Ауруханаішілік пневмония
-
Ауруханаішілік пневмонияның критерийлеріне медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның клиникалық, рентгенологиялық және зертханалық белгілерінің әртүрлі комбинациялары жатады. Қақырық себінділерінің нәтижелері қоздырғышты және микроорганизмдердің антибиотик сезгіштігін анықтау үшін қолданылады.
-
Ауруханаішілік пневмонияны анықтау критерийлері науқаста келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
кеуде қуысын физикальды тексеру кезінде қырылдың немесе перкуссия кезінде ақырын дыбыстың және мыналардың бірінің болуы:
қайта басталған іріңді қақырық немесе қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен микроорганизмді бөлу;
Транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан микроорганизмді бөлу;
-
Кеудені рентгенологиялық тексеру кезінде жаңа қайта басталған немесе прогрессиялаушы инфильтрацияның, индурацияның, өкпеқап тұтасуының немесе өкпеқапта сұйықтықтың жиналуының және келесілердің бірінің байқалуы:
қайта пайда болған іріңді қақырық немесе бөлінетін қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен патогенді микроорганизмді бөлу;
транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан үлгідерден патогенді микроорганизмді бөлу;
бронх сөлінен вирусты бөлу немесе вирусты антигенді табу;
Ig M классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) немесе қос сарысу үлгілерінде Ig G классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) қоздырғышқа төрт еселік артуы;
пневмонияның болуын растайтын гистопатологиялық деректер;
-
12 айға дейінгі науқаста келесі белгілердің: апноэның, тахипноэның, брадикардияның, ысқырықты сырылдар, жөтел екеуінің байқалуы және келесі кез-келген белгілердің болуы:
бронх сөлінің жиі бөлінуі;
іріңді қақырықтың пайда болуы немесе бөлінетін қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен патогенді микроорганизмді бөлу;
транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан үлгідерден патогенді микроорганизмді бөлу;
бронх сөлінен вирусты бөлу немесе вирусты антигенді табу;
Ig M классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) немесе қос сарысу үлгілерінде Ig G классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
пневмонияның болуын растайтын гистопатологиялық деректер;
-
12 айға дейінгі науқаста кеудені рентгенологиялық тексеру кезінде жаңа қайта басталған немесе прогрессиялаушы инфильтрацияның, нығызданудың, өкпеқап тұтасуының немесе өкпеқапта сұйықтықтың жиналуының және келесілердің бірінің байқалуы байқалуы:
бронх сөлінің жиі бөлінуі;
іріңді қақырықтың пайда болуы немесе бөлінетін қақырық сипатының өзгеруі;
қан себіндісінен патогенді микроорганизмді бөлу;
транстрахальды аспирация арқылы, бронх шайындыларынан немесе биопсия арқылы алынған материалдан үлгідерден микроорганизмді бөлу;
бронх сөлінен вирусты бөлу немесе вирусты антигенді табу;
Ig M классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) немесе қос сарысу үлгілерінде Ig G классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
пневмонияның болуын растайтын гистопатологиялық деректер.
Достарыңызбен бөлісу: |