Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)



жүктеу 1,64 Mb.
бет4/22
Дата25.12.2019
өлшемі1,64 Mb.
#24912
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

60. Құрылыс материалдары мен бұйымдарын жиынтықтаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын санитарлық - техникалық өндіріске және электромонтаж жұмыстарына арналған құрылыс материалдарымен және бұйымдарымен жиынтықтау. Секциялар бойынша және нысанды орталық жылу, сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және канализация құбырларымен, фасонды бөліктермен және жабу арматурасымен жиынтықтау. Секциялар бойынша және нысанды сым, кабельмен, стандартты шырағданмен, орнату жабдықтарымен, бекіту бөлшектерімен, қорғану құрылғыларымен және қоршаулармен жиынтықтау.

Білуге тиіс. Жиынтықталатын материалдарымен және бұйымдардың номенклатурасы мен маркировкасы, құбырлардың, су құбыры мен арматураның түрлері мен сортаменті, сымдар мен кабельдердің негізгі маркалары, қара және түсті метал сортаменті, бекіту бөлшектері мен құрылымдарының негізгі түрлері.

61. Құрылыс материалдары мен бұйымдарын жиынтықтаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс нысандарын жауапты және қымбат тұратын материалдарымен, ептілікті қажет ететін бұйымдармен, әртүрлі шыны түрлерімен, фаянс бұйымдарымен, кірістірілген жиһазбен, газ және электр плиталарымен, электр жабдықтарымен жиынтықтау. Материалдар мен және бұйымдардың есебін жүргізу. Қабылдау-табыстау құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс. Жиынтықталатын материалдардың, бұйымдардың номенклатурасы мен маркировкасы, аспаптар мен жабдықтар ережесі, қабылдау-табыстау құжаттамасын ресімдеу және жиынтықтаушы ведомостарды жасау ережес.і

Копровшы
62. Копровшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алаңдарды қадаларды, копр бөлшектерін және басқа да материалдарды қоймалауға жоспарлау. Қадалар мен копр бөлшектерінің орнын ауыстыру. Құрылымдарды монтаждау ілгектерінен инвентарь ілмектерімен ілмектеу.

Білуге тиіс. Такелаж жабдықтары мен жүк қармау айлабұйымдарының негізгі түрлері, қада жұмыстарын жүргізу кезінде дабылдату ережесі.


63. Копровшы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қадалар мен диаметрі 0,6 мм. дейінгі қабықтарды ілмектеу, тарту және ілмектен ағыту. Вибротиегішті ілмектеу. Вибротиегішті переходникке немесе қабыққа бекіту және оны одан ағыту. Қамыттар мен басұштарды бекіту және алу.

Білуге тиіс. Қадалар мен қабықтарды артудың негізгі түрлері мен тәсілдері; шығырлардың, тальдардың, домкраттар мен басқа да такелаж айлабұйым құрылымының негіздері.

64. Копровшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Еркін құлайтын балғасы бар универсалды емес копрларды құрастыру, жарақтандыру және бөлшектеу. Қада мен шпунтты универсалды емес немесе еркін құлайтын балғасы бар жүзбелі копрмен қағу. Диаметрі 0,6 мм. асатын қабықтарды ілмектеу және ілмектен ағыту. Қабық тоғыспаларын болттау. Қадаларды вибратор басына апару. Копрларды жылжыту және бекіту. Винтті қадалардың орнын кран көмегімен ауыстыру. Қада мен шпунтты тальдың және шығырдың көмегімен суырып алу. Метал ұштарды қадалардың ұшталған басына отырғызу.

Білуге тиіс. Универсалды емес немесе еркін құлайтын балғасы бар копрлардың құрылымы, оларды құрастыру және бөлшектеу тәсілдері, әртүрлі қадалар мен қабықтардың түрлерін тасымалдау, көтеру, оларды қада жебе және бағыттаушылардың ұштарына орнату және бекіту тәсілдері, шпунтты суырып алу кезінде бекіту тәсілдері, винтті қадаларды кранмен тасымалдау ережесі, қадалар мен қабық сапасына қоойылатын талаптар.

65. Копровшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Винтті тік және құлама қадаларды орнату және тексеру. Ұялы аралықтарды салу кезінде шаблондарды қайта орнату және тексеру. Темірбетон қадаларды булы, пневматикалық және дизельді балғасы бар копрлармен және вибробойлатқышпен жуумен және жуусыз тігінен қадау. Вибробойлатқышты орнату және алу. Универсалды копрларды құрастыру және бөлшектеу. Кранға ілінбе копр жабдығын орнату. Копрлар мен крандарды булы, пневматикалық және дизельді балғамен және вибробойлатқышпен жарақтандыру. Қос әрекетті балғаның және вибробойлатқыш көмегімен қадалар мен шпунттарды суыру.

Білуге тиіс. Универсальді копрлардың құрылымы, оларды құрастыру және бөлектеу тәсілдері, кранға ілінбе копр жабдығын орнату тәсілдері, копрлар мен крандарды булы, пневматикалық және дизельді балғамен және вибробойлатқышпен жарақтандыру тәсілдері, қадау кезінде қадалар мен қабықтарды жуу тәсілдері, бұрғы және ұрғы қадаларды орнату тәсілдері.

66. Копровшы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қада негіздері мен шпунт линияларын дайын оқпандар бойынша орын бөлу. Винтті қадаларды кабестан мен қабық вибробойлатқышпен қадау. Кабестандарды құрастыру және бөлшектеу. Құлама қадаларды қадау.

Білуге тиіс. Қабықтарды, құлама және винтті қадаларды қадау тәсілдері мен ережесі, қада негіздемелері мен шпунт линияларын қойылған ескілері мен оқпандар бойынша бөлу ережесі, құлама қадаларды ұру кезінде копр тілінің еңісін тексеру ережесі; кабестандарды құрастыру, жарақтандыру және бөлшектеу тәсілдері.

Металл шатырды шатырлаушы
67. Металл шатырды шатырлаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шатырдың болат парағының орауын жазу, тазалау және олифпен майлау. Парақтарды кесу. Қатарлы жабын суреттерін дайындау. Болат парақтан жасалған шатыр бөлшектеу.

Білуге тиіс. Шатырлық болат парақ түрлері, қатарлы жабын суреттерін қолмен дайындау тәсілдері, шатыр болатының олифін тазалау тәсілдері, шатыр жабындарын бөлшектеу тәртібі.

68. Металл шатырды шатырлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір-екі еңісті шатырларды болат шатырмен жабу. Карниз еңісі мен қабырғалық наушалар үшін суреттер дайындау. Дайын тік учаскелерден, бунақтардан, бұрмалар мен астаушалы шұғынағынан суағар құбырлардың тік буындарын әзірлеу. Суағар наушаларды, қалпақтар мен зонттарды түтін және желдеткіш құбырларына орнату. Еңістерді, қосындылар мен тоғыспаларды, оның ішінде рулонды шатыр кезінде, шатырлық болат парағымен әдіптеу. Шатыр жабынының парақтарын ішінара ауыстыру.

Білуге тиіс. Шатыр болатының негізгі қасиеттері, қарапайым шатыр жабындарын белгілеу, жөндеу және құрастыру тәсілдері, суреттер дайындау және жабын бөлшектерін орнату ережесі, материалдар мен шатыр жабыны сапасына қойылатын талаптар.

69. Металл шатырды шатырлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үш-төрт еңісті, шатырлы, мансардалы және вальмолық, Т- және Г-үлгілік жоспардағы шатырларды шатыр болаты парақтары мен металочерепицадан еңістерін әдіптей отырып орнату. Дефлекторларды дайындау және орнату. Цинктелген болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу. Суағар құбырларды ілу және ауыстыру. Металчерепицадан жасалған жабындар тұсына баспалдақ, жаяу жүргіншілер көпіршелері мен қар ұстағыштарды орнату.

Білуге тиіс. Шатырды орнату және шатыр болатынан жасалған күрделілігі орташа шатырларды жөндеу тәсілдері, шаблон дайындау және бұйымдардың, бөлшектер мен жабынның фасонды бөліктерінің шаблондары бойынша құрастыру тәсілдері, шатыр болатынан жасалған жабын элементтерін дайындаудың механикаландырылған тәсілдері, болат жабындардағы жіктерді дәнекерлеу ережесі.

70. Металл шатырды шатырлаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күмбезді, конусүлгілі, тоғыспалы және шатыр болатынан, металчерепицадан, аллюминий парақтарынан жасалған басқа да күрделі шатырларды орнату және жөндеу. Шатырлар мен қасбеттердегі металдан жасалған декоративтік элементтерді (подзорларды, кокошниктерді, флюгерлерді және т.б.) орнату және реставрациялау. Шатыржалды, тоғыспалы, карнизді және сыртжиек элементтерін пайдалана отырып металчерепицадан жабын орнату.

Білуге тиіс. Әртүрлі белгілеу, тоғысуларды орнату тәсілдері, металдан жасалған шатырлар мен қасбеттердегі әдіптерді реставрациялау және орнату кезіндегі декоративтік-көркемдеу жұмыстарын орындау ережесі, күрделі үлгілегі шатыр жабынының сапасына қойылатын талаптар.

71. Металл шатырды шатырлаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің алтын жалатылған және мысталған шатырларын реставрациялау және орнату.

Білуге тиіс. Бірегей ғимараттар мен сәулет ескерткіштерінің жабындарын орнату, қасбеттердегі мысталған парақтарын, қаңылтырын, аллюминий қоспасы әдіптерді реставрациялау және жөндеу тәсілдері, мыс және мысталған парақтарды алтын жалату (гомогенді дәнекермен плакировкалау, сусальды алтынды жапсыру) тәсілдері, заманауи материалдардан жасалған шатыр сапасына қойылатын талаптар.

Орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.

Орамды шатыр және даналы материалдардан шатырлаушы


72. Орамды шатыр және даналы материалдардан шатырлаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орамды материалдарды себемеден тазарту. Екіжақты рубероидты және астарсыз орамды материалдарды қайта орау. Желім асты негіздерін қолмен топырақтау. Орамды кілемді катокпен жүргізу. Орамды және даналы материалдарды кесу. Парақтар мен плиткалардың жиектерін кесу. Тесіктер жасау. Парақтар мен плиткаларды, черепицаны сұрыптау. Жіктер мен тігістерді майлауға ерітінді дайындау. Черепица арасындағы жіктерді бітеу және майлау. Орамды және даналы материалдардан жасалған шатырды бөлшектеу.

Білуге тиіс. Орамды және даналы материалдардың түрлері және оларды өңдеу тәсілдері, желім асты негіздерін қолмен топырақтау және черепица арасындағы жіктерді майлауға арналған ерітінді дайындау тәсілдері, жабындарды желімдегеннен кейінгі катокпен жүргізу тәсілдері, қарапайым шатырды бөлшектеу тәсілдері.

73. Орамды шатыр және даналы материалдардан шатырлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мастикалар мен грунтовка дайындау. Жабындарды орнату және бір-екі еңісті шатырларды рулонды және мастикалық материалдармен жөндеу. Бір-екі еңісті шатырларды асбоцемент парақтармен және плиткалармен (шифермен), балшық және құмдақ цемент черепицамен жабу. Шатырды «Кровляэласт», «Изопласт», «Бикрост», «Бикропласт», «Унифлекс», «Линекром» типтес орамды балқитын рубероидтпен және т.б. жабу. Ағаш негізге қарапайым шатыр орнату кезінде шегемен бекіте отырып кілемнің қосымша қабатын төсеу. Орамды шатырды шыныталшықпен арматуралау. Дайын кілемнің үстіңгі қабатын құм немесе ұсақ қиыршық себе отырып мастикамен жабу. Ғимараттардың фахврек қабырғаларын асбест плиталармен әдіптеу.

Білуге тиіс. Орамды, мастикалық және даналы шатыр материалдарының негізгі қасиеттері, қарапайым нысандағы шатыр жабындарын орамды және даналы материалдармен белгілеу, жөндеу және орнату тәсілдері, суық және ыстық мастикаларды дайындау технологиясы, толтырымдарды кептіру, себу және жылыту тәсілдері, балқымалы рубероидты жылытуға арналған агрегаттар мен айлабұйымдардың құрылымы және олармен жұмыс істеу ережесі, шатыр жабындары мен материалдарының сапасына қойылатын талаптар.

74. Орамды шатыр және даналы материалдардан шатырлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орамды материалдан жасалған үш және төрт еңісті, шатырлы, мансардалы және вальмолы, Т- және Г-үлгілік шатыр жабындарын орнату және жөндеу. үш және төрт еңісті, шатырлы, мансардалы және вальмолы, Т- және Г-үлгілік шатыр жабындарын жоспардағы шатырларды асбоцемент парақтары немесе плиткалармен (шифермен) черепицамен жабу. Тік үстіңгі қабаттарды балқыма рубероидпен жабу. Тиокольді және акрилді герметикті жаққышпен және механикаландырылған тәсілмен жағу. Шатыржалды, қабырғалар мен есту терезелерін даналы материалдармен әдіптеу. Шаңшашқыш көмегімен негіздерді грунтовкалау.

Білуге тиіс. Орамды және даналы материалдардан жасалған күрделілігі орташа шатырлардың жабындарын орнату және жөндеу тәсілдері, тегіс шатырдағы суағар шұғышақтар мен шатыр арқылы құбырларға өтуге арналған патрубкаларға мастикалар мен грунтовкаларды жағуға арналған шаңшашқыш құрылымы, даналы шатыр материалдарын механикаландырылған өңдеу тәсілдері.


75. Орамды шатыр және даналы материалдардан шатырлаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күмбезді, конусүлгілі, тоғыспалы және шатыр болатынан, металчерепицадан, аллюминий парақтарынан жасалған басқа да күрделі шатырлардың орамды және даналы материалдардан жасалған жабындарын орнату және жөндеу. Мастикалы шатырларды орнату. Бір-екі еңісті шатырларды рулонды материалдарды жапсыруға арналған машиналармен орнату. Ішкі суағарлар мен фонараралық аймақтар мен науашаларды орамды материалдармен әдіптеу. Армогидробутилден, ковролиттен, изопласттан және басқа да ұқсас материалдардан шатыр құру.

Білуге тиіс. Орамды және даналы материалдардан жасалған күрделі шатырды белгілеу, жабу және жөндеу тәсілдері, түрлі тоғысулардың құрылым ерекшеліктері, орамды материалдарды жапсыруға арналған машиналардың құрылымы, күрделі шатырлар жабынының сапасына қойылатын талаптар.

Сәулет бөлшектерін жасаушы
76. Сәулет бөлшектерін жасаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Желім және формопласт пісіру. Берілген құрам бойынша ерітінділер, майлар мен қағаз-желім массаларын (папье-маше) дайындау. Арматура, пакля және дранкалар жасау. Жапсырмалы сәулет бөлшектерін негіздемені тазалай отырып түсіру (қалдырмай).

Білуге тиіс. Үлгілер мен жапсырмалы сәулет бөлшектерін дайындау кезінде қолданылатын материалдардың негізгі түрлері, желімді, формопласты, мүсіндеу балшығын және гипс ерітінділерін дайындау тәсілдері.

77. Сәулет бөлшектерін жасаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шағын тегіс жапсырмалы сәулет бөлшектеріне арналған гипс үлгілер бойынша үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы формаларды дайындау. Балшық және пластилин үлгілерден жұмыс үлгілерін дайындау және осы формаларға гипс үлгілерді немесе олардың бөлшектерін, формаларды түсіре отырып құю. Гипс және цементті кесек үлгілерді, желімді және формопласты икемді формаларды дайындау. Шағын көлемді бұйымдардың, үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы жапсырмалы сәулет бөлшектерінің гипсті, цементті барлық размерлерін құю және соғу. Қағаз-желім массасынан жасалған үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы шағын тегіс бұйымдарды толтыру. Шағын тегіс бұйымдар мен үстіңгі қабаты жылтыр және қарапайым оюлы жапсырмалы сәулет бөлшектерін орнату. Шағын көлемді қарапайым оюлы жапсырмалы сәулет бөлшектерін форма құю үшін оларды сақтай отырып түсіру. Тегіс бұйымдар мен қарапайым оюлы жапсырмалы сәулет бөлшектерін тазарту.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері, гипс (кесекті) және икемді формалардың құрылымы, олардан жұмыс формаларын алу үшін шағын балшық үлгілерді дайындау тәсілдері, формаларды дайындау тәсілдері.

78. Сәулет бөлшектерін жасаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдар мен жапсырмалы сәулет бөлшектерін құюға арналған формаларды гипс үлгілер бойынша дайындау. Ірі тегіс бұйымдар мен күрделі оюлы және үлкен жапсырмалы сәулет бөлшектерін оларды форма құю үшін сақтай отырып дайындау.

Білуге тиіс. Гипс пен желімнен, гипс пен формопласттан, гипс пен ағаштан жасалған құрастырмалы форма дайындау, бұйымдар мен жапсырмалы сәулет бөлшектерінің сапасына қойылатын талаптар, олардан жұмыс формаларын алу үшін үлкен балшық үлгілерді дайындау тәсілдері.

79. Сәулет бөлшектерін жасаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Балшық және пластилин үлгілердің жұмыс формаларын дайындау. Жұмыс формаларында гипс үлгілер мен олардың бөлшшектерін құю. Гипсті кесек, құрастырмалы және икемді формаларды дайындау. 3 және 4-разряд сипаттамаларында санамаланбаған бұйымдарды орнату.

Білуге тиіс. Орынжайлар мен қасбеттерді жапсырмалы бұйымдармен күрделі өңдеу кезінде қолданылатын белгілеу тәсілдері.

Ескерту. Шағын бұйымдарға: биіктігі 500 мм. дейінгі әріптер, ауданы 0,5 м² дейінгі желдеткіш торшалары, биіктігі 500 мм. дейінгі елтаңба, ұзындығы 750 мм. дейінгі шамтізбелер, ең үлкен өлшемі 500 мм. дейінгі картуштер, ұзындығы 750 мм. дейінгі парақтар, биіктігі 500 мм. дейінгі құлып-маскалар, 500 мм. дейінгі қума бұйымдар (тегіс – биіктігі мен относ сомасы, рельефті – биіктігі, шығыңқы - биіктігі), 500 мм. дейінгі розеткалар (шеңберлі – диаметрі, эллиптикалық-негізгі осьтерінің жартылай сомасы, ромбілік-диагональдарының жартылай сомасы), биіктігі 750 мм. дейінгі триглифтер, диаметрі биіктігі 500 мм. дейінгі дөңгелек эмблемалар, ауданы 0,5 м² дейінгі портальді эмблемалар жатады.

Шағын көлемді бұйымдарға: биіктігі 250 мм. дейінгі вазалар (плитасыз), биіктігі 750 мм. дейінгі бунақтіреулер, ең үлкен өлшемі 500 мм. дейінгі вазалар, биіктігі 250 мм. дейінгі капительдер, биіктігі 500 мм. дейінгі даналы тамшылар, ең шағын өлшемі 500 мм. дейінгі кронштейндер, ең шағын өлшемі 500 мм. дейінгі модильондар, ұзындығы 1000 мм. дейінгі тұтқалар, биіктігі 500 мм. дейінгі даналы сухарьлар, ұзындығы 1000 мм. дейінгі тетивалар, биіктігі 500 мм. дейінгі шишкалар жатады.

Мөлшері жоғарыда көрсетілгеннен асатын бұйымдар ірі бұйымдарға жатады.

Машинист (Автожол құрылысы машиналары)


80. Машинист (Автожол құрылысы машиналары)
Жұмыс сипаттамасы. Автомобиль жолдарының үстіңгі құрылысын және аэродром салу және жөндеу кезінде қолданылатын әртүрлі типтегі және нысандағы машиналар мен механизмдерді басқару. Машинаға техникалық қызмет көрсету, оның жүйелері мен желілерінің дұрыстығын тексеру. Жанар және жағармай құю. Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің ақауларын анықтау және жою. Алдын ала жөндеу және жөндеудің басқа түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін машиналардың, тіркеме жабдықтардың және айлабұйымдардың құрылымы иен техникалық сипаттамасы, оларды пайдалану және қызмет көрсету, жөндеу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, жол қозғалысы ережесі, қызмет көрсетілетін машианалардың көмегімен жұмыс орындау технологиясы, жанар және жағармайларды, электр энергиясын жұмсау нормалары, майлар мен отынның маркалары мен қасиеттері, жұмыстың, материалдар мен құрылым элементтерінің сапасына қойылатын техникалық талаптар, электротехника, механика, гидравлика негіздері, машинистен бір разряд төмен тарифтелетін құрылыс слесаріне арналған көлемдегі слесар ісі.

Автомобиль жолдарының үстіңгі құрылысы машиналарын басқару кезінде:

4-разряд


1) Тегіс вальцілі, массасы 5 т. дейінгі өздігінен жүретін катоктар;

2) Механикалық басқару жүйесі бар қиыршықтас бөлушілер.

5-разряд

1) Автобетонсындырғыштар;

2) Қозғағыш күші 66 кВт дейінгі автогрейдерлер (90 а.к.бар);

3) Жіктерды толтырушылар;

4) Тегіс вальцілі, массасы 5 т. 10 т. дейінгі өздігінен жүретін катоктар;

5) Пленкақұраушы ерітінді жағуға арналған машиналар;

6) Жолдарды жөндеуге және ұстауға арналған қозғағыш күші 59 кВт (80 а.к. дейінгі) трактор базасындағы құрама машиналар;

7) Өздігінен жүретін жік кескіштер;

8) Финишерлер;

9) Гидростатикалық басқару жүйесі бар қиыршықтасбөлушілер.

6-разряд

1) Қозғағыш күші 66 кВт 100 кВт дейінгі (90 а.к. 135 а.к. дейінгі) автогрейдерлер;

2) Бетон төсеушілер;

3) Құрамалы өздігінен жүретін катоктар, пневматикалық шинадағы өздігінен жүретін және жартылай тіркемелі катоктар, тегіс вальцілі, массасы 10 т. дейінгі өздігінен жүретін катоктар;

4) Жол кемерлерін төсеу машиналары;

5) Жол жабындарының кедір-бұдыр қабаттарын салуға арналған өнімділігі 300 м²с. дейінгі машиналар;

6) Жолдарды жөндеуге және ұстауға арналған қозғағыш күші 59 кВт. 100 кВт дейінгі (80 а.к. 135 а.к. дейінгі) трактор базасындағы құрама машиналар;

7) Қазанының сыйымдылығы 1000 л. дейінгі асфальтбетон қоспасын дайындауға арналған жылжымалы пісіру қазандары;

8) Өнімділігі 25 т²с. дейінгі жылжымалы асфальтбетон араластырушылар;

9) Өнімділігі 150 т²с. дейінгі асфальтбетон төсеушілер;

10) Жабынның қорғаныс қабаттарын орнатуға арналған минералды материалдарды сұрыатау және дайындау жөніндегі «Сларри Сил» типтес ұтқыр қондырғылар;

11) Қозғағыш күші 120 кВт дейінгі (160 а.к. дейінгі) жол фрездері.

7-разряд

1) Қозғағыш күші 100 кВт-тан 150 кВт дейінгі (135 а.к. 200 а.к астам) автогрейдерлер, жұмыс органдарын тұрақтандыру жүйесімен жарақтандырылған автогрейдерлер;

2) Жол жабындарының кедір-бұдыр қабаттарын салуға арналған өнімділігі 300 м²с. асатын машиналар;

3) Жолдарды жөндеуге және ұстауға арналған қозғағыш күші 100 кВт асатын (135 а.к. асатын) трактор базасындағы құрама машиналар;

4) Ерітінділер мен бетон қоспаларын дайындауға арналған агрегатталған ұтқыр кешенді машиналар;

5) Қазанының сыйымдылығы 1000 л. асатын асфальтбетон қоспасын дайындауға арналған жылжымалы пісіру қазандары;

6) Қозғағыш күші 125 кВт дейінгі (170 а.к.дейінгі) профильдеуші;

7) Қозғағыш күші 135 кВт дейінгі (180 а.к.дейінгі) ремиксерлер;

8) Өнімділігі 25-тен асатын және 60 т²с. дейінгі жылжымалы асфальтбетон араластырушылар;

9) Өнімділігі 150 т²с. асатын асфальтбетон төсеушілер.

10) Қозғағыш күші 120 кВт 15 кВт асатын дейінгі (160 а.к. асатын) жол фрездері.

8-разряд


1) Қозғағыш күші 150 кВт-тан 180 кВт дейінгі (200 а.к 240 а.к астам) автогрейдерлер;

2) Өнімділігі 180 м./с. дейінгі ДС- 100 типтес машиналар жиынтығына енетін және бетон төсеушілер;

3) Қозғағыш күші 125 кВт (175 а.к.дейінгі) профильдеушілер;

4) Қозғағыш күші 180 кВт (240 а.к.дейінгі) суық ресайклерлер;

5) Өнімділігі 60 т²с. асатын 100 т/с дейінгі жылжымалы асфальтбетон араластырушылар;

6) Термопрофильдеу машиналар жиынтығына енетін асфальтбетон төсеушілер;

7) Қозғағыш күші 150 кВт-тан 180 кВт дейінгі (200 а.к. 240 а.к. асатын) жол фрездері;

8) Электронды басқару жүйесі бар қиыршықтасбөлушілер;

7-8-разряд беру үшін орта арнаулы (кәсіптік) білім талап етіледі.

81. Машинист (Жалпы құрылыс машиналары)


Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі әртүрлі типті және нысандағы машиналар мен механзимдерді басқару. Машиналарға жанар және жағармай құю. Машиналардың жұмыс механизмдерін берілген жұмыс режиміне реттеу. Машина механизмдеріне техникалық қызмет көрсету. Олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала жөндеу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу.

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің құрылымы мен техникалық сипаттамасы, оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, жүріп келе жатқан машинамен жұмыс істеу кезінде жол қозғалысы ережесі, дабылдатқышты орнату, жұмыс өндірісі ережесі, жанар-жағармай және электр энергиясын жұмсау нормалары, машиналар мен механизмдердің желілерін майлаудың схемасы мен кезеңділігі, орындалатын жұмыс сапасына қойылатын талаптар, құрылысшы, машинистен бір разряд төмен тарифтелетін сласарьге көзделген ауқымдағы слесарьлық іс.

Машиналарды басқару кезінде:

3-разряд


1) Шағын механикаландыру құралдары: қорыту көлемі 425 л. дейінгі жылжымалы бетон араластырғыштар, көтергіштер мен шахталық, ерітінді насостары, қорыту көлемі 425 л. дейінгі жылжымалы ерітінді жеткізгіштер, электр шығырлар;

2) Қозғағышының ішкі жану қуаты 37 кВт дейінгі (50 а. к. дейінгі) жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары.

4-разряд

1) Автомұналарар мен көтеру биіктігі 15 м. дейінгі автогидрокөтергіштер;

2) Өнімділігі 3 м²/мин. дейінгі автокомпрессорлар;

3) Ауасыз жоғары қысымды шаңдату агрегаттары;

4) Өнімділігі 10 м²/мин автокомпрессорлар жылжымалы;

5) Жүк көтерімділігі 6,3 т автомобиль крандары;

6) Стационарлық жағдайларда газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар;

7) Шағын механикаландыру құралдары: өнімділігі 20*/сағ. дейінгі бетон насос қондырғылары, қорыту көлемі 425-тен 1200 л. дейінгі жылжымалы бетон араластырғыштар, сыршылар мен жылжымалы сылақ стансалары; жүк-жолаушы көтергіштер, қорыту көлемі 325-тен 750 л. дейінгі жылжымалы ерітінді араластырғыштар;

8) Диаметрі 1200 мм. дейінгі құбырларды майыстыруға арналған жылжымалы құбыригіш қондырғылар;

9) Жоғары және төмен қысым қондырғылары – қуаты 43 кВт (60а.к. дейінгі) бар қондырғылары;

10) Қозғағышының ішкі жану қуаты 37-ден 73 кВт дейінгі (50-ден 100 а. к. дейінгі) жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;

11) Қозғағышының қуаты 37 кВт дейінгі (50 а. к. дейінгі) жылжымалы электр стансалары.

5-разряд

1) Өнімділігі 40м²/сағ. дейінгі автобетон насостары;

2) Автомұналарар мен көтеру биіктігі 15 м. асатын автогидрокөтергіштер;

3) Автогудронаторлар;

4) Өнімділігі 3 м²/мин. асатын автокомпрессорлар;

5) Бұрғылау тереңдігі 6 м. дейінгі бұрғылау және өздігінен жүретін бұрғылау-кран машиналары; автоямобурлар;

6) Өздігінен жүретін гидросеялакалар;

7) Жерқазу-фрезер машиналары – дренаж машиналары;

8) Суңгуірлерге ауа беруге арналған компрессорлар;


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау