2. Вакуум - сүзгілер - гидросынау. 3. Ыдыстар – су ағынымен сынау. 4. Буландырғыштардың корпусы - гидросынау және ауамен сынау. 5. Кеме корпустық құрылымдары – сынауға дайындау. 6. Желге төзімді фонарьлар – бензинде сынау. § 28. ГЕРМЕТИКАЛЫҒЫН СЫНАУШЫ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Пішіні, өлшемі мен салмағы әртүрлі құйма және дәнекерленген бөлшектер мен аппаратураларды белгіленген техникалық талаптар бойынша сынауға дайындау. 5 - 15 МПа ( 50 до 150 кгс/кв.см астам) гидравликалық қысыммен вакуумда 0,4 - 1,6 МПа (4 до 16 кгс/кв.см астам) пневматикалық қысыммен сынау. Аспаптарды аппаратураға орнату және аспаптарды бақылау. Аспаптардың сынау құралдарын баптау. Білуге тиіс: гидравликалық нығыздауыштың, сорғының, орама құбырларды гидросынау жөніндегі станоктың, әртүрлі типті жабдықтардың, олардың құрылғыларының және сынау стенділерінің конструктивті құрылысы; сынау құрылғыларын баптау тәсілдері; сынау кезінде қолданылатын слесарлық-монтаждау құралының мақсаты; техникалық талаптарға сәйкес сынау және таңбалау ережесі; қысылған газ, су және басқа да сұйықтықтардың, сондай-ақ металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптары мен таразылардың мақсаты және қолданылу ережесі; бұйымдардың ақаулықтарын анықтау тәсілдері. Жұмыс үлгілері 1. Теңестіру бактары – дәнекерлеу және фланецтік қосылыстардың тығыздығы мен беріктігін гидросынау. 2. Барлық өлшемді бұрандалар, ысырмалар, крандар мен клапандар - сынау. 3. Ыдыстар – тараларға салу және керосин ағынымен сынау. 4. Металл ұнтақтардан жасалған қаңылтырлар мен таспалар – герметикалығын сынау. 5. Тұғыр – жіктердің беріктігі мен тығыздығын сынау. 6. Қысым реттеуіштері - сынау клапандар мен жіктердің беріктігі мен тығыздығын сынау. 7. Рессиверлер - жіктердің беріктігі мен тығыздығын сынау. 8. компрессорлардың цилиндрлері, жинақтағы сорғылардың корпустары мен қақпақтары - герметикалығын сынау. 9. Металмен және дюрирлеп оралған шлангалар - сынау. § 29. ГЕРМЕТИКАЛЫҒЫН СЫНАУШЫ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген конструкцияларды, ыдыстар мен арматуралардың герметикалығын 15,0 - 30,0 МПа (150 - 300 кгс/кв.см) гидравликалық қысыммен, 1,6 - 4,0 МПа (16 - 40 кгс/кв.см) пневматикалық қысыммен сынау. Сынау кезінде анықталған қарапайым ақаулықтарды жою. Білуге тиіс: конструкциялар мен арматураларды сынау ережесі және сынауға қойылатын техникалық талаптар; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен мақсаты; қоспаланған, тоттанбайтын болаттың, түсті және арнайы балқымалардың механикалық қасиеттері; сынау кезінде анықталған қарапайым ақаулықтарды жою әдістері. Жұмыс үлгілері 1. Клинкет есіктер - өткізбеушілік қасиетін сынау. 2. Палубадағы сыртқы қаптама бойынша жапсырма қаңылтырлар – ақаулықтарын жою. 3. Кеме палубасы - сынау. 4. Орын жай – герметикалығын сынау. 5. Түйіндер мен тораптар – герметикалығын сынау. 6. Жалғамалар – сынаудан кейінгі ақаулықтарды жою. 7. Екінші түбінен жоғары орналасқан жанармай цистерналары – герметикалығын сынау. § 30. ГЕРМЕТИКАЛЫҒЫН СЫНАУШЫ 5-разряд Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген конструкциялар мен арматуралардың герметикалығын 30 МПа астам (300 кгс/кв.см) гидравликалық қысыммен, 4 МПа (40 кгс/кв.см) астам пневматикалық қысыммен сынау. Сынау кезінде анықталған күрделі ақаулықтарды жою. Білуге тиіс: кеме конструкциялары мен арматураларды жоғары қысым жағдайында сынау ережесі және техникалық шарттары; сынау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен конструктивтік ерекшеліктері; сынау кезінде анықталған күрделі ақаулықтарды жою әдістері. Жұмыс үлгілері 1. Блоктар - док - камерада сынау. 2. Үлкен көлемді кеме конструкциялары - сынау. 3. Дудон аралық бөліктер, шахталар, түсетін жер - өткізбеушілік қасиетін сынау. § 31. БҰЙЫМДАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУШЫ 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Сызбаларды, технологиялық құжаттаманы, машиналардың тораптарын, механизмдерді, аппараттарды, аспаптарды, тауарлық жиынтықтар мен құралдарды сызбалар, айырықшалықтар, каталог және макеттер бойынша жинақтау. Құрастырылатын бұйымға қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдарды іріктеу және құрастыру. Құрастырылатын бұйымдарды бүлінуден сақтау. Бөлшектерді уақытша консервілеу. Анағұрлым күрделі тораптарды, бұйымдар мен технологиялық құжаттаманы біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. Қабылдап-тапсыру құжаттамасын ресімдеу және құрастыру ведомостерін жасау. Білуге тиіс: құрастыру бойынша нұсқаулық, құрастырылатын бұйымдардың номенклатурасы, тораптары мен бөлшектерінің өлшемдері мен мақсаты; сызбалар, сұлбалар, айырықшалықтар, ведомостер, прейскуранттар мен каталогтар бойынша құрастыру ережесі; материалдардың, бекітілген және қалыпталған бөлшектер мен тораптардың стандарттары; шартты белгілер мен құрастырылатын бөлшектердің, бұйымдар мен құралдардың саны жүйесі; құрастырылатын бұйымдарды, материалдар мен бөлшектерді қоймаға салу және бүлінуден сақтау тәсілдері; құрастырылатын бұйымдарды, материалдарды орап-түю және тасымалдау тәсілдері; қарапайым бөлшектер мен тораптарды консервілеу ережесі; құрастырып арту ведомостері мен айырықшалықтарын ұстау; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының қолданылу ережесі; құрастырылатын бөлшектердің жарамдылығын анықтау тәсілдері; бөлшектерді таңбалау және белгі салу бойынша нұсқаулық. Жұмыс үлгілері 1. Агрегаттар тораптар – құрастыру (болттарды, гайкаларды, шайбаларды, жапсырмаларды, түйреуіштерді, қамыттарды іріктеу). 2. Қалыпталған, үнемі ауыстырылатын бөлшектер – ведомосі бойынша құрастыру. 3. Қалыптанған бекіткіш бөлшектер – құрастыру ведомосі бойынша іріктеу және қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |