Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 2,74 Mb.
бет5/13
Дата30.05.2018
өлшемі2,74 Mb.
#18500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

түсті суспензиялар жасау технологиялық режимі, материалдар мен даяр суспензиялардың сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Бояу құрастырушы, 3-разряд
214. Жұмыс сипаттамасы:

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалана отырып берілген технологиялық режимге сәйкес сегіз түсті суретке дейін тұсқағазды басу үшін бояу құрастыру;

арнайы техникалық қағаз (гидрофильді, шағын релъефті, жылдамдық өлшейтін) жасауға арналған борлау, казеин желім, ерітінді үшін қағаз, суспензия және желім ерітіндісін бояу ерітінділерін берілген бояу тұпнұсқаға қарай жасау;

суспензиялар мен бояу машиналарына суспензиялар мен желім ерітінділерін тасымалдау;

жетілген ерітіндіні араластыру;

жабдықтың жарамдылығын қадағалау;

материалдардың, желім, ерітінді мөлшерін есептеу;

бояйтын машиналарға суспензияны тасымалдау;

діріл електерін, құбыржолдарды және барлық ыдыстарды шаю.

215. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы;

борланған суспензиялар мен желім ерітінді жасау технологиялық режимі, түрлі үлгідегі бояу машиналарына ерітіндіні механикалық айдау жүйесі.

Параграф 3. Бояу құрастырушы, 4-разряд
216. Жұмыс сипаттамасы:

ерітінділерді қағаз түстері және сегіз бояу суреттен асатын қағазды берілген түпнұсқа бойынша жасау;

көбейту аппараттарына арналған бес түсті көбейту қағазының таспаларының бояуын жасау;

бояу сапасының концентрациясын бақылау. улы заттарды, қышқылдар мен сілтілерді пайдалана отырып қажет консистенция ерітіндісін араластырылған бояулардан жасау;

латексті казеин желімді борлау үшін суспензия жасауда автоматты аппаратурада араластыру;

аппараттарда жекелеген компоненттерді мөлшерлеуді есептеу, жасау және термобелсенді және қорғау қабаты эмульсиясын құрастыру;

бояу, эмульсия араластыру процесін реттеу.

217. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы;

құбыржолдардың тәсімі;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысы;

түрлі концентрациядағы желімдейтін және бақса да ерітінділерді жасаудың технологиялық режимі;

барлық компоненттердің химиялық қасиеті мен оларды өлшеу.

Параграф 4. Бояу құрастырушы, 5-разряд


218. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз және поливинилхлоридті негіздегі тұсқағаздарды басуға арналған бояу жасау;

жоғары жиіліктегі диссольверлер мен араластырғыштарда қорғау және перламутр лак жасау;

өнімнің түр-түсіне қарай күрделі колер жасауда қоспа мөлшерін есептеу;

улы заттар мен еріткіштерді пайдалана отырып араластырылған бояудан қажет консистенция ертіндісін жасау;

жоғары жиіліктегі тұсқағаз басу машинасының жұмыс процесінде эталонға сәйкес баспа бояуларының түрлерін таңдау;

бар суреттердің жаңа түстерін таңдау, жаңа суреттердің дизайны және олардың түсті шешімдері;

тиражды жіберу алдында бояу рецептураларын қалпына келтіру.

219. Білуге тиіс:

баспа технологиясының негіздері мен дизайн, негізгі бояу, лактардың рецептурасы;

қағаз және поливинилхлоридті қабат сапасын жақсартатын қолданылатын еріткіштердің, бояулардың, лак және түрлі қоспа негіздерінің сипаттамалары;

барлық компоненттердің химиялық қасиеттері мен олардың мөлшерлемелері;

қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы.

44. Фибра бұйымдарды лактаушы


Параграф 1. Фибра бұйымдарды лактаушы, 2-разряд
220. Жұмыс сипаттамасы:

фибра бұйымдарға қолмен және станокта лак жағу;

лактауға арналған фибра бұйымдарды дайындау және лак жасау;

бұйымдарды кептіру.

221. Білуге тиіс:

лактың құрамы мен жасау әдістері, лактау технологиясы;

фибра бұйымдардың қасиеттері мен маркалары.

45. Жасанды барқыт агрегатының машинисі


Параграф 1. Жасанды барқыт агрегатының машинисі, 2-разряд
222. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен жұмыс нұсқаулығына сәйкес түкті өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

бояу ерітінділерін жасау, берілген түске бояу, сығу, кептіру және түкті елеу;

поливинил желім жасау, оны қажетті температураға және консистенцияға дейін қыздыру;

картон немесе қағаз парақтарын станокта гуммирлеу.

223. Білуге тиіс:

түкті бояу және кептіруге арналған жабдықтардың (центрифуга, гуммирлеу машинасы мен кептіру камерасы) құрылымы, реттеу тәсілдері;

бояу түстері, бұйымның барлық түріне арналған картон және қағаз түрлері мен рецептурасы.

Параграф 2. Жасанды барқыт агрегатының машинисі, 4-разряд
224. Жұмыс сипаттамасы:

электростатикалық алаңда түк қабатын қағазбен жабу арқылы агрегатта жасанды барқыт және велюр жасау;

қағаз жайманы гуммирлеу;

түгі мен түсінің сапасын тексеру;

электростатикалық алаң бағытын реттеу;

қағазға түк қабатын біркелкі етіп жағу, кептіру, қағазды тазалау процесін қадағалау;

кептірілген жайманың даяр болу деңгейін айқындау;

жасанды барқыт, велюрді орамға орау сапасын қадағалау;

кептіру шкафындағы агрегаттың, ауаның температурасын, шаң тұтқыштардың жылдамдығын реттеу және агрегатты баптау.

225. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы мен жұмыс принципі;

жасанды барқыт, велюр жасау технологиясы;

оларды орамға орау ережесі;

түрлі бұйымдарды бояу түстері;

жасанды барқыт, велюр жасау сапасына қойылатын талаптар.

46. Битумдеу машинасының машинисі


Параграф 1. Битумдеу машинасының машинисі, 2-разряд
226. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен қағазды битумдеу технологиялық процесін жүргізу;

қағаз орамдарын жылжыту және оларды бір немесе екі домалатып машинаға орнату;

жаңа қағаз орамын салу және битуммен бұлауды толтыру;

битумделген қағаз орамдарын түсіру және оларды түтік машиналарына апару.

227. Білуге тиіс:

қағазды битумдеудің технологиялық процесі;

негіз қағаз орамдарын және битумделген қағаз орнату және түсіру ережесі.

Параграф 2. Битумдеу машинасының машинисі, 4-разряд
228. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз ыдыс жасауға арналған қағазды балқытылған битуммен жабу процесін жүргізу;

қағаз орамымен машинаны толтыру;

сіңдіру үшін біліктер арқылы қағазды жіберу;

бұлаудағы құйманы және балқытылған битум температурасын реттеу;

битумделген қағазды сығымдағыш, кептіргіш цилиндр, тоңазытқыш арқылы жіберу;

битумдеу сапасын, кептіру және тегістеу температуралық режимін, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының жағдайын қадағалау;

машинаны баптау.

229. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципі;

битумдеу технологиялық процесі;

битумделген қағаздың сапалық көрсеткіштері.

47. Блондтау машинасының машинисі
Параграф 1. Блондтау машинасының машинисі, 2-разряд
230. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз таспаны өрнектеу арқылы блондтау машинасында қағаз шілтер жасау;

катушкаларды орнату және қағаз таспаны машинаға салу;

оюлау және матрицалық біліктердің жай-күйін, шілтерді формат бойынша өрнектеу, кесу, орау және кесу сапасын қадағалау;

қалдықтарды жою;
231. Білуге тиіс:

блондтау машинасының құрылымы мен реттеу тәсілдері, түрлі конфигурациялы қораптардағы қағаз шілтердің түрлері, өрнектеу және кесу сапасына қойылатын талаптар.

48. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі

(торшы)
Параграф 1. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі

(торшы), 4-разряд
232. Жұмыс сипаттамасы:

торының ені 2,5 м дейінгі қағаз жасайтын машинада және торының ені 3 м астам қағаз жасайтын машинада ағартуға арналған құрылғымен қағазды құю процессін және құрамдалған картон жасайтын машинаның жоғарғы торына қызмет көрсету кезінде торының ені 3 м дейінгі картон жасайтын машинада картон құю процессін жүргізу. бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша торда қағаз (картон) бетін қалыптау барысын, сыртқы белгілері мен талдау нәтижелерін, беттің престе сығылуын, кептіру бөлігіндегі температурасын, кептіру цилиндрлері бетінің тазалығы мен конденсаттың бұрылуын бақылау;

қағаз жасау машинасының арнайы құрылғысында борлау процессін жүргізу;

машинаның барлық тораптарының жұмысын, өндірілетін өнімнің саны мен сапасын бақылау;

торға түсетін массаның концентрациясын, ұнтақталу дәрежесі мен басқа да сапалық көрсеткіштерін бақылау;

сору жәшіктері мен сору білігіндегі діріл режимі мен вакуумды реттеу;

машинаның барлық тораптары мен механизмдерін шикізаттың сапасы мен өңделетін өнімнің түржиынына байланысты белгіленген режимге баптау және реттеу;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;

каландрдың қалыпты жұмысы мен өңдеу сапасын, жазу жұмысы мен дайын өнімді орау сапасын бақылау.

233. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

коммуникация схемасы;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидасы;

оны басқару пультімен іске қосу және сөндіру ережесі;

бастапқы шикізат пен жартылай дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері;

жекелеген факторлардың өндіріс технологиясына тигізетін әсері;

жартылай дайын өнімдерді, толықтырушы және желімдеу материалдарын, суды, буды, электр энергиясы мен машина құралдарын жұмсаудың шекті нормасы;

дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары.

Параграф 2. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі

(торшы), 5-разряд


234. Жұмыс сипаттамасы:

торының ені 2,5 м бастап 4,5 м дейінгі, жұмыс жылдамдығы 150 м/мин астам қағаз жасайтын машинада, қосымша құю құрылғысы бар машинада, сондай-ақ конденсаторлық, кабельдік (жоғары және төменвольтті), филиграндық, офсеттік, шай орайтын, форзацтық, картографиялық, терең басуға арналған, жазуға арналған, N 1, 2 және 3, типографиялық, қағаз-қалтаға, дәптерге, көшірме жасауға арналған, су сорғыш, калькаға, пергаментке, борлауға арналған негіз, эстамптық, перфокарта жасайтын, автоматтарда өнімдерді орауға арналған қағаздарды және қағаздың басқа да техникалық маңызды түрлерін жасайтын машинада қағаз жасау және картон жасайтын, көп цилиндрлі, торының ені 3 м астам және төсемінің еніне байланыссыз жеті және одан да көп цилиндрі бар дөңгелек тор машинада, сондай-ақ электр оқшаулағыш, матрицалық, төсеме, төбе жабыны және төсеуге арналған картон жасау кезінде картон құю процессін жүргізу;

машинаның барлық тораптарының жұмысын, өңделетін өнімнің саны мен сапасын бақылау;

сору жәшіктері мен сору біліктерінде діріл және вакуум режимдерін реттеу;

қағаз (картон) жаймасының қалыптасу барысын бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша, сыртқы түрі мен талдау қорытындысы бойынша бақылау, жайманың нығыздауышта нығыздалуын, кептіру бөлігіндегі температураны, кептіру цилиндрлері бетінің тазалығын және конденсаттың бұрылуын бақылау;

концентрацияны, ұнтақталу дәрежесі мен торға түсетін массаның сапалық көрсеткіштерін бақылау;

каландрдың қалыпты жұмысы мен өңдеу сапасын, дайын өнімді илеу жұмысы және орау сапасын бақылау;

жайманың үзілуін тоқтату;

жұмысқа басшылық жасау және машинаның керек-жарақтарын ауыстыру және жөндеуге қатысу;

машинаның жекелеген тораптарын іске қосу және тоқтату;

машинаның барлық тораптары мен механизмдерін шикізат сапасы мен өңделетін өнім түржиынына байланысты белгілі бір режимге баптау және реттеу;

реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.

235. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

коммуникация схемасы;

реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;

басқару пультімен іске қосу және сөндіру ережесі;

бастапқы шикізат пен жартылай дайын өнімдердің сапалық көрсеткіштері;

жекелеген факторлардың өндіріс технологиясына тигізетін әсері;

жартылай дайын өнімдерді, толтырушы және желімдеуші материалдарды, суды, буды, электр энергиясы мен машинаның керек-жарақтарын жұмсаудың шекті нормасы;

дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.

Параграф 3. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі

(торшы), 6-разряд
236. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жаймасын жылдамдығына байланыссыз торының ені 4,5 м астам машинада, жұмыс жылдамдығы 300 м/мин;

астам торының ені 3,5 м астам екі-төрт торлы үстелдік машинада және жоғары сортты ақшаға арналған, бедерлі, құжатқа арналған және құрамында мақта-матасы бар қағазды құю кезінде, картон жасайтын, көп цилиндрлі торының ені 6 м астам машинада және екі және одан да көп қабатты картон жаймасын көп цилиндрлі торының ені 4,5 м астам, жұмыс жылдамдығы 200 м/мин. және 90 м/мин астам үстелді машинада құю процессін жүргізу;

машинаның барлық тораптарының жұмысын, өңделетін өнімнің саны мен сапасын бақылау;

сору жәшіктері мен сору біліктерінде діріл және вакуум режимдерін реттеу;

қағаз (картон) жаймасының қалыптасу барысын бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша, сыртқы түрі мен талдау қорытындысы бойынша бақылау, жайманың нығыздауышта нығыздалуын, кептіру бөлігіндегі температураны, кептіру цилиндрлері бетінің тазалығын және конденсаттың бұрылуын бақылау;

қағаз жасайтын машинаның арнайы құрылғысында борлау процессін жүргізу;

қағаз жайманың үзілуін тоқтату;

машинаның жекелеген тораптарын іске қосу және тоқтату;

каландрдың қалыпты жұмысы мен өңдеу сапасын, дайын өнімді илеу жұмысы және орау сапасын бақылау;

жұмысқа басшылық жасау және машинаның керек-жарақтарын ауыстыру және жөндеуге қатысу;

машинаның барлық тораптары мен механизмдерін шикізат сапасы мен өңделетін өнім түржиынына байланысты белгілі бір режимге баптау және реттеу;

реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.

237. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

коммуникация схемасы;

реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;

басқару пультімен іске қосу және сөндіру ережесі;

бастапқы шикізат пен жартылай дайын өнімдердің сапалық көрсеткіштері;

жекелеген факторлардың өндіріс технологиясына тигізетін әсері;

жартылай дайын өнімдерді, толтырушы және желімдеуші материалдарды, суды, буды, электр энергиясы мен машинаның керек-жарақтарын жұмсаудың шекті нормасы;

дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.

238. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

49. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы)


Параграф 1. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 2-разряд
239. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жаймасын бір жақты қаптау машинасына және екі жақты қаптау машинасының климаттық арнасына салу;

қағаз жаймасын ылғалдату процессін жүргізу;

щетка мен шұғаны салу;

қағаз бумасының кептіру камерасына керілуін, қабатталуы мен орау процессінің жылдамдығын реттеу;

дайын өнімді алу;

кесілген жерлерін жоюға қатысу.

240. Білуге тиіс:

бояу машиналарының құрылысы;

қағаз-негіздің құрылысы; қаптау құрылысы;

орау ережесі;

бояудың сорты.

Параграф 2. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 3-разряд
241. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жаймасын екі жақты қаптау машинасының жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. астам және термореактивті және қорғаныш эмульсиямен біржақты бес-алты қабат қапталған кептіру бөлігіне біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен салу;

ауаның үстіңгі және төменгі ауа арнасы арқылы берілуін, вакуумды, сору үстелінің жұмысын, дөңгелекті тізбектің қозғалысын, бұру біліктерін, алдын ала және соңғы кептіру бөлігінің желдеткіштерін дроссельдеуші механизмдермен реттеу;

қағазды көркемдік өнім баспасы ретінде қағаз бояу машинасында бояу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

242. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

Параграф 3. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 4-разряд
243. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. дейінгі екі жақты қаптау машинасында және бір жағы қапталған борланған қағаз, термореактивті және техникалық қағаздың басқа да түрлерін жасайтын машинада бояу процессін жүргізу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

244. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

Параграф 4. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 5-разряд
245. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. астам 500 м/мин. дейінгі екі жақты қаптау машинасында және термореактивті және қорғаныш эмульсиямен біржақты бес-алты қабат қапталған қағазды бояу процессін жүргізу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

246. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

Параграф 5. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 6-разряд
247. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 500 м/мин. астам екі жақты қаптау машинасында бояу процессін жүргізу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

248. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

50. Вакуум-қалыптау машинасының машинисі
Параграф 1. Вакуум-қалыптау машинасының машинисі, 4-разряд
249. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен жұмыртқаға арналған төсемені вакуум-қалыптау машинасында құю процессін жүргізу;

машинаның барлық тораптарының, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;

өндірілетін өнімнің саны мен сапасын бақылау;

машинаның жекелеген тораптарын іске қосу және тоқтату;

қалыптаудан кейін төсеменің салмағын бақылау.

250. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидасы;

оны басқару пультінен іске қосу және тоқтату ережесі;

дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.

Параграф 2. Вакуум-қалыптау машинасының машинисі, 5-разряд


251. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыртқаға арналған төсемені вакуум-қалыптау машинасында құю процессін жүргізу;

машина астауына түсетін массаның концентрациясын, ұнтақталу дәрежесі мен басқа да сапалық көрсеткіштерін бақылау;

төсеменің сапалық көрсеткіштеріне байланысты вакуум мен ауа дәрежесін реттеу;

машинаның барлық тораптары мен механизмдерін белгіленген режимге шикізаттың сапасы мен өңделетін өнімнің түржиынына байланысты баптау және реттеу.

252. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі, коммуникация схемасы;

жұмыртқаға арналған төсемені жасаудың технологиялық процессі;

бастапқы шикізат пен жартылай дайын өнімдердің сапалық көрсеткіштері;

жекелеген факторлардың өндіріс технологиясына тигізетін әсері;

жартылай дайын өнімдерді, толтыру және желімдеу материалдарын жұмсаудың шекті нормасы.

51. Ою-қалыптау машинасының машинисі


Параграф 1. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 1-разряд
253. Жұмыс сипаттамасы:

картон мен қағаздың бұрыштарын және басылған (қағаз) дайындаманың қалыбын кейіннен бүктей отырып, нығыздауышпен ою;

дәптер, блокнот, жолдың, карталардың, сызбалардың және тағы басқа бұйымдардың бұрыштарын станокта шабу;

кейіннен бүктей отырып, басындағы суретті қалыптау;

саңылау тесу (бұрғылау), қағаз шашақ, картон жолақтарын кесу;

картон дайындаманы қалыптау станогының матрицасына салу;

станоктың жұмысын реттеу;

дайындалатын бұйымның сапасын бақылау.

254. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

дайындамалар мен бұйымдардың түржиыны.

Параграф 2. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 2-разряд


255. Жұмыс сипаттамасы:

көркем қорапша, сауыт, конверт, папка және басқа бұйымдарды жасау үшін қағаздан, картоннан және басқа материалдардан жасалған әр түрлі пішінді этикеткаларды, белгілерді, картонаж бөлшектерді қалыптардың көмегімен ою және ою-бомбылау престерында және оларды бомбыламай-ақ ою. қағаздан, картоннан және фибрадан бұйымдарды механикалық шабу престерінде қалыптау-шабу;

қораптың, жәшіктің, бумалардың жиегінде әмбебап-салу станоктарында тілік, шлица тілу;

картонды айналдыра кесу және картон қабатын формат бойынша кесу;

шараның металл сақиналарының жігін нығыздау және шараның мойнына арналған металл пластиналарын қалыптау;

фибра дайындамаларында саңылау тесу;

чемоданға арналған фибра дайындамасын ию;

пуансонды қыздыру температурасын, ою бомбировкасы мен қадамын реттеу;

фаска бөлшектерін фрезерлеу станогында алу және саңылауларды бұрғылау станогында үңгілеу;

тіреудің орнын ауыстыру, пуансон мен матрицаларды ауыстыру, баптау;

бөлшектерді тазалау;

пышақтар мен қалыптарды орнату және оларды реттеу;

бұйымдарды ою сапасын бақылау;

жиналмалы қораптың жиектерін ою жұмыстарын біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен ою автоматында орындау;


жүктеу 2,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау