Жұмыспен қамту 2020 жол картасы



жүктеу 472,39 Kb.
Pdf просмотр
бет2/14
Дата01.01.2020
өлшемі472,39 Kb.
#25600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 

 



Алайда, қабылданып жатқан шараларға және оң өзгерістерге қарамастан, 

ұлттық еңбек нарығы теңестірілмеген. 458,6 мың жұмыссыз бола тұра, олардың 

көпшілігі  34-ке  дейінгі  жаста,  бос  жұмыс  орындары  сақталуда.  Еңбек 

ресурстары  сапасының  төмендігіне  және  өндіріс  пен  оқытудың  нақты 

байланысының  болмауына  байланысты  жұмыс  күшінің  тапшылығы,  бірінші 

кезекте 


білікті 

кадрлардың, 

техникалық 

және 


қызмет 

көрсететін 

жұмыскерлердің  тапшылығы  байқалады.  Жұмыспен  қамтылған  халықтың 

шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.  

Жұмыспен қамтылған  халық  құрылымында өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған 

халықтың  үлесі  басым.  Өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандардың  негізгі  бөлігі 

ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығымен айналысады, олардың 

табысы  көбінесе  күнделікті  тіршілігіне  ғана  жетеді.  Өзін-өзі  жұмыспен 

қамтығандардың    басым  бөлігі  әлеуметтік  қорғау  және  қолдау  жүйесімен 

қамтылмаған.  

Әлемдік  практикада  осындай  проблемаларды  шешу  үшін  еңбек 

нарығының белсенді бағдарламалары (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады. 

Оларда: 

1)  еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау); 

2)  жұмыс  күшіне  сұранысты  ұлғайту  (жалақыны/жұмыспен  қамтуды 

субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру); 

3)  жұмыспен  қамту  саясатын  институционалдық  және  ақпараттық 

қамтамасыз  ету  (жұмыспен  қамту  қызметтерін,  ақпараттық  жүйелерді  құру, 

ақпараттандыруды ұйымдастыру); 

4)  еңбекке  ынталандыруды  күшейту  (кәсіптік  бағдар,  келісілген 

әлеуметтік көмек көрсету) көзделеді. 

Халықаралық  тәжірибеде  қолданылатын  ЕНББ-нің  көпшілікке  танылған 

құрамдастары: 

1)  мемлекеттік  жұмысқа  орналастыру  қызметтері  (бұдан  әрі  –  МЖҚ) 

қабылдап  жатқан  жұмыссыздық  кезеңіндегі  алдын  алу  шаралары  және  жұмыс 

іздеп  жүрген  адамдар  мен  МЖҚ  консультанттарының  арасындағы  тығыз 

байланыс; 

2) ұдайы есептілік және жұмыс орындарының болуы мен жұмыс іздестіру 

жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу; 

3) жұмыссыз клиенттерді бос жұмыс орындарына тікелей жіберу; 

4) жұмысқа қайту туралы келісімдер немесе жеке іс-қимыл жоспарларын 

жасау; 


5)  кәсіптік  дағдылардың  төмендеуін,  жұмыс  табу  немесе  ұзаққа 

жалғасқан  жұмыссыздық  кезеңі  салдарынан  ынталандыру  факторларының 

жоғалуын болдырмау үшін ЕНББ-ға жіберу болып табылады.  

2015 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген 

отырысында  Мемлекет  басшысы  берген  тапсырманы  орындау  мақсатында, 

сондай-ақ  «Халықты  жұмыспен  қамту  туралы»  Қазақстан  Республикасының 




 

 



Заңына  сәйкес  әлемдік  тәжірибені  бейімдеу  мүмкіндігі  ескеріле  отырып  осы 

Бағдарлама әзірленді. 

Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, 

оның  ішінде  еңбек  нарығының  мониторингі,  табысы  аз,  жұмыссыз  және  

нәтижесіз  жұмыспен  қамтылған  халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің 

белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.  

Бағдарламаның күшті жағы еңбек нарығының сын-талаптарына тез арада 

ден  қою  мүмкіндігінен  тұрады.  Бағдарламаның  әлсіз  жағы  бюджет  қаражаты 

қысқарған 

жағдайда 

нысаналы 

топтарды 

қамту 

бойынша 


негізгі 

индикаторлардың орындалмауына байланысты.  

 

 

4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері 



және нәтижелер көрсеткіштері 

 

3. Бағдарламаның мақсаты  



Халықтың  жұмыспен  қамтылу  деңгейін  арттыру,  халықтың  әл-ауқатын 

арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту.  

4. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары 

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру 

барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр: 

2020 жылға қарай: 

1)  жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады; 

2)  әйелдер  арасындағы  жұмыссыздық  деңгейі  5,5  %-дан  аспайтын 

болады; 

3)  жастар  арасындағы  жұмыссыздық  деңгейі  (15-28  жас)  4,6  %-дан 

аспайтын болады. 

Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы мыналар: 

1)  өзін-өзі нәтижесіз  жұмыспен  қамтыған  адамдардың  жалпы  санынан  –      

6,1 %-ы; 

2) жұмыссыздардың жалпы санынан – 21,0 %-ы; 

3)  атаулы  әлеуметтік  көмек  алушылар  қатарынан  табысы  аз 

отбасылардың  еңбекке  жарамды  мүшелерінің  жалпы  санынан  –  20,0  %-ы 

мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады. 

5. Бағдарламаның негізгі міндеттері: 

1)  өзін-өзі  нәтижесіз  жұмыспен  қамтыған,  жұмыссыз  және  халықтың 

нысаналы  тобына  кіретін  адамдарды  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің 

белсенді шараларына тарту: 

Бағдарламаға  қатысуға  өтініш  білдіргендер  қатарындағы  Бағдарламаның 

іс-шараларымен қамтылған  азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %; 

әлеуметтік 

келісімшартқа 

қол 

қойған 


адамдар 

қатарындағы 

Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай 

– 44,6 %; 




 

 



әлеуметтік  келісімшартқа  қол  қойғандар  қатарындағы  Бағдарламаның    

іс-шараларымен  қамтылған  жасы  29-ға  дейінгі  жастардың  үлесі  2020  жылға 

қарай –  43,5 %; 

өзін-өзі  жұмыспен  қамтығандардың  жалпы  санындағы  нәтижелі 

жұмыспен  қамтылғандардың  үлесі  2016  қарай  –  64,5  %,  2020  жылға  қарай  – 

66,5 % болады; 

2) 

кадрлық  әлеуетті,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасын 



индустриялық-инновациялық  дамытудың  2015  –  2019  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін дамыту: 

Бағдарлама  шеңберінде  ағымдағы  жылы  кәсіптік  оқуды  аяқтағандардың 

қатарындағы  жұмысқа  орналасқандардың  үлесі  2016  жылға  қарай  –  70  %,    

2020 жылға қарай – 71,0 % болады. 

3) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру: 

атаулы  әлеуметтік  көмек  алушылардың  құрамындағы  еңбекке  жарамды 

халықтың үлес салмағы – 30 %; 

6.  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі,  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі,  Қазақстан  Республикасы 

Мәдениет  және  спорт  министрлігі,  Қазақстан  Республикасы  Энергетика 

министрлігі,  Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрлігі, 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі,  Қазақстан 

Республикасы  Қаржы  министрлігі,  облыстардың,  Астана  және  Алматы 

қалаларының  әкімдері  мақсаттарға,  нысаналы  индикаторларға,  міндеттерге, 

нәтижелер  көрсеткіштеріне  қол  жеткізуге  жауапты  мемлекеттік  және  өзге  де 

органдар болып табылады. 

 

 



5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне 

қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар 

 

7.  Бағдарламаны  іске  асыру  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге 

асырылады: 

1)  инфрақұрылымды  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықты 

дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; 

2)  кәсіпкерлік  бастаманы  ынталандыру  және  тірек  ауылдарды  кешенді 

дамыту; 

3)  жұмыс  берушінің  нақты  сұранысын  есепке  ала  отырып,  оқыту  мен 

жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу. 

 

 

 



 

 



жүктеу 472,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау