Орталық жүйке жүйесі инфекциялары
Орталық жүйке жүйесі инфекцияларына бассүйекішілік инфекциялар, менингиттер, вентрикулиттер және медициналық көмек көрсетумен байланысты менингитсіз жұлын
абсцестері жатады.
Бассүйекішілік инфекцияларды (бас миы абсцесі, субдуральды немесе эпидуральды инфекция, энцефалит) анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
бас миы немесе қатты ми қабықшасы тінінің үлгілерінде микроорганизмді бөлу;
хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық зерттеу деректерімен расталатын абсцесс немесе бассүйекішілік инфекция белгілері;
басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің екеуінің: бастың ауыруының, айналуының, қызбаның (38 ° С-тан жоғары), және топиялық неврологиялық белгілердің болуы, сана деңгейінің өзгеруі, шатасуы, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және келесі кез-келген жағдайлардың болуы болып табылады:
пункциялау арқылы немесе хирургиялық араласу кезіндегі биопсия немесе аутопсия кезінде алынған бас миы тінінің үлгілерін немесе абсцесс құрамын микроскопиялықзерттеу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу;
қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
инфекция болуын растайтын рентгенологиялық деректер;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
12 айға дейінгі науқаста келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, локализацияланған неврологиялық белгілердің сана деңгейінің өзгеруі, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және келесі кез-келген жағдайлардың болуы болып табылады:
пункциялау арқылы немесе хирургиялық араласу кезіндегі биопсия немесе аутопсия кезінде алынған бас миы тінінің үлгілерін немесе абсцесс құрамын микроскопиялық зерттеу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу;
қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы.
Менингитті немесе вентрикулитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
1) жұлын-ми сұйықтығы себіндісінде микроорганизмді бөлу;
2) басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, мойын бұлшықетінің қаттылығы, менингеальды белгілер, бассүйек-ми жүйкелері жағынан болатын белгілер, ашушаңдық, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
жұлын-ми сұйықтығында лейкоциттер мен ақуыз деңгейлерінің артуы және/немесе глюкоза деңгейінің төмен болуы;
жұлын-ми сұйықтығы үлгілерін Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу;
қан себіндісінде микроорганизмді табу;
жұлын-ми сұйықтығын, қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы;
3) 12 айға дейінгі науқаста басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), гипотермияның (37°С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, мойын бұлшықетінің қаттылығы, менингеальды белгілер, бассүйек-ми жүйкелері жағынан болатын белгілер, ашушаңдық, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
жұлын-ми сұйықтығында лейкоциттер мен ақуыз деңгейлерінің артуы және/немесе глюкоза деңгейінің төмен болуы;
жұлын-ми сұйықтығы үлгілерін Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді табу;
қан себіндісінде микроорганизмді табу;
жұлын-ми сұйықтығын, қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
IgM классындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі (иммуноглобулин M) және/ немесе қос сарысу үлгілерінде IgG классындағы антиденелердің (иммуноглобулин G) патогенге төрт еселік артуы.
Трансплаценттік жолмен пайда болған менингитке сенімді дәлелдер болмаса, жаңа туған сәбилердегі менингит МККБИ болып есептеледі.
Шунтты орнатқаннан кейін 12 ай ішінде пайда болатын инфекция хирургиялық операциядан кейінгі менингит болып есептеледі, егер ол шунтты орнатқаннан кейін 12 айдан немесе одан көп уақыттан соң пайда болса, ОЖЖ инфекциясы есептеледі.
Менингоэнцефалит менингит болып есептеледі.
Менингитті жұлын ми абсцессі менингит болып есептеледі.
Менингитсіз жұлын абсцесін (жұлын-ми сұйықтығын немесе жақын орналасқан сүйек құрылымдарын қоспағанда жұлын, эпидуральды немесе субдуральды кеңістігіндегі абсцесс) анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
жұлын, эпидуральды немесе субдуральды кеңістігіндегі абсцесс құрамында микроорганизмді бөлу;
хирургиялық араласу немесе аутопсия кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық зерттеу деректерімен расталатын жұлын, эпидуральды немесе субдуральды кеңістігіндегі абсцесс;
басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін келесілердің біреуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), арқаның ауруының, ошақты гиперстезияның, радикулиттің, парапарездің, параплегияның, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және келесі жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;
жұлын абсцесін растайтын рентгенологиялық деректер.
Достарыңызбен бөлісу: |