Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер


Параграф 2. Тазартушы жабдықтың машинисі, 3-разряд



жүктеу 266 Kb.
бет2/3
Дата21.11.2018
өлшемі266 Kb.
#23017
1   2   3

Параграф 2. Тазартушы жабдықтың машинисі, 3-разряд
57. Жұмыс сипаттамасы:

мақта шикізатын органикалық және басқада қоспалардан оттық-аралау тазартқыштарда, тінді дақылдарды тұқымнан тұқым тазартқыш машиналарда тазарту. Тазартуға түскен тұқымдардың сапасын тексеру. Машина жұмысын технологияның талаптарына сай режимін ретке келтіру. Қалыпты жұмысты қамтамасыз ету және тазартқыш машина мен механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Тұқымдарды сапалы тазалау мен олардың қапталуын қамтамасыз ету. Машинаның құрылысы мен өндеуіне есеп жүргізу. Тазартылған тұқымдарды салмағы мен тазарту класына байланысты тапсыру. Біліктілігі төмен машинистердің жұмысына басшылық ету.

58. Білуі тиіс:

тазартқыш машина мен оларға ұқсас технологиялық және көмекші құрылғыларды экплуатациялау ережесін және құрылымын, қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың жұмыс бөлігінің тетік және ажыратқыш мөлшері, тұқымның қоқымдану деңгейін және сипаты, арам шөп түрлерінің құрамы, себетін және техникалық тұқымның стандарты, анализға алынатын сынаманың таңдау реті, қызмет көрсетіліп жатқан құрылғыны тиеу ережесін білуі тиісті.



Параграф 3. Тазартушы жабдықтың машинисі, 4-разряд
59. Жұмыс сипаттамасы:

мақта шикізатын органикалық және басқада қоспалардан ағымдағы тізімге кіретін тазартқыштарда тазарту. Мақта тұқымдарын тұқым тазалағыш машинада тазарту, оларды калибрлеу машинасында өлшемімен сорттау және калибрлеу бойынша жұмыстарды орындау. Тұқымды тұқым тазартқыш машинаға және мақта шикізатын ағымдағы тізімге кіретін жабдықтарға түсуін ретке келтіру. Тазартатын машиналар, ағымдағы тізімге кіретін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою және болып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысу. Біліктілігі төмен машинистердің жұмысына басшылық ету.

60. Білуі тиіс:

ағымдағы тізімге кіретін тазартқыш машиналардың құрылымын және олардың жұмыстарын ретке келтіру және болып жатқан жөндеу жұмыстарының ержесін.



16. Талшық қорабын байлаушы
Параграф 1. Талшық қорабын байлаушы, 2- разряд
61. Жұмыс сипаттамасы:

талшықтарды қорапқа байлау, өлшеу, тасымалдау және оларды белгіленген орынға қою, қораптарды орауға арналған белбеушелерді дайындау. Өндіріс сапасы бойынша кендір мен кенептің талшықтарын уыстап алу, тасымалдау және толық өнделмеген талшықтарды жою. Өндіріс сапасы бойынша толықтай өнделмеген талшықтарды теріп алу және уысқа қалыптастыру, оларды қайта өндеуге жібер. Езу-түту агрегатына және түту-жуу машинасының орамы мен бітелулерін жоюға қатысу.

62. Білуі тиіс:

талшықтарды қорапқы байлау ережесін және талшықтың толықтай өнделмегенін анықтайтын белгісін, қырқылған талшықтың жіберілетін пайызын, қораптың белгіленген массасын, талшықты өлшеу ережелері, құрамы әртүрлі ұзын сабақты шикізатты өндеудің технологиялы режимі, өнделіп жатқан өнімнің сапасына қойылатын талаптар, талшықтың сортын, езу-түту агрегаты мен түту-жуу машинасының белгіленуі мен жұмыс мақсаты.



17. Талшық қалдықтарын қалпына келтіру жабдықтарын тазартушы
Параграф 1. Талшық қалдықтарын қалпына келтіру

жабдықтарын тазартушы, 2-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:

мақта талшықтарының қалпына келтіру қалдықтарын минералды және органикалық қоспалардан тазартқыш машиналарда тазарту. Талшықтың тазартқыш машинаға түсуін реттеу. Тазартқыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсетіп жатқан машиналардың жұмысындағы ақауларды жою. Тазартқыштардың, бөлінуші және жинаушы шнектерін, сепаратор және қоқыс сорғыш жабдықтардың бітелулерін жою. Тазартқыш және оған тоғысқан құрылғыларды мерзімді (кесте бойынша) тазарту. Тазартушылардың жөндеу жұмыстарына қатысу.

64. Білуі тиіс:

тазарқыш машиналардың және оларға тоғысқан жабдықтардың құрылымын және оларды пайдалану ережелері, тазартудың технологиялық прогресі, тазартқыштарды тиеудің ережелері және оларға талшықтардың түсуін ретке келтіру.



18. Талшықтарды түсіруші
Параграф 1. Талшықтарды түсіруші, 3-разряд
65. Жұмыс сипаттамасы:

ұзын талшықты езу-түту агрегатының транспортерінен, түту-жуу және түту машиналарынан немесе сығу пресінен түсіру. Талшық қабатын мұхият тексерумен қоса толықтай өнделмеген тұлымдарды теру. Таза талшықтарды белгіленген салмақ бойынша уыстарға қалыптастыру және оларды жіберу. Өнделген талшықтың сапасын бақылау. Езу түту агрегатына қызмет көрсетіп жатқанда уыстарды түзеу, айналдыру, қораптар, кулиткалар жасау, талшықтарды ылғалдандыру, байлау, қораптарды, талшық кулиткаларын белгіленген орынға тасымалдау. Түту-жуу машинасына қызмет көрсетіп жатқан кезде қысу пресінің сіңдіру транспортерына уыстарды салу. Пневмокөлік болған жағдайда таза талшықтарды пневможабдыққа жіберу. Агрегат пен машинаның орамдары мен бітелулерін жоюға қатысу.

66. Білуі тиіс:

құрамы әртүрлі шикізатты өндеу технологиялық режимі және түту режимі, талшықтың нөмірін, сортын анықтайтын негізгі белгілер, өндіріліп жатқан өнімнің сапасына қойылатын талаптар, талшықтың стандарттары, талшықтың қырқылу және ылғалдылығының ақырғы нормасы, езу-түту агрегатының және түту-жуу машинасының құрылымы және белгіленуі.



19. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы тізімнің операторы
Параграф 1. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы

тізімнің операторы, 3-разряд
67. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен өтетін қысқа сабақты шикізат пен ұйпаларды өндеу, олардан шикізат алу және езгіште, түту, шайқау және кептіру машиналарында, кудель дайындайтын агрегатта және онымен жанасқан технологиялық және көмекші жабдықта тінді дақылдардан қысқа талшықтарды өндеу бойынша ағымдық тізімге қосылған құрылғыда өндеу технологиялық процесін жүргізу. Өнделіп бітпеген ұзын талшықтарды түту машинасында өндеу. Ұзын талшықтарды өндеу бойынша қосымша жұмыстарды орындау. Қызмет көрсетіп жатқан машина мен механизмнің, машинаның айналып тұратын бөлшегіндегі суландырмайтын құрылғының дұрыс жұмыс жасауын бақылау және табылған ақауларды жою. Пневмокөліктің жоқ кезінде - шикізатты, түтуден қалған қалдықтарды қабатын біркелкі қалыптастырып және оларды кептіргіш машинаның күш беру транспортерына қолдан арту. Кудель дайындайтын агрегаттан толықтай өнделмеген талшықтар мен қысқа талшықтарды алу және оны қорапқа таза талшық байламымен қайта өндеуге арту. Талшықтарды пневмокөлікке жіберу, түту машинасының сығу механизміне толықтай өнделмеген талшықтарды қолдан арту. Ұзын талшықтарды толықтай өнделмеген деңгейі бойынша уыстап теріп алу, оларды ұзындығымен түзеу, өте дымқыл талшық тұлымын жою және түтілгендерін жәшікке салу және арту. Буданы байлау, тасымалдау және оларды беліленген орынға жеткізу. Өндеуге келетін талшықтарды тасу. Түтуші барабанға, карданды валдан және оңтүстіктік кендірді өндеу барысында езу-түту агрегатының тасымалдау механизмінен және кенептің өндеуде түту-жуу жабдығынан орамдарды шешу. Ұзын талшықтарды алуға жарайтын орамдарды жайып салу үстеліне жіберу. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдық пен қондырғының жұмыс бөлшектеріне орамдар мен бітелулер қалыптасуының алдын алу, оларды жоюдың алдын-алу және осы жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

68. Білуі тиіс:

қысқа талшықтарды өндеу бойынша ағымдағы тізімге қосылған қызмет көрсету жабдықтар мен механизмдерін, түту машинасы, тасымалдау механизмі және суландырмайтын жабдықты белгілеу және пайдалану ережелері, қысқа сабақты шикізатты және ұйпаны және түтудің қалдықтарын кептіру және өндеу режимі, толықтай өнделмеген талшықтарды өндеу режимі, өнделіп жатқан материалдың түрін және оның ылғалдану нормасы, кептіру машинасының тиелу тығыздығын, шикізатты езгілеу машинасына және қуат алу транспортеріне тиеу ережесі, талшықтың негізгі қасиеті және оған қойылатын талаптар, орамдарды шешу ережесі.



Параграф 2. Талшықты өңдеу бойынша ағымдағы

тізімнің операторы, 4-разряд
69. Жұмыс сипаттамасы:

қысқа сабақты шикізат пен ұйпаларды өндеу, олардан шикізат алу және езгіште, түту, шайқау және кептіру машиналарында, кудель дайындайтын агрегатта және онымен жанасқан технологиялық және көмекші жабдықта тінді дақылдардан қысқа талшықтарды өндеу бойынша ағымдық тізімге қосылған құрылғыда өндеу технологиялық процесіне кіріспе. Жабдықтың жұмысына және өнделіп жатқан шикізаттың ерекшелігіне және оның сапасына байланысты материалдың қабат қалыңдығын реттеу режимі. Технологиялық ағымға қосылған жабдықтың жұмысында табылған ақауларды жою. Шикізатты өндеу мен кептірудің сапасына, кептіру процесіне, қабаттың қалыңдығы мен транспортердің еніне дейін шикізатпен біркелкі тиелгеніне, транспортердің кептіретін жабдығына және транспортердің қуат алатын агрегатына шикізаттың тиелу тығыздығын жүргізу. Талшықтарды өндеу және жабдықтардың бос тұрып қалуына есеп жүргізу. Біліктілігі төмен операторлардың жұмыстарын басқару.

70. Білуі тиіс:

өнделіп жатқан материалдың қырқылуына байланысты оларды тиеу және реттеу және қысқа талшықтарды теруге арналған ағымдағы механизмге қосылған жабдықтар мен механизмдер, қырқылу және ылғалдылығына байланысты қысқа талшыққа қойылатын талаптар, талшықтардың қырқылуына байланысты жабдықтың жұмыс істеу режимі және технологиялық процесі, шикізат пен қысқа талшықтың стандарты, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың басты ақаулары және оларды жою ережелері, бітелу мен орамды жою тәсілі.



Параграф 3. Талшықты өндеу бойынша ағымдағы

тізімнің операторы, 5-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:

шикізатты кептіретін машина, езетін-түтетін агрегатта және басқада технологиялы, стланцты трестен ұзын зығыр және кендір талшықтарын өндіретін және сорттауыш ағымдағы тізімге қосылған механизмдер мен көмекші механизмдерден ұзын сабақты шикізатты технологиялы өндіру процесін жүргізу. Өндіріліп жатқан шикізаттың сапасына байланысты ағымдағы тізімге қосылған жабдықтардың жұмыс режимін реттеу және олардың жақсы жұмыс істеуін бақылау, өндеулеріне қатысу. Талшықты өндеу және сорттау сапасына, шикізатты өндеуде технологиялық режимнің сақталуын бақылау. Өнделуге түскен шикізаттың сапасын және таңдалған өнімнің сапасын тексеру. Талшықтарды өнделу сапасын тексерумен уыстап арту. Талшықты будамға байлау. Пневмокөлік болған жағдайда талшықтарды пневмокөлікке арту. Өнделген өнімді өлшеміне және сапасына байланысты тапсыру. Өнделген шикізаттың, өнделген талшықтың және машинаның құрылымының есебін жүргізу. Нөмірдің дұрыстығын, талшықтың сортының дұрыстығын анықтайтын таңдау бақылау тексерісі.

72. Білуі тиіс:

стланцты трестен ұзын зығыр және кендір талшықтарын өндеу бойынша ағымдық тізімге қосылған жабдықтар мен механизмдер және морфологиялық құрылымын есепке ала отырып стлансты тресті өндеу реттеу режимінің ережесін, шикізаттың және ұзын талшықтың сипаттамасын, нөмірін, сортын, бірдей талшықтарды нөмірі және сортымен реттеу, бақылау әзірлемелерін өткізу тәсілі.



Параграф 4. Талшықты өндеу бойынша ағымдағы

тізімнің операторы, 6-разряд
73. Жұмыс сипаттамасы:

шикізатты сыққыш-жуғыш, сулы тресті кептіруге арналған кептіру машиналарында, езу-түту агрегаты, сорттауыш машинада, талшықты өндейтін және тресті дайындау процесін автоматты басқару жүйесімен, сулау және булау трестінде ұзын талшықтарды өндеуге арналған ағымдағы топқа қосылған, көмекші жабдығы мен механизмдерде ұзын сабақты шикізатты өндеу технологиялық процесін жүргізу. Ағымдағы тізімге қосылған жабдықты жөндеу және реттеу, одан сапалы және белгіленген нөмірге сәйкес талшықты өндеуді қамтамасыз ету. Біліктілігі төмен оператордың жұмысына басшылық жасау.

74. Білуі тиіс:

сулау және булау трестінен ұзын зығыр және кендір талшығын өндейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін, машина мен механизмдерді жөндеу және реттеу тәсілі, сулау және булау трестінің өндеу режимінің уақыт тәртібін реттеу, буланған және суланған ұзын талшықтардың қолданыстағы стандарты, талшықты өндеу және тресті өндеу процесін басқаратын бақылау-өлшеу жабдығының өлшемін.




20. Технологиялық жабдықты реттеуші
Параграф 1. Технологиялық жабдықты реттеуші, 4-разряд
75. Жұмыс сипаттамасы:

реттеу және болып жатқан жөндеу жұмыстары:

сексен аралық джиндары және инерциялы омырғыш механизммен мақта талшықтарын өндейтін линтерлар, линт және басқа мақта өнімдерімен білікті джиндары, тінді дақылдардан қысқа талшықтар өндейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін агрегат, машина және механизмдер. Жабдықтың, пневмокөліктің ақаусыз күйін бақылау және олардың бекітілген жұмыс режимін қамтамас ету. Агрегат пен машинаның бөлек бөлшектерінің тораптарын ауыстыру. Жабдықтың жұмысын реттеу, тігу және белдіктер кигізу. Түткіш құрылғыда жұмыс істеген кезде лентаны толықтыру және рулонның қалыптасуын бақылау, олардың шешу, тасу және салу, лентаның қалдықтарын ликвидациялау.

76. Білуі тиіс:

әр түрлі физико-механикалық құрамдағы шикізатты өндеу барысында қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеу және оны реттеу түрлері, мақта шикізатын өндеу технологиялық процесі, тінді дақылдардың қысқа талшықтарын өндеу, агрегат пен машиналардың жұмыс істеу режимі, өнделіп жатқан шикізатқа байланысты машинаның жұмыс бөлшектерінің тетік және ажыратқыш мөлшері, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою және олардың алдын алу, бітеу және орауды ликвидациялау, профилактикалық тексеру графикасы және қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жөндеу жұмыстарын.

Параграф 2. Технологиялық жабдықты реттеуші, 5- разряд
77. Жұмыс сипаттамасы:

болып жатқан жөндеу жұмыстары және оларды реттеу:

жүзотыз аралық джин және көп соғатын мықты омыратын, сонымен қоса мақта талшықтарын, линта және басқада мақта өнімдерін өндіретін үлкейтілген жұмыс камерасы бар білікті джин механизмімен, стланца трестінен ұзын зығыр және кендір талшықтарын, кенп және тіннен ұзын талшықтар өндейтін ағымдағы тізімнің құрамына кіретін агрегат, машиналар, механизмдер. Кептіру жабдығын өнделіп жатқан шикізаттың морфологиялық құрамы және ылғалдығына байланысты тиеу процесін ретке келтіру. Бекітілген режим бойынша шикізатты өндеу барысында технологиялық процестің сақталуын, жабдықтардың және пневмокөліктің тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмыс барысында ақауларын жою.

78. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты ретке келтіру әдістері және құралдарды реттеу, мақта өнімдерін, тінді дақылдар мен зығыр тіннің ұзын талшықтарын өндеудің технологиялы процесі.

Параграф 3. Технологиялық жабдықты реттеуші, 6-разряд
79. Жұмыс сипаттамасы:

сулы және булы трестен ұзын, зығыр және кендір талшықтарын өндеу бойынша ағымдағы тізімнің қатарына кіретін агрегат, машина және механизмдерге жасалып жатқан жөндеу жұмыстары және реттелуі. Автоматты түрде жұмыс жасайтын және ағымдағы тізімге бекітілген техникалық жабдықтардың тоқтамай және жанасып жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жабдықтардың жұмысын бақылау. Бекітілген уақыи тәртібі режимінде қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысы үшін негізгі толықтыру параметрлерінің сақталуын қамтамсыз ету.

80. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты реттеу және реттеу тәсілдері, сулы және булы трестен ұзын зығыр және кендір талшықтарын өндеу процесстерін автоматты түрде ретке келтіру үшін бақылау-өлшеу құралдарын және жабдықтарын пайдалану ережесін, осы шикізатты өндеу режимі және технологиялық процесі.



21. Тресті дайындаушы
Параграф 1. Тресті дайындаушы, 3- разряд
81. Жұмыс сипаттамасы:

тресті ашық камера, бак, сұ қоймаларында дайындау технологияслық процесін жүргізу біліктілігі жоғары трест дайындаушының басшылығымен өтеді. Престелген өсімдік сабағын және баулардың шикізат тайын ашық бактарға, камераларға немесе жасанды су қоймаларына қолдан немесе механизмнің көмегімен тиеу, бактағы шикізатқа су құю, сабақтарды қалқитындай жағдайда суға салғанда тайды салдарға немесе партияларға бөліп байлағанда технологиялық процестің талаптарына сәйкестендіру, қалқып жатқан тайларды қайта- қайта аударып тұру, кейін оларды тиеу транспортеріне немесе белгіленген орынға апару, сабақтарды толықтай суға салған кезде ұзындығы мен енің қысқышқа мықты етіп бекіту, қысқыш пен бекітулерді шешу. Сулы тресті қолдан немесе механизмні көмегімен бекітілген орынға түсіру. Шикізатты, камераны және бакты сумен жуу. Көлікті және басқада механизмдердің, тай түсіретін жабдықтың жолында ақау жоқтығын және дұрыстығын тексеру. Қабатты шикізатты және сыйымдылықтарды сулау процесіне дайындау.

82. Білуі тиіс:

бактардың, суқоймаларының, қысқыш құрылғылардың, шикізатты тиейтін және түсіретін механизмдердің бекітілуімен, пайдалану ережелерін, тресті салқын суда сулау тәсілімен дайындау технологиялық процесін, өсімдік сабағы мен сабанның сапалы қасиетін және негізгі құрамын, шикізатты тиеу және түсіру ережелерін, шикізатты қалауға бекітілген тығыздықты.



Параграф 2. Тресті дайындаушы, 4- разряд
83. Жұмыс сипаттамасы:

тресті ашық камераларда, бактарда және суқоймаларында дайындау технологялық процесін жүргізу. Сулау процесінің аяқталуын анықтау. Шикізатты камера, бак және су қоймаларына дұрыс тиелуін, суда жүзетін тайларды уақытылы өңдеуді, бактардағы сұйықтықты ауыстыру және оларды толтыруды, көтеру-көлік құралдары, жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін бақылау және олардың жұмыстарындағы ақауларды жою. Шикізатты сулау журналын жүргізу. Біліктілігі төмен тресті дайындаушылардың жұмысына басшылық жасау.

84. Білуі тиіс:

шикізатты тиеу мен түсіру бойынша механизмдердің құрылысын, қызмет көрсетіліп жатқан механизмдер мен жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою, трестің негізгі қасиеті және сапалы белгілері, тресті дайындау технологиялы режимі және сулау процесінің аяқталғанын анықтау тәсілдері.



2-бөлім. Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өңдеу
22. Тресті дайындаушы аппаратшы
Параграф 1. Тресті дайындаушы аппаратшы, 3-разряд
85. Жұмыс сипаттамасы:

тресті сулауыш бактар, камералар мен автоклавтарда суландыру және буландыру процесіне жүргізу, біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен өтеді. Шикізатты табандық, контейнер, вагонетка, сығымдауыш және бакка арту барысы технологиялық процесс талаптарына сәйкес өтеді. Шикізатты механикалық сығымдауышта сығу. Вагонеткаларды шынжырмен байлау және оларды автоклавқа арту. Табандық, контейнер және сығымдалған шикізат байламын электр тельфер багына, авто және электр тиегішке және автоклав вагонеткаларына орнаған ереже бойынша арту. Камераны жасыру және қысқыш жабдықтарды шешу. Сулы тресты механизмдерді пайдалана отырып белгіленген орынға төсеу. Шикізатты, бакты және камераны сумен жуу. Артылған контейнерлерді сыққыш-жуғыш машинаға тиеу және бос контейнерлерді арту теліміне жеткізу. Көлік құралдарына табандықтарды төсеу, контейнерлерді орнату, байламын шешу, жүкті іліп алғыш жабдықтар мен механизмдерді орнату және шешу. Механизмдер, көлік құралдары және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету. Жұмыстағы ақаулардың алдын алу және болып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысу. Өсімдік тін мен сабаннан механизмнің айналғыш бөліктерін тазарту.

86. Білуі тиіс:

механикалық сығымдаушының бекітілуі мен көтергіш көліктік және басқада механизмдердің жұмыс мақсатын білу, көтеру, орнын ауыстыру, контейнерді, вагонетканы орнату және олардың арту және түсірілу тәсілдерінің ережесін, тресті технологиялық дайындалу үрдісін, шикізаттың негізгі қасиеті мен сапасын білу, шикізатты арту және түсіру ережесі, шикізатты бекітілген тығыздық бойынша орау және бакка салу.



Параграф 2. Тресті дайындаушы аппаратшы, 4-разряд
87. Жұмыс сипаттамасы:

тресті сулау және булау бактарында, камераларда, автоклавтарда технологиялық тәртіпке сәйкес және автоматты бақылау және процесті бақылау жүйесін пайдалана отырып сулау және булау технологиялық процесін жүргізу. Суды, буды, қалыпқа келтірілген сұйықтықты, бак пен автоклавқа құюды реттеу. Автоклавта буландыру кезінде және сулы-температура жүйесі мен сұйықтықтың қышқылдық жүйесін сулау барысында тұрақты қысымда сақтау. Сорғы және аэрациялық жабдықтарды жұмыс істеу барысында бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін байқау. Буландыру мен сулау процесін аяқталу уақытын анықтау. Өңделген сұйықтық пен буды ағызу. Сыйымдылықты, шикізатты артуға дайындау. Сұйықтықты әзірлеу және оны бак, автоклавтарға құюға дайындау. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдық, аппарат, коммуникация, автоматика жүйесіне жарамды және іркіліссіз жұмысты қамтамасыз ету және ақауын жою. Бақылау-өлшеу жабдықтарын, құқбыр және сорғылардың күйін тексеру. Шикізатты бакқа, автоклавқа дұрыс артылуын бақылау және олардан трестерді түсіру. Қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің ағымдағы жөндеу жұмыстары. Біліктілігі төмен аппаратшылардың жұмысына басшылық жасау.

88. Білуі тиіс:

автоклав, қысқыш бактарды, аэрациялық жабдықтарды, көтергіш көліктік жабдықтарды орнату және эксплуатациялау ережелері, бақылау-өлшеу жабдықтарын пайдалану ережесі, автоматика құралдарын реттеу және оларды басқару ережелері және оларды бекіту, негізгі құралдар мен шикізаттың сапалы көрсеткішінің тресті өндеу барысына ықпал ету, шикізатты сулау немесе булау барысының аяқталу үрдісін анықтау, ақауларды жою үрдісі.



23. Тінді шикізатты кептіруші
Параграф 1. Тінді шикізатты кептіруші, 1-разряд
89. Жұмыс сипаттамасы:

бекітілген қалындықпен біркелкі төсеу және аудару арқылы түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды далада кептіру. Түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды кепкеннен кейін бұрымға және шөмелеге өру.

90. Білуі тиіс:

түтуден қалған қалдықтарды және арпабастарды жинау, төсеу және оны аудару ережелері, материалдың органды лептикалы тәсілмен бағалау.



Параграф 2. Тінді шикізатты кептіруші, 2-разряд
91. Жұмыс сипаттамасы:

табиғи ылғалды қабықты шикізатты кептіру алаңыңда және қабықты талшықты бекітілген ережелерді сақтай отырып аспаларды кептіру. Орам материалын шешу. Ылғалды бауларды конустарға желдеткіш іспеттес кептіру алаңдарына орналастыру, тай мен бауларды алдын-ала шешу. Бауларды кептіру алаңдарына орналастыру үшін тасымалдау, сулы талшықтарды ілгіштерге ілу, кептіру кезінде шикізат баулары мен талшықтар уысын уақыт өте ауыстырып тұру. Кептірілген шикізат пен талшықтарды жинау кезінде, толықтай кеппеген баулар мен шикізат уыстарын теріп алу, кесек бауларды түзеу, бауларды ылғалдығы бойынша сорттау және оларды байлау, тасымалдау және оларды қатарға жинау, талшықтар уысын орау және оларды қорапқа байлау. Кепкен шикізат пен талшықтарды қоймаға тапсыру. Ұйпаланған және буылған материалды жинау.

92. Білуі тиіс:

тінді шикізат пен талшықтарды алаңдарда табиғи кебу ережелерін, тінді шикізат, талшық, тұқым және түтудің қалдығынын түрлерін және олардың кептіруден кейінгі ылғалдылығының нормасын.



24. Шикізат төсеуші
Параграф 1. Шикізат төсеуші, 2-разряд
93. Жұмыс сипаттамасы:

қабықты шикізатты шөмелеге, науаға, қатарға және өндірістік тамбурларға төсеу біліктілігі жоғары төсеушінің басшылығымен өтеді. Шикізатты сақтау орындарына жіберуге арналған көтеретін-көліктік механизмдерге қызмет көрсету.

Шикізатты жинауға дайындау: өте ылғалды бауларды теру, шашылған бауларды байлау. Шикізатты төсейтін орынға қолмен немесе көлікпен жіберу немесе апару. Брезентпен шөмелені, кебенді және қатарды жабу және түзеу. Қажетті керек-жарақ пен брезентті тасымалдау.

94. Білуі тиіс:

шикізатты өндірістік тамбурға, шөмелеге, кебенге, қатарға төсеу технологиясын, шикізаттың түрлерін және олады пайдалануды, шикізатты артатын көтергіш-көлік механизмінің белгіленуі, жұмыс мақсаты және қолдану ережесі.

Параграф 2. Шикізат төсеуші, 4- разряд
95. Жұмыс сипаттамасы:

қабықты шикізатты шөмелеге, науаға, қатарға және мақта шикізатын бунтқа төсеу қабықты және мақталы шикізатты сақтау және төсеу нұсқаулығына сәйкес төсеу. Мақта шикізатын түзетумен бунттың үстінде тегістеу. Төселіп жатқан орынға шикізатты жіберу үшін қозғалатын көтеретін көлік механизмді орнату. Ортасын есепке ала отырып шөмелеге, кебенге, науаға және білікке негіз салу. Сақтау орындарына сорып алатын труба мен өте дымқыл шикізатты төсеу кезінде шикізаттан сорып алатын канал жасау. Бүлінген мақта шикізаты және бөгде нарселерді жою. Шөмеле, кебен, қатар және бунттарды брезентпен жабу және бекітуден кейін аяқтау және жіберу. Баулардың ылғалдығының органды лептикалы тәсілмен сапасын бақылау. Шаблонның көмегімен шөмеле, кендір және біліктің және көлбеудің, баулардың сыртқы қатардағы көлбеу бұрышынан тік жардың қалануын мұқият тексеру. Біліктілігі төмен төсеушілердің жұмысын басқару.

96. Білуі тиіс:

шикізатты дұрыс төсеудің тәсілі, мақта шикізатын тегістеу ережесі және шикізаттың нөмірінің, сорттының сыртқы белілерін, шикізатты сақтау және төсеу нұсқаулықтары, сақталу орындарына сору трубаларын рационалды орналастыру, көтеру-тасымал механизмдерінің құрылымын және оларды реттеу механизмдері.



жүктеу 266 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау