106
Сұр + жасыл: қалыпты қысым көрсету
Жасыл түстің соңғы позицияда болуы – бұл адамның
жүйкесінің тозғанының белгісі, бірақ ол өз дегенінен бас
тартпайды. Адам жағдайдың шектен тыс қысымын сезінеді,
бірақ бұл күйден құтыла алмайды.
Сұр + қызыл: дəрменсіздік жəне ашуланшақтық
Адам өмірлік күшінің таусылуы шегінде. Міндетті түрде
демалу керек, кейде емделу керек.
Сұр + күлгін: сезімдерді басу
Адам ішкі шиеленісті сезінеді жəне өзара түсінушілк пен
сенімнің болуын қатты қажет етеді. Бұл жұптардың сəйкес келуі
күрделі ішкі шеленістің бар екендігін көрсетпейді.
Көк түс: қарым-қатынастарда қиындықтардың болуы
Көк + сұр: адамның өзінің өміріне риза болмауы
Адам оны қанағаттандыратын қатынастарды орната
алмауынан шаршаған. Бар қатынастарды тəуелділік жəне
еркінділігінің шектелуі деп түсінеді. Сол себептен ол ешкімге
бауыр баса алмайды. Бір жағынан жалғыздық оны мазасыздан-
дырады жəне тынышсыздандырады.
Көк + жасыл: қысым көрсету
Түстердің бұл жұбы ерік жігерін жəне табандылығын басу
қаупі туралы ескертеді. Адам кездескен қиындықтарды жеңуден
шаршаған.
Көк + қызыл: жақындықтың бұзылуы
Адам белгілі біреумен қарым-қатынасына көңілі толмайды,
өзін бұрынғы жақындық пен өзара сенімді орнына келтіруге
қабілетсізбін деп санайды. Бұл оның жанына батады. Адам өзін
нашар сезінеді жəне бұл жағдайды жағымсыз қабылдайды.
Жүрек талмасы қаупі болуы мүмкін.
131
балалардың уақыт өткізуіне көп уақыт бөлу... Əртүрлі ойындар
ұйымдастыру...»
Баланың агрессивтілігінің алдын алу мен түзетудегі
құқықтық шаралары ретінде ата-аналар төмендегілерді көрсетті:
«Заңдарды жетілдіру... Қажетті заңдарды қабылдау...
Ата-аналардан қатаң түрде талап ету... Полициямен жұмыс
жасау... Баланың құқықтарын ұстану... Баланың құқығын
бұзбау... Заңды қайта қарау... Қатаң жазалау шараларды
қолдану...».
Баланың агрессивтілігінің алдын алу мен түзету шара-
ларының ішінде ата-аналар келесі мемлекеттік шаралар
маңызды деп санайды:
«Баланың қажеттіліктерін қанағаттандыру... Отбасы-
ның əлеуметтік амандығы... Ұлтына, болашаққа деген сеніміне
қарамастан қорғаншылық жəне мемлекет тарапынан
қамқордың болуы сезімін тəрбиелеу... Отбасының тəрбиелеу-
адамгершілік деңгейін жоғарылату... Мемлекеттік қолдау...
Мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларға көмек беру...
Жастар мəселелеріне көңіл бөлу... Жағдайы жоқ отбасыларға
балалар құқығын қорғау комитеті тарапынан бақылаудың
болуы... Жағдайы нашар балаларға қамқор органдардың
қадағалауын қатаңдату...»
Ата-аналар қоғамдық əсер туралы:
«Адамдардың бейқамдығы... Баланың адекватты емес
реакцияларына жауап беру... Балаларды қорқынышта ұстауға
болмайды... Балалар қоғамда болып жатқан жағымды өзгеріс-
тер мен жаңалықтарды қадағалауы... Баланың агрессиясына
агрессиямен жауап бермеу, үнемі баланы түсінуге тырысу...»
130
Сондықтан да ата-аналар бұл əлеуметтік институтқа бала
агрессиясының алдын алу жəне түзетуде маңызды орын алады.
«Мұғалімдермен байланыста болу... Дəрістер... Психолог-
тың, ата-ананың қатысуымен бірігіп кештер жүргізу... Атан-
аналар үшін семинарлар жəне дəрістер жүргізу... Мұғалімдер
жəне ата-аналар тарапынан қадағалаудың болуы... Баланың
сабаққа деген қатынасы мұғалімдерден, сыныптастарынан,
ата-аналарға байланысты... Сынып жетекшілерімен тəрбие
жұмыстарын жүргізу... Мамандарға бару... Агрессивті бала-
лармен жеке жұмыс жүргізу... Тақырыптық жоспарлар жүр-
гізу... Мұғалімдер тарапынан назар бөлу... Сынып жетекшісі əр
баланың отбасылық жағдайы туралы білуі керек... Қосымша
сабақтарға бару...»
Респонденттер бала агрессиясының алдын алу жəне түзету
бойынша маңызды фактор ретінде бұқаралық ақпарат құрал-
дарын атап өткен.
«Ақпаратты БАҚ арқылы қадағалау... Балаларды БАҚ-нан
шектеу... Компьютерлік ойындардан қорғау... Ойындарды өші-
ру... Қобалжумен байланысты ақпараттарды шектеу, бала
бағдарламаларын көрсету уақытын қадағалау... Күш көрсету-
мен байланысты телебағдарламаларды көруін шектеу...
Интернетте көп уақыт өткізбеу... Қорқыныш, триллерлер
фильмдерін көруге шектеу қою... Агентке, компьютерге шектеу
қою... Ұялы телефоныңызды бермеу...»
Баланың агрессивтілігінің алдын алу мен түзету
шараларының ішіндегі маңыздысы – балалардың демалыс
уақытын ұйымдастыру.
«Балаларды спорттық мектептерге қатыстыру... Бала-
ларға тегін демалыстар ұйымдастыру... Баланың отбасымен
демалысын ұйымдастыру керек... Көп уақытты таза ауада,
табиғатта өткізу... Балалардың сабақтары үшін тегін
үйірмелер ұйымдастыру... Шығармашылық пен спортқа деген
махаббатты дамыту... Мəдени даму деңгейін кеңейту...
Қоғамдағы мейірімділік шараларын көбірек ұйымдастыру...
107
Көк + сары: эмоционалды түңілу
Ішкі стресс эмоционалды түңілудің нəтижесі болып келеді.
Оны белгілі біреумен қарым-қатынасы қанағаттандырмайды:
олар тəуелділік жəне мəжбүрлік болып қабылданады.
Бір жағынан, ол бұл бауыр басушылықтан құтылғысы
келеді. Басқа жағынан – барынан ажырағысы келмейді. Оны бұл
жан-жаққа шашыратады. Адам оларды басқысы келеді, бұл
оның жүйке жүйесіне салмақ түсіреді. Денсаулығы нашарлайды.
Көк + күлгін: өзара түсінудің жоқ болуы
Стресстің алғышарты өзара түсіністіктің жоқ болуы.
Сондықтан да ол бұл қатынастарды жүрегіне жақын қабыл-
дайды. Адам шаршайды, ашуланады жəне жалғыздыққа
ұмтылады.
Көк + қоңыр: өзін-өзі қадағалаудың шектен тыс болуы
Стресс қазіргі қатынастармен қанағаттанбаумен, мойындау-
дың жоқ болуымен, қоршағандардың оны сыйламауынан
туындайды. Қатынастар адамды қынжылтады жəне оның
жанына батады. Жақсы қатынастар құруға эмоцияларды шектен
тыс қадағалау кедергі болады. Оның ойы бойынша өзін
көрсетудің бірден бір жолы бұл қатаң қадағалау деп түсінеді.
Көк + қара: тұрақсыздық
Стресстің себебі – эмоционалды қанағаттанбаушылық.
Қалыптасқан қатынастар жеке еркіндігінің шектелуі ретінде
қабылданады. Адам тəуелсіз болып қалғысы келеді. Сондықтан
да жүрекке жақын қатынастарды құра алмайды. Бұл қарама-
қайшылық эмоционалды шаршауға, мазасыздыққа, тұрақсыз-
дыққа алып келеді жəне бұл барлық қалған жұмыстарға əсер
етеді.
Жасыл түс: еріктің шиеленісуі
Жасыл + сұр: шешілмеген мəселеден құтыла алмау
Сыртқы жағдайлар қысымына қарсыласу қабілеті əлсіз. Ерік
жігері біткен. Адамды қажетті ойлаған нəтиженің жоқтығы жəне
күштің бітуі сезімі қатты қынжылтады. Адамның жүйкесі
Достарыңызбен бөлісу: |