Жобалаудың теориялық негіздері



жүктеу 93,98 Kb.
бет3/4
Дата13.11.2022
өлшемі93,98 Kb.
#40142
1   2   3   4
1к гзж

Жобалауды ой-әрекет жүйесі әдіснамасы негізінде қалыптасатын басқару қызметі ретінде жүзеге асыру идеясы. Жобалау әуел бастан техникалық объектілердің құрылымдық қамтамасыз етілуіне қатысты қызметтер атқарды. 70-жылдардың басында жобалау теорияларының тенденцияларын зерттеу барысында ғалымдар әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық жүйелерде, соның ішінде білім беруде жобалауды қолдануға болатынын атап көрсетті. Осы кездері әрекет теориясының негізінде қоғамдық жүйелерді жаппай жобалаудың әдіснамалық негіздерін құрастыра бастады. Осылайша жүйелі ой - әрекеттері әдіснамасы негізінде әрекеттің күрделі жобаларын жасау құралдары пайда болды. Жобалаудың эпистемологиялық тәсілі ретінде 50-жылдары Москвадағы логикалық үйірмеде құрастырылған мазмұндық-генетикалық логика алынды.
Жүйелі ой-әрекеттері әдіснамасы негізінде жобаланған әрекетті имитациялық - ойын түрінде көрсетудің әдістемесі – ұйымдасқан әрекеттік ойындар–бүгінгі күні алдыңғы қатарлы ресейлік менеджмент тәжірибесінде кең қолданыста жүрген «ОДИ – организационно-деятельностные игры» – ұйымдастырушылық - әрекеттік ойындар атымен белгілі әдістеме жасалды. Аталған жүйелі ой-әрекеттері теориясына сай жобалау қызметінің дамытушылықты көздейтін идеясы тұжырымдамалық және технологиялық түрде дәлелденген. Осыған орай, жүйелі ой - әрекеттері әдіснамасы дамыту принциптерін табиғи немесе әлеуметтік ортада болып жатқан үрдістердің кейбір көріністері ретінде емес, қоршаған ортаны түсінуді ұйымдастыратын орта ретінде қарастырылуын ең алдымен талап етеді. Аталған принципке сәйкес дамытудың жалпы сипаттамасы белгілі бір жүйенің осы кездегі жағдайымен салыстырғанда жобаланып отырған болашақ жағдайының басым тұрған құндылық екенін мойындауды білдіреді. Бұл жерде жобалаушыға даму қадамдарын жүзеге
асырушы «белсенді агент» позициясы беріледі, оның санасында өзінің мақсаттық - құндылықтық ұстанымдары негізінде болашақтың бейнесі пайда болады және бекітіледі.
Осылайша, жобалаудың ең басты операционалдық ерекшелігіоның қайта құрулар мен жаңғыртуларға бағытталғандығында. Жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін атқарады. Осыған сәйкес, жобалаудың басқарудың ерекше қызметі ретінде дамытудың маңызы зор екені дәлелденуде.
Әлеуметтік жүйелерде қазіргі өркениеттік дағдарысқа рефлексия ретінде өндірістік қызмет салаларында (әкімшілік басқару, өндіріс технологиялары т.б.) және өндіріспен байланысы жоқ салаларда – театр, бейнелеу өнері, әдебиет, философия, жаратылыстану ғылымы және педагогикада жалпы ғылыми және арнайы сипаттағы әдіснамалық проблемаларға қызығушылық пайда болды. Жекелеген және бөлек-бөлек сипаттағы өзгерістерді көздейтін дәстүрлі әрекеттерге қарағанда жаңа әдістердің ерекшелігі пәнаралық байланыстарды және тұтастықты көздейді. Олар бір жағынан, дәстүрден тыс әдістер, екінші жағынан – адамның жеке тәжірибесіне бағытталған әдістер.
Осылайша, басқарудың субъективтік факторларына сай жаңа қоғамдағы қайта құрудың барлық күрделі құрылымдарында олардың жүйелік байланыстарын сақтап және жүйелік қасиеттеріне сүйене отырып, жобалаудың мүмкіндіктерін талдау, ұйымдастырушылық қызметінің мәнін ашу қажеттігі бар деп есептеледі.
Күрделі жүйелердегі жобалау стратегиялық бағдарға сай жүйе құрылымдарының өзгермелі жағдайларда дамуына мүмкіндік береді, атап айтқанда:
-жүйені белгілі бір қызметтері, қарым -қатынастары және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;
-жүйенің жаңа қарым - қатынастарын, қасиеттерін және икемділігін қалыптастыратын қосымша қызметтерді дамытып отырады;
-тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;
-белгілі бір қызметтердің, қарым–қатынастардың және қасиеттерінің өзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп отыруын қамтамасыз етеді;
Көрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі. Жобалау нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де осыдан болады. Жобалау қызметінің негізі болып табылатын «жоба» түсінігінің өзі де ғылымда түрліше арастырылғанынан көруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастырушылар жоба–жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, жоба–белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде өзгерту деген пікірге сай дей аламыз өйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін
көрсетеді.
Трансформациялық үрдістің кездейсоқ сипатын болдырмау үшін басқарудағы жобалау қызметі жүйенің түрін өзгерту қызметін атқара алады. Бұл жердегі жобалаудың атқаратын рөлі–дәстүрлі тұтастық ішінен жаңа құрылымның қызметі мен орнын анықтау болып табылады. Сонымен қатар, жаңа құрылымның қолданылуына қажетті жағдайлар жасалмаса, онда ол іске де аспауы мүмкін. Жаңалықтың әкімшілік нұсқауларымен жүйеге ендірілуі нәтижелі болмайтыны тәжірибеде дәлелденіп жүргені белгілі.
Жүйе элементтерінің сандық көрсеткіштеріне белгілі бір мақсатпен ықпал ету олардың сапалық өзгерістеріне әкеледі, соған орай, біртіндеп қасиеттері өзгереді, одан кейін қарым -қатынастары, одан әрі жүйенің қызметтері өзгереді. Осы тұрғыдан қарастыру бірте-бірте жүйенің өзін-өзі ұйымдастыруын, ішкі және сыртқы байланыстары мен қарым
- қатынастарын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік салаларды дамыту мақсатына жобалаудың сай ресурстық ұйымдастыру тиімділігін пайдалану идеясы. Өзгермелі ортада құрамындағы элементтердің күрделі, әрі көпжақты өзара байланысы мен өзара әрекеттесулері жағдайында күрделі жүйелердің жоғары
деңгейдегі тиімді қызметін қамтамасыз ететін тетіктерді күні бұрын дәл анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, басқаруды қатаң тәртіпте ғана ұстау әдісі оның жұмысын баяулатып, өзіндік дамыту, жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерін тежейді. Ал, алдын-ала белгіленген мақсатты нақты бағдар ретінде пайдалану күрделі жүйелердің икемділігін және өзіндік ұйымдастырылуын, оның барлық деңгейлердегі кіші жүйелерінің іс-әрекеттеріндегі дербестікті дамытудағы түрлі қатынастардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін құрал болып табылады.
Жүйелік тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастырудың басты ерекшелігі–ондағы басты жауапкершілік қызметтік міндеттерді атқару емес, қойылған мақсатқа жетуді көздейтін жобалау қызметін реттеу болып табылады. Күрделі жүйелер құрамындағы кіші жүйелерде нақты мақсатқа жету жолдарының мазмұндық түрлілігіне байланысты басқару жүйесі компоненттерінің мақсатты-бағдарлы құрылуы қызметтік бағдарлылыққа қарағанда тиімді екені сөзсіз.
Жүйелерді басқарудағы мақсатқа бағдарлы ұйымдастырушылық құрылым қалыптастырудағы жобалаудың мәнісі әрбір кіші жүйенің басқару құрылымы мен деңгейлеріне дербес мақсат пен міндеттер қоюда болып табылады, ал бұл мақсат-міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, қазіргі замандағы күрделі әлеуметтік жүйелерді, соның ішінде білім беруді жаңғыртуға қатысты өзгерістердің қарқынды жүргізілуіне байланысты ендіріліп жатқан жобалау - әлі де теориялық зерделеу, оны білім саласында одан әрі пайдаланудың жолдарын айқындау қажеттігі бар жаңа қызмет.



жүктеу 93,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау