“Жобалау негіздері” пәні бойынша
050709 «Металлургия», 050724 «Технологиялық машиналар және жабдық» мамандықтарының студенттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы 20__ ж. «___»_________ бекітілген 050709 «Металлургия», 050724 «Технологиялық машиналар және жабдық» мамандықтарының жұмыс оқу жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген.
201_ ж. «__»_________ кафедра отырысында ұсынылған № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі________________ Ә.Х.Мұстафин «___»________ 201_ ж.
Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 201_ ж. «__»_________ № __хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж.Е. Ахметов «___»_________ 201_ ж.
КЕЛІСІЛГЕН:
Факультет деканы __________ Т.Т. Тоқтағанов «___»_________ 201_ ж.
ЖжӘҚБ құпталған
ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута «___»___________ 201_ ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
201_ ж. «__»_________ № __хаттама
1 Пәннің мақсаты – арнайы инженерлік пәндерді зерделеу үшін және келешек қызметте қажетті білімдерді, шеберлік пен дағдыларды беру болады.
Пәннің міндеттері – жобалау мен конструирлеудің жалпы принциптерін зерделеу, жұмыс қабылеттілігінің бас критерийлерін ескеріп машинажасаудың типтік бұйымдарын есептеу алгоритмін және модельдерін құру.
Пән 050709, 050724 мамандықтардың арнайы курстары санатына жатады және студенттердің таңдауы бойынша оқылады.
Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:
түсінігі болу керек:
- машинажасаудың өндірістегі рөлі туралы;
- жалпы тағайындаудағы детальдер мен түйіндердің есептеуі және жұмыс қабылеттіліктің критерийлері туралы;
- жалпы тағайындаудағы детальдар мен құрама бірліктердің технологиялылығы, үнемділігі, сенімділігі және ұзақ мерзімділігі туралы;
- машиналарды конструирлеу кезінде өзара ауыстырымдылықтық, унификациялаудың, типтеудің және стандарттаудың рөлі туралы.
білу керек:
- есептеу моделін таңдауды және жобалау процесінде жұмыс қабылеттілігінің бас критериясы бойынша есептеуді орындауды;
- типтік түйіндер мен детальдарды конструирлеуді, КҚБЖ талаптарына толық сәйкес графикалық және мәтіндік конструкторлық құжаттарды толтыруды.
істей білу керек:
- машина детальдары үшін ең жарамды материалдарды таңдауды;
- нормативтік-анықтамалық әдебиетті қолданып машина детальдары мен түйіндерін есептеуді;
- КҚБЖ талаптарына толық сәйкес графикалық және мәтіндік конструкторлық құжаттарды толтыруды.
2 Пререквизиттер
Осы пәнді игеру үшін келесі пәндерді оқып меңгерген кезде алған білімдері, машықтары қажет: жоғарғы математика, физика, инженерлік графика, информатика.
3 Постреквизиттер
Осы пәнді оқып меңгеру кезінде алынған білімдер, машықтар және біліктер келесі пәндерді игеру үшін қажет: өндірістік процестерді автоматтандыру негіздері; металлургиялық машиналар мен жабдықтар; технологиялық машиналар және жабдықтар және т.б.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
Рет №
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақтың түрілері бойынша кездесу сағаттарының саны
|
Дәр.
|
Тәж.
|
Зерт.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе
|
0,5
|
-
|
-
|
2
|
2
|
Конструкторлық құжаттардың түрлері және комплектілігі
|
1
|
2
|
-
|
10
|
3
|
Конструкторлық құжаттаманы әзірлеу кезеңдері. Техникалық тапсырма және техникалық ұсыныс
|
1,5
|
-
|
-
|
10
|
4
|
Жобалық құжаттаманы әзірлеу. Эскиздік және техникалық жобалар
|
1,5
|
4
|
-
|
10
|
5
|
Конструкторлық жұмыс құжаттаманы әзірлеу
|
2
|
6
|
-
|
16
|
6
|
Машина детальдарын және түйіндерін есептеу мен жобалаудың жалпы сұрақтары
|
1
|
-
|
-
|
10
|
7
|
Ажырамалы қосылыстарды есептеу және құрастыру
|
3
|
6
|
-
|
10
|
8
|
Ажырамайтын қосылыстарын есептеу және құрастыру
|
2,5
|
6
|
-
|
10
|
9
|
Білік-күпшек қосылыстарын есептеу және құрастыру
|
2
|
6
|
-
|
12
|
ЖИЫНЫ
|
15
|
30
|
-
|
90
|
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе.
Мамандарды даярлаудағы пәннің орны мен мәні. Машиналардың конструкцияларының дамуының негізгі бағыты.
Детальдар және түйіндер (құрама бірліктер) түсінігі. Машиналардың детальдары мен түйіндері туралы жалпы мәліметтер.
Тақырып 2. Конструкторлық құжаттардың түрлері және комплектілігі
Графикалық және мәтіндік конструкторлық құжаттар. Конструкторлық құжаттардың негізгі және толық жинақтары (комплекттері).
Тақырып 3. Конструкторлық құжатнаманы әзірлеу кезеңдері. Техникалық тапсырма және техникалық ұсыныс
Техникалық тапсырма. Техникалық тапсырманы талдау. Патенттік ізденіс. Техникалық ұсынысты әзірлеу. Техникалық ұсыныстың мазмұны.
Тақырып 4. Жобалық құжаттаманы әзірлеу. Эскиздік және техникалық жобалар
Эскиздік жоба. Принципиалды конструктивтік шешімдерді әзірлеу. МемСТ 2.119-73 стандартына сәйкес эскиздік жобаның мазмұны.
Техникалық жоба. Әзірленетін бұйымның конструкциясы туралы толық түсінік болу үшін қажетті техникалық шешімдерді табу. МемСТ 2.120-73 стандартына сәйкес техникалық жобаның мазмұны.
Тақырып 5. Конструкторлық жұмыс құжаттаманы әзірлеу
Тәжірибелік үлгіні немесе партияны жасауға арналған конструкторлық құжаттаманы әзірлеу. Тәжірибелік үлгіні немесе партияны сынау. Құжаттамаға түзетулер енгізу. Анықтаушы серияны жасау және сынау, құжатнамаға соңғы түзету енгізу.
Тақырып 6. Машина детальдарын және түйіндерін есептеу мен жобалаудың жалпы сұрақтары
Машина детальдары мен түйіндеріне негізгі талаптар. Жұмыс қабылеттілік, технологиялық, үнемділік түсініктері. Сенімділік түсінігі. Материал таңдауды негіздеу.
Тақырып 7. Ажырамалы қосылыстарды есептеу және құрастыру
Әртүрлі жүктеулер жағдайы кезіндегі болттарды есептеу. Бұранданы беріктікке есептеу.
Тақырып 8. Ажырамайтын қосылыстарын есептеу және құрастыру
Пісірмелік қосылыстардың негізгі түрлері. Пісірме жіктерін беріктікке есептеу. Жіберілетін кернеулер.
Тақырып 9. Білік-күпшек қосылыстарын есептеу және құрастыру
Қосылыстың тағайындауы және жалпы сипаттамасы. Кілтекті, оймакілтекті қосылыстар. Күштелмеген кілтекті қосылыстарды есептеу және құрастыру. Материалдар және жіберілетін кернеулер.
Тікбүйірлі, эвольвенталы және үшбұрышты оймакілтекті қосылыстар туралы жалпы мәліметтер. Центрлеу тәсілдері. Оймакілтекті қосылыстарды құрастыру. Жаншылу кернеуі бойынша және тозуға оймакілтекті қосылыстарды есептеу. Керіп кигізілген қосылыстар.
4.3 Практикалық сабақтардың тізімі және мазмұны
Практикалық сабақтардың мақсаты – дәріс сабақтарында алынған білімдерді баянды ету, тереңдету және кеңейту мақсатында студенттерге есептер шығаруға, детальдар мен түйіндердің кешенді есептеулерін орындауға дағдыландыру, әдістемелік және анықтамалық әдебиетті қолдануға үйрету.
Құрастыру элементтерін есептеудің мысалдар жинағын шешу арқылы білімдерді терендетуге және дағдыларды алуға болады.
1) Тақырып 2. Конструкторлық құжаттардың түрлері және комплектілігі
Бұйымдардың түрлері. Конструкторлық құраттарды мазмұндарына байланысты бөлімдеу.
2) Тақырып 4. Жобалық құжаттаманы әзірлеу. Эскиздік және техникалық жобалар
Жалпы көрініс сызбасы туралы түсінік. Эскиздік жобаға кіретін жалпы көрініс сызбасының мазмұны. Кесте. Бұйымды құрама бөліктерге бөлу схемасы. Жалпы көрініс сызбасын детальдау кезеңдерінің жүйелілігі.
3) Тақырып 5. Конструкторлық жұмыс құжаттаманы әзірлеу
Құрастыратын сызбаларды әзірлеу. Құрастыратын сызбаларға талаптар. Детальдардың жұмыс сызбаларын әзірлеу. «А» литерлі конструкторлық және технологиялық құжаттама жиынтығы.
4) Тақырып 7. Ажырамалы қосылыстарды есептеу және құрастыру
Жалпы мәліметтер. Бұранданы беріктікке есептеу. Әртүрлі жүктемелеу жағдайында болт стерженін беріктікке есептеу (болт стержені тек қана сыртқы созушы күшпен жүктелген; болт тартылған, сыртқы жүктеме жоқ; болт қосылысы жапсыр бойымен детальдарды ығыстыратын күштермен жүктелген; болт тартылған, сыртқы күштер жапсырды ажыратады).
5) Тақырып 8. Ажырамайтын қосылыстарын есептеу және құрастыру
Түйістірілген, айқастырылған және таврлы қосылыстардың конструкциясы және оларды әртүрлі жүктемелеу жағдайында беріктікке есептеу.
6) Тақырып 9. Білік-күпшек қосылыстарын есептеу және құрастыру
Призмалық кілтектер қосылысының конструкциясы және оларды есептеу. Сегментті және цилиндрлік кілтектер қосылыстарының конструкциясы және есептеуі. Оймакілтекті қосылыстардың конструкциясы және жіктеу. Жаншылу кернеуі бойынша оймакілтекті қосылыстарды есептеу. Керіп кигізілген қосылыстарды беріктікке есептеу.
4.4 Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны
4.4.1 – СӨЖ түрлерінің тізімі
Қатар №
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Көлемі сағатпен
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындық
|
-
|
Сабақта қатысу
|
10
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақта қатысу
|
20
|
3
|
Дәріс сабақтарының мазмұнына кірмеген материалдарды оқып білу
|
Конспект
|
Конспектті тексеру, сұрақ
|
18
|
4
|
Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар, ЕГЖ)
|
реферат
|
СЖ қорғау
|
35
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
-
|
1МБ, 2МБ
|
7
|
Барлығы:
|
90
|
4.4.2 Студенттердің өздігімен зерделеуге ұсынылған тақырыптар тізімі.
1) Тақырып 1. Кіріспе
Қазіргі заманғы өндірісте сызбаның рөлі. Стандарттаудың мәні. Стандарттау объектілері. Салааралық стандарттар жүйесі.
Ұсынылатын әдебиет: [2, 9-13 беттер].
2) Тақырып 2. Конструкторлық құжаттардың түрлері және комплектілігі.
Бұйымдарды белгілеу. КҚБЖ классификаторы.
Ұсынылатын әдебиет: [2, 12-17 беттер].
3) Тақырып 4. Жобалық құжаттаманы әзірлеу. Эскиздік және техникалық жобалар.
Жалпы көрініс сызбасы. Эскиздік жобаға кіретін жалпы көрініс сызбасының мазмұны. Стандартты, стандартты элементтері бар оригиналды пішінді детальдардың сызбасы.
Ұсынылатын әдебиет: [2, 17-18 беттер].
4) Тақырып 5. Конструкторлық жұмыс құжаттаманы әзірлеу.
Стандартты, стандартты элементтері бар оригиналды пішінді детальдардың сызбасы. Армирленген детальдардың, ию арқылы алынған детальдардың сызбалары.
Ұсынылатын әдебиет: [2, 164-182 беттер].
5) Тақырып 6. Машина детальдарын және түйіндерін есептеу мен жобалаудың жалпы сұрақтары
Машиналардың сенімділігі. Ықтималдық есептеу әдістерін қолдану.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 10-13 беттер. ]
6) Тақырып 7. Ажырамалы қосылыстарды есептеу және құрастыру.
Бұранда қосылыстарын тежеу тәсілдері. Винттік жұп теориясы. Винт жұбының ПӘК және өзіндік тежелуі. Бұранда орамдары бойынша осьтік жүктеменің таратылуы.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 28-45 беттер].
7) Тақырып 8. Ажырамайтын қосылыстарын есептеу және құрастыру
Таврлы қосылыс. Түйістіріп пісірме қосылысы. Нүктелі пісірме. Жікті пісірме.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 66-78 беттер].
8) Тақырып 9. Білік-күпшек қосылыстарын есептеу және құрастыру
Детальдарды керіп қондыру қосылысы. Жалпы мәліметтер. Престі қосылыстың детальдарының беріктігін және деформациясын есептеу.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 91-112 беттер].
4.4.3 Семестрлік жұмыстардың тақырыптары
4.4.3.1 050709 «Металлургия» мамандығы студенттері үшін семестрлік жұмыстардың тақырыптары
1) №1 семестрлік жұмыс «Құрама бірліктің сызбасын детальдау»
Жұмыс көлемі – А1 форматында 1 парақ. Оқытушының тапсырмасы бойынша оригиналды конструкцияның 4-5 детальдарының жұмыс сызбаларын орындау.
2) №2 семестрлік жұмыс «Ленталы конвейердің жетегін есептеу».
Жұмыс көлемі 1 парақ А2 форматында сызылған редуктордың жетектегі білігінің толық жинақтағы сызбасы мен КҚБЖ талаптарына сәйкес орындалған есептік-түсіндірмелік хатты қамтиды. Редуктор түйінінің сызбасына спецификация құрастырылады. Есептік-түсіндірмелік хат келесі бөлімдерден тұрады: жетектің кинематикалық есептеуі, редуктордың тісті берілістерін беріктікке есептеу, динамикалық жүккөтергіштігі бойынша подшипниктерді есептеу (таңдау), кілтекті қосылысты есептеу.
4.4.3.2 050724 «Технологиялық машиналар және жабдық» мамандығы студенттері үшін семестрлік жұмыстардың тақырыптары
1) № 1 семестрлік жұмыс «Құрама бірліктің сызбасын детальдау»
Жұмыс көлемі – А1 форматында 1 парақ. Оқытушының тапсырмасы бойынша оригиналды конструкцияның 4-5 детальдарының жұмыс сызбаларын орындау.
2) № 2 семестрлік жұмыс «Беріктікке есептеулер».
Есеп 1. Әртүрлі жағдай кезінде жүктемеленген болтты қосылыстарды беріктікке есептеу.
Есеп 2. Айқастырылған және таврлы пісіріме қосылыстарын беріктікке есептеу. Білік-күпшек қосылысын беріктікке есептеу.
5 Әдебиет тізімі
Негізгі
1. Иванов М.Н. Детали машин: Учебник для машиностроительных специальностей вузов. – М.: Высш. шк., 2008 – 408с.: ил.
2. Чекмарев А.А., Осипов В.К. Справочник по машиностроительному черчению. – 3-е изд., стереотипное – М.: Высш. шк., 2002. -490с.: ил.
Қосымша
3. Вышнепольский И. С. Техническое черчение. – М.: Высш. шк., 2007. –224 с.: ил.
4.Жанахутдинов Б.Г., Семенова М.К., Рожкова Л.А. Выполнение и чтение чертежей изделий: Учебное пособие. – Павлодар, 2006.-358с.
5. Лагерь А.И. Инженерная графика. – М.: Высш. шк.,2009.1.– 335с.: ил.
6. Эрдеди А.А. Детали машин: Учебное пособие для машиностр. спец. сред. проф. учеб. заведений /А.А. Эрдеди, Н.А. Эрдеди -4 изд., перераб и доп. – М.: Высшая школа, 2002-318с., ил.
Мамандықтың(тардың) жұмыс оқу жоспарынан үзінді көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
|
Достарыңызбен бөлісу: |