Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың



жүктеу 423,73 Kb.
бет1/2
Дата18.12.2017
өлшемі423,73 Kb.
#4564
  1   2



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен бекітілген



Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін

ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың

үлгі ережесі
1. Осы Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.

2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес, оқу кестесіне сай ағымдағы оқытушының дәріс барысында білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру;

2) білім алушыларды аралық аттестаттау – бағдарламаға сәйкес, оқытылып біткен оқу пәнінің мазмұнын білім алушылардың игеру мақсатында өткізілетін рәсім;

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

4) транскрипт- әріппен және санмен көрсетілген кредиттер мен бағалар көрсетіле отырып, тиісті кезенде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат .
2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың

үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық

аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

 

4. Білім алушылардың оқужетістіктерін тексеру үшін жоғары оқу орыны (бұдан әрі - ЖОО) дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары көзделген. Халықаралық білім кеңістігіндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін білімді бағалау балдық - рейтингтік әріп жүйесі бойынша дәстүрлі бағалар шкаласына тиісті жүзеге асады 3-қосымшаға сәйкес



5. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарының негізінде құрылған оқу дәрістерінің кестесіне сәйкес жүзеге асады.

6. ЖОО-дағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және курстық оқу бағдарламасына сәйкес емтихандар мен дифференциалдық сынақтар тапсыру нысанында жүзеге асырылады.

7. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихандық сессия болып табылады

8. Дифференциалдық сынақтар, білім алушылардың зертханалық және есептік-кестелік тапсырмалары мен курстық жобаларды (жұмыстарды) табысты орындауын, сондай-ақ кәсіби практикадан өтуі мен бекітілген бағдарламаларға сәйкес барлық оқу тапсырмаларын орындауын тексерудің нысаны болып табылады.

Дифференциалдық сынақтар, білім алушылардың білімін бағалауда баллдық - рейтингтік жүйесі бойынша қойылады.

9. Емтихандар бекітілген кестеге сәйкес аралық бақылау кезеңінде тапсырылады

10. Емтихан барлық пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нысаны болып табылады және олардың академиялық күнтізбе аралығындағы жұмысын, алған теориялық білімділігін, шығармашылық ойлау қабілетін, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытуын бағалау. Сонымен қатар, білімін синтездеп, өмірде қолдана білу дағдысын көздейді.

11. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу офис регистратор бөліміне жүктеледі. Сонымен қатар, емтиханды өткізу үшін тапсырылып отырған пәннің бейініне біліктілігі сәйкес келетін оқытушы қатыстырылады.

Емтиханды өткізу рәсіміне қатыспаған бөгде және басқа адамдар офис регистраторының рұқсатынсыз емтиханға қатыса алмайды.



12. Емтихандық сессияның кезеңі мен ұзақтығы ЖОО-ның ғылыми кеңесі бекіткен мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Қысқы және жазғы емтихандық сессияларды айқындайды. Осыған сәйкес жазғы емтихандық сессия көшіру сессиясы болып табылады, соның нәтижесінде білім алушыларды курстан курсқа көшіру туралы ЖОО басшысының бұйрығы шығарылады.

13. Білім алушылар жұмыс және дербес оқу жоспарына, сондай-ақ ЖОО-ның барлық оқыту нысандарына арналған бекітілген бірыңғай бағдарламаларға сәйкес барлық емтихандарды тапсыруы керек.

14. Білім алушылар қосымша оқу пәндерінің түрлері бойынша нәтижелері емтихан ведомосіне және транскриптке енгізілетін емтихандар тапсыруларына болады.

15. Білім алушыларды емтихандық сессияға жіберу олардың тегі, аты, әкесінің аты және академиялық тобы көрсетілген факультет деканының, (институт директорының) өкімімен рәсімделеді.

Курстық жоба (жұмыстарды) тапсырмаған білім алушылар жоба тапсырылатын пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Сырттай оқыту нысанының білім алушыларының өткен курстар үшін академиялық берешектері жоқ болса да, емтихандық сессияға қатысуға жіберіледі. .

Сырттай оқыту нысанының емтихан сессиясы, олардың кезеңі оқу жылындағы санын ғылыми кеңес бекітеді.

16. Барлық оқыту нысандарына арналған емтихандар кестесін офис регистратор бөлімі факультет деканымен қосыла жасайды.

Емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және емтихандық сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізілуге тиіс.

17. Науқастығына немесе басқа да дәлелді себептерге байланысты жалпыға ортақ белгіленген мерзімде емтихандарды тапсыра алмаған білім алушыларға факультет деканы (институт директоры) оларды тапсырудың жеке кестесін белгілейді.

18.Білім алушының емтиханға келгенде өзімен бірге емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөртаңба басылған сынақ кітапшасы болуы керек. .

19 Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның (факультет) кеңесімен академиялық кезеңнің басынан бір ай мерзімде белгіленеді.

20. Емтихандар, жазбаша, ауызша және тест нысанында жүргізіледі. Тест нысаны кезінде бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, екі немесе одан да көп пәндер бойынша кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.

Емтихан бағасы бекітілген тәртіпке сай әр пән бойынша жеке қойылады.

Білім алушылар емтихан кезінде пәннің оқу бағдарламаларын және анықтама әдебиетті пайдалана алады.

21. Білім алушының емтихандағы үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтінгтік жүйесі бойынша бағаланады. Оң баға (А тен А- ке дейін «өте жақсы», В+ В, В- ке дейін «жақсы», С+, С до С-- ке дейін; Д -тен, Д-, «қанағаттанарлық») ведомосқа және білім алушылардың сынақ кітапшасына, транскриптке қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» F деген баға тек қана емтихан ведомосіне қойылады.

22.Емтихан ведомосі емтихан қабылдаған оқытушымен толтырылады.

23 Білімді бағалаудың балдық-рейтінгтік жүйесіне сәйкес оқу пәні бойынша аралық бақылау өткізу барысында академиялық кезең аралығында (семестр,триместр) білім алушының емтиханда алған бағасы және ағымдағы үлгерімнің орта баллы есептелінеді.

24.Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау бағасынан құралады.Ағымдағы үлгерім бағасы ( өту рейтінгі) пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 60%-ін құрайды, ал емтихан бағасы пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 40%-ін құрайды.

25.Білім алушы «қанағаттанарлықсыз» деген бағадан оңды бағаға қайта тапсыру үшін осы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көзделген оқу дәрістерінің барлық түріне қатысып, қорытынды бақылауға жіберілгендігі жөнінде рұқсат алуы керек.



26. Қорытынды бақылауда оң бағаны көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

27. Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосіне оның тұсына «келген жоқ» деген белгі қойылады. Дәлелді себеп болған жағдайда деканат(директорат) бұл емтиханды жеке түрде тапсыруы жөнінде шешім қабылдайды.

28. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент, емтихан өткізілген күннің ертеңіне аппеляцияға беруге құқығы бар.

29. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық бақылау) кезеңінде ЖОО-ның басшысының өкімімен біліктілігі апелляция өткізілетін пәннің бейініне сәйкес келетін оқытушылар арасынан апелляциялық комиссия құрылады.

30. Сырттай оқу нысанында білім алушыға емтихандық сессияны табысты аяқтаған жағдайда, алдағы емтихандық сессияға қатысу үшін белгіленген үлгідегі анықтама-шақыру қағазы беріледі.

31. Анықтама-шақыру қағаздарын беру және білім алушылардың емтихандық сессияға келуі ЖОО қабылдаған тәртібі бойынша қатаң түрде есепке алынады.

32. Белгіленген өту баллын жинаған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.



33. Курстан курсқа көшіру үшін орташа өту баллдарын ЖОО белгілейді.

34. Белгіленген өту баллын ала алмаған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылады. Бұл пункт азаматтық емес жоғары оқу орындарында білім алушыларға таралмайды.

35. Қайта оқу курсына қалдырылған студент, бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға немесе белгіленген тәртіпке сай жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар.

36. Өту баллын жинаған және келесі курсқа көшірілген білім алушы, академиялық берешегі болған жағдайда тиісті пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.



37. Білім беру грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған болса, білім беру грантынан айырылады. Одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.

38. Өту баллын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешектері бар білім беру грантының иегер білім алушылары үшін білім беру гранты сақталады. Ал тапсырылмаған пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.

39. Емтихан нәтижелері мен оқу процессін жақсарту ұсыныстары емтихан сессиясы (аралық бақылауы) аяқталғаннан кейін кафедра мәжілісінің, деканат (директорат) және ЖОО кеңесінің талқылануына шығарылады.

40. ЖОО-нан шығарылған тұлғаға білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі. Бұл әскери ЖОО студенттеріне таратылмайды.

 

2.1 «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу



41. ЖОО барлық бакалавриат мамандықтарында білім алушылар «Қазақстан Тарихы» пәнін оқып меңгерген академиялық кезеңде Мемлекеттік емтихан тапсырады.

42. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан бекітілген академиялық күнтізбекке сәйкес аралық бақылау кезеңінде өткізіледі.

43. Мемлекеттік емтиханға дайындықты, факультет деканатымен (институт директоратымен) және оқу бөлімімен (оқу-әдістемелік басқармамен) бірлесіп Қазақстан тарихы кафедрасы, немесе «Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақ өткізетін кафедра (бұдан әрі-кафедра) өткізеді.

44. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра барлық нысан түрлері мен мамандықтарға ортақ жұмыс оқу бағдарламасын құрастырады. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханының жұмыс оқу бағдарламасы пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылып ЖОО ғылыми кеңесімен бекітіледі.

45. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды тапсыру жұмыс оқу бағдарламасына толық сәйкес ауызша, жазбаша немесе тест нысанында өткізіледі.

46. МЕК құрамы екі адамнан тұратын жоғары білікті білім алушылар (сыртқы экзаменаторлардан) құрастырылады және ЖОО басшысы бұйрығымен бекітіледі.

47. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды қабылдау мақсатында Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі-МЕК) төраға және комиссия мүшелері құрамында күнтізбек жылына құрастырылады, комиссия төрағасы ағымдағы оқу жылдың 1-ші қарашаға дейін уәкілетті органға жіберіледі және 1 желтоқсанға дейін уәкілетті орган бұйрығымен бекітіледі.

48.Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі-МЕК) төраға және комиссия мүшелері ЖОО басшысы бұйрығымен бекітіледі.

49. Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушысы МЕК хатшысы болып тағайындалады.

50. МЕК мәжілісі кестесі офис регистратор бөлімімен құрастырылып, мемлекеттік емтихан басталуына екі апта қалғанға дейінгі мерзімде ЖОО басшысымен бекітіледі. МЕК мәжілісі ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс.

51. МЕК мәжілісі әр білім алушыға белгіленген тәртіп бойынша жеке хаттамамен рәсімделеді (қосымша 1) және мәжіліске қатысқан төраға мен комиссия мүшелерімен қол қойылады.

МЕК мәжілісінің хаттамасын комиссия хатшысы жүргізеді.

52. МЕК мәжілісінің хаттамаларын номерлену, тігу және оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқармасы) мөрі басу қажет.

53. Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері білім алушылар білімін бағалауда балды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады.

54. Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижесі бойынша білім алушыға өту рейтинг баллы мен мемлекеттік емтихан бағасын ескеріп қорытынды баға қойылады. өту рейтинг бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60%, ал емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.

55. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханда білім алушы «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол бұл пәнге қайта жазылып, сабақтың барлық түрлеріне қатысып, ағымдағы бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға рұқсат алуы тиіс.

56. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан оң бағасын көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

57. Орта кәсіптік деңгейі негізінде жеделдетілген мерзім бойынша қысқартылған оқу бағдарламаларында оқитын білім алушылар «Қазақстан Тарихы» пәнін меңгереді және бұл пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады.


58. Жоғары кәсіптік деңгейі негізінде жеделтілген мерзім бойынша қысқартылған оқу бағдарламаларында оқитын білім алушылар «Қазақстан Тарихы» пәнін оқымайды және бұл пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
59. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан нәтижелері, оны тапсыру қарастырылған емтихан сессиясының қорытындылау кезінде ескеріледі.
60. Комиссия төрағасы МЕК жұмысы біткенде Есеп дайындайды, бұл Есеп ЖОО ғылыми кеңесінде талқыланып бекітіледі және уәкілетті органға бір ай мерзімінде ұсынылады.
3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды

аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу


61. ЖОО білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбемен және жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде өткізіледі.

62. Қорытынды аттестаттау (бұдан әрі- ҚА) ұзақтығы кем дегенде 4 апта мерзімінде белгіленеді.

63. Білім алушылар ді ҚА мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен (бұдан әрі-МЖМБС) белгіленген нысандары бойынша өткізіледі.

64. Білім алушылар қатаң түрде оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және дипломдық жобаларын (жұмыстарын) қорғаулары қажет.

65. Білім алушы

1) сырқатына орай ұзақ мерзімді стационарлық емделуіне;

2) 2 жасқа дейінгі баласының болуына;

3) науқас немесе қартайған ата-аналарына қарауына орай,

ЖОО басшысының келісімімен дипломдық жобаның (жұмыстың) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруына құқығы бар.

Осыған орай білім алушы ЖОО басшысының атына өтініш жазады және қажетті құжаттар тапсырады. Ал басқа жағдайларда дипломдық жоба (жұмыс) мемлекеттік емтихан тапсырумен ауыстырылуына рұқсат етілмейді.

Бұл жағдайда мемлекеттік емтихандар тізбесі бітіртуші кафедраның шешімімен бекітіледі.

66. Білім беру процесі аяқталуының негізгі өлшемі білім алушылардің жоғары білім мамандықтары МЖМБС талаптарына сәйкес оқудың теориялық курсының қажетті көлемін меңгеруі болып табылады.

67. ЖОО басшысы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі құжаттарға (диплом, қосымша) ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін (күтілетін бітірушілер саны бойынша) сұраныс жасайды.

68.Білім алушыларды қорытынды аттестациядан өткізу үшін оқудың барлық нысандары бойынша әр мамандыққа тиісті МАК құрылады.

69. ЖОО басшысы уәкілетті органға ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына дейін бітіруші практикалық тәжірибесі бар мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін жетекші профессорлардың, доценттердің, ғалымдардың,оқытушылардың, өндіріс жоғары білікті мамандарының және мұғалімдердің арасынан аттестаттау комиссияларының (бұдан әрі - МАК) төрағалары кандидатураларын ұсынады.

70. МАК төрағасын уәкілетті орган күнтізбелік жыл бойына бекітеді.

71. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін жетекші профессорлардың, доценттердің, жоғары білікті мамандардың арасынан қалыптасады. Бір мемлекеттік аттестаттау комиссиясының сандық құрамы төрт адамнан кем болмауы керек.

72. АК құрамы жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен, жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және ол күнтізбелік жыл бойы жұмыс істейді.

73. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу студенттер тізім бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірілмей факультет деканы (институт директоры) өкімімен рәсімделеді және МАК ұсынылады.

74. МАК жұмысының кестесін құру офис регистратор бөліміне жүктелінеді.

75. АК жұмыс кестесін ректор бекітеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 2 апта қалғанда барлығының назарына жеткізіледі. АК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.

76. ҚА-ды өткізу басталғанға дейін студенттер МАК-қа мынадай құжаттарды тапсырады:

1) білім алушы оқу жоспарын орындағандығы, барлық пәндер бойынша оның көлеміндегі тапсырған курстық жобалары (жұмыстары) мен практика түрлерінен алынған бағалары туралы факультет деканының (институт директорының) анықтамасы;

2) қорғауға "жіберіледі" немесе "жіберілмейді" деген дәлелденген қорытындысы бар дипломдық жоба (жұмыс) ғылыми жетекшісінің пікірі;

3) тиісті ғылыми ұйымның немесе білім беру ұйымының тиісті практикалық кәсіби қызметі маманының диплом жобасын (жұмысын), қорғауға берілген жан-жақты мінездемесімен («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз») деген бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша біліктілігін және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы рецензиясы.

77. МАК-на сондай-ақ орындалған дипломдық жобаның (жұмыстың) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын құжаттар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (магистрлік диссертацияның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары мен актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарии және тағы сол сияқты басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.

78. Дипломдық жобаны (жұмысты) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың ішіндегі мамандармен жүзеге асырылады.

79. Дипломдық жобалардың (жұмыстардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орындары және лауазымы көрсетілген бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

80. Мемлекеттік емтихандар (іргелі бейімдеуші пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: ауызша, жазбаша, олардың оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.

81. Мамандықтар бойынша кешенді тестілеу түріндегі мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.

82. ЖОО мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мемлекеттік емтихан тапсыру көзделген іргелі бейімдеуші пәндер бойынша 1 кешенді емтихан өткізуі мүмкін.

83. ЖОО өздігінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген тест) түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын әзірлейді және бекітеді.

84. МАК-тың барлық мәжілістері хаттамамен ресімделеді.МАК-тың мәжілісі оның мүшелерінің жартысынан көпшілігі қатысқан жағдайда ғана расталады.



85 МАК отырысының хаттамасының бланктері МАК-тың жұмысы басталғанға дейін қорытынды аттестацияның барлық нысандары бойынша жеке кітап ретінде нөмірленіп, тігіліп жоғары оқу орнының оқу бөлімінің мөрімен бекітілуі қажет.

86. МАК-тың хаттамалары 5-7 қосымшаларға сай белгіленген нысан бойынша әрбір білім алушыға жеке толтырылады

87. Хаттама бітіруші кафедра оқытушылары қатарынан алынған комиссия құрамында бекітілген МАК-тың хатшысымен толтырылады.

88. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, академиялық дәреже тағайындау және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес үздік) диплом беру туралы шешімді МАК-ның мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік даусымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

89. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жобасын (жұмысын) қорғауда анықталған білімдердің бағасы енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен АК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер АК-ның бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар. Хаттамада біліктілік, академиялық дәреже, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітірушіге қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.



90. Хаттамаға АК-ның төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.

91. АК-ның хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

92. Мемлекеттік емтихан тапсырысының және диплом жұмыстарының қорғау нәтижелері олардың өткізілген күні жарияланады.

Мемлекеттік емтихан тестілеу нысанында өткізілген жағдайда емтихандық ведомость хаттаманы рәсімдеу үшін негіздеме болып табылады.

93. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау МАК-ың ашық отырысында жүргізіледі.

94.Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек.Дипломдық жұмысты қорғау үшін білім алушылар МАК алдында минуттан артық сөйлемеуі керек.



95. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау нәтижесі бойынша студенттердің білімін бағалауда баллдық - рейтингтік жүйесі бойынша бағалар қойылады. Бұл жағдайда білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензентінің ресми жақтаушысының пікірлері назарға алынады.

96.Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген білім алушы МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жобаны (жұмысты) осы АК-ның басқа отырысы болған күні қорғауына болады.



97. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға рұқсат берілмейді

98. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.



99. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген жағдайда, АК-сы студент осы жұмысын комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға болатындығын немесе оның бітіртуші кафедра белгілеген жаңа тақырыпты әзірлей алатындығын белгілейді.

100. Білім алушыға қайта ҚА-уы келесі ҚА кезеңінде бұрынғы аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандары бойынша ғана өткізіледі.

Сонымен қатар, осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі, білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен анықталады.

Қорытынды аттестаттау нәтижесінде оқудан шығарылған студент бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестация басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, білім беру ұйымының Басшысының атына қанағаттанарлықсыз баға алған нысандары бойынша қорытынды аттестацияға жіберілуіне рұқсат алу үшін өтініш жазады.



101. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар белгіленген үлгідегі анықтама беріле отырып ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-нан шығарылады.

102. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларға денсаулығы жарамсыз туралы анықтама АК қарастырылмайды.

103. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаған және мемлекеттік емтихан тапсырған білім алушыға МАК-ның шешімімен алған мамандығына сәйкес біліктілік және (немесе) академиялық бакалавр дәрежесі тағайындалады.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.

104. Дипломға қосымша білім алушының оқу жоспарын орындағаны туралы ЖОО-ның бөлімше басшысының анықтамасы негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттармен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, тапсырылған курстық жобалар (жұмыстары), практика мен ҚА-дың нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.

105. Оқу жоспарындағы барлық пәндердің кем дегенде 75 пайызы бойынша емтихандар мен дифференциялдық сынақтарды А- -тен А-ға дейінгі «өте жақсы» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша В- -тен, В, В+ -ке дейін «жақсы» деген бағаға және мемлекеттік емтихан мен диплом жобасын (жұмысын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған, білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.



106. АК-сы қызметінің құзыретіне:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен белгіленген жоғары білім беру мамандықтарының талаптарына бітіруші мамандардың ғылыми-теориялық және практикалық даярлықтарының сәйкестік деңгейін тексеру;

2) оларға тиісті біліктілік пен диплом беру туралы (үздік емес, үздік) шешім қабылдау;

3) тиісті мамандықтар бойынша академиялық бакалавр дәрежесін тағайындау;

4) мамандар даярлаудың сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу кіреді.

107.МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін комиссияның төрағасы есеп жасайды және екі апта мерзім ішінде ЖОО-ның басшысына ұсынады.



108. МАК-тың төрағасының есебі ЖОО ғылыми кеңесінің немесе факультет кеңесінің отырысында талқыланады.

109.Білім алушыларды қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім саласының уәкілетті органына бекітілген есепті ұсынады.

110. АК төрағасының есебінде мыналар көрсетілуі керек:

1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;

2) диплом жобаның (жұмыстың) орындалу сапасы;

3) диплом жобасы (жұмысы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сай екендігі;

4) Білім алушылардің мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері көрсетілуі керек;

5) белгілі бағыт бойынша мамандар даярлау сапасын талдау;

6) ЖОО мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.

4. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды, аралық аттестациясын және үлгерімнің ағымдық бақылауын өткізу ережелері
4.1 Негізгі қағидалар
111. Осы Ереже жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды, аралық аттестациясын және үлгерімнің ағымдық бақылауын өткізу ережелері (ары қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының  36-бабы 3,4) тармағына сәйкес жасалған және ведомстволық бағыныштылығы мен меншік формасына тәуелсіз жоғарғы оқу орын және ғылыми ұйымдарында білім алушылардың қорытынды, аралық аттестациясын және үлгерімнің ағымдық бақылауын өткізу тәртібін анықтайды.

112. Үлгерімнің ағымдық бақылауы, аралық және қорытынды аттестациясы магистратура мен докторантурада білім алушылардың сәйкес кәсіптік оқу бағдарламасын игеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізіледі.

113. Осы Ережелерде келесі анықтамалар қолданылады:

1) магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімдерінің ағымдық бақылауы – оқу барысында оқытушы өткізетін, профессионалды оқу бағдарламасына сай білім алушылардың білімін жүйелік тексеру.

2) магистратура мен докторантурада білім алушылардың аралық аттестациясы – пәнді оқығаннан кейін оның білім алушылармен игерілу сапасын бағалау мақсатында жасалатын рәсім.

3) магистратура мен докторантурада білім алушылардың қорытынды аттестациясы – магистратура мен докторантураның оқу кәсіптік бағдарламасында қаралған оқу пәндерінің көлемі мен игерілу дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.


4.2. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың аралық аттестациясы мен үлгерімнің ағымдық бақылауын жүргізу және ұйымдастыру
114. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін жоғары оқу орны мен ғылыми ұйымдармен өздері анықтайтын бақылау мен аттестация формалары қарастырылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылауының нәтижесінің дұрыстығын қабылдау үшін халықаралық білім беру аумағында білімді бағалау дәстүрлі бағалау шкаласына сәйкес ауыстырылатын балдық-рейтингтік әріптік жүйеде жүргізіледі.

115. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуда алдында игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтау жүйесі енгізілген. Осыған сәйкес жоғары оқу орны мен ғылыми ұйымдар алдыңғы деңгейлерде оқытылған барлық оқу бағдарламаларын қайта есептеуі қажет.

116.Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімдерінің ағымдық бақылауы жұмыстық оқу жоспары мен оқу кестесіне сәйкес өзіндік ғылыми ұйым мен жоғарғы оқу орындарында жүргізіледі.

117. Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура мен докторантурасында білім алушылардың аралық аттестациясы жұмыс оқу жоспарына сәйкес дифференциалды сынақтар мен емтихандарды тапсыру түрінде кәсіптік оқу бағдарламасымен және академиялық күнтізбемен жүргізіледі.

118. Дифференциалды сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмалар, курстық жобаларды (жұмыстарды) жоғары деңгейде орындауын , сонымен қатар қабылданған кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес профессионалды тәжірибені өтуін тексеру және осы процесс барысында барлық оқу тапсырмаларын орындау болып табылады.

Дифференциалды сынақтар балды-рейтингті жүйеде білім алушылардың білімдерін бағалауына сәйкес қойылады.

119. Емтихандар қабылданған оқу кестесіне қатысты академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестация кезінде тапсырылады.

120. Емтихандар пәндердің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру формасы болып табылады және академиялық кезеңдегі білім алушылардың оқу жетістіктерін,алынған теориялық білімдер, олардың игерілу деңгейін, шығармашылық ойлауының дамуын,өзіндік жұмыстарды орныдау ұқыптылығын, алынған білімдерді синтездеу мен оларды тәжірибе жүзінде қолдануын бағалау мақсатында өткізіледі.

121 Білім алушылардың аралық аттестациясын жүргізу және ұйымдастыру жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен бірге тіркеу бөлімдеріне (офиске) жүктеледі.

122 Аралық аттестацияның ұзақтығы мен қайталануы жоғарғы оқу орны немесе ғылыми ұйымның оқу кеңесімен қабылданған академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жоспарына сәйкес анықталады.

123. Білім алушылар қатаң түрде жұмыстық және жеке оқу жоспарына сәйкес, сонымен қатар пәннің қабылданған оқу бағдарламасы бойынша барлық емтихандарды тапсыру қажет.

124. Білім алушылар білім алудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихандарды тапсыра алады және олардың қорытындылары емтихандық және білім алушының жеке ведомосына енгізіледі.

125. Емтихандардың кестесін құру жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен бірге тіркеу бөлімдеріне (офиске) жіберіледі.

Емтихандар кестесі оқу жұмысы бойынша проректоры немесе ғылыми ұйымның орынбасарымен бекітіледі және білім алушылар мен білім берушілерге емтихан сессиясының басталуына дейін екі апта мерзімінен кем емес мерзімде хабарланады.

126. Оқу пәні бойынша аралық аттестацияны жүргізу кезінде емтиханда алынған балдары және ағымдық үлгерімнің ортақ балдары академиялық кезеңде білім алушылардың балды-рейтингті жүйесін бағалау нәтижелері бойынша ескеріледі.

127. Емтихандар жазбаша, ауызша және тест түрінде өткізіледі. Тестілік нысанда бейіндік және жақындық негізінде құралған екі немесе одан артық пәндерден тұратын кешенді емтихан өткізіледі

128. Әр оқу пәнінің емтиханының өткізілу тәртібі мен түрі сол жоғарғы оқу орнының (факультет) оқу кеңесімен академиялық кезеңінен бастап бір ай мерзімде қабылданады.

129. Білім алушы қанағаттанарлық емес бағадан басқа баға алу үшін қайтадан емтихан тапсыру үшін сол пән бойынша аралық бақылауға рұқсат алу қажет және оқу жұмыс бағдарламасы бойынша барлық сабақ түрлеріне қатысуы керек.

130. Аралық бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

131. Аралық бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханның келесі күнінде аппеляцияға беруге құқығы бар.

132. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестация) кезеңіне ғылыми ұйымның немесе жоғарғы оқу орны басшысының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай квалификациясы бар оқуытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.

133. Жоғары оқу орнынан немесе ғылыми ұйымнан шығарылған адамға қабылданған түрдегі академиялық анықтама (білім алушының индивидуалды ведомосы) беріледі. Бұл пункт әскери мамандықтар бойынша білім алушыларға таратылмайды.


4.3 Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізу мен ұйымдастыру
134. Жоғарғы оқу орнында немесе ғылыми ұйымда білім алушылардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтізбесі мен мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарында қарастырылған мерзімде өткізіледі.

135. Қорытынды аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған магистранттар мен докторанттар жіберіледі.

136. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестацияға жіберу жоғарғы оқу орнының немесе ғылыми ұйымның бұйрығымен қорытынды аттестацияның басталуына екі апта қалғаннан бұрын рәсімделеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясына (ары қарай - МАК) жіберіледі.

137. Білім және ғылым ұйымының басшылары 1-ші қарашаға дейін Өкілетті органға, МАК-тың төрағасының кандидатурасын ұсынады:

Магистратура мамандықтары бойынша – бітіруші мамандықтар бейініне сай келетін, бұл ұйымда қызмет жасамайтын ғылыми дәрежесі бар доктор немесе кандидаттар, бейініне сай келетін PhD докторы немесе бейініне қарай PhD докторы академиялық дәрежесі бар тұлға;

Докторантура мамандықтары бойынша - бітіруші мамандықтар бейініне сай келетін бұл ұйымда қызмет жасамайтын докторлық ғылыми дәрежесі бар тұлға;

138. МАК төрағасы Өкілетті орган бұйрығымен 1-ші желтоқсаннан кеш емес мерзімде күнтізбелік 1 жылға тағайындалады.

139.МАК-тың құрамына оның мүшесі құқығында:

Магистратура мамандықтары бойынша- ЖОО-мен қатар шетелдік жоғары оқу орындарынан да оның мүшесі ретінде доктор және кандидаттық ғылыми дәрежесі бар және осы бейін бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар және осы бейін бойынша магистранттық академиялық дәрежесі бар адамдар енеді.

Докторантура мамандықтары бойынша- ЖОО-мен қатар шетелдік жоғары оқу орындарынан да оның мүшесі ретінде осы бейінге сәйкес PhD докторы академиялық дәрежесі бар және докторлық ғылыми дәрежесі бар тұлғалар енеді.

140. МАК-тың сандық құрамы білім және ғылым ұйымымен анықталады.

141. МАК құрамы жоғарғы оқу орны басшысының бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кеш емес мерзімде жыл сайын күнтізбелік 1 жылға тағайындалады.

142. Магистратура және докторантурада білім алушының қорытынды аттестациясы кешенді емтихан тапсыру және диссертация қорғау нысанында өткізіледі.

143. Мамандық бойынша кешендік емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттері кіреді.

144. Кешенді емтихан келесі формалардың біреуімен өткізіледі: ауызша емтихан, жазбаша жұмыс, пәндердің оқу бағдарламасы бойынша тест.

145. Кешенді емтиханның бағдарламасы өткізілу нысанына және тапсырма мазмұны жоғары оқу орынмен немесе ғылыми ұйыммен осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасына сай жасалады.

146. Магистрант немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғарғы оқу орындары және ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері жасайды.

147. Магистратура бойынша кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін бір ай мерзімнен кешікпей қабылданады

148. Докторантура бойынша кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін үш ай мерзімнен кешікпей қабылданады

149. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушыға жеке толтырылатын бекітілген түрдегі хаттамамен рәсімделеді.

Тест түрінде өткізілген емтихан жүргізу кезінде оның нәтижелері жалпы емтихандық ведомость түрінде және әрбір докторант пен магистрантқа жеке хаттамамен рәсімделеді.

150. Кешенді емтиханды қайта тапсыру,сонымен қатар алынған бағаны жоғарлатуға рұқсат етілмейді.

151. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада қорытынды аттестация кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

152. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант білім беру немесе ғылым ұйымынан білім беру немесе ғылым ұйымының басшысының бұйрығымен және қабылданған түрдегі академиялық анықтама (транскрипт) беріліп,оқудан шығарылады.

153. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген магистрант ( докторант) МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе диссертациялық жұмысты осы МАК-ның басқа отырысы болған күні қорғауына болады.

154. Кешенді емтиханды А-дан бастап Д-ға дейінгі оңды бағаға тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі.

155. Қазақстан Республикасында ресми танылған ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар докторлық диссертацияны қорғаудың орнына кандидаттық диссертацияның негізгі ғылыми жетістіктерін 7 шетелдік ғылыми баспаларда ( 3-алыс шет елдерінде) шығарып, көлемі 10 беттен кем болмайтын ғылыми баяндама түріндегі түйін даярлауы керек. Түйін қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылып, жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменің сайтына талқылау үшін орналастыру керек.

156. Диссертациялық жұмыс МАК қалыптастыратын эксперттік кеңес өткізетін экспертизадан өту керек.

157. Эксперттік комиссия құрамына отандық және шетелдік ғылыми баспаларда соңғы 5 жылда қорғалатын диссертация бейіні бойынша екі немесе одан көп мақалаларымен расталған,ұсынылған зерттеудің пәні мен обьектісі саласында білімі бар үш адамнан кем болмайтын мамандар енуі қажет.

158.Эксперттік комиссияның құрамы жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменің басшысының бұйрығымен бекітіледі. Эксперттік комиссияның құрамына диссертантың ғылыми жетекшісі және консультанты кірмейді.

159.Эксперттік комиссияға төмендегі құжаттар тапсырылады:

1) аяқталған диссертациялық жұмыс;

2) диссертация тақырыбының бекітілгені туралы құжат;

3) докторанттың ғылыми зерттеу саласында маманданған екі ғалымның рецензиясы, оның біреуі жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменің қызметкері болуы мүмкін;

4) транскрипт

5) диссертациялық жұмыстың аннотациясы;

6) қабылданған түрде бекітілген ғылыми мақалалар тізімі және олардың көшірмесі;

160. Эксперттік комиссия төмендегі шешімдердің біреуі бойынша қабылданған түрде негізделген жазбаша қорытынды береді:

1) диссертацияны ашық қорғауға ұсыну;

2) көрсетілген мерзімге сай кемшіліктерді жойылған жағдайда ашық қорғауға ұсыну;

3) қорғауға ұсынбау;

161. Диссертация жұмысы жоғары оқу орнынында немесе ғылыми мекемеде қүрылған МАК-ың ашық отырысында қорғалады.

МАК эксперттік комиссияның қорытындысы негізінде диссертациялық жұмысты, осы Ереженің 48 тармағында көрсетілген тізімдегі құжаттарды өткізген жағдайда қабылдайды

162. Диссертация жұмысын қорғау комиссия мүшелерінің 2/3 бөлігінен көпшілігі н қатысуымен мемлекеттік аттестациялық комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

163. МАК-тың хаттамалары 8-9 қосымшаларға сай белгіленген нысан бойынша әрбір білім алушыға жеке толтырылады.

164. МАК отырысының хаттамасының бланктері МАК-тың жұмысы басталғанға дейін қорытынды аттестацияның барлық нысандары бойынша жеке кітап ретінде нөмірленіп, тігіліп жоғары оқу орнының оқу бөлімінің мөрімен бекітілуі қажет.

165. Хаттама МАК-тың хатшысымен толтырылады.

166. Диссертацияның бүкіл қорғау рәсімі стенографиядан өткізіледі. Диссертация қорғауының стенографиясы білім алушының жеке ісіне тігіледі.

167. Магистрлік (докторлық) диссертация жұмысын қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, академиялық дәреже тағайындау және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес үздік) диплом беру туралы шешімді МАК-ның мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.

168. Хаттамаға МАК-ның төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.

169. АК-ның хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

170. Диссертациялық жұмыстың қорғау нәтижелері олардың өткізілген күні жарияланады.

171. Диссертацияны қорғаудың нәтижесі бойынша білім алушыға сәйкес мамандық бойынша академиялық дәреже тағайындалады.

172. Магистерлік (докторлық) диссертациялық жұмысты ашық қорғаған магистрантқа (докторантқа) алған мамандығына сәйкес магистр (PhD) докторы немесе бейін бойынша доктор) академиялық дәрежесі тағайындалады және жоғары орнынан кейінгі білім алғандығы жөнінде мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен ( транскриптімен) беріледі.

                                                                          Жоғары білім беру

ұйымдарында білім алушылардың                                                           үлгерімнің ағымдық бақылауын,

аралық және мемлекеттік қорытынды                                                              аттестация жүргізу туралы Ережелерге                                                              арналған 1-қосымша


стүрлі шкалаға ауысатын білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағаларының балдық-рейтингтік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-тік құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағатанарлықсыз

Жоғары білім беру

ұйымдарында білім алушылардың

үлгерімнің ағымдық бақылауын,

аралық және мемлекеттік қорытынды

аттестация жүргізу туралы Ережелерге

арналған

2-қосымша



    1. жүктеу 423,73 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау