Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама
Аудандық жұмыспен қамту бөлімі қала, ауыл әкімшіліктерімен және мекеме басшыларымен бірлесе отырып жұмыстар атқарады.
Жұмыспен қамту бөлімшесі:
2015 жылы Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде 763 адам тіркелді.
2015 жылы 762 адам жұмысқа орналастырылып, жұмысқа орналастыру деңгейі 99,8 % болды.
2015 жылы жаңадан ашылған әртүрлі тұрақты, уақытша, мезгілдік жұмыс орындарының саны 422 – ні құрады.
Жастар іс-тәжірибесіне 2015 жылға 1200,0 мың теңге бөлініп, 18 жұмыссыз жас маман Зайсан қаласы мекемелеріне мамандықтары бойынша жіберіліп, бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2015 жылы 600,0 мың теңге бөлініп, 13 жұмыссыздың еңбегіне 600,0 мың теңге толығымен төленді.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға ағымдағы жыл басынан 474 адам жұмысқа жіберіліп, 18485,0 теңге игерілді.
37 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21-і әртүрлі жұмысқа орналастырылған. Қоғамдық жұмысқа 23 қатыстырылды.
«Жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары - жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға негізінен тазалық, көркейту, көгалдандыру, ағымдағы жөндеу жұмыстарына жіберу қарастырылды.
Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қарамағында 102 қарт пен мүгедек жандар бар. Оларға 18 әлеуметтік қызметкер мемлекеттік стандартқа сай арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін үй жағдайларында көрсетіп келеді.
8- Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай бөлімше қарамағындағы 74 жалғызбасты қарт және мүгедек аналарға және 1 қазан қарттар күні барлық 102 қызмет алушыға аудан әкімінің мерекелік бағалы сыйлықтары табысталды.
Тамыз айында «Бәйтерек» сауықтыру орнына 6 қызмет алушы қарт пен мүгедек адамдар 5 күнге барып демалып қайтты.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 2 адам мүгедектер үйіне орналастырылып, 1 адамның құжаттары қарттар үйіне орналастыруға рәсімделді. Олар: Самар қарттар үйіне 1 адам және Зимовье жүйке ауруымен ауыратындарға арналған мүгедектер үйіне 2 адам орналастырылды.
Бөлімше қарамағындағы 4 қарт, 2 мүгедек адам «Уба» санаторинде демалып қайтты. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша 2 адам тазалық құралымен қамтылды.
Аудандық «Достық» газетімен , облыстық «Дидар» газетіне тегін баспасөзге бөлімше қарамағындағы аз қамтылған қызмет алушыларды тұрақты түрде жыл сайын жазғызамыз. Жалғызбасты, балалары, туыстары жоқ қарттар мен мүгедектерге қыс айларында 1 тоннадан тегін көмір, отын берілді.
«Балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде 122 қызмет алушы бар. Стандартқа сай қызмет алушыларға 8 түрлі арнаулы қызмет түрлері көрсетіледі. Бөлімше жоспарға сәйкес, аудандық коррекциялық кабинет, мүгедектер қоғамы, аудандық аурухана, Ақсуат ауданаралық ПМПК, облыстық медициналық әлеуметтік сараптама мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
«Жаңа-жыл», «1-маусым халықаралық балалар күні» қызмет алушыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, мерекелік шараларға қатыстырылып, аудан әкімінің бағалы сыйлықтары табыс етілді. Аз қамтылған 3 отбасындағы үйлерінде жатқан мүгедек балаларға ішкі саясатпен облыстық фирманың сыйлықтары апарып табысталды / жылы көрпе, төсек-орын жабдығы/.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қарамағындағы қызмет алушылар Е-Собес бағдарламасына сай барлық қажетті құралдармен уақытылы қамтылуда.
Отбасында мүгедегі бар 26 отбасыға 295 мың тенгенің бір жолғы материалдық көмегі төленді, әлеуметтік сұрақтары бойынша 85 ата-анаға кеңестер берілді. Ауданымызға сәуір айында келіп кеткен облыстық медициналық әлеуметтік сараптаманың қорытындысы негізінде қажетті құралдарға мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын алған барлық мүгедектер туралы мәлімет Е-Собес бағдарламасына енгізіліп, тізімдері жасалынды.
Зайсан қаласындағы М.Дауленов атындағы мектеп-интернатынан психикасының дамуы тежелген балаларға арналған сыныптар ашу жоспарланған. Сол себепті мектеп-интернатқа 33 бала ауданның әр мектебінен жиналып, жатақханада тұрып арнайы сыныптарда оқиды. Биылғы оқу жылында мүмкіндігі шектеулі, ойлау қабілетінде тежелуі бар балаларға арналып бір сынып ашылды, келесі оқу жылында осы балаларға арналып төрт сынып ашу жоспарлануда.
«Зайсан жастары» мүгедек жастардың қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған 27-28 маусым күндеріндегі «Көңілді жаз » атты 2 күндік мерекелік бағдарламаға бөлімше қарамағындағы 30 қызмет алушы қатысты.
27 маусым күні Зайсан қаласындағы Б.Закиев паркінде ұйымдастырылған театрландырылған көрініс пен демалыс іс-шараларына 15 бала қатысты. Іс –шара барысында әр түрлі ойындар ұйымдастырылып, дастархан жайылып, тегін тәтті мақталар, сусындар таратылып, сыйлықтарын алып, суреттерге түсіп демалды.
28 маусым күні «Бәйтерек» сауықтыру лагерінде ұйымдастырылған іс шарада қызмет алушылар 1 күнге апарып демалдырылды. 4 топқа бөлініп әртүрлі жарыстарға қатысып, тауға серуенге шығып, өлең айтып, би билеп, 3 уақыт тамақтарын ішіп, аудандық мәдениет үйінің жас өнерпаздарының өнерлерін тамашалап, сыйлықтарын алып, жақсы көңіл күймен қайтты.
Өскемен қаласындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығының жазғы оңалту лагерінде Зайсан қаласынан бөлімше қарамағындағы қызмет алушы Салиев Мадияр 2015 жылдың 1 маусымынан 30 маусымы аралығында 1 ай демалып, барлық емдерін алып, облыс әкімінің сыйлығы планшет т.б сыйлықтар алды.
Техникалық колледж студенттері Құсайнова Алма, Базиоллаев Сұлтан, Бақтияров Мирас «Бәйтерек» сауықтыру лагерінде 3 күн демалып, барлық мәдени іс-шараларға қатысып қайтты.
Тамыз айында 6 баланы «Зайсан жастары» мүгедек жастардың қоғамдық бірлестігі « Үржар-Айым» сауықтыру орталығында демалдырып қайтты.
16 қазан күні Өскмен қаласындағы жаңадан ашылған Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының қайырымдылық айлығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы қойылымына 5 бала барып, тамашалап қайтты. Осы жерде Шағиева Айгерім мүмкіндігі шектеулі қыздар арасында өткен қыздардың сән үлгісін көрсету сайысына қатысып, «Эльдарадо» тігін ательесі Айгерімге киім тігіп, сыйға тартты. Осы шараға қатысқан балаларға Зайсан ауданының демеушілері сый-сияпат жасады.
28 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде бөлімше қарамағындағы 122 баламен Жаңа-Жылдық Жасыл шырша мерекесі өтті.
Шыршаға келген балаларға аудан әкімінің тәтті-дәмділері салынған пакеттері таратылды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ертегілер еліне саяхат жасатып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мүгедектер мен ардагерлер ісі жөніндегі бөлімше:
2015 жылы Зайсан ауданы бойынша 1431 мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген. Олардың ішінде 1 топ мүгедектері- 88, 2 топ мүгедектері- 783, 3 топ мүгедектері-450, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 110.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың қортындысы бойынша 69 мүгедек адамға 50370 дана гигиеналық құралдар (подгузниктер) таратылып,көзі нашар көретін мүгедектерге 14 сағат, 10 тифломагнитола, 14 адамға ортопедиялық аяқ киім, 6 мүгедек адам балдақ, 18 мүгедекке таяқ, 4 адамға жетек арба(ходунки), 8 адамға протездер, 5 адамға есту аппараттары, 1 адамға оқытатын машина, 2 видеокомпьютер, 5 мобильді телефон, 2 көпфункционалды жүйе, 36 адамға кресло-арба, 3 адамға 1095 дана нәжісқабылдағыш пен 3 адамға 742 несепқабылдағыш таратылып берілді.
190 объектіге түгендеу (паспорттау) жұмысы жүргізілді, 5 объект мүгедектерге кедергісіз болып бейімделді (ГЦВП, Қарабұлақ мектебі мен әкімшілігі, Дайыр әкімшілігі, Жастар үйі).
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілгендерге, Чернобыль АЭС радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған 104 адамға 4980,0 мың теңге материал-дық көмек төленді.
Әлеуметтік төлемдер бөлімшесі:
Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2015 жылы 330 алушысы бар 93 жанұяға 18631,0 мың.тг мемлекеттік атаулы көмек көрсетілді.
Аудан бойынша 580 отбасының 1606 баласына 28450,0 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді.
Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді күтіп- ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру туралы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 ақпандағы №30-1 шешімімен бекітілген ережеге сәйкес аудан бойынша 89 аз қамтылған отбасыға 2200,0 мың тг. тұрғын үй көмегі төленді.
Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж 192 адамға 2297 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
2015 жылға туберкулезге шалдыққан адамдарға әлеуметтік көмекке 2421,0 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді. Оның ішінде тубвираж болған балаларға -1800,0 мың теңге төленді.
Санториге баруға 603,0 мың теңге қаражат берілді.
Халықаралық 8 наурыз мерекесі мен 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған Батыр аналарға, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар 1560 анаға 15630 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді.
Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек 48 студентке 24249.0 мың теңге төленді, республикалық дәрежедегі 2 дербес зейнеткерге коммуналдық қызметтер шығыстары өтемақысына 48 мың теңге материалдық көмек төленді.
«Өрлеу» пилоттық жобасы:
Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Өрлеу» пилоттық жобасы 2014 жылдың сәуір айынан бастап өз жұмысын бастады. 2014 жылдан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасына кіргендердің саны 140 жанұя, оның 594 алушысы болды. 2014 жылы жергілікті бюджеттен 5 000,0 тенге, республикалық бюджеттен 9227,0 теңге төленді.
2015 жылдың 31 желтоқсанға «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысқан 232-жанұя, алушылар саны- 1443. Оларға жергілікті бюджеттен 25,515 мың
теңге, 27,484 мың теңге республикалық бюджеттен төленіп, жоғарыда көрсетілген сомалар толығымен игерілді.
2014-2015 жылдары «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысқан 112 жанұя өздерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартып, 232 -бас ірі-қара, 12-бас жылқы, 73-бас ұсақ малдарын сатып алды.
Бір жанұя 67 -бас бөдене қазын,1- шаштараз, 1 - песко-блок құятын станок, 1-теплица, 1-шағын нан пісіретін пеш, 1-шағын тігін тігетін орын үйінен ашып,бір адам машинаның ақауын жөндейтін аппарат, бір адам жеке кәсіпкерлікпен айналысып, жеміс сатуда.
Осы жанұялар «Өрлеуге» кіргеннен кейін тұрақты және маусымдық жұмыстарға орналастырылды. 165 адам тұрақты және маусымдық жұмыстарға 13 адам ақылы қоғамдық жұмыс атқарып келеді.
2016 жылға 120 жанұяға жергілікті бюджеттен 16,987 мың теңге, 27,991 мың теңге республикалық бюджеттен қаржы бекітілді.
«Өрлеу» пилоттық жобасына 2015 жылы кіргендердің саны
|
Балалар жәрдемақысы қатарынан
кіргендердің саны
|
Атаулы әлеуметтік көмек қатарынан
кіргендердің саны
|
Бірінші рет
кіргендердің саны
|
120/560
|
395
|
30
|
135
|
Бөлім басшысы Л. Дүйсенова
Достарыңызбен бөлісу: |