ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІНІҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ
ТИІМДІЛІГІ
Сарсенова С.Е.
Ақтау қаласы
Бүгінгі таңда білім беру саласы жаңа технологияларды, жаңаша
идеяларды қолдануды талап етеді. Сапалы білім беру мәселесі қоғамды
толғандырып отыр. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық
прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай
болуы қажет.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы оқытудың
нәтижеге бағдарлануы, студенттің жеке тұлғасына бағытталуы, ал оқыту
әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек,
студент білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік
тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы, шығармашылық
тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде
студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы
керек.
Бірлескен топтық жұмыс – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл
проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау
үшін студенттер тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топтық жұмыс
жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі
тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген топ барлық мүшелері білетін
және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алу керек. Ол топтың әрбір
мүшесінің одан не күтетіндігін жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау
көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізетіндігін білулері
қажет.
«Бірлескен оқу ортасында студенттер әлеуметтік және эмоционалдық
тұрғыдан да дами түседі, өйткeнi oлap түрлі көзқарастарды тыңдап, өз
идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүp болады» /1;33/
Студенттер жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-
студент» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда, мейлінше
«симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «студент-студент»
қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және
қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Топтық жұмыс қазақ тілі сабақтарында өте тиімді деп санаймын. Себебі орыс
тілді аудитория болғандықтан студенттер өз ойларын толық, еркін жеткізе
алмаса да, олар негізгі ойларын сызба, сурет түрінде салып, шағын әңгіме
құра бастайды. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса,
біреуі өз ойын салуда. туындап, ол бәсекелестік дауды тудыру мүмкін.
Студенттерді топтарға бөлуде түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер,
сандар, түстер арқылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері бойынша,
есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолданамын.
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды
емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке
шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды
шешуді көздейді.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста
студенттер:
- Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз
пікірін бөліседі, алмасады;
- Жоспарланған тапсырмаларды айта алады;
- Өз мүмкіндігін біледі;
- Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
- Назарын бақылай алады және алаңдамайды;
- Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады
- Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;
- Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және
тыныштандырады;
- Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;
- Өзін студент ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:
1.Топтық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі.
2. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
4. Студенттердің көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Студенттерді ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
6.Студенттердің қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады.
7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне
деген сенімін қалыптастырады.
8.Өз мүмкіндігін біледі;
9.Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
10.Бір-бірінің еңбегін бағалай білуге үйренеді;
11.Топтық жұмыс кезінде оқытушының баяндап беруін күтпей, өздері
ізденеді.
12. Студенттің пәнге, білім алуға деген қызығушылығы артады.
Менің топтық жұмысты ұйымдастыруға арналған сабағымның
тақырыбы «Қазақ елі – бай ел». Бұл сабақтағы топтық жұмыс жасатудағы
мақсатым - оқу процесінде студенттердің еркіндік және сенім атмосферасын
қалыптастыра отырып, бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнату, олардың
қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға жағдай жасау болып табылады.
Топтық жұмысты ұйымдастыруда курстан алған білімім негізінде және
топтық жұмыс туралы нұсқаулықта берілген мәліметтерге сүйендім. Бірінші
сабағымда қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – ұлттық
валютамыз 1000, 2000, 5000 тенгелер арқылы «Қазақ елі», «Қазақстанның
қазба байлықтары», Қазақстанның көрікті жерлері» деп 3 топқа бөлдім. Осы
нәрселермен топқа бөлуімнің себебі осы құндылықтардың тақырыпқа
қатысты екенін анықтауға түрткі болу еді.
Бірінші тапсырмада әр студент жеке тaпсырманы аудиторияда топпен
түсіне, бірлесе отырып орындату көзделді. Мәтінді толық түсініп оқып,
идеясын айтып, постер қорғау тиіс болды. Студенттер тапсырма орындaу
барысында белсенділік танытты. Мәтін идеясын қағаз бетіне түсіріп, постер
қорғады. Мәтіндегі идея толық ашылды. Студенттер тапсырма барысында
сыни ойлай білді, себебі деңгей бойынша берген тапсырманы мазмұндап ары
қарай болжам айта білді.
Екінші сабағым да топпен жұмыс арқылы өрбіді.Топпен жұмыс
жасатуымның себебі - бір студент сөйлемей, топпен жұмыс жасау барысында
өзгелерді де сөйлетуге, топпен жұмыс жасауға үйрету. Жоспарлауда топтық
жұмыстың өнімділігін арттыру үшін «ЖигСО» әдісін қолдану тиімді деп
санадым. Бұл әдіс шағын топтарда және сарапшылар тобында талқыланатын
мәселені жан жақты талдауға және басқаларды үйретуге мүмкіндік береді.
Яғни, әр студент өзін үйретуше ролінде сезініп, ақпаратты терең меңгеруге
талпынады.
Сабағымды дәрісханадағы ахуалды жaқсарту мақсатында Қазақстан
кондитерлік фабрика өнімдері бойынша«Рахат», «Баян сұлу», «Қарағанды
кәмпиттері» деген 3 топқa бөлдім.
Сөйлесім әрекетінің түрлері айтылым және оқылым, жазылым
бойынша әр топқа «Жасыбай көлі» деген мәтін беріліп, мәтін мазмұны
бойынша 1-топ «Семантикалық карта» стратегиясын толтырса, 2-топ
«Графикалық диктант», 3-топқа «Сәйкесін тап» әдісі арқылы тапсырмалар
орындау ұсынылды.
Жаттығу мазмұны бірдей болғанымен, оны шешу, орындау әдісі әр түрлі етіп
берілді. Себебі дәстүрлі оқыту бойынша бір тектес жаттығулар студенттердің
білімге деген талпынысын, қызығушылығын оятпайды. Бірінші тапсырмада
картамен жұмыс жасау арқылы географиямен, математикамен пән аралық
байланыс болды.
Әр топ бірігіп тапсырмаларын орындаған соң, топ көшбасшысы
жұмыстарын алып шығып қорғады.
Үшінші сабағымда қазақтың ұлттық оюлары «Қошқармүйіз»,
«Қосмүйіз», «Арқармүйіз» арқылы үш топқа бөлдім. Осы ұлттық
құндылықтармен топқа бөлуімнің себебі осы құндылықтардың тақырыпқа
қатысты екенін білдірту еді. Бүгінгі сабағымда топқа бөлуімнің себебі,
алдыңғы сабақтар барысында байқағаным топтастырып отырғызудың
арқасында студенттер бір-бірімен ынтымақтастық орнау арқылы топтағы
құрбы-құрдастарымен татулық қарым-қатынас жaсауға, идеялар ұсынуға
және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, топ жұмысынa белсене
қатысуға мүмкіндік алaды.
Жалпылай келгенде, тізбектелген сабағымның сәтсіз тұсы:
- топтағы білім дәрежесі орта студенттердің белсенді араласпауын және
жекелеген тапсырмаларға берілген уақытты азайту керектігін байқадым.
«Студенттер оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып
отырған «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда студенттер
де, оқытушылар да өздерін білім алушылар деп есептейді. Студенттер
арасындағы бірлеслескен жұмыс, бірін-бірі қолдау, топтық рух мадақталады.
Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті
құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады./1;75/
Қорытындылай келе, келешекте топтық жұмыста топ мүшелерін өз
ойларын жеткізе білуге үйретуге, жаңа әдіс тәсілдерді меңгертуге,топта
жұмыс жасауды үйретуге мән бере отырып, тәжірибені жетілдіруде топтық
жұмыста жаңа әдіс тәсілдерді яғни жаңа форматтағы сабақ түрлерін
қолданып көруді мақсат еттім.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Тренерге арналған нұсқаулық. 2015.
2.Мамаева М.Қ. т.б. Тіл-құрал. В2 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы,
РМКК, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |