12
1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы
органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 %
жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға беріледі;
2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру
немесе кеңейту;
3) микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге
және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы
қызметті жүзеге асыруға берiлмейдi;
4) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит беру мерзiмi – 3 жылдан
аспайды, 500 мың теңгеден жоғары сомаға – 5 жылдан аспайды;
5) микрокредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;
6) 500 мың теңгеге дейінгі сомаға микрокредит алған қарыз алушыларды
қоспағанда, түпкілікті қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк)
ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге микрокредит бойынша
негiзгi борышты өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен
бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
7) 500 мың теңгеге дейін микрокредит бойынша түпкілікті қарыз алушыға
негiзгi борышты өтеу бойынша алты айдан аспайтын мерзімге жеңiлдiктi кезең
ұсынылады;
8) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк
серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша
жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу бойынша уәкiлеттi
өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген микрокредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесі мен оның микрокредит берудi ұйымдастыруға байланысты
жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып белгіленеді;
9) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша ең жоғары
жылдық тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу бойынша уәкiлеттi
өңiрлiк ұйым белгiлейдi;
10) соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті
өңірлік ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді
сыйақы мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісу бойынша белгіленеді. Бұл
ретте 500 мың теңгеге дейінгі микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушы
үшін ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5 %-дан аспайтын
мөлшерде белгіленеді;
11)
микрокредиттерін
мерзімінен
бұрын
өтеген
Бағдарламаға
қатысушылардың жеке ісін кеңейту үшін микрокредит алуға қайта өтініш
беруге және 5 млн. теңгеге дейін микрокредит алуға құқығы бар;
12) соңғы қарыз алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар
бойынша қайтарған қаражаты есебінен осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес
қайта кредит беруге жол беріледі.
31. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жабдық сатып алу
шарттары:
13
1) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және/немесе
салу Бағдарламаға қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы
жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен, газбен жабдықтауға,
телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді
болжайды.
Жетiспейтiн инфрақұрылымды жүргізу елдi мекендi дамытудың бас
жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi
схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз
етуге бағытталуы мүмкiн.
Жүргізілген
инженерлік
инфрақұрылым
жергілікті
атқарушы
органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.
Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту
және/немесе жетіспейтіндерін салу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес жүзеге асырылады;
2) Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып
алу кәріз, жылумен және сумен, газбен жабдықтау желілерін, телефон және
электр желiлерiн алмастыратын жабдықпен, сондай-ақ жайылымдық мал
шаруашылығын дамыту үшін блок модульдермен (арнайы жабдықталған
жылжымалы үйлер) жарақтандыруды білдіреді.
Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде
жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдық
қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі.
Бұл ретте микрокредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы
жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.
32. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде
жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды
және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар республикалық
бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.
33. Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар айқындалған
техникалық шарттарға немесе «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала
құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және
бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.
34. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушылар іске
асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын
дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін
дамыту және/немесе жетіспейтіндерін салу және жабдықты сатып алу
жөніндегі уәкілетті органды өз бетінше айқындайды.
Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның
ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инфрақұрылым
объектілерін дамыту және/немесе салудың және/немесе сатып алынатын