Жоғары мектеп психологиясы



жүктеу 2,9 Mb.
бет6/12
Дата26.05.2018
өлшемі2,9 Mb.
#18018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қорытынды материал.

1. Басқа біреуге түсіндіргенше, өзім істеген жеңілірек.

2. Компьютерлік программаларды құрастырған маған қызықты болады деп ойлаймын.

3. Кітап оқығанды ұнатамын.

4. Маған көркемсурет, мүсіндеу және сәулет өнері ұнайды.

5. Алдын-ала істеп қойған істі де жақсартуға тырысамын.

6. Маған суреттер мен заттар арқылы түсіндіргенде, жақсы түсінемін.

7. Шахмат ойнағанды ұнатамын.

8. Ауызша да, жазбаша да өз ойларымды жеңіл айта аламын.

9. Кітап оқығанда, кейіпкерлердің образдарын көз алдыма елестетемін.

10. Өз жұмысымды жеке дара жоспарлағанды ұнатамын.

11. Барлығын өз қолыммен жасағанды ұнатамын.

12. Бала кезімде достарыммен араласу үшін белгілі бір шифр пайдаландым.

13. Айтылған сөзге үлкен мән беремін.

14. Таныс әуендер өтіп кеткен шақтарды еске түсіреді.

15. Әр түрлі әуестіліктер адам өмірін қызықты, әрі мол етеді.

16. Мақсатыма жету кезінде маған байқау мен қателік жасау әдісін қолдану жеңілірек.

17. Физикалық құбылыстардың табиғатын жете түсіну мені қызықтырады.

18. Маған теле-радиобағдарламалардың жүргізушілері мен журналист қызметі қызық.

19.Маған табиғатта кездеспейтін жануар мен заттарды елестету қиын емес.

20. Маған көбінесе істің нәтижесі емес, оның үдерісі қызығырақ.

21. Бала кезімде бөлшектерден конструктор жинағанды ұнататынмын.

22. Мен айқын ғылымдарға әуеспін (математика, физика).

23. Кейбір өлеңдердің дәлдігі мен тереңдігі көңілімді толтырады.

24. Таныс иіс есімдегі өткен жағдайларды қайта жаңғыртады.

25. Маған өз өмірімді белгілі бір жүйеге салу қиынға ұшырайды.

26. Әуен естісем, билегім келеді.

27. Математикалық формулалардың кереметтілігін түсінемін.

28. Қандай да болмасын аудитория алдында сөз сөйлеу мен үшін қиын емес.

29. Мен көрмелерге, спектакльдерге және концерттерге баруды ұнатамын.

30. Мен басқаларға айқын мселелерде де күмәнданамын.

31. Мен қолөнермен айналысқанды ұнатамын, әсіресе бірдеңені жасап шығарғанды.

32. Көне символдардың мағынасын ашу мен өшін өте қызықты.

33. Тілдің грамматикалық құрылымын жеңіл меңгеремін.

34. Табиғат пен өнердің кереметтілігін түсінемін.

35. Бір жүрген жолмен жүргенді ұнатпаймын.

36. Физикалық белсенділікті қажет ететін жұмысты ұнатамын.

37. Мен формуланы, символдарды, шартты белгілерді жеңіл жаттаймын.

38. Достарым оларға бірдеңені айтқанымды ұнатады.

39. Фильм немесе әңгіменің мазмұнын елестету оңай.

40. Өз жұмысымды мүлтіксіз жетілдірмей, мен тынышсызбын.
Ойлау типі № тесттің кілті Сұрақтар


Пәндік-әрекеттік

1

5


10

15

20

25

30

35

Абстрактылы-символдық

2

6


11

16

21

26

31

36

Сөздік-логикалық

3

7


12

17

22

27

32

37

Көрнекілік-образды

4

8


13

18

23

28

33

38

Креативтілік (шығармашылық)

5

9


14

19

24

29

34

39

Тест қорытындыларын өңдеу

Әр бес жолдардағы әр плюс санын сананыз. Әрбір жол тиісті ойлау типіне сәйкес келеді. Әрбір бағанадағы балл саны белгілі ойлау типіне сәйкес. Әрбір бағанадағы балл саны тиісті ойлау типінің даму деігейін көрсетеді:

0-2 - төмен.

3-5 - орташа,

6-8 - жоғары.

Тест нәтижелерін интерпретациялау

1) Пәндік-орындаушылық ойлау істің адамдарына тән қасиет. Олар ақпаратты қозғалыс арқылы қабылдайды. Әдетте олардың қозғалыс координациясы жақсы дамыған. Бізді қоршаған заттық әлем солардың қолымен жасалған. Олар көлік жүргізеді, станоктың жанында тұрып, компьютерлерді жинайды. Олардың көмегінсіз ең жақсы деген идеяларға қол жеткізу қиынға соғады. Ойлаудың бұл типі спортсмендерге, бишілерге және әртістерге тән;

2) абстракылы-символдық ойлаудың түрін көптеген ғалымдар физик-теоретиктер, математиктер, экономист пен программисттер және аналитиктер иеленеді. Олар қолмен ұстауға болмайтын және елестетуге келмейтін математикалық шартты белгілер жүйесі мен формулалар және операциялар арқылы ақпаратты қабылдайды. Ойлаудың осы түрінің ерекшеліктерінің арқасында, болжам негізінде, ғылымдардың басқа жүйелерінде ашылған жаңалықтар жүзеге асырылды;

3) сөздік-логикалық ойлаудың арқасында адамдар айқын көрсетілген вербалды интеллекттісімен (лат. сөздік) ерекшеленеді. Сөздік-логикалық ойлаудың көмегімен ғалым, оқытушы, аудармашы, жазушы, филолог және журналист өзінің ойларын бір жүйеге келтіріп, адамдар санасына жеткізе алады. Бұл ептілік басшыларға, саясаткерлерге және қоғам қайраткерлеріне өте қажет;

4) көрнекілік-образды ойлауы бар адамдар ешқашан болмаған және болмайтын, енді болатын және өтіп кеткенді елестете алатын миының көремдік құрылымы бар суретшілер, ақындар, жазушылар мен режиссерлер жатады. Архитектор, конструктор, дизайнер, суреткер мен режиссерлер жақсы дамыған көрнекілік-образды ойлауға ие болуы қажет;

5) креативтілік – бұл көркемдік ойлай білу қабілеттілігі, міндеттерді шешудің стандартты емес түрін таба білу. Бұл ғылымның басқа салаларындағы талантты адамдарды ерекшелендіретін өте сирек кездесетін, ештеңемен алмастыра алмайтын қасиет.

Ойлаудың осы түрлері таза түрінде кездеспейді. Көптеген мамандықтар үшін ойлаудың барлық түрлерінің қосындысы өте қажет, мысалға психолог үшін. Бұндай ойлауды синтетикалық ойлау деп атайды.

Өздеріңіздің басты ойлау типіңізді таңдаған іс-әрекетіңіз бен оқу түрімен сәйкестіріңіз. Ойлау типінің айқын көрінісі іс-әрекеттің тиісті түрлерін игеру кезінде белгілі бір септігін тигізеді. Бірақ ең бастысы сіздердің қабілеттеріңіз бен қызметіңізге деген қызығушылығыңыз. Авторы Галина Резапкина, Москва. Ресей - психолог-профконсультант


Бақылау сұрақтары:

1) Болашақ экономист маманы не білуі және не істей білуі тиіс?;

2) экономист профессиограммасы;

3) болашақ экономисттің кәсіби маңызды сапасы және оның қалыптасуы;

4) студенттердің КҚҚ айқындалуы мен психологиялық үрдісті диагностикалау;

5) тест түріндегі тапсырма:

1. Экономист қызметіне қажетті дағдылар (артығын алып тастаңыз):

а) когнитивті дағдылар;

б) кәсіби дағдылар;

в) қолданбалы дағдылар;

г) әлеуметтік дағдылар;

д) қарым-қатынас дағдылары;

е) өзін-өзі дамыту дағдылары.

2. Мәселені құбылыстың мәнін оқшаулап терең қарастыруға септігін тигізетін дағдылар қалай аталады? _______________________.

3. Нақты өндірістің ерекшеліктерін, ұйымның өзгешелігін білуді өзіне шоғырландыру _____________________ деп аталады.

4. Қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыра алу және сол кезде уақытты үнемдей алу дағдылары қалай аталады?

а) когнитивті дағдылар;

б) кәсіби дағдылар;

в) қолданбалы дағдылар;

г) қарым-қатынас дағдылары;

д) өзін-өзі дамыту дағдылары;

5. Кәсіби тапшылықты жеңу және құндылықты дамыту қалай аталады?

а) когнитивті;

б) кәсіби;

в) қолданбалы;

г) қарым-қатынас;

д) өзін-өзі дамыту;

дағдылары.

6. «Экономист» мамандығының профессиограммасы:

а) 25;


б) 28;

в) 54;


г) 64;

д) 68


талаптарды қажет етеді.

7. «Экономист» қызметінің кәсіби маңызды сапалары құрайды (2,3,4) топтар

а) тиімді қызметтің «алғышарттары»;

б) «тиімді келісімдер жасай білу қабілеті»;

в) өз ұйымының өкілі;

г) іскери қарым-қатынас ұйымдастырушысы.

8. Экономист КҚҚ (бірінші, екінші, үшінші) топтары ерекшеленеді:

а) жұмыс істеу, денсаулық, табыс табу ықыласы және әріптесін алмастыру қабілеті;

б) кәсіби құзырлық, тапқырлық, алғырлық; болжау дәлдігі және есті тәуекел; маманның психикалық және тұлғалық ерекшеліктері;

в) міндеттілік, дер кезінде орындау, шынайылылық, парасаттылық


7 Математик – студенттердің психологиялық ерекшеліктері

Математик мамандарын дайындауды екі басты бағытқа бөліп қарастыруға болады. Олар шынымен математиктер, олардың іс−әрекет негізін теориялық ізденістер, жаңа математикалық теорияларды іздестіру, казіргі кезде белгілі түсініктерді, категория мен ғылыми мәселелерді дамытумен шұғылдану, сонымен қатар әлі дәлелденбеген теорема мен болжамдарды дәлелдеу толықтырып отырады. Мамандарды дайындау кезіндегі екінші бағыт – қолданбалы математика. Оның мақсаты – математикалық моделдеу арқылы адекватты модель құрастыру мен математикалық құралдар арқылы басқа ғылыми салаларда қарастырылатын мәселелерді шешу болып табылады. Осы жағдайда математика физика, химия, биология, медицина, әлеуметтану, экономика және т.б. сияқты кең ауқымды ғылымдармен өзара әрекеттеседі. Мұнда қолданбалы математика маманынан математикалық әдістерді ғана біліп қоймай, сонымен қатар басты түсініктерді, мақсаты мен міндетін анықтайтын пәнніңкатегориялары мен мәселелерін жақсы білу талап етіледі.

Қазіргі кезде ЭЕМ араласпаған кәсіби іс-әрекет қалмаған да шығар. Математика ─ компьютерлер кең ауқымда қолданылатын ғылымдардың бірі болып табылады. Олар математик-маманға қиын және көп еңбекті қажет ететін есептеулерді өңдеуге көмегін тигізіп, оны біртипті әрекет пен есептеп шығарудан арылдырады. Қазіргі замандағы «қолданбалы» математик компьютермен жұмыс істеудің шеберлігі мен дағдыларын жетік біліп қазіргі кездегі бағдарламалау тілдерін білуі тиіс.

Қолданбалы математиктер мен теоретиктер де, маман ретінде ортақ психологиялық ерекшеліктермен мінезделеді. Ең бастысы, осы ғылымға деген таңдаулы-жағымды қарым-қатынаспен, математика саласына терең қызығушылық танытумен, онымен айналысу қажеттілігі мен тырысушылықпен, іске берілгендікпен айқындалатын математика саласындағы жетістік шарты болуы тиіс.

Жаңа ізденістерге ұмтылуға себепкер болатын, белсенділік пен еңбекке қабілеттілікті жұмылдыратын қызметке толық берілмей, математика саласында шығармашыл жұмыскер болу мүмкін емес. Математикаға бейімділіксіз оған деген нағыз қабілет бола алмайды. Егер де адам математика ғылымына ешқандай бейімділік сезінбесе, онда ең жақсы деген қабілеттілік те математиканы тиімді де толық меңгерте алмайды. Осы жағдайдағы бейімділік мен қызығушылықтың мәні математикаға көңіл аударатын адамдардың онымен тырысып айналысуы мен өзінің қабілеттерін дамытуында.

Адамның басынан кешіретін эмоциялары қандай да болмасын қызметке, соның ішінде математикаға деген қабілеттілік дамуының басты факторы болып табылады. Шығармашылықтың қуанышы, күш салып жұмыс істегеннен дем алу, осы үдеріспен эмоционалды түрде рахаттану адамның ақыл-ой тонусын көтермелейді, күшін жұмылдырады, қиындықтарға төзуге мәжбүрлейді.

Немқұрайлы адам жасаушы бола алмайды. Математикаға дарынды балаларды зерттеу кезінде, олардың математикалық іс-әрекетке деген терең эмоционалдық қатынасымен, әрбір жаңа жетістіктері үшін шын мәнінде қуанатындығымен ерекшеленетіндігі байқалды.

Математикалық шығармашылықта белгілі бір эстетикалық сезім үлкен мағынаға ие. Әйгілі математик А.Пуанкаре математиктер өткеретін нағыз эстетикалық сезім жөнінде – яғни математикалық әсемдік сезімі, сандар мен формалардың үндестігі, геометриялық көркемдік сезімі жөнінде жазған болатын.

Ал Г.Ревеш «ойлағыштық құрылымдар әсемдігі оған шын мәнінде қуаныш әкелетіндіктен математик жасайды», деп тұжырымдаған. Шешім көркемдігін өткеру математикамен әуесқой оқушыларға тән қасиет.

Математикалық қабілетіліктердің толық және қарқынды дамуы толығымен мінез-құлық ерекшеліктеріне, соның ішінде қайраттылық ерекшелігіне байланысты.

Адамның қабілеттіліктері қаншалықты жетістікті болса да, егер де оның бас алмай және қажымай жұмыс істеу әдеті болмаса, ол өз қызметінде үлкен жетістіктерге жетпеуі ықтимал. Ол ең жақсы жағдайда жай ғана әлеуетті қабілетті болып қана қала береді.

Табандылық, өжеттік, жұмысқа қабілеттілік, еңбек сүйгіштік математикалық іс-әрекетте әрқашанда көрініс табады. Алайда, математиктің жоғарыда айтылған қасиеттері, оның өмірі мен іс-әрекетінің басқа жақтарын мінездемей, тек қана оның математикалық қызметінде айқындалатынын ұмытпау керек. Ғалымда, соның ішінде математикте әлсіз ерік-жігер, жағымсыз жұмыс қабілеттілігі және ол тез арада шаршауы болуы мүмкін, бірақ та математикалық қызметте ол жоғары ұйымдастырушылық, табандылық және еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді көрсетуі мүмкін.

Ғалымға тән тағы бір қасиет, ол өзіне деген, өзінің мүмкіншіліктеріне деген, өзінің жетістіктеріне сыни көзқарас, сыпайылық, өзінің қабілеттеріне деген дұрыс көзқарас.

Адамның ортақ мәдениеті деңгейін жоғарлатпай, оның математикалық дамуы мүмкін емес. Әрқашанда жан-жақты үйлескен тұлғалық дамуға талпыну керек. Математикадан басқасына деген ерекше жоққа шығарушылық (нигилизм), тез арадағы қабілеттің бір жақтылы дамуы математикалық іс-әрекеттің тиімділігіне мүмкіндік туғызбайды.

Математикалық дарындылық сияқты мидың интегралды сапасының құрылымында елеулі орын алатын компоненттері туралы сөз қозғағанда, келесі ортақ сұлбаны ұсынуға болады.

Ақпаратты меңгеру кезінде математикалық мәліметтерді нысанды түрде қабылдау және есептің құрамын формальды түрде ескеру қабілеті айқындалады.

Ақпаратты өңдеу келесі ерекшеліктермен мінезделеді:

1) Сандық және кеңістік арақатынас саласында, сандық және белгі символикасында логикалы ойлау. Математикалық символдармен ойлау қабілеті;

2) математикалық объектілерді, қатынас пен қимыл-әрекетті тез және кең ауқымды қорытып жинақтай білу қабілеті;

3) математикалық ойлау мен тиісті іс-әрекет жүйесі үдерісінің жинақталуына деген қабілеттілік способность. Жинақталған құрылыммен ойлау қабілеттілігі;

4) математикалық іс-әрекеттегі ойлау үдерістерінің икемділігі;

5) жүйелілікке, қарапайымдылыққа, үнемшілдікке және шешім қабылдаудың рационалдығына құлшыну;

6) ойлау үдерісі бағытының тез әрі жеңіл ауыса алу, ойлау барысының бағытын турадан керісіншіге аудара алу қабілеттілігі (ойлағыштық үдерісінің қайтымдылығы).

Математик – студенттер үшін математикалық ес тәуелді, яғни математикалық қатынастарға қатысты жинақталған ес, типтік мінездемелер, ой-пікірлер мен дәлелдемелер үлгілері, есепті шығару әдістері мен келіс ыңғайы.

Осы компоненттердің барлығы өзара тығыз байланысты, және бір-біріне әсер етіп, өзінің жиынтықтары арқылы бірыңғай жүйе, тұтас құрылым және мидың математикалық амалмен ойлауын құрайды.

Математикалық дарындылық құрамында кейбір міндетті емес компоненттерді байқауға болады, алайда олардың болуы немесе жоқтығы ақыл-ойдың математикалық құрылуын айқындайды.

1. Уақытша мінез-құлық ретінде ойлау үдерісінің тездігі. Жұмыстың жеке дара қарқыны басты рөлді атқармайды. Математик асықпаушылық танытпай ойлауы мүмкін, кейде тіпті баяу, бірақ терең және толық.

2. Есептеу қабілеттілігі (ойда тез және дәл есептеу). Ойында күрделі математикалық есептеулерді шығара алатын, алайда шын мәнінде қиын есепті шығара алмайтын адамдар бер екендігі белгілі. Сондай-ақ, әйгілі математик Пуанкаре қателіксіз қосуды да жүзеге асыра алмаймын деп өзі туралы айтқан.

3. Цифрларды, сандарды және формулаларды есте сақтау. Академик А.Н.Колмогоровтың айтуы бойынша, әйгілі математиктердің көбі осындай естің түрін иемденбеген.

4. Кеңістікті елестету қабілеттілігі.

5. Абстрактылы математикалық ара қатынастар мен тәуелділікті көрнекі түрде елестету қабілеттілігі.

Қабілеттіліктердің көрсетілген сұлбасы көп деңгейде қалыптасқан математиктерге қарағанда оқушыларға қатысты екенін аңғарған жөн. Алайда, математикалық дарындылықтың құрылым сұлбасын талдау кезінде, математикалық іс-әрекеттің перцептивті, интеллектуалды және мнемикалық жақтарының ерекшеліктерінде белгілі бір кезеңдерді байқауға болады. Осылай, күрделенген сұлбаны төтенше қысылған тұжырымдама арқылы көрсетуге болады: математикалық дарындылық математикалық қатынастар аясындағы жинақталған, ықшамдалған және икемді ойлаумен, сандық және белгілік сиволикамен және математикалық ми құрылымымен мінезделеді. Математикалық ойлаудың бұл ерекшелігі математикалық ақпаратты өңдеу жылдамдығын жоғарылатуына әкеліп соғады (бұл ақпараттың ұлкен көлемін кішігірім көлеміне айырбастаумен байланысты - жинақтау мен тоқтатудың арқасында), сондықтан да, нервтік- психикалық күштерін үнемдеу.

«Қолданбалы математика» және «математика» мамандықтарындағы студенттердің ойлау типін анықтау мақсатында Пол Торренстің әдістемесі бойынша сұрастырулар жүргізілді. Қорытындысында сұрастырғандардың көпшілігінде (шамамен 70%) сол жақ миымен ойлайтындары айқындалды, ол логикалық ойлаумен мінезделеді. Бұл адамдарды көзқарастарындағы шынайылылық, өміршең мәселелерді бақылай білушілік, жауапкершілік және нақтылылық мінездейді. Өз іс-әрекеттерінде олар алдын-ала болжамды, мақсатшыл, жиі өз дегендеріне жетеді. Интуицияларына (көкейкөз) сене бермейді.

Климовтың тесті бойынша зерттеленушілердің басым көпшілігі «адам - таныс жүйе» типіне және азын-аулақ бөлігі - «адам-техника» типіне жатқызылды.

«Математикалық шығармашылық» нұсқасында Пуанкаре толықтай бір мәселені мазмұндайды, ол үшін сол мәселе арқылы ұзақ дайындық жұмыстары негіз болған бір жаңалық ашуға мүмкіндік туды және мәселенің үлес салмағын, ғалымның көзқарасы бойынша, санасыздық үдерісі құраған. «Нұрлану» кезеңінен кейін қажетті екінші кезең – дәлелдемелерді реттеп, оны тексеру бойынша мұқиятты саналы жұмыс кезеңі еріп отырады.

Л.Пуанкаре есептің шешіміне апаратын операциялар тізбегін логикалы түрде құрастыра білу математикалық қабілеттіліктер арасында ең маңыздысы деген шешімге келді. Басқаша алып қарасаң, әрбір логикалы түрде ойлай білетін адамға қол жетерлік сияқты. Бірақ, кез келген адам логикалық есептерді шығару кезіндегі жеңілдікпен математикалық символдар арқылы операцияларды жүзеге асыра ала бермейді.

Математик үшін жақсы есте сақтай білу мен зейіні болса, сол жеткілікті. Пуанкаренің ойынша, математикаға қабілеті бар адамдарды математикалық дәлелдемелерге қажетті элементтердің орналасу тәртібін сезе білу ерекшелендіреді. Осындай түрлі көкейкөздің болуы – математикалық шығармашылықтың басты элементі.

Кейбір адамдар нәзік сезім және мықты ес пен зейінді қатар иемдене алмайды, сондықтан да математиканы жете түсіне алмайды. Басқаларының интуициясы әлсіз бола тұра, жақсы ес пен ширақ зейінге қабілеті болады, сондықтан математиканы біліп қана қоймай, оны жақсы қолдана алады. Ал үшіншілерінің өте ерекше интуициясы бар болады және ең жақсы деген есі болмаса да, математиканы түсініп қана қоймай, сонымен қатар математикалық жаңалықтар да аша алады.

Мұнда көпшілігіне қол жеткізе бермейтін математикалық шығармашылық туралы сөз қозғалып отыр. Алайда, Ж.Адамар жазғандай, «алгебра немесе геометриядан есеп шығарып отырған оқушының жұмысы мен шығармашылық жұмыстың айырмашылығы тек спасында ғана, себебі екі жұмыстың да мәні бір-біріне ұқсас».

Математикадан жетістіктерге қол жеткізу үшін қандай ерекшеліктер қажет екендігін түсіну үшін, зерттеушілермен есепті шығару үдерісі, дәлелдеу мен логикалық ойлаудың амалдары және математикалық ес ерекшеліктері сияқты математикалық іс-әрекеттері талданды. Бұл талдау өзінің компоненттің құрамына байланысты математикалық қабілеттіліктердің түрлі варианттарының пайда болуына әкеліп соғады. Осыған байланысты көптеген зерттеушілердің пікірінше, айқын көрсетілген математикалық қабілеттіліктердің түрі болмайды, бұл – түрлі психикалық үдерістердің өзгешеліктерінде айқындалатын мінездемелердің жиынтығы: қабылдау, ойлау, ес және елестету.

Математикалық қабілеттіліктердің басты компоненттері болып математикалық материалды жалпылай ала білу қабілеті, дерексіз елестету қабілеттілігі, дерексіз ойлай білу қабілеттілігі табылады. Кейбір зерттеушілер математикалық қабілеттіліктердің жеке дара компоненттері ретінде ойлау мен дәлелдеуге бағытталған математикалық есті, есептерді шығара білу әдістері мен оларға бағытталған ұстанымдарды ерекшелендіреді.

Оқушылар арасындағы математикалық қабілеттіліктерді зерттеген совет психологы В.Л.Крутецкий математикалық қабілеттіліктерге келесідей анықтама береді: «Математиканы оқып білу қабілеттіліктері дегеніміз - оқу математикалық іс-әрекетінің талаптарына жауапты, басқа да тепе-тең талаптарға шартты, оқу пәні ретінде математиканы табысты меңгеруі, сондай-ақ, математика саласында білім-біліктерді, ептілік пен дағдыларды тез, оңай және терең меңгеруге шоғырланған жеке-психологиялық ерекшелік (ең алдымен ерекше ақыл-ой қызметі)» дейді (В.Л.Крутецкий,1908).

Математикалық қабілеттіліктерді зерттеу осы қабілеттің бейімділік белгілері мен табиғи алғышарттарын іздеу сияқты ең басты мәселені шешуді өзіне шоғырландырады. Бұларға қабілеттіліктер дамуының қолайлы шарттары ретінде қарастырылатын индивидтің тума анатомо-физиологиялық ерекшеліктері жатады. Көп уақыт бойы осы алғышарттар қабілеттіліктер дамуының бағыттылығы мен деңгейін фатальды түрде алдын-ала анықтайтын фактор ретінде қарастырылды. Отандық психологияның классиктері Б.М.Теплов және С.Л.Рубинштейн алғышарттарды осылай түсінудің терістігін ғылыми түрде дәлелдеп, қабілеттіліктердің даму негізі сыртқы және ішкі шарттардың ара қатынасымен тығыз байланыстылығын атап көрсетті. Сол немесе басқа физиологиялық сапалардың айқындылығы нақты бір қабілеттіліктің шартты түрде дамуын еш жағдайда дәлелдемейді. Ол осы дамудың тек қана қолайлы шарты бола алады. Алғышарттардың құрамына кіретін және оның басты құрамдас бөліктері болып табылатын типологиялық қасиеттер жұмыс істеу қабілеттілігінің шегі, жүйке жүйесінің жауап қайтару мінездемесі, сыртқы ықпалдардың өзгеруіне қарсы үдерістердің ауыса білуі сияқты ағза іс-әрекетінің жеке дара ерекшеліктері.

Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің қасиеттерімен тығыз байланысты болғандықтан, өз ішінде тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктеріне өз әсерін тигізеді.

Осыған байланысты 050601 «Математика» мамандығының БМ-12 тобының 1 курс студенттерінің математикалық қабілеттерін эксперименталды түрде зерттеу жүргізілді. Нақты мақсаты ретінде сол топтағы студенттердің тұлғалық және интеллектік ерекшеліктерін зерттеу болып табылатын.

Барлық студенттер математика пәнін жақсы меңгерген. Алайда, жалпы жоғары жетістікке қарамастан, топ ішіндегі оқушылардың бойында елеулі жеке дара айырмашылықтар баршылық.

Зерттеу келесі жағдай бойынша жүргізілді. Бір апта бойы студенттерді сабақ үдерісі кезінде бақылап, математикалық қабілеттіліктердің бірнеше компоненттерін айқындауға бағытталған есептеп шығару үшін эксперименталды тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, оқушылармен психологиялық және психофизиологиялық эксперименттер жүргізілді. Тәжірибе кезінде студенттердің даму деңгейі мен интеллектуалды функцияларының өзгешелігі зерттеліп, олардың тұлғалық ерекшеліктері мен жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктері айқындалды.

Қорытындылар:

Студенттер арасындағы Векслер тесті арқылы интеллектуалды даму деңгейін әділ өлшеу, басым көпшілігінде өте жоғары ортақ ақыл-ой деңгейі бар екендігін көрсетті. Көптеген зерттелінушілердің ортақ интеллектісінің сандық мағыналары 130 баллдан артық.

БМ-12 тобы студенттерінің қызығушылықтары жоғарылатылған тұрақты ми жүктемесіне қарай ығыстырылған. Қызметтің бұл талаптары төзімділік пен жұмыс істеу қабілеттілікке жоғары талаптар қояды, сондықтан да, шектен тыс тежелу күйіне берілместен созылмалы қозушылыққа төзе білу қабілеттілігі жүйке жүйесі күшінің қасиеттерін айқындайтын белгі болып табылады, сол себепті де жүйке жүйесінің төзімділік пен жұмыс істеу қабілеттілігі сияқты ерекшеліктерге ие оқушылар ең жақсы нәтижеліліктерді көрсете білді.

В.Д.Крутецкий математикаға қабілеті бар оқушылардың математикалық іс-әрекеттерін зерттеу кезінде, оларға тән қасиеттерге, яғни шиығуды көп уақыт бойы бір қалыпта ұстау, шаршауды білмей көп уақыт бойы шоғырланып математикамен шұғылдануға көп көңіл бөлген. Бұл бақылаулар, жүйке жүйесінің күші секілді қасиет математикалық қабілеттіліктердің жағымды дамуына жағдай жасайтын табиғи бейімділік белгілері болып табылатынын болжауға мүмкіндік туғызды.

Тұлғалық ерекшеліктердің талдануы жүйке жүйесі әлсіз топ студенттеріне ақылдылық, парасаттылық, қажырлық пен табандылық (J+ факторы), сонымен қатар тәуелсіздік пен дербестік (Q2+ факторы) сияқты тұлғалық ерекшеліктер тән екендігін көрсетті.

J факторының жоғары көрсеткіштері бар адамдар өзінің ағаттықтарын талдай отыра, «сақ дербестілігін» көрсете біліп, өздерінің мінез-құлықтарын жоспарлауға көп көңіл бөледі. Q2 факторы бойынша жоғары көрсеткіштері бар тұлғалар жеке дара шешім қабылдауға бейімді және өзінің істеріне жауапкершіл болып табылады. Бұл фактор «ойлайтын интроверсия» деп аталынады. Жүйке жүйесі әлсіз адамдар іс-әрекеттерін жоспарлау мен дербестік сияқты қасиеттердің қалыптасуының арқасында ғана қызметтің бұл түрінде өте табысты болуы ықтимал.

Осы жүйке жүйесінің әр түрлі полюстері түрлі математикалық қабілеттіліктермен тығыз байланысты деп жорамалдауға болады. Негізінен, жүйке жүйесінің әлсіздік қасиеті жоғары сезімталдықпен сипатталатыны белгілі. Дәл осы сипаттама математикалық қабілеттіліктің ең басты компоненті болып табылатын интуитивті, кенеттен ақиқатқа қол жеткізу мен «нұрға бөлену», яғни болжап сезінудің негізінде жатуы мүмкін. Және бұл тек қана болжам болса да, оның дәлелін БМ-12 тобы студенттерінің мінез-құлықтары көрсеткіштерінен табуға болады. Тек екі жарқын мысал келтіреміз.

Объективті психофизиологиялық диагностиканың нәтижелеріне сүйене отыра Маратты жүйке жүйесінің салмақты типіне жатқызуға болады. Ол өз тобында «ең үздік жұлдыз». Ең басты айтып өтетін жайт, ол жарқын жетістіктерге көзге түспейтін, білінбейтін күш салусыз, оп-оңай қол жеткізеді. Ешқашан шаршадым, жалықтым деп шағымданбайды. Математика сабақтары мен тапсырмалары ол үшін тиісті тұрақты ми гимнастикасы болып табылады. Стандартты емес,қиын, күрделі, қатты ойлауын қажет ететін, терең талдау мен қатаң логикалық жүйелілікті талап ететін есептерді басқалардан артық көреді. Марат оқытушы түсіндіру кезінде логикалық ағаттылықтар жасаған жағдайларда да, материалды баяндау кезінде дәлсіздік жібермейді. Мара оған қай жағдайда да көңіл аударады. Оны жоғары интеллектуалды мәдениет ерекшелендіреді. Бұл тестілеу нәтижелерімен дәлелденеді. Зерттелінген топ ішіндегі студенттердің арасында Мараттың ортақ интеллект көрсеткіші ең жоғары − 149 шартты бірлік.

Теміржан − БМ-12 тобындағы бақыланған студенттердің арасындағы жүйке жүйесі әлсіз типінің көрнекті өкілі. Ол сабақ кезінде өте тез жалығады, ұзақ және шоғырланып жүмыс істеуге қабілеті жоқ, жиі бір істі бітірмей, ойланбастан екінші іске көшіп кетеді. Ал кейбір жағдайларда, ол өзінен көп күш салушылық қажет екендігін байқаса, тапсырманы орындаудан бас тартуы да мүмкін. Бірақ, оның ерекшеліктеріне қарамастан, оқытушылар оның математикалық қабілетін жоғары бағалайды. Себебі, оның өте керемет интуициясы бар. Кейде ол есеп шығарудың аралық кезеңдерін тастап кетіп, ең бірінші болып есептің соңғы нәтижесін атайды. Ол «нұрға бөлену» қабілеттілігімен сипатталады. Ол өз-өзіне не себепті дәл сондай шешім қабылдағаны үшін есеп бермейді, бірақ тексеріс үшін ол оңтайлы және түпнұсқалы болып табылады.

Математикалық қабілеттіліктер өз құрылысы бойынша өте күрделі және көп қырлы. Бірақ та адамдардың арасында «геометрлер» және «аналитиктер» болып екі басты типі оқшауланады. Математика тарихында көрнекті мысал ретінде Пифагор мен Евклид (аса ірі геометрлер) және Ковалевская мен Клейн (аналитиктер, функция теориясының негізін салушылар) сияқты есімдер белгілі.

Бұл бөлінудің негізінде болмысты, соның ішінде математикалық материалды қабылдаудың жеке ерекшеліктері жатыр. Бұл математик жүзеге асырып жатқан пән арқылы емес, яғни: аналитиктер геометрияда да аналитик болып қала береді, ал геометрлер әрбір математикалық ақиқатты образды түрде қабылдауды артық көретін іс-әрекет арқылы айқындалмайды. Бұл жерде Л.Пуанкаренің пікірін айтып өткен жөн: «Оларды тіпті талқыланып жатқан мәселе белгілі бір немесе басқа әдісті қолдануға мәжбүрлемейді. Егерде біреулері жөнінде, аналитиктер деп, ал екіншілерін геометрлер деп жиі атап жатса, алғашқылары геометрия мәселелерімен айналысатын уақытта да олар аналитик болып, ал кейінгілері таза талдау жүргізіп жатқан кездерінде де геометрлер болып қала береді».

Топтың кейбір студенттері кез келген есептерді формулалардың, логикалық талқылаудың көмегімен шығаруға талпынып жатса, ал екіншілері мүмкіндігінше кеңістікті ойлауды қолданып жатады. Оған қарамастан бұл айырмашылықтар өте тұрақты. Әрине, топ студенттерінде өз мінездемелерінің белгілі бір тепе-теңдігі байқалып жатады. Олар есептерді шығарудың түрлі ыңғайларын қолданып, математиканың барлық бөлімдерін бірдей меңгере алады.

Студенттер арасындағы есеп шығару әдістері мен оларға деген келістің жеке-дара ерекшеліктері сабақ барысында студент жұмысын бақылау арқылы ғана айқындалған жоқ, сонымен қатар эксперименталды түрді анықталды. Математикалық қабілеттіліктердің жеке компоненттерін талдау үшін, оқытушымен эксперименталды тапсырмалар желісі арнайы құрастырылды. Бұл сериядағы шығарылған есептердің нәтижелерін талдау математикалық ойлаудың образды және аналитикалық компоненттерінің ара-қатынасын объективті түрде қабылдауға мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар алгебраикалық есептерді жақсы шығара алатын жәнеде геометриялық тапсырмаларды тиімді орындай алатын студенттер айқындалды.

Тәжірибе студенттер арасында вербалды-логикалық компонентердің басымдылығымен ерекшеленетін математикалық ойлаудың аналитикалық типіне ие оқушылар бар екендігін айқындады. Олар көрнекі сұлбаларды қажетсінбейді, операцияларды белгі символдармен орындайды.

Геометриялық тапсырмаларды артығырақ көретін студенттердің ойлауы көрнекілік-образды компоненттермен айқындалады. Бұл студенттер математикалық ара қатынастар мен тәуелділіктердің өрнектелуінде көрнекі түрде табыстау мен интерпретациялауды қажет етеді.

БМ-12 тобындағы тәжірибеде қатысқан студенттерінің нағыз «аналитиктары» мен «геометрлары» бөлініп алынды. «Аналитиктер» тобына ойлаудың вербалды-логикалық типінің нағыз өкілдері болып 7 адам кірді. Ал «геометрлер» тобы көрнекі-образды ойлау типімен негізделетін 2 адамнан құралды.

Кейінгі талдаулар біздің қарауымызда бар психофизиологиялық және психологиялық көрсеткіштер бойынша топтар арасындағы айырмашылықтарды статистикалық әдісі бойынша жүзеге асырылды.

И.Н.Павловтың жүйке жүйесі қасиеттерінің физиологиялық теориясынан тыс типологиялық тұжырымдамасы белгі жүйелерінің ара қатынасымен ерекшеленетін жоғары жүйке қызметіндегі адамдар типінің топтастырылуын құрайды. Бұлар – бірінші белгі жүйесінің басымдылығымен ерекшеленетін «суретшілер», екінші белгі жүйесінің басымдылығымен ерекшеленетін «ойшылдар» және орташа тип - екі жүйенің тепе-теңдігі.

«Ойшылдар» ақпаратты өңдеу ретінде абстрактылы-логикалық әдісті қолданады, ал «суретшілер» ақиқатты тұтастай жарқын образды қабылдайды. Әрине, бұл айырмашылықтар абсолютты мінездемеге ие емес, керісінше сезінудің айрықша формаларын ғана бейнелейді.

Дәл осы ұстанымдар «аналитиктер» мен «геометрлер» арасындағы айырмашылықтар негізіне байланысты. Біріншілері, қандай да болмасын математикалық тапсырма орындау кезінде аналитикалық амалдарды ұстанады, яғни «ойшылдарға» жуықтау. «Геометрлер» есептеу кезінде образды компоненттерді бөліп қарастырады, яғни «суретшілерге» тән қасиеттермен қолданады.

Сонымен қатар, Кетелл сұраулары көмегімен алынған тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалаудың нәтижелерін салыстырып талдау жұмыстары жүргізілді. Топтар арасындағы статистикалық мәнді айырмашылықтар H және J атты екі фактор арқылы айқындалды.

Н факторына сәйкес «аналитиктер» тобын қызығушылықтар аясы шектеулі (Н-) және біршама ұстамдырақ деп мінездеуге болады. Әдетте тұйықтылық факторларының көрсеткіштері төмен адамдар басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға құлшынбайды.

«Геометрлер» тобы өзінің тұлғалық факторлары бойынша үлкен мөлшерлерді (Н+) иемденеді және белгілі бір қамсыздықпен және үйірлікпен ерекшеленеді. Осындай адамдар қарым-қатынас кезінде қиыншылықты сезінбейді, байланысқа тез және шын көңілмен барады, кенеттік жағдаяттарда абыржымайды. Олар өте шығармашыл, айтарлықтай эмоциональдық жүктемелерді көтеруге шыдамы жетерлік.

Тұлғаның жеке даралық сияқты ерекшелігін сипаттайтын J факторы бойынша «аналитиктер» тобы жоғары орта топтық мағынаға ие. Осы фактор бойынша жоғары салмағы бар адамдар өзінің мінез-құлқын жоспарлауына көп зейін аударды, бірақ осыған қарамастан олар жеке-дара іс-әрекет жасап, тұйық қалпында қала берген.

Осыған қарама-қайшы «геометрлер» тобына енетін студенттер өте жігерлі және қайратты болды. Олар өзара бірлескен жұмысты ұнатып, топтық қызығушылыққа тез енуге де, өз белсенділігін көрсетуге де даяр болды.

Аңғарылған айырмашылықтар зерттелінген студенттер тобы екі фактор бойынша ажыратылатынын көрсетті, және олар бір жағынан, белгілі бір эмоционалды бағыттылықты (ұстамдылық, парасаттылық, қамсыздық, қайраттылық) көрсетеді, ал екінші жағынан тұлға аралық қатынастардың ерекшеліктерін (тұйықтық – көпшілдік) айқындайды. Қызығы, осы ерекшеліктердің мінезделуі көп дәрежеде Айзенкпен ұсынылған экстраверт - интроверт типтерін сипаттаумен мағыналас. Алайда, бұл типтер белгілі бір психофизиологиялық интерпретацияға ие. Экстраверттер өте салмақты, лабильді және салмақты, ал интроверттер – әлсіз, инертті және енжарлы. Және де дәл осы психофизиологиялық мінездемелер арнайы жоғары жүйке қызметіндегі типтерге, яғни «суретшілер» мен «ойшылдарға» арналған.

Біздің қорытындылар психофизиологиялық, психологиялық белгілері мен математикалық ойлаудың типтерінің өзара байланыстары арасындағы белгілі бір синдромдарының тізбегін құруға мүмкіндік туғызады.


«аналитиктер»

«геометрлер»

(абстрактылы – логикалық ойлау типі)

(көрнекілік – образды ойлау типі)

әлсіз н.с.

күшті н.с.

Парасаттылық

Алаңсыздық

Тұйықтық

Көпшілдік

интроверттер

экстраверттер

Осыған орай, БМ-12 тобында өткізілген кешенді тестілеу математикалық қабілеттіліктер дамуының жағымды негізін құрайтын белгілі бір психологиялық және психофизиологиялық факторлардың жиынтығының баршылығын іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік туғызады. Қабілеттіліктің бұл түрінің айқындалуындағы ортақ және арнайы уақытқа да қатысты.


жүктеу 2,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау