Қасқыр туралы аңыз. - Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар. Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсің» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған-мыс… Тағы бір аңыз: «Айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…
Красный волк. Қызыл қасқыр. Cuon alpinus. - Қызыл қасқыр - (лат. Cuon alpinus) — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанда Тянь Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұзындығы 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл Қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде Қызыл Қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қызыл Қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда Қызыл Қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
- Ең кішкентай қасқырлар Таяу Шығыста мекен етеді. Олардың салмағы бар-жоғы 30 кг. Ал ең ауыр және ірі қасқырлар Канада, Аляска және Ресей аумағында көптеп кездеседі. Олардың салмағы 80 кг асады.
- Қасқырлар бір-бірін келе жатқан қауіп-қатерден сақтандыру үшін ұлиды. Жалғыз ғұмыр кешетін жануарлар жалғыздықтан да ұлуы мүмкін. Әдетте олар 5 секундтан артық дауысын созбайды.
- Қасқырдың көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады. Осы қабат арқылы олар түнде де айналысындағы қозғалыстарды айқын бақылап отыра алады.
- Қасқырлар өмір сүретін міндетті түрде бір топ қарғалар да болады. Олар жыртқыштардан қалған азықты шұқып жеп, күн көреді. Кейде қасқырларды өздеріне қорған ретінде пайдалануы мүмкін.
- Ежелгі ацтектер қасқырдың бауырын меланхолияны емдеуге пайдаланған. Орта ғасырда еуропалықтар қасқырдың бауырын толғағы келген әйелдердің ауруын басу үшін пайдаланған.
- Ежелгі үндістер қасқырды өлтірген қаруды ары қарай пайдаланбайтын болған. Сонымен қатар, олар өлген қасқырдың бауырлары міндетті түрде кек алуға талпыныс жасайды деп сенген. Англияда жабайы қасқырлар 1500 жылы атылып болды. Ирландияда 1700 жылы, Дат жерінде 722 жылы жергілікті халық қасқырларды құртып бітірген. Қасқырларды алғаш Қызыл кітапқа енгізен-германия мемлекеті. Бұл шешім 1934 жылы Фридрих Ницше мен Осавльд Шпенгелердің ықпалымен қабылданған. Қызыл кітапқа енген жануарлардың ең алғашқы осы қасқырлар болып табылады. Басқа жануарларға қарағанда, қасқырлар өзара түсінісу үшін мимикаларды көбірек қолданады. Қазіргі кезде жылына шамамен 7000 қасқырдың терісі сатылады. Олар негізінен Ресей, Монғолия, Қытай елдерінен шығады. Халық бұл терілерді пальто тігу үшін пайдаланады.
- Қазіргі кезде қасқырлардың популяциясы шамамен мынадай. Канада мен Аляскада 50 мың қасқыр, АКШ-та 6500. Еуропа аумағы бойынша, Италияда 300, Испанияда 2000 мың, Норвегия мен Швейцарияда 80, Польшада 700, бұрынғы КСРО аумағында 70 мыңнан астам жануар тірлік етуде.
Қасиеттері. - Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктеріне негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көк бөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көк бөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
Тянь-Шань аюы. Бурый медведь, тянь-шаньский подвид. Ursus arctos isabelinus. - Тянь-Шань қоңыр аюы (лат. Ursus arctos isabellinus) – жыртқыштар отряды, аю тұқымдасына жататын қоңыр аюдың бір түр тармағы. Тянь-Шань мен Памир
- тауларында тараған. Қазір Өгем, Қоржынтау, Кетпен, Талас, Іле Күнгей, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында кездеседі. Тянь-Шань қоңыр аюының аталығы (матай) аналығының (кірекей) ірі болады. Аталығының денесінің ұзындығы 2,55 м, бойының биіктігі 1,35 м, салмағы 600 кг. Негізінен құрлық та тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді, ағашқа да өрмелей алады. Үш жаста жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы өздері жасаған апанында екі жылда бір рет балалайды.
- Қонжықтары үшін қасқырлар мен барыстар өте қауіпті. Саны жылдан-жылға азаюда.
- Балтық бойы елдерінде оларды аулауға тыйым салынған. Қолға тез үйреніп, цирктерде түрлі ойындар көрсетуге пайдаланылады.
- Дүниежүзінің көптеген елдерінде зоопарктерде ұсталып, жақсы көбейді. Қазақстанда Алматы хайуанаттар паркінде Тянь-Шань қоңыр аюының 3 басы бар. Ақсу-Жабағылы
- Алматы қорықтарында, Лепсі, Тоқты қорықшаларында қорғалады. Саны өте аз, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Сары құтан. Желтая цапля. Ardeola ralloides. - Сары құтан (лат. Ardeola ralloides) - өзінің таралу аймағында саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің атырауы мен Жайықтың төменгі ағысында ұялайды, бұрын аздап Сырдарияның сағасында мекендейтін. Солтустік Каспийдегі жалпы саны 2 мыңдай. Өзендер мен көлдердегі қамысты қапаларды мекендейді. Санының кемуіне әсер ететін факторлар - су жүйесінің өзгеруі, аңшылық, ұяны жыртқыш құстардың бұзуы, мекенін адамдардың мазалауы. Бұл түрдің ұялайтын аймақтарын маусымдық қорыққа айналдыру қажет.
- Сары құтанның бір ерекшелігі — ұясына адамдардың келгенін көрсе, ұясын тастап басқа жерге ұшып кетеді.
- Ұсақ балық шабақтарымен, ұлулармен, су жәндіктері және ұсақ кемірушілермен коректенеді.
- Соңғы мәлімет бойынша кіші аққұтанның саны 500, ал сары құтан 1 мыңға жуық (2003). Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал құтанның Корея мен Қытайда ғана кездесетін, тіршілігі әлі толық зерттелмеген-сарытұмсық құтан — Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |