Жоспар: 1 Интонацияның зерттелуі Интонацияның маңызы Интонацияның зерттеу әдістері



жүктеу 27,58 Kb.
бет3/12
Дата17.02.2022
өлшемі27,58 Kb.
#37507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жоспар 1 Интонацияны зерттелуі Интонацияны ма ызы Интонацияны

2. Интонацияның маңызы. Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін, сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.

Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әр қилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын рөлі ерекше. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептелінеді. Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екенін айтуға болады. Олар сол дауыс интонациясының өзгерістерін аңдап, өзара қатынастарына, тіршіліктеріне сигнал қабылдайды.

Интонация тонының тональность адамдардың қарым-қатынасында үлкен орын алатыны мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға қиын емес. Сондықтан интонацияның сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек.

Сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба мәтінде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да оның стилистикалық реңкі ғана емес, сөздерінің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Демек, интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы өте күрделі және құбылмалы болып келеді. Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттерін, оның көріністерін оған мейлінше үңіліп, экспериментті зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Қазақ тілі жүйесіндегі сан алуан синтаксистіктік – коммуникативтік құрылымдарда интонация және оның единицалары мен компоненттері өзара әр қилы күрделі қатынастарға түсіп отырады. Түрлі синтаксистік құрылымдарда интонациялық компоненттердің алатын орны ерекше. Оның сөйлемдегі сөздерді семантикалық-құрылымдық топтарға бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстарда мәні зор. Күрделі мәтіндердегі сөйлемдердің түрлеріне қарай интонация әр түрлі коммуникативтік, эмоциялық мазмұнға ие болып, өзара түрлі қарым-қатынастарға түсіп, мәтіннің жалпы мазмұны мен эмоциялық реңкін түрлендіруде айрықша қызмет атқарады.

Жалпы тіл білімінде интонация сөйлемді сомдайтын ең маңызды универсалды факторлардың бірі саналады, оның компоненттерінің сөйлемнің әр алуан түрлерін түзіп, дифференциялауда және бір-бірінен айырып ажыратуда орны ерекше.Интонацияға ертеден, көне замандардан көңіл аударылған. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және өлең оқу өнерімен байланысты қарастырған. Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне деректер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, ырғақ туралы алғашқы түсініктер берілген.

Интонация деген ұғымның жалпы тіл білімінде әр түрлі түсіндірілуі оған ғалымдардың әр қырынан қарауына байланыста болса керек. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеушінің оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнға, не функциясына ғана көңіл аударғанынан болар. Басқа фонеткалық құбылыстармен салыстырғанда интонация жалпы мазмұнмен өте тығыз байланысты және синтаксистік тұрақты құрылымдарға қарағанда, онда абстрактілік сипат айқынырақ.Соңғы кезде интонацияны жалпы тіл жүйесіндегі дербес бір құбылыс ретінде танып, оны өз алдына жеке алып зерттейтін білім саласын интонология деп жүр. Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен зерттеу әдістері бар. Қайткенде де кейін пайда болған лингвистикалық теорияның интонацияның жаңа қырларын ашып, оның аясын кеңейтіп, жалпы сөйлеу тілін жан-жақты зерттеуде маңызы зор.Белгілі француз ғалымы Б.Мальмберг просодияның, яғни интонацияның орны – қандай тілдің болсын құрылымының нағыз өзегінде, оны аңғармау, оның маңызын дұрыс түсінбеу – тілдің жалпы табиғатын түсінбеумен барабар дейді.



жүктеу 27,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау