Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2018 жылғы __ _______
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (6-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (6-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА) күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға орындау күрделілігі бойынша сәйкес келетін ұңғымаларды бұрғылау және мұнай мен газ өндіру бойынша жұмыстарды қамтиды.
2. БТБА-ны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.
3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар, осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
2-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының разрядтары бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Бұрғы ерітіндісін дайындаушы, 2-разряд
4. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғы ерітіндісін дайындаушының басшылығымен бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу;
балшық араластырғышты немесе гидроараластырғышты балшықпен, сумен, ауырлатқышпен, химреагенттермен толтыру;
балшық араластырғышты немесе гидроараластырғышты қосу және тоқтату, жаппаларды ашу және дайын бұрғы ерітіндісін қосалқы амбарларға айдау;
бұрғыларға жөнелту үшін ерітінді тасығыштарға бұрғы ерітіндісін толтыру;
балшық араластырғыштың немесе гидроараластырғыштың жұмысын қадағалау;
ағызу шламбілері мен балшық араластырғышты шөгіндіден тазарту;
химреагенттер мен ауырлатқыштарды түсіру және тасымалдау.
5. Білуге тиіс:
балшықтың, ауырлатқыштар мен химреагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін;
бұрғы ерітіндісінің, ауырлатқыштар мен химреагенттердің нысанын;
бұрғы ерітіндісінің параметрлерін анықтайтын бақылау-өлшеу аппаратурасының нысанын және оны пайдалану қағидаларын;
химреагенттермен жұмыс істеу қағидаларын, бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу жабдығы мен құрылғылардың нысаны мен құрылысын.
Параграф 2. Бұрғы ерітіндісін дайындаушы, 3-разряд
6. Жұмыс сипаттамасы:
бұрғы ерітіндісін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу;
бұрғы ерітіндісін қосалқы амбарлар мен ерітінді тасығыштарға толтыру;
бұрғы ерітіндісін дайындау және айдау кезінде насостардың жұмыс режимін іріктеу;
насостар мен жоғары қысым желілерін престемелеуге, балшық зауытында немесе бұрғылауда орнатылған насостар мен өзге де жабдықты алдын ала және ағымдағы жөндеуге қатысу.
7. Білуге тиіс:
балшықтың, ауырлатқыштар мен химреагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін;
механикалық және гидравликалық балшық араластырғыштардың, жетекті механизмдер мен балшық зауытының өзге де жабдықтарының техникалық сипаттамасы мен жұмыс принципін, слесарь ісін, орындалатын жұмыс көлемінде.
Параграф 3. Бұрғы құлыптарын орнатушы, 4-разряд
8. Жұмыс сипаттамасы:
бөлшектерді бұрғылау трубаларына ыстық күйінде және тез балқитын бұрғы трубаларына суық күйінде орнату;
трубалардың, құлыптардың, муфталардың резьба элементтерін тексеру және оларды калибрлеу процесінде ақауға шығару;
құлып бөлшектерін трубаға тартпа бойынша селективті іріктеу;
резьбаларды барлық жүйедегі калибрлер бойынша өлшеу;
калибрлердің, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдың жай-күйін бақылау;
құлып бөлшектерін түрлі қыздыру пештерінде қыздыру;
құлып бөлшектерін қыздыру температурасын және олардың бекітілу сапасын бақылау.
9. Білуге тиіс:
трубалардың, құлыптардың, муфталардың, қолданылатын калибрлердің, өлшеу құралдарының нысанын, типі мен мөлшерін;
резьба түрлері мен оларға белгіленген шектеулерді, трубалардағы таңба мағынасын;
құлып бөлшектерін ыстық күйінде бекіту сәтінің қағидалары мен шамасын;
қыздыру пештерінің конструкциясын;
құлып бөлшектерін қыздыру температурасын анықтайтын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын;
трубаның барлық түрлерінің резьбасын майлауға арналған пастаның құрамы мен нысанын;
механикалық кілттің құрылысын және оны басқару қағидаларын.
Параграф 4. Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь, 4-разряд
10. Жұмыс сипаттамасы:
жекелеген агрегаттарды, жүйелер мен қондырғыларды біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғыға қызмет көрсетуші слесардың басшылығымен бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау және қызмет көрсету;
бұрғы насостарының тозған бөлшектерін ауыстыру;
мұнараның, таль жүйесінің, маршты баспалдақтың жай-күйін тексеру;
сағалық және фонтанды арматураны құрастыру, бұрғы қондырғысы жабдығын демонтаждау жөніндегі жұмыстарға қатысу.
11. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы мен пайдалану қағидаларын;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану қағидаларын;
таль желісін жабдықтау әдістерін;
бұрғы жабдығын майлау қағидалары мен картасын;
шығарындыға қарсы жабдықты орнату схемасын, қолданылатын шағын механизация құрылғыларының және бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын.
Параграф 5. Бұрғыға қызмет көрсетуші слесарь, 5-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:
әртүрлі агрегаттар мен бұрғылау қондырғыларын, сондай-ақ пневматикалық басқару жүйелері мен оның блоктау құрылғыларын, құралды автоматты түсіру мен көтеру механизмдері кешенін, шығарындыға қарсы жабдықты және оны басқару қондырғысын, автоматты бұрғы кілттерін, бақылау-өлшеу аспаптарын, бұрғылау ерітіндісін дайындау блоктарын, шығыр мен жүк көтеру крандарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау және қызмет көрсету;
айналма колонналар мен ұңғыма сағасы жабдығын түсіру, сағалық және фонтанды арматураны құрастыру және орнату, бұрғылау қондырғыларын монтаждау, демонтаждау және пайдалануға тапсыру жұмысына қатысу.
13. Білуге тиіс:
бұрғылау қондырғысының жабдығы мен қолданылатын аспаптардың конструктивтік ерекшеліктерін;
бұрғылау қондырғысы мен жабдығын жөндеу, құрастыру, монтаждау кезіндегі жұмысты ұйымдастыру және оның технологиялық кезектілігін;
бұрғылау қондырғысының жабдығын пайдалану қағидаларын, оларды жөндеу кезінде қолданылатын барлық материал түрлерін;
бөлшектердің уақытынан бұрын тозуын айқындау тәсілдерін, машиналар мен агрегаттарды статикалық және динамикалық теңгермелеуді;
тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерін, мұнай, газ, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі мәліметтерді, тораптар мен механизмдерді майлау жүйесін.
Мұнай мен газды пайдалану және тереңнен барлап бұрғылау қондырғыларына қызмет көрсету кезінде – 6-разряд.
14. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап
етіледі.
Параграф 6. Бұрғыға қызмет көрсетуші электр монтері
15. Жұмыс сипаттамасы:
бұрғылау қондырғыларының электр жабдығына, кернеуі 6 киловольтқа дейінгі электр қозғағыштардың таратып бөлу құрылғыларына, кернеуді басқару станцияларына, насос жетектеріне, шығырлар мен өзге де жабдықтарға, долоттың берілуін реттеуішті басқару станциясына, түсіру-көтеру операциялары автоматының электр ұнтақты тежегішіне, қайталама коммутация және релелік қорғаныс схемаларына ток, дифференциалдық және өзге де қызмет көрсету;
автоматты басқарылатын кернеуі 6 киловольтқа дейінгі электр жабдығы мен жетектеріне қызмет көрсету;
бұрғылау қондырғыларының барлық электр жабдықтары мен жерге қосу құрылғыларын монтаждан кейін қабылдау, электр қозғағыштарды инженерлік-техникалық персоналдың қадағалауымен сынап қосу;
электр техникалық жабдықтың күрделі сызбалары мен құрылғыларындағы ақауларды тексеру және жою;
электр қозғағыштарды басқарудың контактісіз элементтерде (тиристорлы сызбамен) жасалған күрделі басқару схемаларындағы ақауларды тексеру және жою;
электр жетектердің тиристорлық өзгерткіштері жәшіктерін реттеу және баптау;
электрлі машинамен басқарылатын, ток пен кернеу бойынша кері байланысты агрегат электр жабдығына қызмет көрсету;
электр қазандықтарына қызмет көрсету және жөндеу;
бұрғылау қондырғысының электр жабдығының таратып бөлу құрылғысын ұңғыманы бұрғылау процесінде жөндеу және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
16. Білуге тиіс:
мұнай, газ, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазба ұңғымаларын анықтауға бұрғылаудың технологиялық процесін;
электр техникасы, телемеханика және электроника негіздерін;
электр машиналарының, аппараттардың, өлшеу, автоматты реттеу және телемеханика аспаптарының құрылымы мен электр схемаларын;
электр жабдығын, кабельді және ауа желілерін сынақтан өткізу әдістерін, қызмет көрсетілетін нысанның және бұрғылау қондырғысының әр учаскесінің толық электр схемасын;
күрделі электр аспаптарын, өлшеу, пісіру және күштік трансформаторларды, түзеткіштерді, насостардың, шығырлардың, роторлар мен долот беру автоматтарының қозғағыштарын тиристорлық басқару схемасын қоса, автоматты реттеу аспаптарын жөндеу және баптау қағидаларын;
өзгерткіштер мен әртүрлі генераторлардың жұмыс қағидатын, электр машиналары мен аппараттарының жекелеген бөліктерін бұрғылау жағдайында ауыстыру тәсілдерін, қуат коэффициентін арттыруға арналған статикалық конденсаторларға деген қажеттілік есебін, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу қағидаларын.
17. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Негізгі агрегат ретінде қоса алғандағы қуаты 320 киловольтқа дейінгі (қоса алғанда) асинхронды электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 4-разряд;
Негізгі агрегат ретінде тұрақты ток электр қозғағыштары, синхронды жоғары вольтты қозғағыштар немесе қуаты 320 киловольттан жоғары 500 киловольтқа дейінгі 320 киловольтқа дейінгі синхронды және асинхронды электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 5-разряд;
Негізгі агрегат ретінде қуаты 500 киловольттан жоғары, тұрақты және ауыспалы ток электр қозғағыштары қолданылатын ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 6-разряд.
Параграф 7. Вакуумдық қондырғы машинисі
18. Жұмыс сипаттамасы:
объектіде вакуумдық қондырғыны жұмысқа дайындау;
газды конденсатты, құйылған (өңделген) мұнай өнімдерін механикаландырылған жинау бойынша технологиялық процесті жүргізу және оларды кәдеге жарату орнына жеткізу;
вакуумдық насос жұмысының өлшемдерін, мұнай құйылатын цистернаның, бақылау-өлшеу аспаптарының және қызмет көрсетілетін қондырғы мен автомобильдің барлық қосалқы механизмдерінің техникалық жай-күйін бақылау;
жабдықты, қондырғыны және автомобильді профилактикалық және ағымдағы жөндеуді орындау;
қондырғы жұмысын есепке алу журналын жүргізу;
автомобиль басқару, жанар-жағармай материалдарын және салқындатқыш сұйықтық құю.
19. Білуге тиіс:
мұнай және газ өндіру процесі туралы негізгі мәліметтер;
мұнайдың, газды конденсаттың және түрлі мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері;
мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдері;
ұңғыма сағасын тарту схемасы;
вакуумдық қондырғының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану қағидалары;
орындалатын жұмыс көлемінде слесарлық іс, жол қозғалысы және автомобильдерді техникалық пайдалану қағидалары;
автомобильді пайдалану процесінде туындаған ақау себептері, оны анықтау және жою тәсілдері;
техникалық қызмет көрсету тәртібі және автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау қағидалары;
аккумуляторлық батареяларды және автомобиль дөңгелектерін пайдалану қағидалары;
автомобильдердің жөндеуаралық жүруін ұлғайту тәсілдері;
жаңа автомобильдерді және күрделі жөндеуден кейін жүргізу қағидалары;
қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары, ауа райы жағдайының автомобиль жүргізу қауіпсіздігіне әсері;
жол-көлік оқиғаларын болдырмау тәсілдері;
қызмет көрсетілетін қондырғы жұмысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру қағидалары;
дала жағдайында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктері.
Біліктілігі жоғары вакуумдық қондырғы машинисінің басшылығымен қызмет көрсету кезінде – 3-разряд (вакуумдық қондырғы машинисінің көмекшісі).
10 куб метрді қоса мұнай құйылатын цистерна сыйымдылығымен автомобиль шассиінде жөнделген вакуумдық қондырғыларға қызмет көрсету кезінде – 4-разряд.
10 куб метрден – 12 куб метрді қоса мұнай құйылатын цистерна сыйымдылығымен автомобиль шассиінде жөнделген вакуумдық қондырғыларға қызмет көрсету кезінде – 5-разряд.
12 куб метрден жоғары мұнай құйылатын цистерна сыйымдылығымен автомобиль шассиінде жөнделген вакуумдық қондырғыларға қызмет көрсету кезінде – 6-разряд.
20. Ескертпе:
ұйымда автомобильдерге мамандандырылған техникалық қызмет көрсету қызметі болмаған кезде басқарылатын автомобильді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың барлық кешенін орындаған жағдайда вакуумдық қондырғы машинистері бір разрядқа жоғары тарифтеледі.
21. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 8. Зертханашы-коллектор, 2-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:
бұрғылаудағы бұрғылау және цемент ерітінділерінің параметрлерін өлшеу және химиялық өңдеу, оларды вахталық журналға тіркеу;
химиялық реагенттердің дайындалуын қадағалау;
цементаж жұмысы процесінде цемент ерітіндісінің сынамасын алу;
керннің іріктелуін, жыныс сынамасының іріктелуін қадағалау, оларды буып-түю және жөнелту;
алғашқы геологиялық құжаттаманы жүргізу.
23. Білуге тиіс:
геологиялық кен орны жөнінде, мұнайды, газды өзге де пайдалы қазбаларды бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі мәліметтерді;
бұрғылау ерітінділерінің, тампонаж цементінің, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін;
бұрғылау ерітінділерін, химиялық реагенттерді дайындау тәсілдерін, бұрғылау, химиялық ерітінділердің параметрлерін айқындауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасының нысанын және пайдалану қағидаларын.
Параграф 9. Зертханашы-коллектор, 3-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:
бұрғылау және цемент ерітінділерін өңдеу рецептін жасау;
бұрғылаудағы тез ұстап қалатын қоспалардың сіңумен күрес кезіндегі дайындалуын, керннің салынуын бақылау және оның сипаттамасының дұрыстығын бақылау;
бұрғылау ерітінділерін өңдеуге қолданылатын реагенттердің сапасын анықтау, ерітінді сапасын жақсартумен байланысты зерттеулер жүргізу;
аспаптардың көрсеткіштерін бақылап тексеру;
ерітінді параметрлерін өлшеу аппаратурасын профилактикалық қарау және жөндеу.
25. Білуге тиіс:
кен орны геологиясы жөнінде, мұнайды, газды өзге де пайдалы қазбаларды бұрғылаудың технологиялық процесі туралы негізгі мәліметтерді;
бұрғы ерітінділерінің, тампонаж цементінің, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін;
бұрғылау, химиялық ерітінділердің параметрлерін айқындауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымын;
бұрғылау процесіндегі қиындықтарды жою әдістерін, кернді іріктеу және сипаттау әдістерін;
бұрғылау ерітіндісін дайындауға арналған жабдықтың және құрылғының құрылымы мен нысанын.
Параграф 10. Колтюбингтік қондырғының машинисі
26. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс процестерінде және ұңғымалардағы технологиялық операциялар жүргізу кезінде қондырғыға қызмет көрсету;
қондырғыны жұмысқа дайындау;
автомобиль, энергетикалық блок жұмысының режимдерін және өзге де қондырғы қалыптастыру жүйелерін бақылау мен басқару;
тіркеуші мен қондырғы механизмдерінің дұрыс жұмыс істеуін бақылау;
қондырғының электр жабдығына қызмет көрсету;
қондырғы жұмысын есепке алу журналын жүргізу;
автомобиль немесе трактор басқару, оларға жанар-жағар май материалдарын және салқындатқыш сұйықтық құю;
жұмыс ауысымы басында қондырғының техникалық жай-күйін тексеру
және оны қабылдау;
қосалқы, монтаждық және бұзу жұмыстарын жүргізу үшін қондырғының гидравликалық манипуляторын басқару;
дайындық, монтаждау, бұзу жұмыстарына қатысу және қондырғының қосалқы механизмдеріне қызмет көрсету;
қондырғының механизмдерін, автомобильді, тракторды ағымдағы жөндеу өндірісі;
қондырғы жұмысы істеп тұрған кезде туындаған, механизмдерді
бөлшектеуді талап етпейтін ұсақ ақауларды жою.
27. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың агрегаттарының, механизмдерінің және аспаптарының мақсаты, құрылысы, жұмыс қағидаты;
жол қозғалысы қағидалары;
колтюбингтік қондырғының, қолданылатын механизмдердің, құрылғылардың техникалық сипаттамасы мен оларды пайдалану қағидалары;
дала жағдайында автомобильге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ерекшеліктері;
қондырғыға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік және жүк көтеретін механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптары;
мұнай және газ, өзге де пайдалы қазбалар өндірудің технологиялық процесі;
ұңғымалардың конструкциясы;
күрделі, ағымдағы жөндеудің технологиялық процесі мен түрлері;
жанар-жағар май материалдарының маркалары мен сұрыптары;
электр техникасы негіздері және орындалатын жұмыс көлемінде слесарлық іс;
қозғалтқыш, трансмиссия және жүк көтеретін механизмдердің жүріс бөлігін жөндеу тәсілдері.
Тереңдігі 1500 метрге дейінгі ұңғымалар мен күрделігі жағынан І санаттағы ұңғымаларда жерасты және күрделі жөндеу кезінде – 5-разряд.
Тереңдігі 1500 метрден асатын және күрделігі ІІ санаттағы ұңғымаларда, тереңдігіне қарамастан еңістік-бағыттық ұңғымаларда және күрделі геологиялық жағдайдағы ұңғымаларда жерасты және күрделі жөндеу кезінде – 6-разряд.
Тереңдігі 3000 метрден асатын және одан терең ІІ санаттағы ұңғымаларда жерасты және күрделі жөндеу кезінде – 7-разряд.
28. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 11. Трубаларды престемелеуші, 3-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды бұрғылау кезінде қолданылатын трубалардың барлық түрлері мен мөлшерлерін 10 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күшке дейін) дейінгі қысыммен престемелеу;
трубалардың престемелеуге жүк көтеру механизмдерінің көмегімен беру;
трубаларды престемелеу орнына әкелу, сақтандыру сақиналары мен ниппельдерді престемлеу алдында бұрап алу, резьбаларды майлау, престемелеуден кейін сақиналарды бұрап кіргізу, престемелеуден кейін трубаларды шаблондау және жинау;
престемелеу жабдығын құрастыруға және бөлшектеуге қатысу, жабдықты престеуді жүргізуге дайындау, жабдық пен құрылғыларды алдын ала және ағымдағы жөндеуге қатысу;
алғашқы құжаттаманы жүргізу.
30. Білуге тиіс:
трубаларды престемелеу технологиясы мен қағидаларын;
престемелеу жабдығының, жүк көтеру механизмдері мен шағын механикаландыру элементтерінің нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын;
трубалардың, престемелеу арматурасының, калибрлердің, шаблондардың, щуптардың мақсаты, типтері мен мөлшерлерін;
бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және әрекет ету қағидаттарын;
электр техникасын, слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде;
трубаларды 10 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күшке дейін) 15 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күшке дейін) дейінгі жоғары қысыммен престемелеу кезінде – 4-разряд;
трубаларды 15 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күшке дейін) жоғары қысыммен престемелеу кезінде – 5-разряд.
Параграф 12. Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының
машинисі, 3-разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:
күштік және дизельді электр агрегаттарының, отын-май қондырғысының, компрессорлардың, бұрғылау қондырғысының трансмиссиясы мен пневматикалық жүйесінің, бұрғылау қондырғысының электр жабдығының сомаланған қуаты 1000 киловатқа дейінгі қозғағыштарына қызмет көрсету және оларды жөндеу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары бұрғылау қондырғысы машинисінің басшылығымен қуаты 1000 киловатқа дейінгі жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету;
қозғалтқыштарды майлау және жанармай құю, май мен тоңазытқыш сұйық құю;
бұрғылау жабдығы мен қозғалтқыштарды монтаждау, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу.
32. Білуге тиіс:
бұрғылау жабдығы мен қозғалтқыштарды, күштік агрегаттар мен беру құрылғыларының құрылымын;
бұрғылау жабдығы мен қозғалтқыштардың жұмыс қағидатын, бұрғылау жабдығының, көмекші жүйелер мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың нысанын, жанар-жағар май материалдарының маркалары мен сұрыптарын, электр техникасы жөніндегі негізгі мәліметтерді.
Параграф 13. Мұнай мен газ бұрғылау қондырғыларының
машинисі, 4-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:
күштік және дизельді электр агрегаттарының, отын-май қондырғысының,
компрессорлардың, бұрғылау қондырғысының трансмиссиясы мен пневматикалық жүйесінің, бұрғылау қондырғысының электр жабдығының қоса алғандағы қуаты 1000 киловаттқа дейінгі қозғалтқыштарына қызмет көрсету және оларды жөндеу;
сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ бұрғылау қондырғысы машинисінің басшылығымен қуаты 1000 киловаттқа дейінгі жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету;
күштік жабдық пен автоматтарды бөлшектеу, құрастыру, орталандыру, ақауларын жою және реттеу;
қозғағыштар мен күштік агрегаттарға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, дизельдерді реттеу;
күштік және бұрғылау жабдығының, қозғалтқыштардың, күштік агрегаттардың, дизель генераторлы және өзге де станциялардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу шараларын қабылдау;
суыту, майлау, отын беру және күштік агрегаттардың газ бөліп тарату жүйелерін, күштік агрегаттарды қашықтықтан басқару және күштік агрегаттарды автоматты қорғау жүйелерін реттеу және жүктемелеу;
турботрансформаторлар мен турбомуфталарға қызмет көрсету, оларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу және ыңғайлау;
жаңа және күрделі жөндеуден шыққан қозғалтқыштар мен күштік агрегаттардың бұрғылау жағдайлары мен жыл маусымына қарай қажетті жұмыс режимімен қамтамасыз ету;
вахта журналын, қозғалтқыштар мен күштік агрегаттардың жұмыс есебін, жанар-жағармай материалдарының шығыс есебін жүргізу;
бұрғылау және күштік агрегаттарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық ету.
34. Білуге тиіс:
бұрғылаудың технологиялық процесін, күштік агрегаттар мен өткізу құрылғыларының техникалық сипаттамасын, құрылысын;
мұнара жанындағы құрылғылар мен коммуникациялардың нысанын;
күштік, бұрғылау жабдығымен автоматты қозғалтқыштарда ақаудың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін, күштік, бұрғылау жабдығын реттеу тәсілдерін;
күштік, бұрғылау жабдығын майлау қағидаларын, қозғалтқыштар жұмысының температуралық режимін, автоматтардың конструкциясын;
қашықтықтан басқару жүйелерінің жұмыс схемасын, күштік жабдық жұмысының есеп және есептілік жүйесін;
жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын, электр техникасы негіздерін.
Қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғағыштарына және қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету – 5-разряд;
сомаланған қуаты 1000 киловаттан жоғары қозғалтқыштар мен газтурбиналық қозғалтқыштарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшыларға басшылық жасау кезінде – 6-разряд;
35. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |