілдіктеріне 3-ші және 2-ші хатшы лауазымына ие болады. «А» санатындағы қызметкерлер өздерінің «Е» санатындағы әріптестеріне қарағанда қызмет баспалдағымен жылдам көтеріледі. Бұл санатты Ұлыбританияның басым көпшілігін Форин офистің елшілері мен мен кәсіпқой жетекшілері құрайды.

  2. «Е» - орындаушылық санаты. Бұл санаттағы қызметкерлер негізінен консулдықдықтарда, ақпаратты анықтау, сауда-экономикалық, мәдени және басқа да қызмет бағытында, «жоғары саясатқа» қатысты емес жұмыстармен айналысады. Төменгі дәрежеден жоғары дәрежеге көтерілуі қызметінің орта тұсында (5-деңгейдегі қызмет рангісі) болады [8,с.495].

Басқарушылық санттағы дәрежелі қызметке қабылдану үшін, үміткер конкурстық сындар жүйесінен өтуі тиіс (жыл сайын 205 мың үміткерлердің ішінен 23-25-і ған қабылданады). [1,с.30]. Конкурс Сыртқы істер министрлігінің жоғарғы буыны мен шетел жоғарғы оқу орындарынан шенеуніктерінің қатысуымен Азаматтық (мемлекеттік) Іріктеу Комиссиясыынң ұйымдастырылуымен және ашылуымен жүргізіледі. Үміткер комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

  1. британдық азаматтық туралы;

  2. оқу орындарынан кепілгерлік;

  3. үміткердің қалауымен басқа да құжат түрлері [8,с.496].

Егер жоғарғы оқу орнының дипломы болмаса, алдын-ала емтихан тапсыру шарт. Үміткерлердің жасы – «А» разряды үшін 32 жас болса, «Е» разряды үшін 45 жастан үлкен болмауы керек. Сынақ басталмастан үміткерлерге олардың барлық құжаттары тексерілетінін ескертіледі.

Бірнеше күнге жалғасатын емтихандардың әдіснамасы келесі негізгі принциптерге сүйенеді:



  • емтихандық процесстің үзіліссіздігі;

  • сынақтың әр түрлерінің алмасуы жазбаша жұмыстар (шғарма, тесттер және т.б.), ситуациялық сипаттағы тапсырмаларды шешу, топтағы оқу дискуссиялары, отырыстар;

  • емтихандарды қабылдау комиссияның штаттық қызметкерлері, кәсіпқой-психологтар және кадрлық дипломаттармен бірге қабылданады [1,с.30].

Сынақтардың әр түрлігіне байланысты бағалау шкаласы қолданылады, жеке көрсеткіштерге, мысалға «өзіндік жеке талдау жасау біліктілігі», «стресстік жағдайда жұмыс атқара алу қабілеті», «байланысқа бейімділік» (осындай көрсеткіштердің жалпы саны – 11) және басқада қабілеттірі ескеріледі. Әрбір көрсеткішке 1 балдан қойылады, сосын қорытынды емтихан бойынша қортынды баға шығады, ал ең соңында – барлық емтихандардың жиынтығы көрсетіледі. Ең көп балл жинаған үміткерлерді (үміткерлер саны бос орын санынан асып кептеуі керек) Жоғарғы Іріктеу комиссиясы бақылап, соңғы әрі нақты кәсіби жармдылығын анықтайды [8,с.496].

Жұмысқа алынған қызметкерлер, жақынарада Ұлыбританияның дипломатиялық өзкілдіктеріне және шетелдердегі кіші дипломатиялық қызметке (3-хатшы дәрежесінен төмен болмайды) тағайындалады. Жас дипломаттарды дайындау ызметке тағайындау алдында минимальды түрде жүргізіледі. Қызметтің жетекшілері келесі принципті ұстанады: «Дипломатия - бұл дипломатқа қажетті білім мен біліктіліктің нақты шекарасы жоқ кәсіп» [1,с.30-31].

Жақында ғана Форин офистің оқу бөлімі бастауыш дипломаттарға кішігірім арнайы курстар жүргізеді:

а) әлемдік экономика және қаржы туралы;

б) дипломатияда жңа ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі;

в) басқарушылық қызметегі жаңашылдықтар және т.б.

Кейбір жағдайда оларды ірі фирмаларға, банктік мекемелерге және университеттерге бағыттайды. Арнайы және тілдік дайындық (көбіне Форин офистің өзінің жеке лингвистикалық центрінде өткізіледі) даралық түрінде және дара жоспар бойыша жүргізіледі. Жалпы, британдық Сыртқы істер министрлігі өзінің жеке ресурстарымен қамтуға тырысады. Жоғарғы оқу орындарымен тұрақты байланыс орнатпайды.

Британдық дипломатиялық қызметінде 10-шы ең кіші лауазымға, канцелярияның қызметкерлеріне конкурстық сынақсыз қабылданады. [8,с.497]. 9-шы ранг атқарушылық разряд қызметіне конкурстық сынақтан өткен тұлғаларға беріледі. Жас дипломаттарға, 3-2-ші хатшылардың лауазымына сәйкес, 8- ші немесе 7-ші басқарушылық разряд бойынша тағайындалады. 7-ші ранг егер қабылданушының беделді жоғарғы оқу орнын бітірді деген дипломы, практикалық және ғылыми салада тәжірибесі бар болса және жас мөлшері – 26 және жоғары болса тағайындалады.

6-шы ранг, консулдық қызметтің сауда-экономикалық, ақпараттық сұрақтары бойынша 1-хатшы қызметімен сәйкес келеді, бұл ранг атқарушылық разряд бойынша қызмет атқарып жатқан дипломаттарға тағайындалады. Көпшілік дипломаттар үшін, ол – дипломатиялық қызметінің төбесі болып табылады. Оларға 5-ші рангтің тағайындалуы Форин офистің арнайы қорытындысының осы тұлғаның саяси және жетекшілік сипаттағы жұмысқа жарамдылығын тексергенде ғана болады. «А» разрядындағы 5-ранг алдын-ала шарттарсыз 7-ден кейін тағайындалады.

Жалпы қызметтік баспалдақпен көтерілу «А» разряды бойынша 5-ші рангты 29-30 жас мөлшерінде тағайындалса, «Е» разрядында 36-40 жас мөлшерінде тағайындалады [1,с.31-32].

5-ші ранг деңгейінде екі разрядтың бірігуі болады. 60-жылдардың соңында 5-ші ранг деңгейінен бастап, персоналды біріктіру шешімі қабылданды. Сол уақытта атқарушылық буыннан басқарушылық буынға өту өте сирек болатын. Фултоннның комитетінің ұсыныстарын қарастырып, үкімет шешім қабылдайды. Нәтижесінде 70-жылдардың басында саяси жұмыстарда 1-хатшы. Кейбір жағдайда саяси канцелярия лауазымында алдында «Е» разрядында қызмет еткен диплосматтар тағайындалатын болды. Дипломатиялық иерархияның «шыңына» жеткен «атқарушылық» қызметтегі қызметкерлер басконсул немесе елші лауазымына тағайындалады. Бұл лауазымдарға міндетті демалысқа шығатын 55-57 жасқа келгенде тағайындалады ( 60 жыл бойы британ дипломатиялық қызметінде). Өз кезегінде «А» разрядындағы дипломаттар лауазымдарын және сәйкес рангтерін 45 жас мөлшерінде, кейде оданда ерте алады.

9-шы және 4-ші ранг (атташе лауазымынан кеңесші лауазымына дейінгі аралық) бойынша қызметке көтерілу әрбір рангте қызмет атқару және қызметкерлерге персоналдық сипаттамалар конкурсы бойынша Форин офистің департаменттері мен елшіліктің жетекшілерімен жүргізіледі. Ақпараттарға сүйенсек, бұл конкурс арнайы өткізілмейді [8,с.499].

Дипломаттардың жоғарғы үш рангтің біреуіне өтуі «жоғарғы іріктеу комиссиясының» ұсынысымен және министрмен бекітіледі. Қызмет басшысы (министрдің тұрақты орынбасары) премьер-министр болып тағайындалады. Дипломаттардың жоғарғы лауазымға өтуі үшін қызметтік тәжірибесін 2-3 функционалдық және 2-аймақтық мамандандырылудан тұруы шарт. Жоғарғы буын дипломаттарының өмрбаянын зерттей отырып, олардың көпшілігінде Римдегі НАТО колледжінде дайындықтан және басқа да жоғарғы әскери оқу мекемелерінде өткендігі анықталды [1,с.33-34].

1-3-ші рангтегі дипломаттар кәсіби дипломатиялық қызметтің жетекші шыңын құрайды. Олардың қатарымен британ дипломатиялық өкілдігінің, министрдің бірінші орынбасары мен орынбасарлары қызметінің жұмыс орындары толығады [8,с.499].

Кәсіби дипломатиялық қызметтің басшысы - әрдайым бірінші рангтегі дипломат болады. Қорытындылай отырып, айта кету керек британдық кәсіби диплломатиялық қызметтің аппараты дипломатиялық қызметке қабылдар алдында және рангтерді тағайындауда қызметкерлердің ерекше біліктілігене және іскерлігіне назар аударылады.

Қызмет жетекшілері, Азаматтық қызмет комиссиясы сияқты ұлттық азшылыққа және бөлек әлеуметтік топтарға артықшылықтар мен жеңілдіктер көрсетпейді. Оларды есептеуінше, сынақтың ашық әрі тең түрде өтуі дипломатиялық қызметтегі кәсібилікті жоғары дәрежеде сақтауға септігін тигізеді. Қызмет бойынша көтерілу бәсекелестік жағдайында өтіп, нәтижесінде дипломаттардың бір бөлігі қызметтен шығуға мәжбүр болады. Бірақ олардың қызмет атқару уақытына сәйкес, зейнетақысы сақталады. Жетекшілік дипломатиялық қызметке мінсіз кәсіпқой қызмет атқарған жоғары рангтік қызметкерлер тағайындалады. Дипломатиялық қызметтің басшылығы британдық дипломатиялық мекемелердің саяси-талдаушылық жұмысы орталық қызмет болып табылады деген дәстүрлі көзқарас ұстанады. Саяси талдау саласындағы және олардың қызметпен байланысына мамандандырылған қызметкерлерге, рангті тағайындаған кезде жеңілдіктер мен артықшылықтар қарасытырылады.

Британдық дипломатияның ұйымдастырылу формасы практика жүзінде дипломтияның кәсіби дипломаттардың бастапқы классикалық анықтамасын жүзеге асырады. Осы анықтама негізін дипломатия теориясының классиктері (Г.Никольсон) ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақыттағы зерттеушілер (мысалға, Ж.де Магальеш португалиялық автор) салды [1,с.35]. Сыртқы саясат бағытын анықтауда барлық дипломатиялық құралдар кадрлық дипломатиялық қызметтің қолында. Оның орталық аппаратты және шетел өкілдіктеріндегі орны мен ролі дипломатиялық байланыстар туралы 1961 Вена конвенциясындағы көрсетілмеген мүмкіндіктерге де ие. Дипломатиялық кадрлардың ауыспаушылығы – британ дипломатиясының тұрақтылығы мен сабақтастығын кепілі болып табылады. Тұрақтылықты мысалы ретінде, британ Сыртқы істер министрлігі нің онжылдықтарға арналған және тұрақты мақсаттары мен жоспарларының бар болуы.

Қазіргі халықаралық дамудың талаптарына жауап ретінде Ұлыбритания жаңа, паралель дипломатиялық қызмет құрылымын құрмай, керісінше, дипломатиялық мекемелердегі дәстүрлі тапсырмаларды орындауға бағытталады. Нәтижесінде дипломатиялық аппарат жалпы кішігірім және аз қаржыны талап етеді [8,с.502].



Жалпы британ дипломатиялық қызметінің рангтерінің және қызметтерінің құрылымы бүгінгі күні келесідей көрінеді:






6-шы ранг

(1-хатшы)

«Е» разряды



7-ші ранг

(2-ші хатшы)

«А» разряды


7-ші ранг

(2-ші хатшы)

«Е» разряды


9-шы ранг (атташе)

«Е» разряды


8-ші ранг

(3-ші хатшы)

«А» разряды

Дипломатиялық кадрлар – дипломатиялық қызметтегі қызметкерлердің жалпы атауы [10,с15].

Дипломатиялық кадрлардың жоғарғы кәсіби қабілеттері қатаң заңнамамен емес, ал қарапайым құқық пен дәстүрлер, дипломаттардың жоғары тарихи қалыптасқан әлеуметтік статусы және олардың кәсібінің қоғам алдында беделді болуымен қамтамасыз етіледі. Дипломаттардың өзіндік жеке қабілеттері мен кәсіпқойлығы, сонымен қатар – адалдығы, өзінің кәсібіне қызығушылығы, өз ісіне берілгендігі және т.б. қасиеттері аса зор маңызға ие [1,с.36].

Жоғарыда аталған ақпаратқа сүйене отырып, Ұлыбританияның дипломатиялық қызметі – элитарлық, корпоративтік институт, «кәсіби бюрократияға» орталықтандыру болып табылады. Өзінің демократиялық емес құрамы үшін, ол парламент және баспасөз беттерінен үлкен сынға ұшырайды. Белгілі, қазіргі уақытта Ұлыбританияның дипломатиялық қызметіне тапсырудың еш кедергілері жоқ. Алайда, кедергі деп қызметке қабылданудың қиын және көпсатылы емтихандардың болуы, басқаша айтқанда өзіндік оқуту цензінің болуы. Кәсіби дипломатиялық қызметтің құрамының демократизациялануы елдің көпшілік таптарының элитарлық жоғарғы оқу орындарына түсу көрсеткіші кеңейген тұста болады.



Қорытынды
Дипломатия – мемлекеттің қолындағы ең маңызды қару болып табылады. Тарих көрсеткендей, ал қазіргі халықаралық жағдай дәлелдеп отырғандай, бірде-бір мемлекет басқа мемлекеттер ішінде қанағаттанарлықсыз орында қалғысы келмейді және жақсы ұйымдасқан дипломатиялық қызметсіз саясатын жүргізе алмайды.

Ағылшын дипломатиясы өз елінің мүддесін іскерлікпен қорғайды. Англияның премьер-министрі және сыртқы істер министрі Г.Пальмерстон XIX ғасырдың ортасында дипломатиялық қызметтің мақсатарын келесідей тұжырымдаған болатын: «Англияның тұрақты жаулары мен тұрақты достары жоқ. Оның тек қана тұрақты мүддесі ғана бар». Ал, консервативтік үкіметтің сыртқы істер министрі М.Рифкинд қазіргі ағылшын дипломатиясының мақсатын: «Британдық мүдделерді сақтау британ сыртқы істер министрлігінің жалғыз жұмысы болуы керек», - деп айтқан еді.

Мемлекетке білімді, тәжірибелі, өз ісінің маманы бола алатын дипломаттар қажет. Қоршаған ортада болып жатқан өзгерістер мен өз мемлекетіндегі өзгерістерге бейімделе алатын жан-жақты тұлға дипломатты дайындау керек. Ал бұл қызметті жүзеге асыратын негізгі мекеме – дипломатиялық қызмет мекемесі.

Британ дипломатиялық қызметін ұйымдастырудың негізінде формальді-бюрократиялық үлгі қолданылады. Сыртқы істер мекемесінің практикалық қызметіне қоғамның, парламенттің, академиялық ғылымдардың әсері мен ықпалы соғыстан кейінгі уақытта, ең бастысы Ұлыбританияның Еуропалық Қауымдастыққа қосылғанымен, оның әсері мен ықпалы аз мөлшерде болды. Британ дипломатиялық қызметінің иерархиялық құрылымы, дипломатиялық кадрлардың элитарлығымен, жоғары дәрежедегі құпиялық пен өз ісіне беріктігімен, қызмет атқарудағы ерекше әдістерімен ерекшеленеді. Осы үшін дипломатиялық қызмет Ұлыбританияның саяси ортасында әділ сынға ұшырайды. Алайда, дипломатиялық қызметтің ерекше эффектілігін, мәселелерді шешеудегі ыңғайлы әдістерді қолдану және оны жоғары кәсіби деңгейде атқарылуын жоққа шығара алмаймыз.



Ұлыбритания – дәстүрлердің елі, бірақ бұл сипаттама аз мөлшерде оның дипломатиясына қатысты. 60-жылдардың басынан британдықтар 4 рет дипломатиялық қызметінде реформалар жүргізген болатын. Олар әртүрлі жаңашылдықтар енгізгенімен, кейде ірі, кейде аз маңызды, бірақ мұндай өзгерістер дипломатиялық жүйені тек қана жақсарта түсті.


Қосымшалар


  1. Форин офистің белгісі (ені)







  2. Джордж Каннинг, ағылшындық саяси қайраткер және сыртқы істер министрі



Лондондағы Парламент алаңында Каннингке ескерткіш қойылған (1832ж.)




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Т.В. Зонова Дипломатия иностранных государств М., 2004.-352с.

  2. Р. Заллет.Дипломатия. Пер.с немец. М., 1997.-382.

  3. Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. Уч.пос. Алматы, 2000.

  4. Г.Никольсон. Дипломатия. М., ОГИЗ, 1941.-450с

  5. Матвеев В.М Британ дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері// Дипломатия жаршысы . 2004.-№1-2.- 84-85 бб.

  6. www.fco.gov.uk (The Foreign and Commonwealth Office)

  7. www.temakosan.net интернет сайты

  8. Матвеев В.М. Британская дипломатическая служба. Изд. 2-е. М., Международные отношения, 1990.-211.

  9. Дипломатическая служба. Учебное пособие. Российская политическая энциклопедия. 2002.

  10. Зорин В.А. Основы дипломатической службы , М.,1997г.

  11. Захарова Л.М., Коновалова А.А. Основы дипломатической и консульской службы. У.пос. Минск, 2001.




жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау