үйлесімді жұмысқа қол жеткізу үшін желінің тораптарын реттеу және баптау тәсілдері;
май құбырларының, су құбырларының, пневмо құбырлардың схемасы;
майлау режимі; қолданылатын материалдың, бояу мен желімнің сипаты.
64. Қабаттау машинасының машинисі
Параграф 1. Қабаттау машинасының машинисі, 3-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:
көп қабатты қатайтылған қағазды қабаттау машинасында жасау;
қағазды дайындау, машинаға орнату және салу;
машинаның жылдамдығын реттеу;
кесу тазалығын бақылау, қабаттардың саны мен қабатталған қағаздың енін бақылау;
қағаз кесуге арналған пышақтарды қайрау;
қызмет көрсетілетін машинаны баптау;
өндірілетін өнімнің сапасын бақылау.
312. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы мен баптау ережесі;
өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
көп қабатты қатайтылған қағазды жасау технологиясы;
ақаулықтың түрлері және оның алдын алу және жою шаралары.
65. Тұсқағаз-баспа машинасының машинисі
Параграф 1. Тұсқағаз-баспа машинасының машинисі, 1-разряд
313. Жұмыс сипаттамасы:
бояуды машинаға жеткізу;
қағаз орамасын жазу және қағазды машинаға салуға қатысу. астауды, шұға мен торды жуу.
314. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен қолданылатын бояулардың түрлері.
Параграф 2. Тұсқағаз-баспа машинасының машинисі, 2-разряд
315. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен жеті бояуға дейінгі суретті бар тұсқағаздарды басу;
ораманы орнату және баспаға арналған қағазды салу;
суретті білікті орнатуға және машина шұғасын керуге қатысу;
бояу құю және оның астаудағы деңгейін бақылау;
қағаз жаймасының керілуін реттеу;
баспаның дұрыстығын машинаның кері жағынан және ілу аппаратының жұмысын бақылау;
бояу аспаптарын құрастыру және бөлшектеу.
316. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
суретті біліктерді орнату тәсілдері және ілу аппараты жұмысының тәсімі;
негіз-қағаздың және бояудың қасиеттері және бояуды астауға құю деңгейі;
дайын кептіру режимі және өнімді жазу дұрыстығы.
Параграф 3. Тұсқағаз-баспа машинасының машинисі, 3-разряд
317. Жұмыс сипаттамасы:
үш түске дейін боялған бедерсіз тұсқағаздарды, бордюр, фриз, гобеленді басу;
құрғақ бедерлеу тәсілімен боялған қағаз жаймаға оны литографиялық бояумен баса отырып өрнек салу;
бедерлі және суретті біліктерді орнату, олардың қағазға басылуын, машина қозғалысы мен кептіру камерасындағы температураны реттеу;
бояу қабатының біркелкі жағылуын бақылау;
өнім сапасын бақылау;
жабдықты күту және оны баптау;
жеті бояудан астам бояумен боялған суретті тұсқағаздарды біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен басу.
318. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
бедерлі және суретті біліктерді орнату және салыстыру тәсілдері;
негіз-қағаз бен қолданылатын бояулардың қасиеттері.
Параграф 4. Тұсқағаз-баспа машинасының машинисі, 4-разряд
319. Жұмыс сипаттамасы:
барлық жүйе машиналарында 3-5 түске дейін боялған тұсқағаздарды, бордюр, фриз, гобеленді бояусыз, боялған қағаздың үстінен, сондай-ақ мәрмәр қағазға басу;
суретті біліктерді орнату және салыстыру;
машинаның қозғалысын, машина шұғасы мен бояудың астауға құйылуын, кептіру камерасындағы температуралық режимді баспа технологиясына сәйкес реттеу;
бояу қабатының біркелкі жағылуын бақылау;
дайын өнімнің сапасын бақылау;
жабдықты күту және оны баптау.
320. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы;
негіз-қағаз бен қолданылатын бояулардың қасиеттері;
суретті біліктерді орнату және салыстыру тәсілдері;
дайын өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Жеті бояудан артық бояулы суретті басу кезінде - 5-разряд.
66. Сығу машинасының машинисі
Параграф 1. Сығу машинасының машинисі, 4-разряд
321. Жұмыс сипаттамасы:
массаны құрғату процессін жүргізу;
папканы ағаш массадан кесу;
машинаның автоматикасы мен пневматикасын баптау және реттеу;
машинаның барлық бөліктерінің жұмысын бақылау;
торға түсетін массаның концентрациясын бақылау;
жайманың құрғауын бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері, сыртқы түрі және талдау қорытындысы бойынша бақылау;
талшық пен машинаның керек-жабдықтарын жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;
машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеу.
322. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы;
машинаны басқарудың пневматикалық және автоматикалық жүйесін баптау және реттеу ережесі;
ағаш массасы өндірісінің технологиялық режимі;
осы машинада өндірілетін ағаш массасының барлық маркаларының сапалық көрсеткіштері.
67. Папка жасайтын машинаның машинисі
Параграф 1. Папка жасайтын машинаның машинисі, 2-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы:
ағаш массадан, шүберек жартылай массадан және картоннан папка жасайтын машинада біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен папка құю процессін жүргізу;
папка жасайтын машина тобының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;
араластыру бассейніндегі масса мен судың арақатынасын, жайма қалыңдығының біркелкілігі мен папканың ылғалдығын реттеу;
машинаның қаптамасын ауыстыру, майлау;
жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.
324. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты;
папка құюдың технологиялық процессі;
дайын өнімнің техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері
Параграф 2. Папка жасайтын машинаның машинисі, 3-разряд
325. Жұмыс сипаттамасы:
картонның массалық түрлерін құю процессін жүргізу;
папка жасайтын машина тобының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;
араластыру бассейніндегі масса мен судың арақатынасын, жайма қалыңдығының біркелкілігі мен папканың ылғалдығын реттеу;
машинаның қаптамасын ауыстыру, майлау;
жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.
326. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты;
папка құюдың технологиялық процессі;
дайын өнімнің техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Параграф 3. Папка жасайтын машинаның машинисі, 4-разряд
327. Жұмыс сипаттамасы:
электр оқшаулау, автомобильдік, матрицалық, құрылыс, контейнерлік, түптеу картонын құю процессін үргізу;
папка жасайтын машина тобының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;
араластыру бассейніндегі масса мен судың арақатынасын, жайма қалыңдығының біркелкілігі мен папканың ылғалдығын реттеу;
машинаның қаптамасын ауыстыру, майлау;
жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.
328. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты;
папка құюдың технологиялық процессі;
дайын өнімнің техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
68. Пергаменттік машинаның машинисі
Параграф 1. Пергаменттік машинаның машинисі, 3-разряд
329. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қағазды пергаменттеу процессін жүргізу;
күкірт қышқылын технологиялық режимге сәйкес дайындау;
қағаз жаймасын жазғаннан бастап кептіру камерасына дейін толтыруға қатысу;
нашар қышқылды айдау;
бүріккіш пен коммуникацияның қалыпты жұмысын бақылау;
сода ерітіндісін дайындау және оны астауға жіберу;
жабдықты тазалау.
330. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
қышқыл мен соданы дайындау тәсілдері;
химикаттарды жұмсаудың шекті нормасы;
айдалатын нашар қышқылдың технологиялық режимі;
ағынды сулардың құрамындағы күкірт қышқылы;
тығын арматурасының су құбырларында, қышқыл құбырларында орналасуы;
қышқылдың, сода ерітіндісінің, пергаменттің сапасын анықтау әдістері.
Параграф 2. Пергаменттік машинаның машинисі, 4-разряд
331. Жұмыс сипаттамасы:
жылдамдығы 80 м/мин. дейінгі машинада және арнайы пергаменттеу қағазында пергаменттеу процессін жүргізу;
жайманы преске салу;
технологиялық режимге сәйкес престің қысымын реттеу;
жабдықтың жұмысын бақылау;
қағаз жайманың кесілуін тоқтату;
машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;
бригаданың жұмысына басшылықты жүзеге асыру;
жабдықты іске қосу және тоқтату.
332. Білуге тиіс:
жабдықтың, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының құрылысы және жұмыс қағидаты;
қағазды пергаменттеу тәсілдері;
шикізатты, жартылай дайын өнімдер мен химикатты жұмсаудың шекті нормасы; шығарылатын пергаменттің мемлекеттік стандарты.
Жылдамдығы 80 м/мин. астам пергаменттеу машинасына қызмет көрсеткен кезде бір разрядқа жоғары тарификацияланады.
333. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
69. Басу-ою агрегатының машинисі
Параграф 1. Басу-ою агрегатының машинисі, 3-разряд
334. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен бүрілген картоннан жасалған жәшіктерге арналған дайындамалар мен бөлшектерге жазу және ою;
бүрмеленген жәшіктердің дайындамаларында клапан оюға арналған пышақ орнату;
оюдың дұрыстығын, өлшемін бақылау;
оюдың шектерін реттеу;
дайындаманың басқа көлеміне ауысқан кезде пышақ механизмін қайта баптауға және реттеуге қатысу;
бүгу машинасы болған жағдайда - жәшік дайындамаларын бүгу машинасына жеткізетін таратқыштың жұмысын және олардың бүгілу дұрыстығын бақылау;
дайындамалары бар стеллажды машинаға жеткізу;
дайындамалардың стандарт емес пішімін жарамсыз деп тану;
машинаның астынан үнемі қиындыларды іріктеу.
335. Білуге тиіс:
басу-ою агрегатының негізгі тораптары мен бүктеу машинасының құрылысы және олардың өзара әрекеттесуі;
жеткізу механизмін, бағыттаушы бүгу машинасын және шахтаны дайындаманың түрі мен жәшіктің мөлшеріне байланысты орнату және реттеу ережесі.
Параграф 2. Басу-ою агрегатының машинисі, 4-разряд
336. Жұмыс сипаттамасы:
бүрілген картоннан жасалған жәшіктерге арналған дайындамалар мен бөлшектерге жазу және ою;
жәшік клапанын ою, бұрыштарын релелеу, клапандарын шабу үшін бүгу құрылғысын, клишені белгіленген форматта орнатуға қатысу;
машинаның жылдамдығын, дайындаманың берілуін, оюдың тереңдігін реттеу;
бояу дайындау және оның білікке берілуін реттеу;
механикалық үстелді ол дайындамадан босаған кезде көтеруге және түсіруге қатысу;
мөлшерді белгілеген кезде және машинаның жұмысы кезінде пышақ механизмін қайта баптау және реттеу;
машина жұмысындағы ақаулықтарды түзету, жөндеуге қатысу.
337. Білуге тиіс:
басу-ою агрегатының негізгі тораптары мен бүктеу машинасының құрылысы және олардың өзара әрекеттесуі;
жеткізу механизмін, бағыттаушы бүгу машинасын және шахтаны дайындаманың түрі мен жәшіктің мөлшеріне байланысты орнату және реттеу ережесі;
ою пышақтарын сызбалар бойынша орнату ережесі.
Параграф 3. Басу-ою агрегатының машинисі, 5-разряд
338. Жұмыс сипаттамасы:
бүрілген картоннан жасалған жәшіктерге арналған дайындамалар мен бөлшектерге жазу және ою;
жәшік клапанын ою, бұрыштарын релелеу, клапандарын шабу үшін бүгу құрылғысын, клишені белгіленген форматта орнатуға қатысу;
дайындаманы жіберу механизмін орнату;
басу-ою агрегатын бүгу машинасымен бір агрегатқа біріктірген кезде - бүгу құрылғысын орнату;
клапан ою үшін дайындаманы машинаға қолмен немесе автомат арбамен жеткізу;
механикалық үстелді ол дайындамадан босаған кезде орнату, көтеру және түсіру;
мөлшерді белгілеген кезде және машинаның жұмысы кезінде пышақ механизмін қайта баптау және реттеу;
агрегат жылдамдығын реттеу, оның жұмысындағы ақаулықтарды жою.
339. Білуге тиіс:
іске қосу механизмінің құрылысы;
басу-ою агрегаты мен бүгу машинасының кинематикалық схемасы;
бөлшектер мен тораптардың өзара әрекеттесуі және олардың мақсаты;
өнімнің әр түрлі түрлерін өндіру үшін агрегатты қайта баптау, клишені орнату ережесі;
дайындаманың түрі мен бұйымның мөлшеріне байланысты ою пышақтары мен жеткізу механизмін сызбалар бойынша орнату, бағыттаушы бүгу машинасы мен шахтаны реттеу ережесі.
70. Пресспат машинисі (торшы)
Параграф 1. Пресспат машинисі (торшы), 3-разряд
340. Жұмыс сипаттамасы:
целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін жалпы өнімділігі тәулігіне 60 т дейінгі пресспатта құю және кептіру процессін жүргізу;
пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;
алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;
пресспатты баптау;
машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге қатысу;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;
талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.
341. Білуге тиіс:
пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі;
талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;
мемлекеттік стандарт бойынша целлюлозаның сапалық көрсеткіштері.
Параграф 2. Пресспат машинисі (торшы), 4-разряд
342. Жұмыс сипаттамасы:
целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін жалпы өнімділігі тәулігіне 60-100 т дейінгі пресспатта және ақша және арнайы қағазға арналған мақта жартылай массаны өндіру кезінде құю және кептіру процессін жүргізу;
пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;
алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;
пресспатты баптау;
машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге қатысу;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;
талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.
343. Білуге тиіс:
пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі;
талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;
мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Параграф 3. Пресспат машинисі (торшы), 5-разряд
344. Жұмыс сипаттамасы:
целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін кептіру бөлігі бар, техникалық картонның арнайы түрлерін шығаратын жалпы өнімділігі тәулігіне 100-300 т дейінгі пресспатта және құю және кептіру процессін жүргізу;
пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;
алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;
пресспатты баптау;
машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге басшылық жасау және қатысу;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;
талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.
345. Білуге тиіс:
пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі;
талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;
мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Параграф 4. Пресспат машинисі (торшы), 6-разряд
346. Жұмыс сипаттамасы:
целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам пресспатта құю және кептіру процессін жүргізу;
пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;
алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;
пресспатты баптау;
машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге басшылық жасау және қатысу;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;
талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.
347. Білуге тиіс:
пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі; талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;
мемлекеттік стандарт бойынша целлюлозаның сапалық көрсеткіштері.
71. Рекордерлік машинаның машинисі
Параграф 1. Рекордерлік машинаның машинисі, 3-разряд
348. Жұмыс сипаттамасы:
рекордерлік қағаз жасау процессін жүргізу. қағаз орамасын орнату және ерітінді дайындау;
қағазды білік пен арнайы ерітінді құйылған астау арқылы өткізу;
қағаздың ылғалдығын реттеу;
ораудың дұрыстығын, рекордерге жазудың ылғалдығы мен сапасын бақылау.
349. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
негіз-қағаз бен қолданылатын ерітіндінің қасиеттері;
дайын өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
72. Релелеу машинасының машинисі
Параграф 1. Релелеу машинасының машинисі, 3-разряд
350. Жұмыс сипаттамасы:
картоннан жасалған бөлшектерге релевка жағу;
пышақтың, релелеу муфтілерінің жұмысын белгіленген өлшем бойынша орнату және реттеу;
дайындаманы машинаға қолмен жеткізу;
релевканың сапасы мен тереңдігін бақылау;
мөлшерін белгілеу кезінде және машина жұмысы процессінде пышақ механизмін қайта баптау және реттеу;
дайындаманың стандарт емес пішімін жарамсыз деп тану;
машина жұмысында ақаулықтарды жою.
351. Білуге тиіс:
релелеу машинасының құрылысы;
бөлшектер мен тораптардың өзара әрекеттесуі, олардың мақсаты мен реттеу тәсілдері;
дайындамалардың барлық түрлеріне арналған қайта баптау және реттеу ережесі;
релевка сапасына қойылатын талаптар.
73. Тегістеу машинасының машинисі
Параграф 1. Тегістеу машинасының машинисі, 4-разряд
352. Жұмыс сипаттамасы:
бөлу цилиндрінде қағаз таспаны құю процессін жүргізу;
тегістеу машинасының барлық тораптарының жұмысын, өндірілетін тегістіктің саны мен сапасын бақылау;
бөлу цилиндрінде түсетін массаның концентрациясын, ұнтақталу дәрежесі мен басқа да сапалық көрсеткіштерін бақылау;
бөлу цилиндрінде тегістеменің қалыптасу барысын бақылау, нөмірді реттеу;
тегістеу машинасының барлық тораптары мен механизмдерін баптау және реттеу;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
353. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс режимі;
коммуникация схемасы;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаттары;
бастапқы шикізаттың сапалық көрсеткіштері;
жартылай дайын өнімдерді, шұғаны, суды, буды, электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;
дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.
74. Шабу машинасының машинисі
Параграф 1. Шабу машинасының машинисі, 1-разряд
354. Жұмыс сипаттамасы:
материалдарды жеткізу, буманы шабу;
материалдарды шабуға жеткізу;
шапқышты іске қосуға дайындауға және кендірді шабуға қатысу;
шабылған материалды қаптарға қабылдау.
355. Білуге тиіс: кендірдің сапасы және шапқының құрылысы.
Параграф 2. Шабу машинасының машинисі, 2-разряд
356. Жұмыс сипаттамасы:
барлық жүйелі машинада сабанды, кендір мен шүберекті шабу;
шикізаттың шабу машинасына біркелкі берілуін және шабылуын бақылау;
артуды реттеу;
жабдықты жөндеу және пышақты ауыстыру жұмыстарына қатысу;
дезинтеграторлардың қалыпты жұмысын бақылау.
357. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
сигнализация тәсілдері;
пышақ орнату тәсілдері;
шикізаттың, жоңқаның, шапқы темір мен кендірдің сапалық көрсеткіштері;
шикізат пен шабу сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Шабу машинасының машинисі, 3-разряд
358. Жұмыс сипаттамасы:
құрақты шабу, ағаш аралау, ағаш дайындамасы мен фанера өндірісінің жоңқасын ұсақтау;
шикізаттың шабу машинасына біркелкі берілуін және дезинтеграторлардың қалыпты жұмысын бақылау;
машинаны күту;
машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу.
359. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
сигнализация тәсілдері;
пышақ орнату тәсілдері;
шикізаттың сапалық көрсеткіштері.
Параграф 4. Шабу машинасының машинисі, 4-разряд
360. Жұмыс сипаттамасы:
ұзындығы 1 м дейінгі және диаметрі 40 см дейінгі теңгерімді, осмол мен ағашты кез келген жүйелі шабу машинасында шабу;
шикізаттың шабу машинасына біркелкі берілуін және дезинтеграторлардың, тасымалдауыштың қалыпты жұмысын бақылау;
машинаны күту;
пышақты орнатуға қатысу.
361. Білуге тиіс:
жабдықтың құрылысы;
сигнализация тәсілдері;
пышақ орнату тәсілдері;
шикізаттың сапалық көрсеткіштері.
Ұзындығы 1 м астам және диаметрі 40 см астам теңгерімді шабу кезінде - 5-разряд.
75. Силикон жасайтын машинаның машинисі
Параграф 1. Силикон жасайтын машинаның машинисі, 3-разряд
362. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қағазға борлау құрылғысында ерітінді жағу процессін жүргізу;
қағаз орамасын дайындау және оны жазуға орнату;
желімді қағаз жаймаға жағу;
білікті гильзаны қабатқа орнату;
ерітіндіні арнайы технология бойынша дайындау;
қоспаны машинаға жеткізу;
қабатталған дайын ораманы алу;
қағаз жайманың ауа баптағышта қозғалу барысын және орауышта оралуын бақылау.
363. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
қағазды ерітіндімен қаптаудың технологиялық процессі;
қағаз бен дайын өнімді алу және орнату ережесі.
Параграф 2. Силикон жасайтын машинаның машинисі, 4-разряд
364. Жұмыс сипаттамасы:
қағазға борлау құрылғысында ерітінді жағу процессін жүргізу;
қағаз орамасын машинаға салу;
керу белдігінің көмегімен қағаз жаймасын керу;
борлау құрылғысы мен ылғалдау құрылғысын тексеру және іске қосу;
қағаз жаймасының керілуін, машинаның жылдамдығын, жылытушы будың қысымы мен температурасын, қағаздың ылғалдануын реттеу;
қағазды ерітіндімен қаптау сапасын бақылау;
қоспаның қағаз жаймаға жағылуын реттеу;
машинаның жұмысын бақылау.
365. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
қағазды ерітіндімен қаптаудың технологиялық процессі;
машинаны реттеу ережесі;
қағаздың сапалық көрсеткіштері.
76. Тігу машинасының машинисі
Параграф 1. Тігу машинасының машинисі, 2-разряд
366. Жұмыс сипаттамасы:
бір қабатты картоннан орау қорабын тігу;
машинаға сым орау және оның керілуін реттеу;
тігу сапасын және машинаның жұмысқа жарамды жай-күйін бақылау.
367. Білуге тиіс:
сымдау-тігу машинасының құрылысы, оларды реттеу тәсілдері;
қорап түржиыны;
дайын өнімді тігу, орау және қатарлап реттеу ережесі;
бұйымды тігу сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Тігу машинасының машинисі, 3-разряд
368. Жұмыс сипаттамасы:
жаппай өндірістегі пішілген бөлшектерден орау қорабын және бүрмеленген картоннан әр түрлі құрылымды жәшік тігу;
Достарыңызбен бөлісу: |