Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 266 Kb.
бет1/3
Дата21.11.2018
өлшемі266 Kb.
#23017
  1   2   3



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қоғау министрлігі

20__ жылғы «___» __________

№ _____ бұйрығымен бекітілді

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың кәсіптік және жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамасы (бұдан әрі - БТБА) (43-шығарылым) «Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өндеу» бөлімінен тұрады.

2. Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарын

есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігін жоғарлату сұраныстары қысылтаяң жағдайларды қоспағанда).

3.Әр мамандыққа тарифті-біліктілік сипаттама екі бөлімнен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі маман орындауға тиісті жұмыстардың сипаттамасы берілген. «Білуі тиіс» бөлімі маманнан талап етілетін арнайы талаптардан тұрады, олар - маманның жұмысқа қатысты арнайы білім дәрежесінің болуы, басшылыққа алатын материалдарды және әдістеме мен құралдардың қолданылу ережелерін білуі.

Бөлімде көрсетілген теориялық және практикалық білімдерімен қоса маман - еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныстың нормалары мен ережелерін, жеке басын қорғау құралдарымен пайдалана білу, орындалып жатқан жұмыстың сапасына қойылатын талаптар, ақау түрлері және олардың алдын алу және жою, өңдірістік дабыл қағу, жұмыс орнында еңбекті рационалды ұйымдастыру талаптарын білуі керек.

4. Біліктілігі жоғары маман оның тарифті - біліктілік тізімдегі атқаратын міндетімен қоса, тарифті- біліктілігі төмен мамандардың да жұмысын орындай алуы және берілген мамандықтың аясындағы біліктілігі төмен жұмыс топтарын басқара білуі керек. Осыған байланысты тарифті - біліктілік сипаттамада көрсетілген төмен білікті мамандар мен жоғары білікті мамандардың жұмысы көрсетілмеген.

5. Маманның еңбек кітапшасын толтыру барысында, оның мамандығының тарифті разряды өзгерген жағдайда ол БТБА-ға сәйкес толтырылады.

6. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

7. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

8. «Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өндеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2009 жылғы редакциясында берілген.

1. Байламды ораушы


Параграф 1. Байламды ораушы, 1-разряд
9. Жұмыс сипаттамасы:

мақталы дәндерді қапшыққа, қап толтырғыш құрылғыда тегістеп орау. Талшықтын байламын және арпабастарды, дәнмен қапшықты стандарт талаптарына сәйкес қолдан тігу. Шпагатты және басқада буып-түйетін материалдарды дайындау. Толтырылған қапты белгіленген орынға тасымалдау. Тұқым шашуды іріктеу.

10.Білуі тиіс:

қапшықты толтыратын құрылғының жұмыс мақсаты мен белгіленуі, байламды тігу бойынша стандарт талаптары, қапшықты толтыру нормасы.



2. Буманы бақылаушы
Параграф 1. Буманы бақылаушы, 2-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:

мақта талшығы мен линтты бумаға дұрыс оралуы мен ауқымдылығын тексеру. Лента байлайтын жабдықты тексеру. Буманың салмағын өлшеу және таңбалау. Буманың салмағын таңбалау бойынша және мақта талшығы мен лентаны өңдіру ауысымын есепке алып отыру.

12. Білуі тиіс:

таразы жабдықтарын және оларға күтім жасау ережесін, буманы таңбалу және орау бойынша мемлекеттік стандарттарды.

3. Джин жабдығының операторы
Параграф 1. Джин жабдығының операторы, 4- разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген режимдағы сексен аралық джин мен инертті шабатын механизмімен валды джинда мақта шикізатын джиндау процесіне кіріспе. Джинның, технологиялы жанасқан және көмекші жабдықтың батареясына қызмет көрсету. Мақта талшықтарын стандарт талаптарына сай алуды қамтамасыз ету. Қызмет көрсетіліп жатқан машина мен механизмдердің жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Талшық бөлу, арам шөп және тұқым конвейеріне, улюк шабу және арам шөп шабу жабдықтарының қуаттандырушысының бітелуін жою. Шикізатты білікшені мерзімді лақтыру, кенептерді жұмыс білікшелерінде тазарту, оларды орнату және әртүрлі джиндардың пластинасын ауыстыру барысына қатысу. Араны ауыстыру, технологиялық тетіктер және ажыратқышты реттеуге, қызмет көрсетіліп жатқан машиналарға жөңдеу жұмыстарын жүргізу барысына қатысу.

14. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты орнату және экплуатация жасау ережелерін, қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың бөлшектерінің арасындағы тетіктің мөлшері, джиндаудың технологиялық процесі, мақта шикізаты, талшықтар, тұқым және қалдықтардың стандартын.



Параграф 2. Джин жабдығының операторы, 5-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:

жүзотыз аралық джинді белгіленген режимде және көп соғатын мықты омыру механизмымен білікше джинда, мақта шикізатын джиндау және арақашықтықта басқару пультінің автоматты өндірісті процесін жүргізу. Джиннің қуат беруін реттеу. Машина жұмысында туындаған олқылықтар мен басқада ақауларды жою және олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Цехқа мақта шикізатының бірдей түскеніне көз шолу жасау. Аралау джиндарындағы шикізат білікшесінің тығыздығын және джиндалғаннан кейінгі тұқым талшықтарының қалдықтарын тексеру. Улюктің бөлінуін ретке келтіру. Өндірістің қалдықтарын уақытында жоюды ұйымдастыру. Білікше джиндарындағы омыратын пластиналарды ретке келтіру және орнату. Технологиялық жабдықтар мен автоматизация жабдықтарды профилактикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жасау. Біліктілігі төмен оператордың жұмыстарын басқару.

16. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіп жатқан жабдық пен пультты орнату және экплуатация жасау, жабдықты автоматтандырылған дистанционды басқару схемасы, джинді цехтың технологиялық жабдықтарын ретке келтіру ережелері, мақта талшықтарының сапасына қойылатын талаптар.



4. Жұмсақ ыдысты дайындаушы
Параграф 1. Жұмсақ ыдысты дайындаушы, 1-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:

өнімді және қалдықтарды орауға жұмсақ ыдысты қолдан дайындау, мақта талшығын, линта және талшықты өнімді байламға орау үшін шәлілердің шеттерін жапсыру. Қапшықты қолдан тігу. Қаптама үшін мата жинағын талдау. Бекітілген өлшем бойынша матаны пішу. Қолданыста болған қапшықтарды өлшемімен сорттау және олардың тозған деңгейін анықтау және оларды жөндеу. Таңбалау үшін бояуды дайындау. Ыдысты таңбалау. Белгіленген орынға материалдар мен ыдысты тасымалдау. Қапшықтар мен ыдысты қоймаға тапсыру.

18. Білуі тиіс:

матаны пішу, қаптарды сорттау, матаны талдау және жұмсақ ыдысты таңбалау ережесі, шәлі мен қаптардың бекітілген өлшемін, таңбалау үшін бояуларды дайындау.



Параграф 2. Жұмсақ ыдысты дайындаушы, 2-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:

тігін машинкада өнімдер мен қалдықтарды орайтын жұмсақ ыдысты дайындау - брезенттерді, қаптарды және шәлдердің шетін тігу. Брезент дайындауға арналған матаның қиықтарын тегістеу. Қолданыста болған брезенттердің өлшемін алу және тозған брезенттерді сорттау. Брезенттерді жөңдеу және оларды сіңіру. Брезенттерді сіңіруге арналған ерітінді дайындау. Машинаны реттеу және ақауды жою.

20. Білуі тиіс:

тігін машинасының бекітілуін, жабдығын және онымен жұмыс жасау, брезенттің бекітілген өлшемін, қап, шәлі, брезентті тігу тәсілі, брезентті сіңдіру ережесін, тігін машинасының ақауын жою және оның алдын алу.



5. Кептіргіш жабдықтың операторы
Параграф 1. Кептіргіш жабдықтың операторы, 3-разряд
21. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен стланцевті тресті, талшықтарды, тұқымдарды және тінді дақылдардың түтуден қалған қалдықтарын камералы, булы контейлерде, түтін-газды кептіргіш машиналарда және контейнерлерде булы кептіргіш машиналарда, тінді дақылдардың трестін сулы және булы машиналарда кептірудің техникалық процесін жүргізу. Шикізатты машинаның кептіргіш транспортеріне, кесек үгіткішке, қабат қалыптастырғыш механизмге тоқтатпай тиеу үшін шикізат қабатын белгіленген қалындықта қалыптастыру. Белгіленген тығыздықты сақтай отырып кептіретін машинаның транспортеріне материалдарды қолдан біркелкі етіп тиеу. Пневмокөлікке шикізатты тиеу кезінде кептіргіш машинаның қуат беру транспортеріне материалдарды белгіленген тығыздықпен тиелуін бақылау және қамтамасыз ету. Кептіру аймағында шикізаттың сулы бауларын кептіру бойынша жұмыстармен айналысу. Кептіргіш машинаның ағымында бекітілген, шикізат сабағын және тамырын кесу машиналарына қызмет көрсету.

22. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан құрылғылар мен механизмдердің құрылымы және оларды ретке келтіру ережелері, тінді шикізаттың талшық, қабық, тұқым мен түтілгеннен қалған қалдықтардың негізгі құрамдары мен сапалы белгісі, оларды кептірудің технологиялы процесі, тиелген материалдың тығыздығы, тиеу және шикізат жеткізу механизмдерін ретке келтіру және оларды пайдалану ережесі.



Параграф 2. Кептіргіш жабдықтың операторы, 4-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:

сулы тін мен тінді дақылдардың сулы және булы тресті булы конвейерде және мақта шикізатын барабанды кептіргіш машиналарда пультпен басқаратан жабдықтарға бекітілген режимге сейкес кептіру процесін жүргізу. Кептіргіш машиналарға шикізатты тиеу барысына қатысу, шикізаттың, талшықтың, тұқым мен түтуден қалған қалдықтарды құрамы мен сулылығына байланысты кептіргіш машинаның транспортеріне, оның барлық жеріне қалыңдық қабатының біркелкі тиелуін және оның тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, кептіргіш машиналарда артудың бекітілген тығыздығын, тампературасын және сулылығын сақтау. Кептіру режимін бақылау - өлшеу құрылғыларымен бақылау және ретке келтіруді тексеру. Кептіретін машина, фильтр, ауа жібергіш, желдеткіш, камералар және транспортерлердің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Кептіруден кейін тресті соңғы рет тексеру. Біліктілігі төмен оператолардың жұмысына басшылық жасау.

24. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылым ерекшелігін және жөндеу ережелерін, бақылау-өлшеу жабдықтарының құрылымы және жұмыс мақсатын, басқару пультындағы қондырғыларды орнату және олардың бекітілуі, құрғақ шикізатқа және басқада материалдардың сапасына қойылатын талаптар, кептірудің технологиялы және температуралы режимі, технологиялы процесті реттеу ережесі.



Параграф 3. Кептіргіш жабдықтың операторы, 5-разряд
25. Жұмыс сипаттамасы:

тінді дақылдар трестін сулы және булы кептіру автоматты бақылау және реттеу жүйесімен жабдықталған, бекітілген пультті басқару режиміне сәйкес конвейрлі булы кептіру машиналарында кептіру процессін жүргізу. Транспортерға қабаттың қалыңдығы мен еніне сәйкес тресті біркелкі тиеу және кептіру машинасының тиеу қалыңдығын реттеу, екі еселенген қабаттың дұрыс қалыптасуына және оның кепкеннен кейін дұрыс бөлуін бақылау, калорифердің тазалығын бақылау. Кептіру машинасының, басқару пультінің, фильтрдің, ауа жібергіштің, желдеткіштің, камераның, транспортердің жұмысын бақылау. Кептіру процесін автоматты басқару жүйесімен реттеу және бақылау. Техникалық ақаулардың алдын-алу және жою, кептіру машинасы мен басқада механизмдердің жөндеу жұмыстарына қатысу. Біліктілігі төмен оператолардың жұмысына басшылық жасау.

26. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіп жатқан жабдықтың кинематикалық сызбасы, кептіру процесінің параметрлерін бақылау және реттеу, автоматты басқару жүйесіне кіретін, басқару-өлшеу жабдықтарын орнату және оларды күту ережелері, кептіру процесіндегі жетіспеушілік және олардың алдын-алу және жою тәсілдері, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеу.



6. Қалдықтарды ағызушы
Параграф 1. Қалдықтарды ағызушы, 1-разряд
27. Жұмыс сипаттамасы:

түту-жуу машинасының қалдықтарын, қалдықтарды шығаратын көліктерде бірқалыпты шығуын қамтамасыз етіп ағызу. Ағызатын каналға берілетін судың мөлшерін, өнделіп жатқан шикізаттың түріне байланысты ретке келтіру. Шығаратын көлікке түтілген қалдықтарды бірқалыпты шығуын және көліктің тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Түту-жуу машинасының және шығаратын көліктердің орамдары мен бітелулерін жоюға қатысу.

28. Білуі тиіс:

түту қалдықтарын тасымалдау тәртібі, тасымалдаушы механизмнің бекітілу және пайдалану ережелері, түту-жуу машинасы мен транспортердің айналып тұратын бөлшектеріндегі орамдар мен бітелулерді жою ережелері.



7. Қалдық талшықты смолаушы
Параграф 1. Қалдық талшықты смолаушы, 4-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:

смолау аппараттарында қалдық талшықты смолау процесін жүргізу. Смолаға арналған аппаратты смоламен толтыру. Жиналған лентаны қолмен бұрау және оларды смолды аппаратқа салу. Смолды аппаратта қалдық талшықтың температурасы мен бу қысымын бақылау. Қалдық талшықты жоғары сапамен смола беруді, температура, сығым және лентаның қозғалу жылдамдығымен реттеуді қамтамасыз ету. Смола деңгейі мен смоланған қалдық талшықтың салмағын бақылау. Орамдар мен үзілістерді жою. Сығу білікшесін жұмсақ қаптамамен орау және белгіленген өлшемнің диаметріне дейін жеткізу. Смолды қалдық талшықты өлшеу және оны белгіленген орынға жеткізу, жайғастыру.

30. Білуі тиіс:

смолды аппараттың механизмінің орнатылуы мен жою ережелері, қалдық талшықты смолалау режимі, смолау нормасы, смолды қалдық талшықтың техникалық жағдайлары мен стандарттары, смолау процесіне температура мен басқада факторлардың әсер етуі.



8. Құрылғыларды тазартушы
Параграф 1. Құрылғыларды тазартушы, 2- разряд
31. Жұмысқа сипаттама:

желдеткіш, пневмокөлікті және шнекті жабдықтарды, циклондарды, қолдық фильтрларды, оттарды және шаң басқан камераларды, траншты және басқада шаң басқыш жабдықтарды шаң мен қалдықтардан тазарту. Технологиялық құрылғы мен көлік құралдарының астынан өндіріс қалдықтарын жинау. Жинайтын бункерлерді түсіру, қалдықтарды қайта өндеуге жіберу. Қалдықтарды талдау олардан жарамды талшықтарды таңдап алу. Белгіленген орынға қалдықтарды тасымалдау.

32. Білуі тиіс:

циклон, отты және шаңды камераларды және басқада шаң басқыш құрылғылардың белгіленуін және жұмыс мақсатын, қызмет көрсетіп жатқан құрылғыларды пайдалану және тазарту режимі, қалдықтардың түрлері және оларды талдау.



Параграф 2. Құрылғыларды тазартушы, 3-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:

желдеткіштің дәл сорғыш және шаң басқыш жүйесінің, пневмокөліктің, циклонның, фильтрдың, жасырын каналдардың тоқтамай жұмыс істеуін қамтамсыз ету. Пневмокөлік жүйесіндегі ауаның бүліну деңгейін және фильтрлайтын циклондардың шаң басу деңгейін анықтау. Пневмокөлік және басқада шаң, қалдық, жарамды және жарамсыз талшықтарды жинауға арналған құрылғының жұмыс істеу жүйесін бақылау. Техникалық қызмет көрсету, жабдықтардың барлық түрін шаң мен қалдықтардан тазарту, ауа жібергіштің бітелулерін жою. Желдеткіштің өртке қарсы жүйесін қамтамсыз ету. Шаң басқан талшықтың шаңын тазалау және оларды белгіленген орынға тасымалдау. Біліктілігі төмен құрылғы тазартушылардың жұмысын басқару.

34. Білуі тиіс:

желдеткіш және салқындатқыштың құрылымын, бекітілуін және жұмыс мақсатын, негізгі жабдықтардың шаң басқан кезде өзара әрекет етуі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты тазарту режимі, жабдықты толтыру, циклон мен фильтрді ауыстыру кезінде тазарту режимі мен реті, өнделіп жатқан өнім мен алынатын қалдықтың түрлері, жарамды талшықтарды өндеу барысында нашар тазартудың тигізер әсері.



9. Линтерлі жабдықтың операторы
Параграф 1. Линтерлі жабдықтың операторы, 4-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:

берілген режимде тұқымдарды линтерлерде линтерлеу процесін жүргізу. Линтерлі және оған жанасқан технологиялық және көмекші жабдықтың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамсыз ету. Линтерлер жұмысын реттеу. Қызмет көрсететін машиналар мен механизмдер жұмысындағы ақауды жою. Линтерге жөндеу жұмыстарын жасауға және араның цилиндрін ауыстыруға қатысу. Ара мен оттық торларын тазалау.

36. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты орнату және пайдалану ережесі, қызмет көрсетіп жатқан машинаның бөлшектерінің арасындағы тетіктердің мөлшерін, тұқымды линтерлеу технологиялық процесі, линт пен тұқымның стандарты.



Параграф 2. Линтерлі жабдықтың операторы, 5-разряд
37. Жұмыс сипаттамасы:

тұқымдарды линтерлерде белгіленген режимде ұлғайтылған жұмыс камерасында линтерлеу және автоматтандырылған өндіріс процесін дистанционды пультпен басқаруды жүргізу. Линтерлердің қуат алуын ретке келтіру. Машинаның жұмысындағы үзілісті және басқада ақауларды жою және олардың қалыпты жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету. Технологиялық жабдықтар мен автоматтандыру жабдықтарын профилактикалық тазалау және жөндеу жұмыстарын жасау. Біліктілігі төмен оператордың жұмыстарын басқару.

38. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіп жатқан жабдықтар мен пультты құрылымы және экплуатация жасауды, литерлі цехтың технологиялық жабдықтарын ретке келтіру ережелері, линттың сапасына қойылатын талаптар.



10. Мақта дәнін улаушы
Параграф 1. Мақта дәнін улаушы, 2-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:

улайтын машинада мақтаның егетін тұқымдарын улау бойынша қосымша жұмыстарды атқару. Улайтын машинаның транспортер-қуатбергішіне белгіленген мөлшерде тұқымдарды арту. Уланған қапшықтарды тұқымдармен толтыратын арнайы станокта оларды толтыру және өлшеу. Шашуға арналған тұқымдарды іріктеу. Қапшықтарды тігу, таңбалау және белгіленген орынға жеткізу.

40. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың белгілеуі мен принципін, улы препараттан жеке басты сақтауды.



Параграф 2. Мақта дәнін улаушы, 3-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:

мақтаның егістік дәнін улайтын машинада улау біліктілігі жоғары улаушының басшылығымен өтеді. Уды улау машинасының бункер-қуат бергішіне тиеу. Улайтын машинаға тұқымның біркелкі тиелуін реттеу.

42. Білуі тиіс:

улау машинасын орнату және қызмет көрсетілуін, улауышты шығындау мөлшерін, дәндерді улау технологиялық процесін, препараттың улылық деңгейін, улауышты ұстау ережелері және жеке басын сақтау ережелерін, улау процесін жүргізу стандарттарын және техникалық жағдайын.



Параграф 3. Мақта дәнін улаушы, 4-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:

улайтын машинада себетін мақта дәндерін улау. Улайтын машинаның жұмысын ретке келтіру. Тұқымдарды өндеуде технологиялық режимді сақтау. Уланған тұқымдардың сапалы дайындалуын бақылау. Улау машинасын жөндеу. Құрылғының жұмысындағы техникалық ақауларды жою. Улауыштың шығынын есептеу. Біліктілігі төмен улаушылардың жұмысына басшылық жасау және жеке басын сақтау құралдарының пайдаланылуын бақылау.

44. Білуі тиіс:

улайтын машинаның жұмысын реттеу және жөндеу ережелері, дайындалған уланған тұқымның сапасын бақылау, тұқымдарды улаудың технологиялы режимі, удың шығынының нормасы, оның улылығы және оны пайдалану ережелері, жеке басын сақтау құралдарын пайдалану ережелері



11. Мақта шикізаты бунтындағы туннель төсеуші
Параграф 1. Мақта шикізаты бунтындағы туннель төсеуші, 4-разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен қызу және өздігінен жанудың алдын-алу мақсатымен мақта шикізаты бунтында тунель қазатын машинамен туннель төсеу. Машинаны бунт ішіне енгізу, жинау шнегімен мақта шикізатын іліп алу және оны алып кететін көліктермен тіркемеге немесе өндеу орнына алып беру. Машинаның жұмысындағы ақауды жою. Туннель қазу жұмыстарының технологиясын сақтау.

46. Білуі тиіс:

туннель қазу жұмыстарын жүргізу технологиясын, туннель қазатын машинаны күту ережелері мен құрылымын, туннельдерді төсеудің ережесін



12. Су жіберуді реттеуші

Параграф 1. Су жіберуді реттеуші, 3-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:

шикізатты салқын суда сулау және өндірістік қажеттіліктерге бекітілген режимге сәйкес су қоймаларына суды қолмен жіберуді реттеу. Ирригиациялы жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Канал, шлюз, су ағызғыш және әр түрлі жүйелердің қалыпты жұмыс істеуін бақылау және ақауларды жою. Есеп журналын ашу және оған өндірістік судың, су ағызғыш құрылғылардың әр түрінен ағымды судың шығынын жазып отыру.

48. Білуі тиіс:

шикізатты салқын суда сулау және өндірістік қажеттілікке суды пайдалану режимі, ирригациялы және су ағызғыш жүйенің сызбасы мен сипаттамасы, су ағызғышқа таблицаларды пайдалану және ирригациялы жүйеге қызмет көрсету ережелері.



13. Сығу-жуу жабдығының машинисі
Параграф 1. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 2-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:

тресті сығу және жуу процесі алдында дайындық жұмыстарын жүргізу. Табандық пен контейнерлерден бауларды түсіру, оларды сығу-жуу жабдықтарының үстеліне жеткізу. Шикізат орамын шешу, тресті жұмарлаудан тегістеу, бауларды жұмсарту және бөлу. Белбеулерді түзету. Сығу-жуу машинасының қуат беру транспортеріне трестерді артуға қатысу. Трест пен инвентарьды өңдеу теліміне тиеу.

50. Білуі тиіс:

сығу-жуу машинасының бекітілуі мен жұмыс мақсаты, түсіру және бауларды жіберу ережесі, шикізаттың негізгі қасиеті мен оны күтудің ережесі, тресті арту тығыздығы.



Параграф 2. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 3-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен тресті сығу-жуу машинасында сығу және жуу. Сығу-жуу машинасының қуат беру жабдығына күтім жасау. Транспортер мен сығу-жуу машинасының қуат беру механизмының жұмысын тексеру, олардың тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қуат беру механизмінсіз жұмыс істеу барысында бекітілген қалындық пен қабаттың енін сақтай отырып, тресті қуат беру транспортерге тиеу. Қуат беру механизмінің жұмысын ретке келтіру.

52. Білуі тиіс:

сығу-жуу машинаның қуат беру механизмінің құрылымын және пайдалану ережесін, тресті сығу және жуу технологиялық процесі, қуат беру машинасының жұмысын ретке келтіру ережесі.



14. Сығу-жуу машинасының машинисі
Параграф 1. Сығу-жуу жабдығының машинисі, 4-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:

тресті сығу-жуу машинасында сығу және жуу. Тресті жуу және сығу режимін технологиялық реттеу. Сығу-жуу машинасы мен қуат беру механизмін жөндеу. Сығудың сапасы мен процесіне және машина мен механиздердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру, табылған ақаулардың алдын - алу мен оларды жою шараларын жасау. Қуат беруші механизмсіз жұмыс істеу барысында тресті оның жұмсағымен кептіретін машина транспортеріне тиеу үшін қабатын қалыптастыру. Біліктілігі төмен машинистердің жұмысына басшылық жасау.

54. Білуі тиіс:

сығу-жуу машинасын және қуат беру механизмін ретке келтіру және жөндеу ережелері, қызмет көрсететін механизмдер мен құрылғылардың жұмыс режимі, тресті сығу режимін регламенттеу, тресті сығу және жуу сапасының талабы, мемлекеттік стандарттар (бұдан әрі – МС) және салалық стандарттарға сәйкес технологиялық процесті жүргізу ережелері.



15. Тазарту жабдығының машинисі
Параграф 1. Тазарту жабдығының машинисі, 2-разряд
55. Жұмыс сипаттамасы:

мақта шикізатын органикалық және басқада қоспалардан шнекті тазартқышта тазарту, сонымен қоса тінді дақылдардың тұқымын біліктілігі жоғары машинисің басылығымен тұқымнан тазалағыш машинада тазарту. Мақтаны өндеуде шыққан қалдықты арнайы машиналармен тазарту және тінді дақылдардың талшығын, талшықтарды бөлетін машиналардың өндеген қалдықтарынан ажыратып алу. Улюкты барабанда жұмыс жасап жатқанда – улюкты және басқада қалдықтарды машинаға тиеу. Тұқымдарды тиейтін бункерге төгу. Конденсордан талшықтарды жіберу және оларды қапшықтарға салу. Стандартты өлшемдегі тұқымдарды өлшеп қапшыққа қаптау. Тұқым, талшық және қалдықтарды белгіленген орынға тасымалдау, жинау, буып-түю және жинау. Қызмет көрсетіліп жатқан машиналарға бір келкі тиеуді қамтамасыз ету. Машина мен механизмдердің жұмысын бақылау. Қызмет көрсетіліп жатқан құрылғы мен механизмдердің бітелулерін жою және орамдарды шешу. Инвентарьды, құралдарды және қаптау материалдарын тасымалдау. Машина мен механизмдердің жұмысындағы ақауларды жою жұмысына қатысу. Белбеулерді тігу.

56. Білуі тиіс:

шнекті тазарқыш, тұқым тазартқыш, талшықтарды бөлгіш машиналардың және оларға жанасатын технологиялық және көмекші құралдардың белгіленуі мен жұмыс мақсаты, мақта шикізатын, қабықты дақылдар тұқымын, мақта және тінді өнімдердің қалдығынан тазарту технологиялық процесі.



жүктеу 266 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау