Денсаулық сақтау министрі А.Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы « » __________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Медиицналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылды:
1) асептика – операция кезінде, емдеу және диагностикалық емшараларда инфекция қоздырғыштарының теріге, жараға және қуыстарға түсуінің алдын алуға бағытталған тәсілдердің жиынтығы;
2) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, сілемейлі қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микрооргнизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
3) антисептиктер – антисептика жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;
4) антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін бәсеңдететін, шығу тегі табиғи немесе жартылай синтетикалық дәрілік препараттар;
5) медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция – медициналық көмектің кез келген түрін көрсетумен байланысты (медициналық стационарларда және амбулаториялық-емханалық, білім беру, санаторлық-сауықтыру мекемелерінде, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде, жедел медициналық көмек көрсету, үйде көмек көрсету кезінде) немесе медициналық көмекті алғаннан кейін инкубациялық кезең ішінде пайда болған инфекциялар жағдайлары;
6) дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
7) дезинфекциялық құралдар – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;
8) инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы;
9) инфекциялық бақылау – медициналық ұйымдарда АІИ туындауының және таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүйесі;
10) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
11) инфекциялық бақылау маманы – АІИ алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыратын, олардың орындалуын бақылайтын, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау мәселелері бойынша медицина персоналын оқытуды және АІИ мониторингін қамтамасыз ететін эпидемиолог-дәрігер және/немесе эпидемиолог-дәрігердің көмекшісі, арнайы оқытылған мейіргер;
12) инфекциялық бақылау стандарттары – инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
13) жағдайды стандартты айқындау - осы жеке адамда белгілі бір аурудың немесе жай-күйінің болуы немесе болмауы туралы мәселені шешу үшін стандартты критерийлер жиынтығы (клиникалық белгілер мен зертханалық және басқа да диагностикалық зерттеу түрлерінің нәтижелерінің комбинациясы);
14) медициналық ұйымға инфекцияның әкелінуі – стационарға түскенге дейін болған және стационарда пайда болған немесе анықталған инфекциялық аурулар;
15) медициналық манипуляциялар жүргізу алгоритмі – МККБИ дамуы қаупін азайту мақсатында емдеу-диагностикалық манипуляциялар және профилактикалық іс-шаралар жүргізу технологиясы;
16) қауіп факторлары – бұл МККБИ пайда болуына мүмкіндік беретін қоршаған ортаның немесе организмнің өзінің жағдайы және инфекция қоздырғышын беруге қатысатын қоршаған ортаның элементтері;
17) штамм – микроорганизмнің таза өсіндісі;
18) экзогенді инфекция – сырттан енген микроорганизмдерді жұқтырудың нәтижесінде дамитын инфекция;
19) эндогенді инфекция – организмнің өз қоздырғыштарының белсенділігі нәтижесінде дамитын инфекция;
20) эндометрит – жатырдың сілемейлі қабығының ішкі беткі қабатында қабыну (эндометрия) үдерісін тудыратын ауру;
21) эпидемиологиялық қадағалау – инфекция жағдайлары туралы деректерді жүйелі жинау, салыстыру және талдау және медициналық көмектің және инфекциялық аурулардың алдын алудың сапасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдау үшін жауапты адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету;
22) эпидемиологиялық диагностика – эпидемиологиялық зерттеу әдістерінің көмегімен жүзеге асырылатын пациенттердің сырқаттанушылығы мен эпидемиологиялық жай-күйін тану. Қауіп бөлімшелерін, қауіп топтары мен ұжымдарын, сондай-ақ қауіп уақытын анықтауды, қауіп факторлары туралы гипотезаларды тұжырымдауды, бағалауды және дәлелдеуді, профилактика бағыттарын негіздеуді және оның нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді. Эпидемиологиялық диагностиканың негізгі бөлімдері ретроспективті және жедел эпидемиологиялық талдау болып табылады;
23) эпидемиологиялық маңызы бар медициналық манипуляциялар –медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде медициналық манипуляциялардың алгоритмі бұзылған жағдайда МККБИ туындайтын медициналық манипуляциялар.
2-тарау. Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды
Достарыңызбен бөлісу: |