Жүрек-қантамыр жүйесі инфекциялары
Жүрек-қантамыр жүйесі инфекцияларына медициналық көмек көрсетумен байланысты артерия немесе тамыр, эндокардит, миокардит, перикардит және медиастенит инфекциялары жатады.
Артерия немесе тамыр инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
хирургиялық араласу кезінде тамыр немесе артерия қабырғаларынан алынған тін үлгілерінің себіндісінде микроорганизмді бөлу, бұл кезде қан себіндісі зерттелмейді немесе микроорганизмдер себілмейді;
зақымдалған тамыр айналасындағы инфекцияның хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын белгілері;
келесілердің біреуінің: қызба (38 ° С-тан жоғары), зақымдалған тамыр айналасындағы ауыру сезімінің, эритеманың, қызудың және келесі жағдайлардың бірінің болуы болып табылады:
тамырішілік канюля ұшынан алынған, жартылай сандық жолмен өсірілген үлгі себіндісінде 15-тен астам колонияның;
қан себінділері зерттелмеген жағдайда немесе патогенді микроорганизмдер саны артпаған кезде;
зақымдалған тамыр айналасынан ірің ағуы, бұл кезде қан себінділері зерттелмейді немесе патогенді микроорганизмдер саны артпайды;
12 айға дейінгі науқаста келесілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, дизурияның, ұйқышылдықтың, құсудың, зақымдалған тамыр айналасындағы ауру сезімінің, эритеманың, қызудың және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
тамырішілік канюля ұшынан алынған, жартылай сандық жолмен өсірілген үлгі себіндісінде 15-тен астам колонияның;
қан себінділері зерттелмеген жағдайда немесе патогенді микроорганизмдер саны артпаған кезде.
Жүрек қақпақшасының немесе қақпақшалы протездің инфекциялық эндокардитін анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
қақпақша тіні үлгісінің себіндісінде немесе вегетацияда микроорганизмді бөлу;
басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (38 ° С-тан жоғары), жүректе жаңа шуылдардың пайда болуы немесе бұрыңғы шуылдары сипатының өзгеруі, эмболиялық құбылыстар, терідегі белгілер (нүктелі немесе сызықтық қан ағулар, тері астындағы ауыратын түйіншектер), іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, электр өткізгіштіктің бұзылуы, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және келесі кез-келген жағдайлардың екеуінің болуы:
қанның екі себіндісінде микроорганизмді бөлу;
себінділерді зерттеу теріс нәтижелер берген немесе ол жүргізілмегеен жағдайда қақпақша тіні үлгісін Грам бойынша бояу кезінде микроорганизмдерді табу;
хирургиялық араласу немесе аутопсия кезінде байқалатын вегетацияның;
қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
эхокардиографиялық зерттеу кезінде жаңа вегетациялардың пайда болу белгілері болып табылады;
12 айға дейінгі науқаста басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің немесе одан көбінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, жүректе жаңа шуылдардың пайда болуының немесе бұрыңғы шуылдары сипатының өзгеруінің, эмболиялық құбылыстардың, терідегі белгілердің, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, электр өткізгіштіктің бұзылуы, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауының және келесі кез-келген жағдайлардың біреуінің болуы:
қанның екі себіндісінде микроорганизмді бөлу;
себінділерді зерттеу теріс нәтижелер берген немесе ол жүргізілмегеен жағдайда қақпақша тіні үлгісін Грам бойынша бояу кезінде микроорганизмдерді табу;
хирургиялық араласу немесе аутопсия кезінде байқалатын вегетацияның;
қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
эхокардиографиялық зерттеу кезінде жаңа вегетациялардың пайда болу белгілері болып табылады.
Инфекциялық миокардитті немесе перикардитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
перикардты пункциялау арқылы немесе хирургиялық араласу кезінде алынған тін үлгілерінде немесе перикард сұйықтығында микроорганизмді бөлу;
басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), кеуде ауыруының, парадоксальды пульстың, жүрек көлемінің ұлғаюы келесі кез-келген жағдайлардың біреуінің болуы:
ЭКГ арқылы байқалатын, миокардитке немесе перикардитке тән бұзылыстар;
қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
жүрек тінін гистологиялық зерттеу кезінде анықталған миокардит немесе перикардит белгілері;
жұтқыншақ тіні немесе нәжіс үлгілерінің себінділерінде вирусты бөлу немесе бөлмеу арқылы бір мезгілде типтік спецификалық антиденелер деңгейінің төрт есе жоғарылауы;
эхокардиография, компьютерлік томография (бұдан әрі - КТ), ядролық магнитті-резонанстық томография (бұдан әрі - МРТ), ангиография арқылы немесе инфекцияның болуын растайтын басқа да рентгендік деректермен анықталатын перикардиальды бөлінді;
12 айға дейінгі науқаста басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, парадоксальды пульстың, жүрек көлемінің ұлғаюы және келесі кез-келген жағдайлардың біреуінің болуы:
ЭКГ арқылы байқалатын, миокардитке немесе перикардитке тән бұзылыстар;
қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
жүрек тінін гистологиялық зерттеу кезінде анықталған миокардит немесе перикардит белгілері;
жұтқыншақ тіні немесе нәжіс үлгілерінің себінділерінде вирусты бөлу немесе бөлмеу арқылы бір мезгілде типтік спецификалық антиденелер деңгейінің төрт есе жоғарылауы;
эхокардиография, КТ, МРТ, ангиография арқылы немесе инфекцияның болуын растайтын басқа да рентгендік деректермен анықталатын перикардиальды бөлінді болып табылады.
Медиастенитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
көкірек қуысын пункциялау арқылы немесе хирургиялық араласу кезінде алынған көкірек қуысы тінінің үлгілерінде микроорганизмді бөлу;
хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық зерттеу деректерімен расталатын медиастенит белгілері;
келесілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), кеуде ауыруының, төс сүйегі қозғалуының және келесі кез-келген жағдайлардың біреуінің болуы:
көкірек қуысы айналасынан ірің ағу;
қан себіндісінде немесе көкірек қуысы айналасындағы бөліндіде микроорганизмді бөлу;
көкірек қуысы рентгенограммада көрінетін ұлғаюы;
12 айға дейінгі науқаста келесілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, төс сүйегі қозғалуының және келесі кез-келген жағдайлардың біреуінің болуы:
көкірек қуысы айналасынан ірің ағу;
қан себіндісінде немесе көкірек қуысы айналасындағы бөліндіде микроорганизмді бөлу;
көкірек қуысы рентгенограммада көрінетін ұлғаюы.
Достарыңызбен бөлісу: |