Жоба «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»



жүктеу 72,27 Kb.
бет6/31
Дата23.02.2022
өлшемі72,27 Kb.
#37587
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
!0= 8 - ! -3 A

Хирургиялық жара инфекциялары


  1. Инфекциялық процестің локализациялануы бойынша хирургиялық араласуға байланысты инфекциялар: тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары, тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциялары және органның/қуыстың хирургиялық араласу айналасындағы инфекциялар болып бөлінеді.

  2. Тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары операциядан кейін отыз күннің ішіде пайда болады және тек тілік айналасындағы тері мен теріасты тіндерін қамтиды. Тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциясын анықтау критерийі пациентте инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының кем дегенде біреуінің:

    1. үстіңгі тіліктен іріңді бөліндінің болуы;

    2. үстіңгі тілік айналасынан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі;

    3. хирургиялық тілік айналасының ауырсынуы, аздаған ісіну, қызару, температураның көтерілуі оң нәтижені көрсетеді;

    4. хирургтың немесе басқа емдеуші дәрігердің хирургиялық араласу айналасындағы инфекция диагнозын қоюы болып табылады.

  1. Тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциясы имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Тілік аймағында терең хирургиялық инфекцияны анықтау критерийлері инфекция операциямен байланысты болып есептелуі және тілік айналасындағы терең жұмсақ тіндерді (фасциялды және бұлшықет қабаттарын) қамтуы және науқаста инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының біреуі:

    1. хирургиялық араласу айналасындағы органнан/ қуыстан емес, тілік тереңдігінен іріңді бөліндінің болуы.

    2. пациентте инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының: жараның шетттерінің өздігінен ашылуы немесе жара себіндісі теріс нәтиже беретін оқиғалардан бөлек, қызбаның болуы (37,5 ° C жоғары) немесе ауырсыну болған кезде хирургтың ашуы;

    3. тексеру, қайта операция жасау, гистопатологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде терең тілік айналасында абсцесс немесе инфекция белгілерінің байқалуы;

    4. хирург немесе басқа емдеуші дәрігер хирургиялық араласу айналасындағы терең енген инфекция диагнозын қоюы болып табылады.

  1. Хирургиялық араласу айналасындағы органдағы/ қуыстағы инфекция имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Хирургиялық араласу айналасындағы органдағы/ қуыстағы инфекцияны анықтау критерийлері инфекция операциямен байланысты болып есептелуі және инфекция (операция кезінде ашылған немесе алынған тері тілігінен, фасциялардан және бұлшықет қабаттарынан басқа) организмнің кез-келген бөлігін қамтуы және науқаста инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының біреуі:

    1. органда/ қуыста орнатылған дренажда іріңді бөліндінің болуы;

    2. органнан/ қуыстан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі;

    3. тексеру, қайта операция жасау, гистопатологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде органды/ қуысты қамтитын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілерінің байқалуы;

    4. хирург немесе басқа емдеуші дәрігер хирургиялық араласу айналасындағы органдағы/ қуыстағы инфекция (тиісті органдағы операциядан кейін пайда болған перитонит, остеомиелит, пневмония, пиелонефрит, медиастинит, эндометрит, цистит, уретрит, эндокардит) диагнозын ауруханадан шыққаннан кейін отыз тәуліктің ішінде қоюы болып табылады.




жүктеу 72,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау