2.3. Құрылтайшылардың ґздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары
АК-тің 36 бабына сәйкес заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары (қатысушылары) міндеттемелік және заттық құқықтарға ие бола алады. Мүлігіне оның қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап тұратын заңды тұлғаларға шаруашылык серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен кооперативтер жатады. Мүлкіне құрылтайшылары меншік құқығын немесе ґзге де заттық құқығын сақтап тұратын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы мүлікке ие болатын ұйымдар жатады. Мүлігіне құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар мен діни бірлестіктер жатады. Қазақстандық әдебиетте кґрсетілген заңды тұлғалар жіктеліміне байланысты пікірлер айтылған. Мәселен, Ю.Г. Басин заттық құқықтарға (меншік құқығына) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің мүлігіне қатысты мемлекет ие болатынын атап ґтеді. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлігі мемлекеттік меншік объектісі ретінде бґлінбейтін болып табылады және қандай да бір басқа субъектілердің қолындағы үлестер мен жарналардан құрыла алмайды. Мемлекеттік кәсіпорынның қандай да бір нақтылы мүлігін сатуға болады, бірақ мұндай мүліктегі үлесті сатуға болмайды, ґйткені ондай үлес жоқ. Шаруашылық серіктестіктің немесе кооперативтің мүлігіне қатысты оның қатысушыларында меншік қүқығы емес, тек міндеттемелік кұқық болады.
Біздің пікірімізше, Ю.Г. Басин тек мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді атап, мүлігіне құрылтайшылары меншік құқығын немесе ґзге де заттық құқығын сақтап тұратын заңды тұлғалар туралы мәселеге бір
жақты қарайтын сыңайлы. Мекеме мемлекеттік емес заңды, сондай-ақ жеке тұлғамен құрылуы мүмкін. Бұл орайда ешқандай тыйымдар заңда кґрсетілмеген. Оның үстіне, АК-тің 204 бабының 3 тармағы, сондай-ақ коммерциялық ұйымдар туралы Заңының 10 бабы мекемені бірнеше меншік иелерімен құруға мүмкіндік береді. Ал мұндай жағдайда Ю.Г. Басиннің кейінгі дәлелдері одан әрі даулы сипат ала бастайды. Мәселен, шаруашылық серіктестік пен кооперативтің қатысушыларының соңғысының мүлігіне міндеттемелік қүқығының мәнін түсіндіре отырып, автор былай деп жазады: "Бұл дегеніміз кез келген қатысушы қатысушылар құрамынан шыққан кезде ґзінің үлесін жиынтық кґлемінде бґліп беруіне не мүндай үлестің ґтелуіне үміт арта алады, бірақ оған ғимараттың, қандай да бір машинаның, жер учаскесінің және т.б. берілуін талап ете алмайды". Сонымен, міндеттемелік құқықтың заттық құқықтан ґзгешелігін Ю.Г. Басин қатысушыларда заңды тұлғадан тиісті жағдайлар орын алған кезде берілген мүлікгі заттай қайтарылуын талап ету мүмкіндігінің жоқтығынан кґреді. Мұндай ыңғайдың дұрыс екені екіталай, ґйткені бірнеше меншік иелерімен құрылған мекеме жағдайында мүлікті біріктіру кезінде ортақ үлестік меншік режимі пайда болады. Яғни, кґрсетілген жағдайлар пайда болған кезде қүрылтайшы ортақ мүліктен ґзінің үлесінің бґліп берілуін талап етуге қүқылы. Егер де үлестің заттай бґліп берілуі ортақ мүлікке сәйкес емес шығынсыз мүмкін болмаса, бґліп шығушы меншік иесінің оған үлестік меншіктің ґзге де қатысушыларымен үлес құнының тґленуіне құқығы бар.
Бірақ мұндай мекеменің ерекшелігі мынада, біріншіден, оның мүлігі ортақ меншік құқығында құрылтайшыларға тиесілі, ал екіншіден осы мекеменің құқықтың дербес субъектісі болуында, сонысымен қарапайым серіктестіктен ерекшеленеді. Оның құқықтық жағдайының қайшылығы, біздің пікірімізше, осыдан түрады.
Дегенмен меншік иесі емес заңды тұлға түзілісі оны бірнеше кұрылтайшылармен кұру мүмкіндігіне жол бермеу керек деп санаймыз. Оған қоса, құрылған меншік иесі емес заңды тұлғаны оған берілетін мүлікке заттық құқықтармен үлестіру құқығына тек мемлекет ие болуы қажет. Ґзге жағдайларда (тым болмағанда құрылтайшының бірі азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға болғанда) мұндай заңды тұлғаны дербес меншік иесі деп таныған жґн.
К.В. Мукашева да талданып отырған бґлінуді қарастыра отырып, "шаруашылық серіктестіктерде мүлік меншік құқығында болғандықтан, қатысушылар осы мүлікке міндеттемелік құқықтарына (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады деп кґрсетеді. Мәселен, егер мемлекеттік кәсіпорын акционерлік қоғамға ґзгертілген болса, нақ соңғысы қоғамның мүлігінің меншік иесіне айналады, ал мемлекетте - осы мүлікке тек міндеттемелік құқығы мен акцияларға меншік құқығы болады"36 . Ал қатысушылардың ґздері құрған заңды тұлғалардың мүлігіне міндеттемелік кұқықтарының мазмүнын автор назардан тыс қалдырды.
Осы мәселенің келесі зерттеушісі И.П. Грешников кейбір мәселелерге Ю.Г. Басинмен ұқсас ыңғайды білдіре отырып, "шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларының міндеттемелік құқықтары негізінен серіктестіктің мүлігінде үлесті бґліп беру талабына келіп саяды деп есептейді. Аталмыш құқық қатысушыларда кейбір жағдайларда, мысалы ұйымды тарату кезінде, сондай-ақ қатысушының шаруашылық серіктестіктен шығуы жағдайында пайда болады. Онымен қатар, үлесті бґліп беруді талап ету құқығы белгілі бір жағдайларда шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың (құрылтайшылардың) мирасқорларында (мұрагерлеріңде) пайда болады"37. "Акциялардың мемлекеттік бақылау
___________________________________
36Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие (Часть общая). 2-е изд., доп. и изм. /Отв. ред. Г.И. Тулегалиев, К.С. Мауленов. - Алматы: «Данекер», 1999. 129 б.
37 Грешников И.П. Комментарий ст. 36 ГК РК /В кн. Гражданский кодекс Республики Казахстан -
пакеті бар акционерлік қоғамдар б¥рынғыдай мемлекеттің қолында деген қате пікір бар", - деп атап ґтеді ол.
Атап кетерлік жәйт, "Қазақстан Республикасындағы құқық пен меншік" деген меншік мәселелерін қарастыруға арналған еңбектің кезінде оның авторлары тек жалпыға белгілі фактілерді анықтаумен шектеліп қана ҚР АК-тің 36 бабымен қарастырылған жіктелімге сәйкес заңды тұлғалардың арақатынасына талдау жасаудан бас тартты. Мәселен, М.К. Сүлейменов осындай анықтап айырудан таза тәжірибелік қорытындылар шығатынын кґрсетеді. Атап айтқанда, осы негізде мемлекеттік акционерлік қоғамдар жґніндегі мәселе шешілуге тиіс. Мемлекет тек акциялардың меншік иесі ғана болып табылады. Онда акционерлік қоғамның мүлігіне басқа да акционерлерде секілді тек міндеттемелік құқықтар ғана болады38. Ал осы құқықтардың мазмұны туралы мәселе қайтадан ашық күйінде қалды.
Сонымен, жоғарыда келтірілген сґздерден, біздің пікірімізше, кем дегенде екі қорытынды шығады:
Қазақстандық әдебиетте әлі күнге дейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) ґздері құрған ұйымдардың мүлігіне құқықтарының арақатынасына азды-кґпті назар аудартатын талдау жасалмаған.
ал айтылған сґздер мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдардың мүлігіне мемлекеттің белгілі дәмеленулеріне авторлардың алаңдаушылығын кґрсетеді, бұл ақыр соңында нақ осы мәселені шешу үшін АК-тің 36 бабы құрастырылған болатын дегендей әсер қалыптастырады.
Сонымен бірге, талданатын жіктелім - заңнамадағы жаңалық емес.
___________________________________________
38Право и собственность в Республике Казахстан: Монография /Отв. ред. М.К. Сулейменов. - Алматы: «Жеті жарғы», 1998. 56 б.
Заңды тұлғаларды осыған ұқсас бґлу 1991 жылғы Негіздерде (11 б. 2 т.) орын алған еді. Сол кезеңдегі әдебиетте бұл ереже былайша түсіндірілді: кейде меншік иелері заңды тұлғалардың мүлігіне олардың құрылтайшылары белгілі бір талап ету (міндеттемелік сипаттағы) құқықтарын, мысалы кірістің белгілі бір бґлігін және заңды тұлғаны тарату немесе одан шығу жағдайында мүліктің тиісті бґлігін алу құқығын сақтайды. Онда құрылтайшылар (мүшелер, қатысушылар) қайсыбір нысанда ұйымның коммерциялық кызметі үстінен басқарудың да, бақылаудың да белігілі мүмкіндіктерін сақтайды. Екінші жағдайда заңды тұлғаның мүлігінің меншік иесі оның мүлігінің оқшаулануы сипатын айқындайтын және оның шаруашылык қызметі үстінен бақылау құқығын толығымен сақтайтын оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) болып қала береді39.
Кґріп отырғанымыздай, қазіргі уақытта кґрсетілген жіктелімнің пайдасына ұсынылатын дәлелдер мен олардың негізделуінің 7-8 жыл бұрынғы уақыттардан кґп айырмашылығы жоқ.
Қазақстан мен Ресейдің Азаматтық кодекстері арасында 36 баптың және 48 баптың 2 тармағының нормаларында тиісінше кґрініс берген айырмашылықтар назар аудартады. Мәселен, ҚР АК-тің 36 бабының 1 тармағымен заңды тұлғаның жекеленген мүлігіне қатысты оның құрылтайшыларында (қатысушыларында) міндеттемелік немесе заттық құқықтары болуы мүмкін екендігі белгіленген. Ресейлік заң шығарушы бұл мәселеге басқаша келеді: "Заңды тұлғаның мүлігін ұйымдастыруға қатысуына байланысты оның құрылтайшылары (қатысушылары) осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтарға не оның мүлігіне заттық құқықтарға ие бола алады." Осы жағдайға түсініктеме бере отырып, В.П. Мозолин кґрсетілген нормалар үлкен күмән туғызады деп атап ґтеді. Құрылтайшылар құқықтарын осылай бґлу, - деп жазады ол, - бірыңғай
____________________________________________________
39Гражданское право. Учебник. Том 1 /Под. ред. Е.А. Суханова. -М.: «БЕК», 1993. 88 б.
ґлшемдерге негізделмеген. Бірінші жағдайда қатысушылардың заңды тұлғаға құқық субъектісі ретінде қатынасы, яғни заңды тұлға ішіндегі қатынастар, екінші жағдайда - құрылтайшылардың (заңды тұлғаның қатысушылары болып табылмайтын тұлғалардың) заңды тұлғаның мүлігіне қатынасы, яғни заңды түлғадан тыс қатынастар турасында сґз болып отыр. Ґзінің сипаты бойынша әртүрлі қатынастарға "немесе - немесе" деген түзіліс сай келмейді. Заң құқықтардың кґрсетілген екі түрлерінің бір ғана заңды тұлға шеңберінде үйлесуіне жол береді. Мысалы, унитарлық кәсіпорындардың, сондай-ақ меншік иесімен қаржыландырылатын құрылтайшылары ... аталмыш заңды тұлғалардың мүлігіне меншік құқығына ие бола, бір мезетте олармен заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесіне қатысты заңды сақтау, соның ішінде олардың артынан мүлікті бекітуге құқықтарын қамтамасыз ету бойынша міңдеттемелік құқықтық қатынастарда тұрады. Сонымен бірге, 2 тармақтың 2 бґлімінде орын алған ережелер, - деп кґрсетеді В.П. Мозолин, - тараптар құқықтық қатынастардың бір-бірінен тәуелсіз қатысушылар ретінде әрекет ететін міндеттеме түсінігімен анық қайшылықта болады. Қатысушылар арасындағы бір жағынан және екінші жағынан шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, ґңдірістік және тұтынушылық кооперативтер арасыңдағы ішкі қатынастар мүлдем ґзгеше үлгі бойынша құрылады. Бұл - аталмыш заңды тұлғалар істеріне, соның ішінде заңды тұлғаның мүлігін басқару және иелік ету жґніндегі мәселелерді шешуге қатысу (мүшелік) қатынастары. Осы заңды тұлғалардың қатысушылары бґгде тұлғалар емес, олардың қожайындары жағдайында болып отыр. Қатысушылар мен заңды тұлғалар арасындағы міндеттемелік қатынастар тек белгіленген дивиденттерді (кірістерді) тґлеу, заңды тұлғаның таратылуы жағдайында мүлікті алу туралы талаптар және ґзге де жалпы азаматтық талаптар (қатысушылар алған қарызды қайтару және т.с.с.) бойынша, яғни қатысушылар заңды тұлғаға
қатысты әдеттегі сыртқы кредиторлар немесе қарызданушылар жағдайына кґшіп, ґздерінің құқықтық мәртебесін ґзгерткенде пайда бола алады.
Автордың бірінші пікіріне қарсылық білдірмей келтірілген тезистердің екіншісі бойынша кейбір ойларымызды білдіре кетейік. Әйтсе де В.П. Мозолин "қатысушылар - занды тұлғаның иелері" мен "бґгде адамдар -әдеттегі сыртқы кредиторлар немесе қарызданушылар" арасындағы айырма-шылықты негізсіз келтіретіндей кґрінеді. Заңды тұлғаның қатысушылары бір уақытта серіктестік немесе кооперативке қатысты "ґз адамдар" әрі "бґгде адамдар" болып табылуында әдеттен тыс ештеңе жоқ секілді. Олар, бір жағынан, осы заңды тұлғалардың қатысушылары ретінде тек ґздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие, ал екінші жағынан кез келген ґзге тұлғаға тән құқықтар мен міндеттерге ие бола алады гой. Шаруашылық серіктестіктен, акционерлік қоғамнан немесе кооперативтен таза кірістің тиесілі бґлігін ґндіріп алу үшін, олардың қызметі туралы толық ақпарат алу үшін, сол сияқты мұндай заңды тұлғаның қатысушысын (мүшесін) белгіленген мүліктік жарнаны енгізуге мәжбүр еткізу үшін қатысушы (мүше) мүлдем ґзінің құқықтық мәртебесін ґзгертпеуге тиіс, себебі нақ оның қатысушы (мүшесі) ретіндегі құқықтық мәртебесінің мәнінен кґрсетілген кұқықтар мен міндеттер шығады. Сондай-ақ қатысушыға (мүшеге) заңды тұлғаға шешетін міндеттеме бойынша ґзінің құқықтық мәртебесін ґзгерту қажеттілігі жоқ, ґйткені бұл жағдайларда ол әдеттегі міндеттемедегі тараптың бірі ретінде алға шығады. Міндеттемелердің аталған екі топтарында қандай да бір ґзгешеліктер табу мүмкіндігі екіталай. Бірінші жағдайда қатысушы (мүше) "иесі", ал екіншісінде - бґгде тұлға ретінде әрекет ететіні ешқандай рґл ойнамайды, ґйткені ұйымның және оның қатысушысының (мүшесінің) ґзара қарым-қатынасының ґзге де мәселелері де бірдей реттеледі: азаматтық заңнамамен, нақты айтқанда - оның міндеттемелер туралы нормаларымен.
Заңды тұлғалардың құрылтайшылардың (қатысушылардың) заңды
тұлғаның мүлігіне деген құқықтарына байланысты бґлінуін талдай отырып, Е.А. Суханов заңды тұлғалардың осы түрлерінің мәртебесіндегі айырмашылықтар олардың таратылуы немесе олардан қатысушының (құрылтайшының) шығуы кезінде кґрініс беретінін атап керсетеді. Бірінші жағдайда ол ґзінің үлесіне тиесілі мүліктің бір бґлігінің (тарату кезінде -тиісті қалдықтың бір бґлігін) қайтарып берілуін талап етуге құқылы. Екінші жағдайда меншік иесі заңды тұлғаның таратылуы кезінде оның мүлкінің бүкіл қалдығын алады40.
Осыған ұқсас ыңғайды М.И. Брагинскийден де байқаймыз: "Кґрсетілген үш үлгілер арасындағы айырмашылық, атап айтқанда заңды тұлғаны тарату кезінде кґрініс береді. Бірінші үлгі бойынша құрылған заңды тұлғаның қатысушылары олардың үлесіне сай келетін (жартысына, тґрттен біріне және т.с.с.) қалған мүліктің бір бґлігіне ұмтылуға құқылы. Екінші үлгі бойынша құрылған заңды тұлғаның құрылтайшысы кредиторлармен есептескен соң қалғанның барлығын алады".
В.В. Долинская да ґз ой-пікірлерінде алыс бара қоймады: "заңды тұлғаны (екінші үлгіні - С.К.) тарату құрылтайшы кредиторлармен есептескеннен кейін қалған бүкіл мүлікті алады"41.
Келтірілген пікірлер заңды тұлғалардың осы екі топтарының айырмашылықтарын түсіндіруі екіталай. Заңды тұлғаны тарату кезінде оның бүкіл мүлігін алумен байланысты жағдай осы серіктестік, акционерлік қоғам немесе кооператив тек бір ғана қатысушыға ие болған жағдайда да орын алады ғой. Осы заңды тұлғаны тарату кезінде оның жалғыз қатысушысына (акционерге, мүшеге) кредиторлармен есептескеннен кейін қалған бүкіл мүлік тиесілі болады. Екінші жағынан, заңды тұлғаның үлесіне тиесілі мүлігінің бір бґлігін беру құқығына мекеме қүрылтайшысы да ие
______________________________
40 Гражданское право. Учебник. Том 1 /Под. ред. Е.А. Суханова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: «БЕК», 1998.
183 6.
41 Гражданское право. Учебник. Том 1 /Под. ред. Е.А. Суханова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: «БЕК», 1998.
183 6.
болады, егер соңғысы бірнеше тұлғалармен құрылған болса. Мұндай жағдайда, жоғарыда атап ґткеніміздей, мекеменің мүлігі құрылтайшыларға ортақ меншік құқығында тиесілі болады және кґрсетілген жағдай туындаған кезде ҚР АК-тің 218 бабының 2 тармағына сәйкес ортақ мүліктен ґзінің үлесінің бґліп беруін талап етуге құқылы.
Сґйтіп, ғылыми ой заңды тұлғаларды осындай жіктеудің кґп жылдық заңнамалық қызмет етуіне қарамастан әзірге құрылтайшылардың (мүшелердің) ґздері құрған ұйымдардың мүлігіне заттық және міндеттемелік құқықтарының айырмашылықтары жґніндегі мәселеге жеткілікті жауап бере алмағанын мойындаған жґн. М.К. Сулейменовтың Е.А. Сухановты негізге ала отырып, кґптеген авторлар тұрақты ґлшемдерді таба алмай, "заттық және міндеттемелік құқықтарды айырып анықтау әрдайым қарапайым іс болып табылмайды" деген секілді нақыл сґздермен шектелетінін атап кґрсеткені бекер емес42.
Жағдай нақ осылай тұрған сыңайлы. Бірақ біз мүліктік құқықтардың осы екі санаттары арасындағы айырмашылықтар туралы жалпы мәселені шетте қалдырамыз. Осы параграф шеңберінде оның атына қойылған мәселені шешудің маңызы артық.
Дегенмен, бізге оны қарастыру кезінде ой жүгіртудің ґзге схемасын басшылыққа алған дұрыс болып кґрінеді. Мәселен, бірінші кезекте, заңды тұлғаларды меншік иелері мен меншік иелері емес деп бґлу қажет43. Және тек екінші кезекте, меншік иелері - заңды тұлғалар тобы шеңберінде соңғыларын оларға қатысты қатысушыларында мүліктік құқықтары болатын заңды тұлғаларға және оларға қатысты қатысушыларында мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға бґлу қажет.
Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, заңды тұлғалардын мұндай
__________________________________________________________________________________
42Вещные права в Республике Казахстан /Отв. ред. М.К. Сулейменов. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. 33 б.
43 Гражданское право. Учебник. Том 1 /Под. ред. Е.А. Суханова. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: «БЕК», 1998.
182 6.
жіктелімі келесі түрде кґрінетін болады:
Меншік иелері-заңды тұлғалар
|
Меншік иелері
|
Оларға қатысты
|
Оларға қатысты
|
емес-заңды
|
катысушылар
|
қатысушылар
|
тұлғалар
|
мүліктік құқықтарын
|
мүліктік қүқықтарын
|
|
сақтайды
|
сақтамайды
|
|
1
|
Шаруашылық
|
1
|
Қоғамдық
|
1
|
Мемлекеттік
|
|
серіктестіктер
|
|
бірлестіктер
|
|
Кәсіпорындар
|
2
|
Акционерлік
|
2
|
Қоғамдық
|
2
|
Мекемелер
|
|
қоғамдар
|
|
қорлар
|
|
(соның ішінде мемлекеттік)
|
3
|
Ґндірістік кооперативтер
|
3
|
Діни бірлестіктер
|
|
|
4
|
Тұтынушылық кооперативтер
|
|
|
|
|
Ґкінішке орай, АК-тің 36 бабы ассоциация (одақ) секілді заңды тұлға нысаны туралы мүлдем сґз етпейді. Осының салдары ретінде заңды тұлғалар тобының қайсысына осы ұйым (мүлкіне оның құрылтайшылары (қатысушылары) міндеттемелік құқықтарын сақтайтын әлде мүлкіне оның құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарды сақтамайтын жатады деген мәселе туады. И.У. Жанайдаров "ассоциациядан (одақтан) шығу шығушының енгізген жарналарының қайтарылуына, егер ґзге нәрсе бірлестіктің Құрылтайшылық құжаттарымен қарастырылмаса, құқық бермейді" деп атап ґтеді44 . Яғни, автор ортақ ереже ретінде ассоцияцияның (одақтың) қатысушылары онын мүлігіне мүліктік құқықтарын сақтамайды,
________________________________________________________
44 Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бґлім). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. /Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1997. 279 б.
бірақ қатысушылардың тиісті келісімі болғанда ассоциация АК-тің 36 бабының 2 тармағында қарастырылған ұйымдар тобына жатқызылуы мүмкін деп есептейді. М.К. Сүлейменовтың пікірі бойынша, бірлестіктің жарғысында оның құрылтайшылары тарату кезінде бірлестіктің мүлігі оның құрылтайшылары арасында үлестіріледі деген ережені бекіте алады.Осы мәселені шешу үшін басқа ыңғайды пайдалану қажет, атап айтқанда - ассоциацияны құру мақсаттарына негізделу қажет деп ойлаймыз. Мәселен, егер ассоциация кґпшілік мүдделерді кґздейтін ұйымдармен (қоғамдық, діни ұйымдар, қоғамдық ассоциациялар) құрылатын болса, онда осындай ассоцияцияның құрылу мақсаты да кґпшілік болуға тиіс. Бұл жағдайда оның қатысушылары ассоциацияның мүлкіне мүліктік құқықтарын сақтамау қажет. Соған сәйкес, оны тарату кезінде мүлікті жарғымен кґзделген мақсаттарға бағыттау қажет. Егер де ассоциация ұйымдармен олардың кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ олардың мүліктік мүдделерін білдіру және қорғау үшін құрылған болса, онда оның мақсаты - қатысушылардың жеке мүдделері. Мұндай жағдайда ассоциацияның қатысушылары оның мүлкіне мүліктік құқықтарды сақтауға тиіс.
Қорытынды
Қорытындыда біз формацияның іргелі қалыптарының күрт ґзгеруі, нарыққа ґту, кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарының алуан түрлілігі жағдайында қайсыбір, бірақ кез келген жағдайда азаматтық құқық ғылымы, сол сияқты қазіргі азаматтық заңнама зерттеушілер алдына қоятын кґптеген мәселелердің дәл шешімін ұсыну аса қиын. Сондықтан, осы еңбектің кейбір материалдары бұған дейін жарияланғанына қарамастан, оны аяқталған шығарма ретінде басылымға дайындау барысы екі жылға жуық уақыт алды. Оның бірнеше себептері бар. Бұл заңнаманың таң қаларлық, ал кейде түсініксіз тұрақсыздығы. Бұл, әрине, біздің пікірімізше, осы еңбекте кґрініс табуын қажет еткен жаңа ғылыми және оқу басылымдарының пайда болуы.
Алайда, нүкте қоя білу де қажет. Қазір біз нүкте қойғанымызбен, ол алысқа созылмайды. Заңды тұлғалардың жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандарын қарастыру жоспарланып отырған еңбектің екінші бґлімін дайындау уақыты кезінде Азаматтық кодекстің ортақ ережелеріне заңнамалық базаны әрі қарай жетілдіруге бағытталған ґзгертулер енгізіледі, сондай-ақ жаңа еңбектер жарияланатын болады. Ал бұл зерттеушілердің қайтадан "қалам ұстауы" қажет дегенді білдіреді. Ґйткені бүгінгі күннің заңнамалық техникасы да, сот тәжірибесі де кґңіл толарлық емес. Бүл жалпы азаматтық заңнамаға, сондай-ақ заңды тұлғалармен байланысты мәселелерге қатысты нәрсе.
Осы орайда, әрине, заңды тұлға, оның жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандары туралы жалпы ережелерді құрастыруға деген ыңғайлар ойластырылған құқықтық тізілімдерге, нарықтық экономикадағы ең негізгі іспеттес тұлғаны түсінуге жету үшін кұқық ғылымында бірнеше рет талқылаудың тақырыбы болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бґлім). 1994ж.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бґлім). 1999ж.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бґлім). Түсініктеме. І-том. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1998ж.
Тґлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. Курс. І-том. -Алматы: «Жеті Жарғы», 2001ж.
Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учеб. Пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. - Алматы: ВШП «Әділет», 2000г.
Г.И. Тулегалиев, К.С. Мауленов. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие (Часть общая). 2-е изд., доп. и изм. -Алматы: «Данекер», 1999г.
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс). - Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000г.
10.С.И. Климкин. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша. Жалпы ережелер. - Алматы, 2004ж.
11.Е.А. Суханов. Гражданское право: В 2-х т. Т 2: Учебник - М.: «Бек», 1994г.
12. Вещные права в Республике Казахстан / Отв. ред. М.К. Сулейменов. - Алматы: «Жеті Жарғы», 1999г.
Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс) / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000г.
Грешников И.П. Классификация организаций с правами юридического лица. Правовой режим коммерческих и некоммерческих организаций / В кн. Общая часть Гражданского кодекса Республики Казахстан (сборник статей, комментариев). -Алматы: КазГЮИ, 1996г.
Мукашева К.В. Юридические лица / В кн. Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения. Материалы семинаров. Том I. -Алматы: «Әділет Пресс», 1996г.
Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. Автореф. дис. ... к.ю.н. - Алматы, 1997г.
Диденко А.Г. Действие принципа равной защиты государственной и частой собственности в отношении государственных и частных учереждений / В кн.: Гражданское законодательство Республики Казахстан: статьи, комментарии, практика. Выпукс 9 / Под. общ. ред. А.Г. Диденко. - Алматы: «Баспа», 2000г.
Климкин С.И. Развитие законодательства Казахстана о предпринемательстве (сборник статей). - Алматы: «Баспа», 1998г.
Климкин С.И. Банкротство: кому оно выгодно//Деловая неделя, 1996г.
20. Комментарий к Гражданскому кодексу Казахской ССР /Под. ред. Ю.Г. БасинаР.С. Тазутдинова. - Алма-Ата: «Казахстан», 1990г.
Достарыңызбен бөлісу: |