14
жабдықтың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен
мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай берілетін микрокредиттің
сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден
аспауға тиіс.
Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуын
мониторингтеу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға
жүктеледi.
35.
Микроқаржы
(микрокредиттік)
ұйымдарына,
кредиттік
серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік
ресурстар беру тетігі:
1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит
бередi;
2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық
округтер әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына
сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл
шаруашылығы
жерлерін
оңтайлы
пайдалану
бойынша
өңірлерді
мамандандырудың ұсынылатын схемасын ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту
картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті және ауыл
шаруашылығын дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісу бойынша
бекітеді.
Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға
қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде
кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;
3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді
ұйымдастыру үшін уәкілетті өңірлік ұйымдарды айқындайды;
4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
орталық уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарына және/немесе
кредиттiк серiктестiктерге кредит беру қағидаларына сәйкес Бағдарламаға
қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк
серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.
Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер
арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға микрокредит беруді
қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы
мүмкін;
5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк)
ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру
туралы шарт жасалады.
Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда,
микрокредит ұсыну туралы шарт тікелей соңғы қарыз алушымен жасалады.
36. Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша
мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:
1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға
ниет бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда
15
оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары
туралы консультация беріледі;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші
бағытына қатысушылар құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік
келісімшарттар жасайды;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды
сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік
негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз
етіледі.
Уәкілетті жұмыспен қамту органдары Бағдарламаға қатысушыға тұруына
және жол жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді.
Жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтетін немесе бұдан бұрын кәсіпкерлік
негіздеріне оқытудан өткен адамдар не микрокредит алар алдындағы үш
жылдан аспайтын мерзім ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқудың тиісті
курстарынан өткені туралы растайтын құжаттары бар адамдар кәсіпкерлік
негіздеріне оқытусыз микрокредит алуға үміткер бола алады;
4) микрокредиттер беру:
Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның
жәрдем
көрсетуімен
бизнес-жоспар
әзірлейді
және
Бағдарламаға
қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне
ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына
микрокредит алуға өтініммен жүгінеді.
Микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда,
Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы
ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру
қағидаларына
сәйкес
уәкілетті
өңірлік
ұйым
өткізетін
кредиттік
серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке
жүгінеді;
5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан
кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге
жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық,
бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;
6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие
уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе
кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту
жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар,
оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе
жетіспейтіндерін салуды және/немесе жабдық сатып алуды талап ететін
Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін жібереді;