6.
Оқу жылындағы демалыс ұзақтығы, бітіруші курсты есептемегенде, 7 аптадан кем болмауы
қажет. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа
түрлеріне қайта бөле алады.
7. МЭЗЖ оқытудың басынан бастап жоспарлаған дұрыс және теориялық оқытумен немесе
өндірістік практикамен қатар өткізген дұрыс. Қызметтің әр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы
қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып тиісінше олардың апта саны артуы тиіс, бірақ
магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет.
2-бөлім. Докторантура
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына
сәйкес әзірленді және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына,
докторанттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, докторанттардың
дайындық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) докторантура – кемінде 3 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың
кемінде 75 кредитін, сондай-ақ кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін және докторанттың
ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кемінде 28 кредитін еңгерту
арқылы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін бере отырып, ғылыми және
педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламасы;
2) докторант – докторантурада білім алушы тұлға;
3) докторлық диссертация – теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға
болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, не
енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық,
экономикалық немесе технологиялық шешімдер берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми
жұмыс.
2. Докторантураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік
нысанына қарамастан, докторантураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге
құқық беретін лицензияның және аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен бірлескен ғылыми және
білім беру бағдарламаларын орындау, зерттеу базаларын ұсыну бойынша ынтымақтастық туралы
шарттардың негізінде жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары философия докторларын (PhD) және бейіні
бойынша докторларды даярлады:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының
жіктеуішіне;
2) осы стандартқа және докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
5) оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау докторантурада кемінде үш жыл оқу
мерзімімен философия докторы (PhD) мен бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін бере отырып жүзеге
асырылады.
5. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық
бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым салалары үшін іргелі
білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді
терең оқытуды қарастырады.
6. Бейін бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономиканың салаларына,
әлеуметтік салаға: білім беру, медицина, құқық, мәдениет,
қызмет көрсету, бизнес салалары және
т.б. үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары
бойынша пәндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады.
Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны DBA бағдарламасын іске
асыра алады. DBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен
деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
7. Докторантурада білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тек күндізгі оқыту
нысанында жүзеге асырылады.
8. Докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнында
докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет елдік жоғары оқу
орындарымен және ғылыми орталықтарымен білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы
келісімдер міндетті түрде болуы тиіс («Әскери іс және қауіпсіздік» тобы мамандықтары бойынша
мамандар даярлайтын жоғары оқу орнын қоспағанда).
9. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертациясын
қорғаған тұлғаға білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ғылыми дәрежелер мен ғылыми
атақтар беру қағидаларына сәйкес PhD доктор немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесі
беріледі.
10. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
1) докторанттардың дайындық деңгейiне және жоғары оқу орындарының бiлiм беру қызметiне
міндетті талаптар қою есебінен бiлiм сапасына кепiлдікті қамтамасыз ету;
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) докторанттардың дайындығын және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың
объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) докторанттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның біртұтас білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) PhD доктор немесе бейін бойынша доктор ғылыми атағының берілуі туралы Қазақстан
Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында
танылуын қамтамасыз ету.
11. Докторантура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес
келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу
мерзіміне және докторанттарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс.
ЖОО докторантура мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
12. Докторантура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары
,
Ұлттық біліктілік шегіне
сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен
кәсіптік стандарттарға
келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің үшінші деңгейінің (сатысының) білім
беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін докторанттардың алған білімінің, білігінің, дағдысы мен
құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан
құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
14. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы маңызы бірдей екі білім және ғылым
компоненттерінен тұрады, олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
15. Докторантураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқыту;
2) докторанттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіби тағылымдамалар түрлері;
3) докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу)
жұмысы;
4) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
16. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің